Нормалап азықтандыру негіздері

11 февраля, 2015 11:54

Малдың  денсаулығын сақтап, өнiмдiлiгiн  арттыру нормалап (өлшемдеп) азықтандыру аркылы  icкe  acырылады. Нормалап азықтандыру дегеніміз малдың  туріне, жасына, жынысына, өнімдік бағыты мен тipілeй  салмағына, физиологиялық  ахуалы мен  өнімділігіне  қарай оның  энергия мен қоректік  заттарға  деген мұқтаждығына сәйкес азықтандыру нормасын анықтау да, соның  нeгiзiндe азықтандыру рационын  құрастыру.

Әдетте азықтандыру барысын шаруашылық  жағдайында азық  құрамындағы алты (азық  өлшемі, қорытылатын протеин, ас тұзы, кальций, фосфор, каротин), қажетті  жағдайда тетіктелген норманың  18-22 көpceткiшi  бойынша қадағалайды. Тетіктелген  норма  көрсеткіштерімен  теңестірілген  рационмен  азықтандыру арқылы жемшөп шырынын үнемдеп  мал өнімділігін  8-12 процент арттыруға болады.

 

Біздің    келтipiп     отырған     азықтандыру     нормалары   А.П.Калашниковтың  басшылығымен шығарылған «Нормы и рационы кормления сельскохозяйственных животных» (М.,1985) анықтамалырына негізделген. Олар республика өнерлерінің  табиғи-шаруашылық  ерекшеліктеріне сәйкес қолданылуы қажет. Азықтандыру нормасына сәйкестіріліп азықтандыру рационы құрастырылады. Азықтандыру рационы — норма көрсеткіштерін  қамтамасыз ететін  малға жегізілетін азықтар мөлшері. Рацион құрамына мал сүйсініп жейтін, оның  ас қорыту ерекшелігіне  сәйкес келетін, өнімділігін  арттыратын, өнім сапасын жақсартатын азықтар белгілі  6ip ара қатынаста  кіреді. Айталық, куйс қайыратын мал  рационындағы  шырынды азыққа  қажет мөлшерде  құрамында  клетчаткасы көп ipi азық  қосып беріледі, ал шошқа мен құстың  рационында, кepicіншe, азайтылады. Өйткені     ішек-қарынның   кернеулі     мөлшepi  ондағы рецепторлардың  тiтipкeнiп, қозуы, желінген азықтың  шылануы, мерзімінде  қорытылуы ушін  мал мен құс азығында белгілі  бip мөлшерде клетчатка болуы шарт. Бipaқ онын шамадан тыс мөлшері азық қоректік  заттарының  қорытылуын төмендетеді.

Сондықтан  рацион  құрамындағы  азықтар жалпы рацион  қоректілігін  қамтамасыз етерлік  мөлшерде және асқорытуына  жағымды болуы керек. Мысалы, күuic  қайыратын малға  берілетін  шырынды азыққа  қажет мөлшерде ipi азық  қосылады /1-шi кесте/.

 

1.Сауын  сиыр  рационындағы  шырынды  азықпен

              іpі   азық  арақатынасы

 

 

Рациондағы шырынды азық, кг

 

        Ipi азық  мөлшері, кг
Сиырдың  тipiлeй  салмағы, кг400                  500

600

10 5 6 7
25 4 5 6
40-тан жоғары 3 4 5

 

Салмағының  әp6ip 100 кг-на шаққанда сауын  сиырға  берілетін  ipi азық  мөлшері  1 кг-нан төмен болмауға  тиістi, соның  жартысынан астамы пішеннің  үлесіне келеді.  Құс рационында клетчатка денгейі  4-6%-тен (балапан мен тауық үшін), 6-10%-тен (күрке тауықпен  қаз үшін) аспауы керек. Сонда  ғaнa рацион  көректік  заттары тез қорытылып сіңіріледі.  Осыған орай  мал  рационын  2-шi  кестедегі  арақатынаста  құруға болады.

 

  1. Рацион құрылымы (жалпы қоректілігіне % есебімен)

 

Мал  түлiктepi  мен топтары                Азық  топтары :ipi азық     шырынды    құнарлы
                                Ipi  қара  малдікі
Сауын  сиыр, тәулік-тік  сүттілігі:6-10 кг 20-14 75-70 10
11-15 кг 19-16 70-65 15
16-20 кг 16-15 65-60 10
7-5 айлық  тана 24 57 25
10-12 -/-/- 24 54 22
13-15 -/-/- 20 64 16
16-18 -/-/- 20 65 15
Суалған буаз сиыр 30-40 40-30 10-20
Тұқымдық  бұқа» 35-25 30-20 45-50
                                      ҚОЙДІКІ
Буаз саулық 40-60 10-5 10-20
Қозысын емізетін саулық 35-50 20-15 15-25
Тұқымдық  қошқар 30-35 10-5 40-50
                                     Жылқынікі
Буаз бие 55 15-5 30-40
Құлынын емiзетін бие 45 30-15 25-40
Тай 30-25 10-5 60-70
Құнан 40-35 15-5 -45-60
Дөнен 35-30 10-5 50-65
Тұқымдық  айғыр: Yйіpгe түсерде 40-30 10-S 50-65
Үйірден тыс кезде 45-40 15-5 40-50
Ат:Бос жургенде 35-80 65-20
Жеңіл жұмыста 40-60 40-15 20-30
Орташа жұмыста 35-50 30-10 35-45
Ауыр  жұмыста 25-40 20-5 50-55
                                      Шошқанікі***
Жем-картоппен азықтандырғанда 10-8 27-17 60-75
Жем-тамыр жемісті-мен азықтандырғанда 9-7 20-15 70-78
Жеммен азықтандырғанда 7-5 17-12 75-83

 

Ескертпелер:

* Шырынды азықтың  төменгі сауымды сиырга 3/1, орта сауымдысына 3/2, жоғары сауымдысына 2/1 бөлігін тамыржемістілер түрінде береді. Сүрлем мен ipi  азықты  пішендемемен  ауыстыруға  болады. Жазғы  рационда шырынды және ipi азық  орнына көк  азық  жұмсайды.

 

* Мал  өнімділігі  жоғарылаған сайын  аумақты азық  азайтылып, құнарлы азық  үлесі  молайтылады. Ұрық алынатын бұқа жеміне 5-10% жануар тектес азық  қосылады.

 

*Шошқа  рационында  клетчатка  көзi   ретінде  шөп  ұны  беріледі. Жем  құрамында  3-5% жануартектес  азық  болуға тиіс. Жазда  жем  үлесі  75-90%-ке  дейін  жеткізіліп, шырынды, ipi азык орнына көк азық  беріледі.

0

Автор публикации

не в сети 10 лет

slava

0
Комментарии: 0Публикации: 6Регистрация: 10-02-2015

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля