Аккумулятор батареясының ақаулары

29 ноября, 2017 15:43

Аккумулятор батареясының жұмыс істеу мерзімі — оның дұрыс пайда- лануы мен оған өз уақытында кызмет көрсетілген жағдайда 3-4 жыл неме- се 75 000…100 000 шақ. жол жүрген уақытына дейінгі аралық.

 

Ал жылына аккумулятор аз пайдаланылған болса, бұл мерзім 6 жылға дейін ұзаруы мүмкін. Егер батареяны пайдалану жэне сақтау ережелері бұзылған жағдайда көрсетілген мерзім қысқарады. Аккумулятор батареясының техникалық жағдайына көбіне электролиттің ластануы, жоғарғы темпе- ратуралы электролитпен жұмыс істеген кезде жэне сақтағанда, электро- лит көлемі төмен болғанда, автомобильде батареяның қуатталу режимі бұзылған жағдайда, жоғарғы тығыздықты электролит құйғанда (бұл көбінесе дистилденген судың орнына аккумуляторға электролит кұйған кезде) болады.

Аталған себептер үнемі кездесетін ақаулықтарға алып келіп соқты- рады. Олар — өзіндік куатын жоғалтуы, аттас емес тілімдердің қысқа тұйықталуы жэне тілімдердің сульфаттануы. Аталған ақаулықтар ба- тарея сыйымдылығының төмендеуіне, электр қозғаушы күштің (ЭДС) төмендеуіне жэне жүктеме кезіндегі кернеудің азаюына соқтырады. Акку- мулятор батареясының аталған кемістіктерін қозғалтқышты стартермен іске қосу кезінде иінді біліктің төменгі айналу жиілігі болғанда (егер ак- кумулятор батареясы қуатсызданған болса, иінді білік мүлдем айналмауы мүмкін), әрі жарықтандыру шамдарының жарық жанбауы жэне дыбыстық белгілердің төмен дыбыс беруінен байқауға болады. Сонымен қатар акку- мулятор батареясын пайдалану кезінде полюсты шықпақтарының (клем- ма) тотығуы сияқты ақаулар болады. Ол қозғалтқышты стартермен іске қосу кезінде үнемі кездесетін ақау болып табылады. Сонымен қатар акку- мулятор батареясы электролитінің азаюына себепкер ақау тұрқыда пайда болған сынық болып табылады.

Қозғалтқышты стартермен іске қосқан кездегі қиындық аккумуля- тор батареясының кемістігінен ғана емес, стартер мен тартқыш реленің немесе іске қосу жүйесінің басқа да элементтерінің ақаулықтарынан да болатындығын есте сақтау қажет.

Аккумулятор батареясының жоғарғы дэрежеде өзіндік қуатының жоғалтуы пайдалану немесе сақтау кезінде пайда болатын келесі се-

бептерге байланысты: ішкі қыска тұйықталу; батарея сыртының ла- стануы; құрамында сілті жэне тұз бар жай (сүзілмеген) суды батареяға құю; аккумулятордың ішіне металл бөліктері мен басқа да заттар түсуі. Батареяның өзіндік қуатын жоғалтуы шарасыз жэне ол тілімдердің активті массасында пайда болған жергілікті токтардың салдарынан болады. Бұл токтар активті масса тотығы мен тілім торларының арасында электр қозғаушы күш (ЭДС) туғанда пайда болады. Сонымен қатар аккумуля- торды ұзақ сақтаған кезде электролит құрамы қабаттарға бөлінеді және жоғарғы қабаттарға қарағанда төменгі қабаттарда электролит тығыздығы жоғарылайды. Бұл тілімнің жоғарғы жэне төменгі жағында туатын токтың әлеуеті эртүрлі болуына ыкпалын тигізеді. Жұмысқа қабілетті, толық қуатталған, қызмет көрсетілмейтін батареяның қалыпты қуатын жоғалтуы күніне 0,2…0,3% құрайды.

Аттас емес тілімдердің қысқа тұйықталуы жеке аккумуляторлардың ішіндегі электролиттердің қайнауы жэне аккумулятор батареясының сыйымдылығы мен кернеуінің жоғалуынан болады. Бұл ақаулардың себебі автомобильде орналасқан батареяның өз дәрежесінен жоғары қуатталуы мен бекітілістерінің босап кеткенінде дірілдің пайда болуы- нан сеператорлардың бұзылуы, тілімдердің майысуы жэне тілімдерден активті массаның түсуінен болады.

Аккумулятор батареясының ішіндегі тілімдер қысқа тұйықталғанда батареяны ауыстыру қажет. Өйткені батарея керекті дэрежеде ток күшін бере алмайды.

Тілімдердің сульфаттануы олардың бетінде ақ түсті үлкен кристалды күкірт қышқылды қорғасынның пайда болуына байланысты. Осының сал- дарынан аккумуляторлардың электр кедергісі көбейеді. Қорғасының үлкен кристалды сульфаттары активті массаның бетін жауып, қуатталу кезінде оларға электролиттің өтуі мен активті массаның қалыптасуына кедергі тудырады. Осының салдарынан тілімдердің активті беттері кішірейіп, батареяның сыйымдылығы төмендейді. Тілімдердің сульфаттануы бата- реяны қуаттандыру кезінде кернеудің жэне электролит температурасының жоғарылауынан жойқын газ (электролиттің қайнауы) пайда болуынан байқалады. Электролит тығыздығы аз мөлшерде жоғарылайды. Бұл ақау салдарынан тізбекті қуатсызданған немесе стартермен қозғалтқышты іске қосқан кезде сыйымдылыктың аздығы салдарынан батарея тез куатсызданады.

Сульфатты тудыратын негізгі себептер: батареяны 10,5 В төмен қуатсындандыру, электролит мөлшерінің төмендеуінен тілімдердің оқшаулануы, қуаттандырмай батареяны ұзақ мезгіл сақтау, электролит тығыздығының аса жоғары болуы, қозғалтқышты стартермен іске қосқан кезде ұзақ пайдалану.

 

Тілімдердегі аса да үлкен емес сульфатты калпына келтіру мақсатында жүргізілетін батареяны қуаттандыру арқылы жоюға болады. Тілімдердің жоғары дәрежеде сальфаттануын жою жэне аккумулятор батареясын тізбекті пайдалану мүмкін емес, сондықтан аккмулятор батареясын ауы- стырады.

Полюсті қадалықтарының тотыгуы сыртқы тізбектегі кедергінің көбеюіне жэне ток өткізгіштігінің азаюына алып келіп соқтырады. Бұл акаулықты жою үшін қадалықтардан қыскыштарды шешіп алып, кадалық пен кыскыштарды жылтырағанынша тазалау кажет. Содан кейін кадалық пен кысқыштарды жұқа қабат етіп техникалық вазелинмен немесе басқа кышқылға тұрақты коспа маймен майлайды.

Батарея тұрқысының сынығынан электролиттің ағуы сырт көзбен карағанда байқалады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля