МӘТІН СИНТАКСИСІ

11 мая, 2018 11:20

 

ҚАЗІРГІ ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ КҮРДЕЛІ СИНТАКСИСТІК ТҮТАСТЫҚ

Тіл білімінің кейінгі даму кезеңдерінің нәтижесінде мәтін синтаксисі өмірге келді. Көптеген күрделі жаңа мәселелер колға алынды. Осы мәтін синтаксисіне қатысты маңызды мэселенің бірі — күрделі синтаксистік тұтастык.

Күрделі синтаксистік тұтастык мэселесін зерттеудің түп негізі орыс тіл білімінде. Орыс ғалымдары Ф.И.Буслаев, А.А.Потебнялар назар аударып, қарастырып өтсе, А.М.Пешковский күрделі синтаксистік тұтастықтың негізін салуға тырысты. Күрделі синтаксистік тұтастык категориясын “абзац” деп атап, негізгі белгілерін айкындап берді.

Аталган мәселеге аса маңыз беріп, жан-жақты зерттеу жүргізе бастау орыс тіл білімінде 40-50 жылдардан басталды. Алайда күні бүгінге дейін ғалымдар арасында пікір кайшылықтары өте көп.

В.В.Бабайцева “Күрделі синтаксистік тұтастык” деп атап, оган мынандай анықтама береді: “Это сочетание предложений объединенные семантическими и грамматическими отношениями, которые выражены лексическими, лексико- грамматическими и грамматическими средствами. Компонентами связного текста могут быть как простые, так и сложные предложения (15,242). Бұл атауға біршама ғалымдар да (Г.Я.Солганик, Н.С. Валгина) косылады. Ал А.Г. Руднев “период” немесе “абзац” деп атайды ( 46 ,305-307).

Сондай-ақ казак тіл білімінде бұл мәселені қозгап, сөз етіп жүргендер — М.Серғалиев, Б.Шалабай, Б.Мүсірепова.

Сөйлем мен сөз тіркестері — синтаксистің ең негізгі бөлшектері. Сондыктан сөйлемдердің өзара мағыналық жэне кұрылымдық жагынан тығыз байланысқан күрделі топтарын зерттеудің маңызы аса зор екендігін М.Сергалиев, Б.Мүсіреповалар өте орынды көрсетеді. Сонымен катар ол жеке сөйлемдерге караганда ойдың дамуын неғұрлым толык бере алатын, магыналык жэне синтаксистік жағынан өзара тығыз байланысты сөйлемдер тобы екендігін айтады (60,3). Авторлар өз еңбегінде күрделі синтаксистік тұтастыктың тізбекті және параллельді дүп ятапап.іц_-«4—гүріи береді. Тізбекті күрделі синтаксистік тұтастыкты ғыяыми стильге тэн екендігін көрсетеді, ғылыми тексте ой бір-біріне катаң тэртіппен сабақтаса байланысып отыратын себебін де корсётёді.. Сондықтан ондағы эрбір сөйлем өзінің алдындагы сөйлемнің заңды жалгасы болып табылады”,- деп түсіндіреді (60,14), “Ал теңбе-тең байланысу түріне кұрылған күрделі синтаксистік тұтастыктарда санамалылык, салыстыру, карама-карсы кою карым-катынастары орын алады.

Цараллельді күрделі синтаксистік түтастық пен тізбекті күрделі смнтаксистік тұтастыктың айырмашылыгы — олардың байланысу түрінде”,- дейді ( 60,25).

Б.Шалабай “Қазіргі казак тіліндегі күрделі синтаксистік тұтастык” атты макаласында осы мэселені жан-жакты ашып беруге талпынады. “Күрделі синтаксистік тұтастық категориясын зерттеудің құндылығы сонда, бұл аркылы біздің синтаксистің көптеген мэселелеріне ең алғашқы көзқарасымыз өзгеріп, көптеген ұғым-түсініктеріміз кеңейіп, оларга жаңаша тұргыдан карайтын боламыз”,-дейді автор (64,110). Сөйтіп оның мағыналық және кұрылымдық белгілерін накты фактілермен дэйектеп, жан-жақгы талдай отырып көрсетіп береді. Осы еңбегінде: “Күрделі синтаксистік тұтастық деп, бірнеше сөйлемдердің тізбегінен жасалып, мағыналық жэне кұрылымдық жагынан тұйыкталган, белгілі бір күрделі ойды білдіретін сөйлемнен ірі синтаксистік бірлікті айтамыз”,-деп анықтамасын береді.

Демек күрделі синтаксистік тұтастык мэселесі -казак тіл білімінде ден коя зерттеуді керек ететін, өзекті тақырып. Оның кұрылымындағы синтаксистік сөз тіркесі, сейлем туралы ілімдеріне жаңа мән, жанаша сипат берсе, екінші жагынан стилистика саласымен де тығыз байланысты. Бүгінгі күнде осы такырып, осы мәселе жөнінде зерттеулер жүргізіліп, жұмыстар қоргалуда.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля