10 марта, 2018 17:36
Көп мағыналы сөздер мен омонимдердің формалары жағынан ұқсас болады. Олардың айырмашылықтары — біріншіден, көп мағыналы сөздердің бірнеше мағыналы болып келетіндігі болса, екіншіден, олар әр сөз табына мағыналары жақын әрі ұқсас болатындығы. Ал омонимдердің табиғаты өзгешелеу болады. Олар (омонимдер) біркелкі дыбысталып айтылады да, ал ұғымы басқа-басқа сөздер тобын білдіреді.
Омоним деген термин гректің «һотоз» біркелкі, бірдей және «опут» яғни ат, атау деген сөздерінен алынып, «біркелкі, бірдей атау» дегенді білдіреді.
Омонимдерді қазақ тілінде қарастырған ғалымдардың ішінде К.Аханов «Дыбысталуы бірдей, бірақ мағыналары басқа-басқа сөздер омонимдер» десе [2,36,3,113], Т.Р. Қордабаев материалдық ұқсастықтары, бірліктері ғана болмаса, мағыналық жағынан бір-біріне ешқандай ұқсастықтары жок сөздерді омоним сөздерге жатқызып, «омонимдердің мағыналары бір сөздің әр түрлі мағыналары емес, оның әр мағынасы әр түрлі сөз болады»- дейді [37,67].
Жалпы тіл біліміндегі бұл құбылысқа көптеген анықтамалар беріліп келеді. О.С. Ахманова: «Омонимы как два и более слова, состоящие из фонемных рядов и различающиеся только семантически или грамматически одновременно» — десе [5,3], В.В.Виноградов: «Термин» омонимия следует применять к разным лексическим единицам, совпадающим по звуковой структуре во всех своих формах»- дейді [17,12].
Тіл біліміндегі омонимия құбылысы- өте күрделі категория. С.Г. Гендлер омонимияны тарихи категорияға жатқызады. Э.Эманның «Омонимия құбылысы тіл дамуының көрсеткіші, фактісі» деуі [80.117] В.Урбутистің «Тілдегі омонимдердің пайда болуы тіл дамуының нәтижесі деп қарастыру керек, тілде омоним сөздердің пайда болуына, туындауына себеп болатын негізгі факторлар ол — тіліміздегі лексикалық қорды байыту қажеттігі мен оны дамыту» деуі [74.15] омонимия құбылысын тарихи категорияға жатқызуы болып табылады.
Әртекті (гетерогепді) жоне біртекті (гомогепді) омонимдер
Омонимия табиғатын қарастыратын еңбектерде көбінесе әлі де шешімін таппай келе жатқан мәселенің бірі- омонимдердің тілімізде пайда болу тәсілдері.
Зерттеушілердің арасында екі түрлі көзқарас бар: бірі- омоним сөздер деп тану үшін омонимдік қатарға енетін сөздер шығу тегі жағынан гетерогенді, яғни тұлғалық ұқсастығы мен сәйкестігі кездейсоқ болып, әр текті омонимдер болуы керек деген қағидатты ұстанса, енді бір топ ғалымдар тілде гомогенді (бір текті) омонимдердін болуы да заңды деп тұжырымдайды.
Гомогенді омонимдер туралы К.Аханов: «Көп мағыналы сөздердің әр мағынасы бір-бірінен алыстап, олардың арасындағы мағыналық байланыс үзіледі де, әр мағынасы әр басқа ұғымдардың атауы болып дараланып алшақтайды. Сөздердің осындай мағыналық жақтан дамуы нәтижесінде омонимдер жасалады десе» [3.37], акад. А.Қайдар қазақ тіліндегі бір буынды түбір- негіздерінен гомогенді омонимдердің туындауы жайында пікірлер айтады [26.99]. Гомогенді омонимдерді кейде «семантикалық омонимдер», «өзара алшақтап кеткен омонимдер», «тарихи омонимдер», «генетикалық негізі бір омонимдер», «негізгі бір түбірлес омоним сөздер» деп те атаушылық бар.
Гомогенді омонимдердің туындауына әсер берген мотивтер- заттар мен Құбылыстардың жеке бөліктерінің ұқсастығы, заттар мен кұбылыстардың орналасуындағы ерекшеліктер, заттардың, құбылыстардың дыбыстары,заттардың санына байланысты, заттар мен кұбылыстардың қимыл ұқсастығы, қолданылған материалға байланысты тағы баскалар:
- Заттар мен құбылыстардың сыртқы тұлғаларындағы ұқсастық тірек болған гемогенді омонимдерге тұмарды жатқызуға болады.
Тұмар I. Жас баланы, нәрестені көз тиюден, ауру-сырқаудан сақтайды деген ұғыммен ішіне Құран сөзі жазылған, үш бұрышты мата не былғарымен тысталған киелі зат.
Тұмар II. Тұмардың сырт бейнесіне ұқсастырылып жасалған ою-өрнек.
- Заттар мен құбылыстардың орналасуындағы ерекшеліктеріне байланысты болған гомогенді омонимдерге Алқа сөзінен байқалады:
Алқа I Дөңгелене отырған топ, жиын, мәжіліс;
Алқа II Қыз-келіншектердің мойнына, омырауына әсемдік үшін тағатын моншақты әшекей.
Алқа III көпшіліктің, ел-жұрттың алдында, төрде. Мыс: «Қазылар алқасы». Бұлардың барлығы да адамдардың назарына бірден түсетін, яғни орналасуындағы ерекшеліктердің негізінде жасалған омонимдер болып тұр.
- Заттардың, құбылыстардың түр-түсіне негізделген гомогенді омонимдерге «ақ» сөзін алуға болады.
Ақтық I Қардың, сүттің түсіндей аппақ болушылық.
Ақтық II Ақ мата, әйелдердің бастарына тағатын ақ орамал
Ақтық III Ескі наным бойынша киелі қасиетті жерлерге байлап кететін жоралғы зат. т.б.
Көк I түс (ашық аспан тәрізді)
Көк II Әлем
Көк III Көк шөп, көкөніс, жеміс-жидек
- Заттар мен құбылыстардың дыбыстары негізінде пайда болған гомогенді омонимдер.
Ысқырық I. Ыскырганда шықкан дыбыс
Ысқырық II Ысқыратын құрал
- Қолданылған материалға байланысты пайда болған омонимдер.
Ішек I Адамның, мал және жануарлардың ас қорыту мүшелерінің бірі.
Ішек II Домбыраның тартып ойнайтын ішегі
- Мерзім не уақыттың әсері тиген гомогенді омонимдер:
Күздік I Жаз жайлаудан қайтқан елдің күзде қалатын орны.
Күздік II Қысқы соғымға дейін ауыл адамдарының күзде сойылған малы.
Күздік III Күзде егілетін күздік дақыл
Міне, әрбір гомоомонимнің астарында олардың пайда болуына әсер берген осындай әр түрлі мотивтер бар екені тілдік фактілер дәлелдей түседі.
Жоғарыда талданған тілдік бірліктерге, ғалымдардың пікірлеріне сүйенсек, мынадай ғылыми тұжырымдарға келуге болады: Яғни, көп мағыналық омонимдену процесінің алдыңғы сатысы, оның шарықтау шегі омонимияға апаратын меже. Сонымен қатар омонимия процесі тілді қолданып отырған халықтың өмірімен тікелей байланысты, оның салт-дәстүр, наным- түсінік секілді ұлттық менталитетке қатысты құбылыс.
Жаңа омоним сөздің пайда болуына тірек болған жоғарыдағы белгілер шығу тегі бір омонимдердің туындауына әсер берген мотив болып табылады. Бұндай омоним сөзге тірек болған белгіні Р.А. Будагов пен Г.В. Колшанский «Внутренняя форма» десе, С.Д. Концельсон оны этимон деп көрсетеді. Сонымен, бір-бірімен сабақтасып байланысып жатқан екі құбылыс тіліміздегі гомогенді омонимдерден көрініс тапқан.
Омонимия құбылысы туралы жалпы тіл біліміндегі пікірдің өзін бірнеше топтарға қарастыруға болады:
- Омонимия тіл-тілдердің бәріне тән, ұқсас әрі ортақ құбылыс.
- Омонимдер тек әртекті (гетрогенді) сөздерден және күтпеген жерден (спонтанно) пайда болатын құбылыс.
- Омонимдер сонымен катар, бір текті (гомогенді) сөздерден де пайда болатын тосын құбылыс.
- Омонимдер екі түрлі жолмен: -гетрогенді (әртекті) сөздерден және гомогенді (біртекті) сөздердің іштей жіктеліп алшақтай түсуі аркылы пайда болатын құбылыс.
Сонымен, қазақ тіліндегі гомогенді омонимдердің пайда болуы о бастагы бір сөздің мағына жағынан іштей жіктеліп, екі түрлі мағыналық бірлікке айналуы, яғни омонимдік дәрежеге көтерілу өте күрделі лексика-семантикалык процесс те, бұл процеске негіз болып саналатын экстралингвистикалык факторлардың табиғаты одан да күрделі екендігі көрінеді [44.96].
Омопимдердің түрлері
Қазақ тіліндегі омонимдерді өз ішінен үшке бөліп қарастырамыз: лексикалық омонимдер, лексика-грамматикалык омонимдер жоне аралас омонимдер.
- Лексикалық омонимдер. Бұл топқа енген сөздер бір ғана сөз табына қатысты болып келеді. Мысалы: Қол I зат. анат. Адамның бір нәрсені ұстайтын, жұмыс істейтін дене мүшесі. Қолды ыстық сумен жуганды дүрыс дейді (Мұхтар Әуезов). Қол II зат. көне. әскер, жасақ, жауынгер. Тегіс сойьіл, найза, айбалта, шоқпар үстаган шабуыл мен согысқа әзірлеген қол (М.Әуезов). Қол III зат. көне. Жөн, ыңғай, лайық. Темір-терсек қыз баланың қолы ма еді. (Ә.Қал.)
- Лексика-грамматикалық омонимдерге енетін сөздер әр сөз табына қатысты болып, түбір тұлғасында ғана омоним болады да, калған уақытта әр сөз өзіне тән тұлғаларда түрленеді. Мысалы: Қорган I зат. бір нәрсені айнала соққан қоршау, дуал, биік қабырға. Әр үйдің үзын-үзын, иір-иір қорганы бар (С.Бақбергенов). Қорған II ет. өздік етіс. Қорған. Бүл- біздің сыртқы жауларымыздан қорганатын жалгыз гана қүралымыз (Ә.Ш).
- Аралас омонимдерге жататын сөздер көп сыңарлы бола отырып, жоғарыдағы екі түрін (лексикалық және лексика-грамматикалық) қоса қамтиды. Мысалы: Қу I зат. иілген ұзын мойынды су құсы, акку. Жыршы қүстар әуеде өлең айтып, қиқу салар көлдегі қаз бен қулар (Абай). Қу II сын Құрғап кеткен, қураған, құрғақ. Қу шөптен басқа нәр жоқ далада бір. (Қ.Бекхожин). Қу III сын. Айлакер. Амал тапқыш, епшіл. Айсүлу да бір қубольіп шықты, келісімен-ақ Қасымбекті баурап алдьі (З.А.)- Қу IV ет. Қашқан нәрсеге жету ушін соңына тусу, жугіру. Аттан! Үста, алып кетті! Қу/ Жет\ (Ж.Р.)
Тілімізде омонимдердің түрлерінен өзгешелеу келетін омофондар мен омографтар да кездеседі. Кейбір тілші ғалымдар оларды айтыльімдас сөздер (омофондар) және жазылымдас сөздер (омографтар) деп атап жүр.
Тілімізде біршама сөздер орфографиялык норманы сактай отырып біркелкі айтылады, бірак орфографиялық норма бойынша түрліше жазылатын сөздер аз емес. Мысалы асшы (ас даярлайтын адам) мен ащы (тұщы сөзінің антонимі) сөздері; қара ала (сын есім) мен қарала (етістік) сөздері жұп тұрғысынан бірдей айтылады, алайда жазылу барысында түрліше таңбаланады. Ендеше, омографтар (гр. һотоз — бірдей, рһопе-дыбыс, дауыс) дегеніміз айтылуы бірдей, бірақ жазылуы әр түрлі сөздер.
Омонимдерге ұксас тағы бір кұбылыстьщ түрі- омографтар (гр. һотоз- бірдей, §гарһо- жазу). Тіліміздегі біршама сөздер біркелкі жазылғанымен, екпіннің алмасып түсуіне байланысты түрліше айтылатын, өз алдына дербес мағыналы сөздер де ұшырасып отырады. Мысалы: көрме (болымсыз етістік) көрме (выстовка); алма (етістік) алма (қызыл алма) сөздер осы омографтарға жатады.
Омонимдер мен омографтардан кейде сөзойнатым (каламбур) жасалып, сықақ, әзіл ретінде қолданып отырады. Сөзойнатым (каламбур) деген сөз дыбысталуы ұксас, мағынасы әр түрлі сөздердің негізінде туған сөз әзілі (игра слов) дегенді білдіреді.
Омоиимдердің жасалуыпдагы амал-тосілдер
Омонимдерді тұлғалас сөздер деп атаушылык бар. Олар бірнеше амал- тәсілдер аркылы жасалады.
- Мағыналардың арасында семантикалык байланыс үзіліп, көп мағыналылыктан ажыраған жоғарыдағы мысалдар дәлел бола алады.
- Фонетикалық өзгерістерге ұшыраған біршама сөздер тілімізде бүрыннан бар сөздерге омонимдік қатар түзейді. Мысалы «етік тігетін құрал» мағынасындағы бігіз және «атқа ерттейтін жабдық» мағынасындағы егер сөздеріндегі «г» дыбысы түсіп қалды да, қатар келіп қалған екі дауыстының бірі сусуға мәжбүр болып тілімізде бұрынан бар «біз» есімдігіне және «еркек» мағынасындағы ер сөзіне омоним сөздер жасалған.
- Баска тілдерден кейбір сөздер дыбысталуын өзгерту арқылы тілімізде бар бұрынғы сөздерге омонимдік катар түзейді. Мысалы: орыс тілінен енген гиря сөзі казақ тіліне кір болып өзгеріп бұрынан бар «лас» деген мағына білдіретін кір сөзіне омоним құраған. Ондай мысалдарға орыс сөзінің волость сөзін (болыс болып өзгерген), араб тілінен сир (сыр) сөздерін жатқызуға болады.
- Қазак тілінде омоаффикстер аркылы да омонимдер жасалады. Мысалы -с (-ыс, -іс), қ (-к, -ық,-ік), -н (ын,-ін) аффикстер есімдер мен етістіктерден омонимдік қатар түзіледі. Айтыс (зат есім), айтыс (етістік); жабық (зат есім), жабық (сын есім), жабық (етістік); тебін (зат есім), тебін (етістік).
( 5) Баспа (зат есім)- кітап шығаратын орын, баспа (зат есім)- тамақ
ауруы сияқты түбір сездерген (бас) жүрнақтар жалғану арқылы да омонимдік қатар түзіліп отырады.
Тіліміздегі омонимдер түбір және туынды күйінде жұмсалып отырады. Қазақ тілінде түбір омонимдер туынды омонимдерге қарағанда көбірек жұмсалынса, орыс тілі лексикасында академик В.Виноградовтың көрсетуінше, туынды омонимдердің түбір омонимдерге қарағанда көптеу екендігі анықталган.