Номинативті және етістікті сейлемдер

21 апреля, 2018 10:59

 

Сөйлемдер бастауышының зат есім немесе етістік (есімше) болуына карай біріне-бірі әрі грамматикалық сипаты жагынан, әрі функциясы жагынан ерекшеленеді: Жел сокты — Соккан жел. Жай сөйлемдерді осы белгісіне карай топтап, даралауға негіз болатын олардың функция жағынан әрі карама-қарсы келуі, әрі ұштас, сабақтас болуы.

Мен газет қарап шыктым — Газет карап шыккан мен. Менің карап шыкканым — газет.

Номинативті сөйлемдер ойдың кұрылысымен, мазмұнымен тығыз байланысты. Жоғарыда көрсетілген мысалдардың өзара катынасына қарағанда номинативті сөйлемдерді эр уакыт трансформацияға түсіріп етістік- бастауышты сөйлемге айналдыруға болады. Бұл сөйлеу талабына байланысты. Бастауышы етістікті сөйлем объектіні актуализациялау (айырыкша көрсету) үшін керек болганда пайдаланады.

Актуализациялау жұмысы сөзді баяндауыш позициясына шығару арқылы ойға асады.

Ол үшін бастапқы номинативті сөйлем аталғандай трансформацияға түседі. Бұрынғы баяндауыш қызметіндегі етістік есімшелік форма алып бастауыш болады да, актуализацияланатын сөз (субъект, объект) баяндауыш қызметіне ауысады.

Бұларды өткенде жедел поезд жеткізді. — Бұларды жеткізген өткендегі жедел поезд. — Жедел поездың бұларды жеткізгені өткенде.

Баяндауыш мүше позициясының актуализия үшін пайдалануының себебі бар. Сөйлемдегі мүшелердің айтылатын информацияға қатысы жағынан арасалмағы мынадай болып келеді. Бастауыш мүше пікірдің кім, не туралы екенін атайды, яғни информацияның негізгі мазмұнын (ремасын) білдіреді Баяндауыштың осы салмағына сүйеніп, тіл оның позициясын ілгері амалмен актуализация үшін пайдаланады.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля