ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕР

2 мая, 2018 10:01

Жалпы сипаттама

Еліктеу сөз табына жататын сөздер адамды коршаған табиғат кұбылыстарының жэне айналадағы заттардың қозғалуынан шыккан дыбыстарга еліктеуден немесе адамның түрлі жағдайға байланысты әрекетіне, қозғалысына қатысты көріністердің, сонымен бірге желдің уілі, жапырактың сыбдыры, найзағайдың жаркылдауы, күннің күркіреуі, өзеннің сылдырап ағуы, заттардың қүлап түсуі, домалауы, соқтығысуларына еліктеуден пайда болған мән- мағынаны білдіретін үгым атаулары, сол сөздердің жиыны.

Қазак тілі адамның көру, есту мүшелері аркылы түйсіну, үгу кабілетінен пайда болған мұндай еліктеу сөздерге өте бай. Олар ауызекі тілде де, әдеби тілде де кеңінен колданылады. Ойды дэл де ыкшам, жинақты да көрікті етіп жеткізуде ерекше көркемдік мән үстейтін сөздер. Мысалы: Төрт-бес ат суға түсіп, шомылып, жүндері жылт-жылт етіп, көлшімектің жағасындағы балғын шалгынды бырт-бырт орады. (С.Сейфулин); Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды (М.Әуезов)- деген сөйлемдердегі «жылт-жылт, бырт-бырт, сырт-сырт» еліктеу сөздері айтылған ойды көріктендіріп тұр.

Сөз табы ретінде еліктеу сөз тілде кейіннен танылған сөздердің тобы. Ол түркі тілдерінің ертеректе шыккан грамматикаларында одағай сөз табының құрамында каралып келген. Түркі тілдерінде еліктеу сөздерді өз алдына одағайдан алғаш рет бөліп, оның 115-тен артык кұрылымдык түрі барын аныктаған чуваш галымы Н.И. Ашмарин. Түркі тіліндегі еліктеу сөздерді бұдан кейінгі кезеңде өз алдына бөліп, одағай сөзден айырмашылығын ікөрсеткен келесі ғалым Л. Н. Харитонов (64. 5-7).

Қазақ тілінде де біресе үстеудің, біресе одагайдың ішінде карастырылып келген еліктеу сөздердің жеке сөз табы болып бөлініп даралануы профессор А.Ыскаковтың есімімен байланысты. Ахмеди Ыскаков казіргі казақ тілінде «еліктеу создер» өзгеше бір сөздер тобына жататынын баспа беттерінде елуінші жылдардың басында жариялаган макалаларында-ақ дәлелдейді (64). Бұған дейін жалпы түркологиядагы сиякты казақ тіл білімінде де жеке аталмай баска сөз таптарының ішінде аралас беріліп келген (7.168, 161-162.) еліктеу сөз, осыдан кейін казак тілі грамматикаларына жеке сөз табы ретінде еніп, алпысыншы жылдардан бастап галымдардың назарына ілінген маңызды ғылыми такырыпка айналды. Еліктеу сөзге арнап Ш. Сарыбаев кітап шығарса (47.), Б.Катембаева гылыми жұмысының такырыбы етеді (64.).

Еліктеу сөздің жеке сөз табы танылуы, біріншіден, олардың бэріне ортак дыбыска, бейнеге еліктеу магынасының болуы. Обьективті өмірде болып жаткан дыбыстар мен бейнелер еліктеу сөздер мэні аркылы ұғынылады. Еліктеу сөздер өзінің шығуы мен құрылысы жағынан еш сөз табына косылмайды. Адам баласы тілінің пайда болуы, тілдің шыгуы туралы пікірлердің бірі — дыбыска еліктеу теориясы бойынша табигаттағы дыбыстарға еліктеуден алғашқы сөздер жасалып, ол сөздер сол заттардың атауларына айналган делінеді (2. 442.). Түрлі тілдерде карк-карқ, мияу-мияу, гу-гу, тарс- тарс, саңк-саңк, кор-кор, сыкыр-сыкыр ыңқ-ыңқ тәрізді еліктеуіш сөздер жэне олардан жасалған каркылдау, мияулау, гуіл, гуілдеу, тарсыл, тарсылдау, саңкылдау, корыл, корылдау, сыкыр,сыкырлау ыңкыл, ыңкылдау тәрізді туынды сөздер жасалган. Бұдан тілдің шыгуы еліктеу сөздерге байланысты болған деген пікірдің жаны бар екені көрінеді. Мысалы, «көкек» сөзі кұстың «ку-кук» деп шығарган дыбысына байланысты, кұстың бір түріне берілген атау. Мұндай атаулар тілде коп, әрі бұл туралы түрлі теориялар казак тіл білімінде айтылып та жүр. Бұган Қ. Хұсайыновтың ғылыми еңбегі дәлел (56.). Бұл гылыми зерттеуде казак тілінде нағыз дыбыс пен бейнеге еліктеуден пайда болған бір топ сөздердің бары, олардың дыбыс пен бейнеге еліктеу ұғымына байланысты ортак мағынасы болатыны, ондай сөздер еліктеу создер тобына жататыны ғылыми тұргыда дэлелденді.

Еліктеу сөздерін сөз табы ретінде танудың екінші себебі, оларды түрлендіретін морфологиялык көрсеткішінің жоктығы жэне оларды баска сөз таптарынан боліп тұратын айрыкша белгі олардың дыбыстык құрамы жагынан өздеріне тән жүйесінің болуы. Профессор Ш.Сарыбаев казак тіліндегі еліктеу сөздер дыбыстык кұрамының бес түрлі көрсетеді. 1) «Дауыссыз-дауысты» дыбыстардан кұралған үлгі-модель. Бұган «ду,гу, зу» сияқты екі дыбыстан тұратын еліктеу сөздерді жаткызады; 2) Дыбыстык кұрамының қатары «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз» болып үш дыбыстан кұралған модельді еліктеулерге «сар, ман, шыр» т.с. с. үш дыбыстан кұралган сөздерді келтіреді

  • «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз» ретімен кұрамы торт дыбыстаг тұратындарына «былк, сырт, дүрс» сөздерін жаткызады. 4) «Дауыссыз- дауысты-дауыссыз-дауысты-дауыссыз» дыбыстардан тұратын үлгіге «жалаң кылаң, сылаң, ырсың, ербең» т.с.с. құрамы бес дыбыстан кұралған елікте> создерді жаткызады. 5) «Дауыссыз-дауысты-дауыссыз-дауыссыз-дауысты- дауыссыз» үлгісіне негізінен туынды түбір болатын «жалб-аң, корб-аң, жалт- ың, кірж-ің» сияқты еліктеу сөздерін келтіреді (47.)- Бұл модельдер казак тіліндегі еліктеу сөздерінің дыбыстық құрамы мен құрылысында баска сөз таптарына ұксамайтын өзіндік ерекшелік барын айкындай түседі.

ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ МАҒЫНАЛЫҚ ТҮРЛЕРІ

Еліктеу сөздердің біразының семантикасы табиғатта ұшырасатын әр алуан дыбыстармен байланысты мағыналарды білдірсе, кейбірінің магыналары сол табиғаттағы эр килы көріністердің бейнелерін білдіреді. Мысалы, «мылтык тарс етті», «қарға карк етті» деген мысалдарда , «тарс» мылтыктың атылуынан шыккан, «қарқ» қарғаның каңқылдауынан пайда болған дыбыстардың мағынасын беріп тұрса, «Алшаң басып аю келеді», «Абай кілт бұрылып, жалт қарады» дегенде «алшаң, кілт, жалт» сөздері бейнеге еліктеу мағынасын білдіріп тұр.

Еліктеу сөздер ішкі магыналық ерекшеліктеріне орай екі салаға бөлінеді, бірі — еліктеуіш (еліктеме) сөздер, екіншісі — бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер аталады. (63. 360-366.).

  1. Еліктеуіш (еліктсме) сөздер дегеніміз — өзіне тэн лексика-семантикалык мағынасы адамның есту мүшесі кұлақ арқылы дыбысқа еліктеу ұғымын білдіретін еліктеу сөздердің бір магыналык түрі.

Адамның тыныс мүшесі аркылы шығарылатын дыбыстау мағынасын білдіретін еліктеуіш сөздер тілімізде едәуір. Мэселен, бір гана ұйыктауға байланысты еліктеу сөздер ішкі мағыналық реңіне қарай «кор-кор, пыс-пыс, быр -быр» сияқты сөздермен беріледі.

Адамның көңіл-күйіне катысты күлудің он бес түріне Ш.Сарыбаев мына еліктеу сөздерді атайды: «ду күлу, жырк-жырк күлу, кеңк-кеңк күлу, карк-карк күлу, мыңқ-мыңк күлу, мырс етіп күлу, сақ-сақ күлу, солк-солк күлу, сык-сык күлу, сылк-сылқ күлу, сыңғыр-сыңгыр күлу, таңк-таңқ күлу, тарк-тарк күлу, шаңқ-шанк күлу, ырк-ырк күлу, т.б.» (47.) келтіреді.

Түрлі жан-жануарлар, хайуан, аң-құстардың дауыстарына еліктеуден пайда болған түрлі еліктеуіш (еліктеме) сөздер де бар. Мысалы, : «Бак-бак еткен текені, кар жауганда көрерміз…» деген сөйлем ішінде келген «бак» еліктеуіш сөзі еркек жынысты ешкі малы шығаратын дыбыс мағынасын білдірсе, «Құлындар шіңгір-шіңгір кісінесіп, ойнақтап тұягымен көтерді шаң» деген өлең жолындағы «шіңгір-шіңгір», жылқы малының құлына тән кісінегенде шығаратын дыбысқа еліктеуден туган еліктеуіш сөз.

Адам организмінде болатын алуан түрлі сезім кұбылыстары су-су, дүрс- дүрс, зырк-зырқ, лүп-лүп, лып-лып, дір-дір, зу-зу, зың-зың, зырк-зырк, даң-дұң, әңкі-тәңкі, шың-шың, дың-дың, астан-кестен, ың-жың, мең-зең, алай-түлей, ұйкы-тұйкы, алау-жалау, сап-сап, элем-жалам сияқты еліктеме сөздер аркылы беріледі. Еліктеуіш сөздер тілде колданылған жеріне әрдайым эсемдік, ықшамдылық сипат беріп, шыгарма тілін көріктендіріп тұрады. Мысалы; эермеймін демеймін-ау, салдыр-гүлдір жүрісіңнен корқамын «Ә.С.). Аюкеме )ңашалана бергенде, күңк етіп калып едім, шоқ басқандай зыр ете түсті (Ә.О.).

  1. Бсйнелеуіш сөздер — табигаттагы құбылыстар мен заттардың жэне неше ілуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет қимылдарын көру лүшесі -көз аркылы қабылданған бейне-көріністердің атаулары. Бейнелеуіш юздер адамның, не түрлі заттардың қимыл-әрекетінің бейнелі еліктеу лагынасын білдіреді. Мысалы, «Саусақтары бұлың-бұлын етті де кетті» (Ғ.С.); <Аттар борт-борт желіді» (С.М.); «Бұланбай мен Алшагырдың үй іштері көшіп селіп, абыр-сабыр болып қалды»(Ғ. М.) — деген сөйлемдерде адам саусағының, птың жүрісінің, адамдардың түрлі қимыл әрекетінің көрініс бейнелері <бұлың-бұлың, борт-борт, абыр-сабыр» бейнелеуіш (бейнелеме) сөздерінің чағынасы арқылы берілген.

Бейнелеуіш сөздер адамның не заттың кимыл процесін гана көрсетіп адймай, олардың сырткы көрінісінің бейне-сипатына байланысты калыппын да эілдіреді. Мысалы, «дал-дал, ойқаң-тойқаң, пара-пара, дода-дода, әлем-жәлем, эпай-топай, алак-жалақ, мылжа-мылжа» сөздері затттың сырткы тұлғалык <өрінісінің бейнесін білдіретін сөздер. Осылардың біразын сөйлем ішінде <елтірейік: «Алға!» — деп, құшырланып тиіскенде, дал-дал боп қак жарылган мидай тақыр» (Бекежанов). Үстіндегі ер тоқымы пара-пара (Ә.Көшімов). 1’кважина ауызы ойкан-тойкан болып калды (Ғ.Мұстафин).

Бейнелеуіш сөздерге жалпы жарық сәуленің катысы арқылы көзге шағылысу бейнелерінің мағыналарын білдіретін оттың жануы, күннің жаркырауы, жалтыр нәрсенің жылтылдауы байланысты мағыналарды білдіретін «жалт-жұлт, жарқ-жұрк, лап-лап, лау-лау» сиякты сөздер де жатады. Етістік сөздерден -аң, -ең, -ң жұрнағы аркылы жасалынған туынды еліктеу сөздер де бейнелеуіш сөздердің мағынасын білдіреді. Мысалы, сүйрең, кисаң, созалаң. Жалпы адамның тірі жанның нәрсенің кимыл-қалпын керу кабілеті арқылы кабылдаудан пайда болған еліктеу мағынасындағы сөздер бейнелеуіш сөздер тобына кіреді.

Адамның көру кабілеті аркылы танылатын бейне-құбылыстар, тірі жанда болатын сезім-күйлер семантикалық жақтарынан кұбылып түрліше мағынаны білдіруіне байланысты, өз ішінде бірнеше топтарға бөлінеді.

  1. Адам мен хайуанаттардың, кұстардың жүрістерінің бейне-сипатын білдіретін бейнелеуіш сөздер тобына «алшаң-алшаң, тайраң-тайраң, апыл- тапыл, каз-каз, какшаң-какшаң, митың-митың, байпаң-байпаң, күйбең-күйбең, талтаң-талтаң, маң-маң, қойқан-койкаң, тепең-тепең, шоқаң-шоқаң» т.с.с. сөздер жатады.
  2. Адамдар мен хайуанаттардың, құстардың кимыл, іс-эрекеттерінің сырт тұлга көріністерін бейнелейтін сөздерге «қылт-кылт, кылтың-қылтың, елбек- елбек, елең-елең, еңкең-еңкең, мықшын-мықшың, кыбжың-кыбжың, кутың- кутың, елбек-елбек, сылқ-сылқ, былқ-былқ, қалт-кұлт, ербең-ербең, шыбжың- шыбжың, каужаң-каужаң, шошаң-шошаң» сияқты сөздер жатады.
  3. Көру сезімі аркылы танылатын эр қилы заттардың құбылып көрінуі және адамның бет пішінінде болатын куаныш, реніш сияқты реңктердің, кұбылыстардың бейнелерін білдіретін сөздер тобына «жарқ-жұрқ, жалт-жұлт, молт-мөлт, жымың-жымың, лау-лау, лап-лап, лып-лып, алау-жалау, жылт- жылт, алай-түлей, бұлдыр-бұлдыр, ұйкы-тұйқы, бұрк-бұрк, алай-түлей, елең- алаң, апак-сапак, қылаң-кылаң, жалба-жұлба, тоз-тоз, кұж-кұж, ыгы-жығы, айкыш-ұйкыш, олпы-солпы» тағы осы сиякты мағынадағы бейнелеуіш сөздер жатады.
  1. Ойламаган жерден, капылыстан, кенеттен шұғыл істелетін кимылдың көрінісін, кұбылысын бейнелеу мағынасын білдіретін сөздерге «сау-сау, сумаң- сумаң, кылп-кылп, зып-зып, кылт-кылт» сиякты сөздер жатады.
  2. Қимыл процестің тәртіпсіз, жүйесіз астан-кестен, үсті-үстіне болған калпын білдіретін бейнелеуіш создер мағынасын «жапыр-жұпыр, астан-кестен, абыр-сабыр, ойран-топыр, капыл-кұпыл, опыр-топыр, бұлан-талан, ұмар- жұмар» бейнелеуіш сөздері білдіреді.

Бейнелеуіш сөздердің көпшілігі ауыспалы мағынада жиі колданылады.

II БЛОК

ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ ФОНЕТИКА-МОРФОЛОГИЯЛЫҚ СИПАТЫ

Еліктеу сөздер мағыналык түрлері жагынан ғана емес, фонетика- грамматикалық сипаттары жағынан да өзіндік ерекшелікке ие. Еліктеу сөз табына жататын сөздердің буын кұрылымы, морфологиялык тұлғалары бір- бірімен ұксас, орайлас келеді.

  1. Еліктеу сөздердің фонетикалык сипаты олардың дыбыстык кұрамы, буын жігі, а ітылу ыргағы арқылы аныкталады. Еліктеу сөздер дыбыстык кұрамы жағынан баска сөз таптарындағыдай шашырап жатпай, белгілі бір заңдылыкка бағынган. Еліктеу сөздердің түбір күйіндегі дені негізінен екі, үш, торт дыбыстан құралған бір буынды түбір сөздер болып келеді де, ал косарланып келгенде бес-алты дыбыска дейін жетеді. Еліктеу сөздердің дыбыстық кұрамындагы дыбыстардың тіркесуінде белгілі бір калыптаскан жүйелі заңдылыктың болуы, олардың басым көпшілігінің негізгі түбір форма екенін көрсетеді.

Еліктеу магынасын білдіретін сөздерде болатын мұндай ерекшеліктермен катар, олардың кұрамында келетін дауысты және дауыссыз дыбыстардың келуінде де ерекшелік бар. Дауысты дыбыстардың барлық түрлері емес, белгілі бір түрлері ғана еліктеу сөздің кұрамында келеді. Еліктеу создерді жасауға тек «а, е, ы, і, ұ, ү, у» дауыстылары катысады. Сонымен бірге бұл дауысты дыбыстар бірен-саран еліктеу сөздің басында болмаса, бірінші дыбыс болып келмейді, көбіне негізінен екінші орында тұрады. Дауысты дыбыстардың жуан-жіңішкелігі еліктеу сөз білдіретін магынаның өзгеруіне әсер етеді. Дыбыстық кұрамы жагынан бірдей жуан дауыстылар катыскан еліктеу сөздің магынасы, жіңішке дауысты дыбыстар бар сөздердің магынасынан бөлек мағынаны білдіреді. Мысалы, бір топтағы еліктеу сөзге жататын кұрамында жуан «а» дауысты дыбысы бар «шаңк» сөзі мен жіңішке «і» дауысты дыбысы келген «шінк» еліктеу сөзінің ішкі білдіретін мағыналары бірдей емес. «Шанк» сөзі көлемі жағынан ірі, үлкен заттың, әрі одан шыккан дыбыс каркынының күштілігін білдірсе, «шіңк» созінің мағынасы көлемі кіші заттардан әлсіз шығатын дыбысты білдіреді. Еліктеу соз кұрамындағы дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке түрлері, оның айтылуына да әсер етеді. Жуан дауысты дыбыс бар еліктеу сөз күшті каркынмен айтылса, жіңішке дауыстысы жай каркынмен айтылады. Бүл еліктеу создерінің айтылуына тән дауыс ырғағының болатынын көрсетеді.

Еліктеу сөздердің кұрамына дауысты дыбыстар сиякты барлык дауыссыз дыбыстар да катыса бермейді. Әрі создің басы мен соңында келетін дауыссыз дыбыстың түрлері біркелкі болмайды, олардың келуінде де озіндік ерекшелік бар. Дауыссыз дыбыстан басталған еліктеу сөздердің бірінші дыбысы дауыссыздың кай түрінен басталганына шек қойылмайтын болса, соңында келетін дауыссыз дыбыстардың түрі мен орналасуында белгілі тэртіп болады. Негізінен үш, төрт дыбыстан тұратын соңы екі дауыссыз дыбыска аяқталатын тұйык жэне бітеу буынды еліктеу сөздердің алдыңғы дауыссызы үнді, соңғысы катаң дауыссыз болуы шарт. Мысалы, «сылк, бүлк, сырт, еңк, елп» т.б.

Еліктеу сөздердің соңында келген р, ж, ң дыбыстары созылып айтылады. Мысалы, гүр-р-р ете түсті, быж-ж-ж ете калды, дың-ң-ң етті., ыр-р етті, мыж- мыж-ж болды т.б. Баска сөз таптарына жататын сөздердің соңында сирек кездесетін «ж» дыбысы еліктеу сөздердің соңында көп кездеседі. Мысалы, гүж- гүж, баж-баж, шыж-быж, мыж-мыж т.б.

Баска сөз таптарында «л» дыбысынан басталатын сөздердің алдында естілетін «ы,і» протетикалық дыбыс (лак, лай, лезде, лас т.б.) еліктеу сөздерде айтылмайды. Мысалы, «лак етті, лап ете қалды, лау-лау етті».

Егер дыбыс жылдам, шұғыл, тез шықса, онда еліктеуіш сөздің айтылу интонациясы да тез шұғыл болады. Ал дыбыс шұғыл болмай, созылыңкы шыкса, онда еліктеуіш сөздер де созылыңкы интонациямен айтылады.

Екі буынды дыбыстык еліктеуіш сөздердің соңгы дыбысы көбіне вибрациялык «р» дыбысына аяқталады. Мысалы, «даңғыр-дүңгір, тыкыр- тыкыр, салдыр-гүлдір т.т.

Үш дыбыстан кұралған еліктеу сөздердің соңғы дыбысы сонор «р, л, м, ң» дыбыстарына аяқталады. Мысалы, «дыр, дал, шым, шың, маң».

Торт дыбыстан кұралған еліктеу сөздердің үшінші дыбысы сонор, ал төртінші дыбысы міндетті түрде катаң дауыссыздарга бітеді. Мысалы,» сарт, бырт, былк, селк, тарс» т.т.

Буын түрі жағынан бір буынды еліктеу создердің көбі ашық жэне бітеу буынды соз болып келеді. Мысалы: зу, ду, гүж, шың, мырс, селк т.б. Қосарланып келген еліктеу сөздердің сыңарлары аралас буынды сөздерден тұрып, көбіне екі буынды болады.

Бір буынды негізгі түбір еліктеу сөздер интонациясы жағынан магыналарына орай бірде жылдам ырғакпен, бірде баяу, акырын ыргақсыз айтылады. Жалпы еліктеу сөздер интонацияға бай, эрі олар құбылмалы келеді. Олардың интонация байлығы, оларды омонимдес зат есімдермен салыстырганда анык байкалады. Мысалы, «Қор болды» мен «қор ете түсті» деген екі тіркестің бірінші заттық мағынадағы «кор» созі жай, қоңыр интонациямен айтылса, «қор ете түсті» тіркесіндегі «қор» еліктеу созі жұлып алғандай күшті екпінмен айтылады. Мұндай интонациялық құбылмалық «дар асты — дар ете калды», «қыз бала- кыз-кыз кайнады», «шеп шапты — шөп ете калды» тіркестеріндегі омоним сөздердің айтылу интонациясының бірдей еместігінен де көрінеді. Бұл еліктеу сөздердің интонациялык кұбылу шеңбері кең екенін көрсетеді.

  1. Еліктеу сөздер морфологиялык құрамы жағынан жалаң жэне күрделі тұлғаларда келеді. Жалаң түбір еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен олардан синтетикалық тэсіл аркылы жасалынган туынды сөздер жатады.

Негізгі еліктеу сөздер айналадағы табигат кұбылыстарын кұлакпен есту арқылы кабылдаған дыбыстардан және көзбен көру аркылы қабылданған елес- көріністердің бейнелерінен пайда болған түсініктердің атаулары, демек, сол дыбыстар мен бейнелердің атаулары есебінде қызмет ететін бір морфемадан тұратын түбір сөздер болып келеді.

Туынды еліктеу сөздерге негізгі түбір еліктеу сөздер мен басқа атаушы сөздерге жалғанганда еліктеу мағынасын тудыратын сөз тудырушы жұрнақтардың қосылуынан жасалынған, морфемдік кұрамы жағынан екі морфемадан (түбір морфема + косымша морфема) тұратын туынды сөздер жатады. Синтетикалық тәсіл аркылы туынды еліктеу жасайтын негізгі сөз тудырушы жұрнақтар: -аң, -ең, -ң, -ың, -ің, -алаң, -елең, -лаң, -лең. Мына «балпак — балп-ак», «жылтың — жылт- ың», «томпаң — томп-аң», «елпең — елп- ең», «көлбең — көлб-ең», «сылаң — сыл-аң», «ирелең — ир-елең», «бұралаң — бұр- алаң», «шұбалаң — шұб-алаң» сөздері екі морфемадан кұралған туынды түбір еліктеу создері. Мысалы: Арқа арбадан қорбаң етіп түсті. Ол жайнамаз үстінен түспей, шокаң-шоқаң етті де отырды.

Еліктеу сөздердің күрделі түрі негізінен қос сөзді түбірлер болып келеді. Күрделі түбір тұлғалы туынды еліктеу сөздер аналитикалык тэсіл аркылы негізгі не туынды түбір еліктеу сөздердің қайталанып немесе қосарланып келуінен жасалады. Мысалы, «күж-күж, быж-быж, шыр-шыр, шыж-шыж, пыс- пыс» еліктеу сөздері негізгі түбір еліктеу сөздің кайталануынан жасалынған қайталама түбірлі қос сөз тұлғалары. Ал, бір сыңарының фонетикалык озгеріске ұшырап косарлануынан жасалынған «шыж-мыж, шарт-шұрт, арбаң- тарбаң, алақ-жұлақ» сияқты еліктеу сөздер қосарлама немесе косарланған түбір еліктеу сөздеріне жатады.

Бір сөздің қайталануынан жасалынган қайталама түбірлі еліктеу кос сөздердің бір қалыпты болған дыбыска еліктеуді білдіреді. Мысалы, тырс-тырс, быж-быж т.б. Ал косарлама қос сөздердің мағынасы эр түрлі дыбысталған еліктеулердің мағынасын береді. Мысалы сатыр-сұтыр, бұркан-таркан, шаңк- шұңқ, т.т.

Күрделі еліктеу сөздер сыңарлары фонетикалык дыбысталуы жэне беретін мағынасына байланысты бірыңғай қосарлы жэне әр түрлі аралас Қосарлы болып келеді. Күрделі еліктеу сөздердің бір сыңарының дыбыстық өзгеріске ұшырау арқылы косарланған еліктеу создер катарына «жапыр-жұпыр, Қыбыр-жыбыр» сияқты сөздер жатады. Ал аралас қосарлы күрделі еліктеу сөздер сыңарларының дыбыс саны тең келмейді жэне мағыналык жағынан бірі мәнді болса, екіншісі мэнсіз сөз болады. Кей еліктеулердің екі сыңары да мәнсіз сөздерден қосарланады. Оны мына «ойпаң-тойпаң, апалаң-жұпалаң, абыр-сабыр, тасыр-тұсыр» сиякты косарланган түбір еліктеу сөздерінің сыңарларынан көруге болады. Мұндай қосарланған түбір еліктеу сөздердің сыңарларының біреуі, кейде екеуі де жеке колданылмайды.

Күрделі түбір еліктеу сөздердің сыңарлары арасында «да, де, та, те» шылаулары келетіндері де бар. Мысалы, «гүрс те гүрс, жалт та жұлт, елтең де селтең, тасыр да тұсыр» дегендер аналитикалық тәсіл арқылы жасалынып тұрған тіркесті күрделі еліктеу сөздер. Бұндай тіркесті түбірлер көбіне әр түрлі бейне, дыбыстауға байланысты аралас еліктеу ұғымын білдіретін сөздер болып келеді. Мысалы: Ел кағынды, мал сабылды, ұрлық, өтірік, гу де гу (Абай).

Еліктеу сөздер басқа сөз таптарынан жасалмайды. Керісінше басқа сөз таптарын жасауға негіз сөз болады. Еліктеу сөздердің зат есім мен етістік жасауға қабілеті күшті. Сөз тудыратын еліктеу сөздердің өнімді басты жүрнактары: -ыл, -іл; -да, -де; -ак, -ек; -ыр, -ір; -ык, -ік. Мысалы, «гүрсіл естілді, жалтак бала, жалтыр қағаз, бүлкек жүріс» деген тіркестердің ішінде не? сұрағына жауап беріп тұрган «гүрсіл» сөзі туынды зат есім, ал «жалтак, жалтыр, бүлкек» сөздері қандай? сұрағына жауап беретін туынды сын есімдер, яғни еліктеу сөздерден жасалған есім сөздер.

Бір буынды еліктеу сөздерінен -ыл, -іл жұрнақтары арқылы зат есім жасалатын (сыр-ыл) болса, оның үстіне -да, -де жұрнағы жалғану аркылы туынды зат есімнен жаңа сөз — туынды етістік (сыр-ылда) жасалады. Туынды зат есімнің де, туынды етістіктің де негіз сөзі еліктеу сөз болады. Еліктеу сөздерден жасалған етістіктер казак поэзиясында есімше, көсемше формаларға түрленіп келуі, әсіресе өлең ұйқасы көсемшенің «-ып» формасында қолданылуы жиі кездеседі.

Қазақ тілінде еліктеу сөздерге -дак, -дек жүрнагы жалғану аркылы зат есімдер де жасалады. Олар жер-су аттарында көп кездеседі. Мысалы, Ысылдак (сайдың аты), Локылдақ (бүлак ата), Бақыраксай (өзен аты), Сарқырама (озен аты) т.б. Кейбір еліктеуіш сөздер сыкырлауык, сылдырлауык, токылдауык смяқты туынды етістіктен жасалган туынды зат есімдердің жасалуына да негіз болған. Кейде -у жұрнагының еліктеу сөзге бірден жаллғануынан жасалынған зат есім сөздер сирек болса да кездеседі. Мысалы, шаншу, кыңку, каңку. Ауруда шаншу жаман, сөзде каңку жаман. Ел арасында қыңқу, сыңку көбейді.

Туынды еліктеуіш сөздерге -ла,-ле жұрнағы тікелей жалғанып та туынды етістік жасалады. Мысалы, «талтаңда, сопанда, бұраңда, киқаланда» туынды етістіктердің негіз сөзі «талтаң, сопаң, бұраң, кикалаң» — туынды еліктеу сөздері. Аталған сөздердің үстіне «-да» жұрнағы жалғанып, жаңа туынды етістік жасалған.

Кейбір еліктеуіш сөздерге «и» жұрнағы жалғанып та етістік жасалады. Мысалы, «бүкши, секси, түкси» т.т. Осылай еліктеу сөздерден сөзжасам жұрнақтары арқылы екі сөз табының туынды түрлері жасалатын болса, «ет, бер, кақ» негізгі мәнді көмекші етістіктердің еліктеу сөздерге тіркесінен күрделі етістіктер жасалады. Мысалы, «тарс етті, лап берді, бүрсең қақты».

ЕЛІКТЕУ СӨЗДЕРДІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ

Еліктеу сөздер синтаксистік қызметі жағынан кандай сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы, оның сөйлем ішінде қолданылу орнына жэне олардың өзге сөздермен өзара тіркесіне байланысты болады. Еліктеу сөздер көп жагдайда зат есім сөздің алдында атау тұлғада тұрып, кандай? кай? сұрағына жауап беріп, анықталушы сөздің анықтауышы сөйлем мүшесінің кызметін аткарады. Мысалы, Шаңк-шұңк айкай естілді. Қандай айкай естілді? — Шаңк-шұнк. Бұл — бастауышты аныктап тұрған сөз, анықтауыш мүше. — Не естілді? — Айкай. Зат есімнен болған бастауыш. Еліктеу сөз атау тұлғада зат есім сөздің орнына колданылғанда сөйлемнің бастауыш мүшесі де бола алады. Мысалы, Тоңіректі шаңк-шұнқ басты. -Не басты? -Шаңқ-шұңқ. Мұнда еліктеу сөз заттык ұғымдағы сөздің орнына жүріп, сөйлемнің бастауышы болып тұр. Етістіктен болған баяндауыштың алдында тұрып, сөйлемнің пысыктауышы кьпметін ле атқара алады. Мысалы, Үй іші де ду күліпті. — Не істеді? — Күлді. -Қалай күлді? — Ду. Күлу кимылының калай болғаны «ду» еліктеу сөзі аркылы білініп тұр.

Сөйлемде еліктеу сөздер көбіне жеке колданылмайды, негізінен баска сөздермен тіркесіп, күрделі сөздің кұрамында келеді. Көбіне «ет» етістігімен тіркесте келіп күрделі сөйлем мүшенің кызметін аткарады. Мұндайда аналитикалык формадағы етістік сөйлемнің күрделі баяндауышы болады. Мысапы, «тарс ете қалды, арс-арс етіп, арс етгі, жарк ете калды, жарк-жұрк ете калды»-деген тіркестерде, «арс, тарс, жарк» еліктеу сөздері атау тұлғада «ет» етістігімен тіркесіп келіп жаңа туынды сөз — күрделі етістіктің бір түрі — кұранды етістіктер жасап, олардың бірі — көсемше формада, екіншісі -шактык формада, үшінші-төртінші — аналитикалык формаларда түрленіп тұр. Мұнда грамматикалык формаларға түсіп тұрған еліктеу сөз емес, еліктеу сөзге «ет» етістігінің тіркесі арқылы жасалынған кұранды етістіктің грамматикалык формаларға түрленуі, етістіктің грамматикалык категориясында жұмсалуы. Еліктеу сөздердің кейбіреуі «бер, как» сияқты етістіктермен тіркесіп келіп. құранды етістік тұлғасын жасайтындары бар. Мысалы, «лап берді, шап берді, сылаң қақты, бүрсең қақты» деген кұранды етістік құрамында колдану кездеседі. Профессор А.Ысқаковтың еліктеу сөздерді «жеке-дара колданылмайтын формалар», «түрленбейтін сөздер» (63. 366.) — деп атауы, осы ерекшелігіне байланысты болса керек. Еліктеу сөздер сөйлемде баска сөздермен ішкі тіркес кұрып, күрделі мүшенің кұрамында айтылады, бірен- саран жағдайда болмаса еліктеу сөздер көбіне етістіктермен тіркеседі. Көмекші етістікпен тіркес келгенде грамматикалык ■ формалар еліктеу сөзге емес, көмекші етістікке жалғанады.

Еліктеуіш сөздерде затгану процесі жиі кездеседі. Мұндай жағдайда олар Зат есімдерше түрленеді. Мысалы. Осы абыр-сабыр, даң-дұңын тыста тұрып есітті. Мұнда «даң-дұң» еліктеу сөзіне әуелі «-ы» тэуелдік, онан соң «-н» септік жалгаулары жалғанып келіп несін? деген зат есімнің тэуелдеулі септік Формасының сұрағына жауап беріп тұрған затганған сөз. Еліктеу сөздерге әдетте жалгаулар бірден тікелей жалғанбайды, тек заттанган жагдайда ғана зат есімнің категориялык көрсеткішгері жалғанып сөйлемде бастауыш, толыктауыш мүшелерінің кызметін атқарады.

Еліктеу сөздер толық мэнді етістіктермен де көмекші мәнді етістіктермен де тіркесіп келеді. Осы тіркесу сипатына қарай олардың синтаксистік қызметі де әр түрлі болады. Еліктеуіш сөз әр уақытта етістік алдында тұрады. Еліктеуіш сөздер негізгі магыналы етістіктермен тіркесіп оның алдында келгенде, эрдайым күрделі пысыктауыштың қызметін аткарады. «Ет» көмекші етістігімен тіркесіп колданылганда, күрделі баяндауыш не күрделі пысыктауыш болдады.

Еліктеу сөздер сөйлемде зат есім сөздің орнына жүріп заттанып колданылғанда, оларға зат есімнің көптік, септік, тәуелдік категорияларының формаларына түрленеді.

Еліктеу сөздердің жалаң түрі мен күрделі (қосарланған) түрінің қай- кайсысы болса да, көбіне «ет» етістігімен еркін тіркеседі. Кейде толык мағыналы дербес етістіктердің ішінен тек өздерінің мағыналарына орайластарымен гана тіркес құрайды. Еліктеу сөздер барлык сөз таптарымен тіркесе бермейді. Сөз таптарының кейбір сөздерімен некен-саяқ тіркескенімен, сын есім, үстеу, шылау сиякты сөз таптарымен мүлде тіркеске түспейді.

Еліктеу сөздер атау тұлғада зат есімдерден бұрын тұрса, аныктауыш (шаң-шұң дауыс естілді), шығыс септігі формасында (шаң-шұңнан бас қатты) келсе, толыктауыш, етістікпен тіркескенде сын-қимыл пысықтауыш (маң басты, жалт карады) болады. Ал, «ет» көмекші етістігімен тіркесетін еліктеу сөздер кұранды мүшенің кұрамына енеді де, тұтас бір күрделі мүшенің не күрделі баяндауыш, не күрделі пысыктауыштың кызметін аткарады. Мысалы, Қиралаң етіп, артқа карап Сұңкардың кұлак шекесіне азу тістерін кадамақшы болган Зуылдың сак еткен тістері ауа кармады. Қара кемпірдің бетінен бұрк ете түскен кызыл кан төмен қарай жылжып түсе берді. Зырк еткен жүрегі бұлкынып барып тынышталды. Денесі селк еткен Жаныс алдында бойы ұзарып, кеткен өлі денені көрді (Д.Бейс.).

Қорыта келгенде, еліктеу сөздердің негізгі сипаты мынадай:

  1. Еліктеу сөздер дыбыстық құрамы жағынан белгілі бір заңдылыкка бағынған жалаң түбір күйінде екі, үш, төрт, кейде бес, алты дыбыстардан тұратын сөздер. Қосарланып келгенде еліктеу сөздердің сыңарларының дыбыстык кұрамы екіден бес-алты дыбыска дейін жетеді. Мысалы, зу, пыр, санк, ербең, жалбаң, зу-зу, пыр-пыр, сарт-сұрт,сатыр-сұтыр, қорбаң-корбаң т.б.
  2. Еліктеу сөздердегі дауысты дыбыстардың жуан, жіңішке және ашык, кысаң болуы сол сөздердің мағынасына әсер етеді Мысалы, «сарт етіп түсті» мен «селк ете түсті», «шиық етті» мен «шіңк етті» мағыналары бірдей емес. Сөз кұрамында жіңішке дауысты дыбысы бар сөздер жуан дауысты барына сөздерге караганда, кимылдың элсіз, жай, қысқа болғанын білдіреді.
  3. Еліктеу сөздердің соңғы дыбыстары кос дауыссызға аяқталады. Оның алдыңғысы міндетті түрде үнді, кейінгісі катаң дыбыс болады.
  4. Еліктеу сөздер түбір күйінде тұрғанда накты қандай магынаны білдіретіні білінбейді. Олардың мағыналары көбіне дыбысқа, көрініске, құбылысқа тәуелді болып келетіндіктен, еліктеудің дэл мағынасы оның баска сөздермен тіркеске түскенінде анық білінеді. Мысалы, «сылк, жылп, сылп» еліктеу сөздерінің мағынасы жеке тұрғанда түсініксіз. Егер бұларды «Ракима сылк-сылқ күлді» (Б.Майлин); «Малта аузына жылп етті, екі ерні сылп етті (С.Сейфулин) сиякты сөйлемдердегідей «күл, ет» етістіктерімен тіркесте колданғанда олардың мағынасының аныктығы мен толықтығы байкалады. Өйткені «сылк, жылп, сылп» еліктеулері адамның күлуімен, құрт-малтаның ауыздан түсу қимылы мен еріннің қозғалу калпына катысты бейнеден пайда болған сөздер. Егер ондай кимылдар болмаса, «сылк, жылп, сылп» сөздері де тумас еді.
0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля