Кәсіптік оқыту әдістемесінің даму келешектері

24 февраля, 2018 20:17

 

Педагогикалық білімдердің арнаулы саласы ретіндегі әдістеме 1789 жылдан дами бастады. Оның дамуына Ресейдегі халық мектебіне жүргізілген реформа серпін берді. 1800 жылға дейінгі салыстырмалы түрдегі қысқа мерзімде 70-тен аса оқу-өдістемелік қүралдар жасалынды. Кәсіптік оқыту әдістемесінің даму тари- хы 1846 жылы өндірістік оқытудың алғашқы ғылыми негізделген бағдарламаларының пайда болуынан бастау алады және бүл бағдарламалар орыс инженерлері В.П.Марков пен Д.К.Советкиннің өдістемелік шығармашылықтарының арқасында өндірістік оқыту- дың орыстық жүйесінің іргетасын қалады.

Қазіргі кезеңде өдістемелік білімнің қүрылымында қызық- ты өзгерістер іске асуда. Жалпы білім беруші пөндерді оқыту- Дың анағүрлым дамыған әдістемелерінде оқу пәнінің дидакти- касы пәнін оқытудың заңдылықтары айрықшаланады. Бүл про- Цестер орыс тілін, математиканы, физиканы, шет тілін оқыту- Дың өдістемелеріне тән.

Көсіптік оқыту әдістемесінің дамуы салыстырмалы түрде Дербес екі бағыт бойынша іске асады. Өндірістік оқытудың өдістемесі анағүрлым дамыған. Соның негізінде өндірістік оқыту- Дың теориясы қалыптасты. Техникалық пөндерді — электро- техниканы, сызуды, техникалық механиканы жөне т.б. оқыту- дың жекелеген әдістемелері салыстырмалы түрде дербес дами- ды. Сонымен бір мезгілде техникалық пөндерді оқыту өдісте- месінің өзінің ғылыми деңгейі бойынша жалпы білім берущі пәндерді оқыту әдістемесінен әлі де болса алыс екендігін ескер- меуге болмайды. Бүл көптеген себептерге байланысты. Олар- дың бастылары мыналар:

  • біріншіден, кәсіптік мектептегі көсіптік шеберліктер мен дағдылардың және техникалық үғымдардың қалыптасу заңды- лықтары әлі толық зерттеліп бітпеген;
  • екіншіден, кәсіптік білім беру педагогінің өдістемелік өрекетінің теориялық негіздері осы күнге дейін зерттелмеген, сондықтан ол көбіне сабақ беруші-педагогтің оқытушылық әрекеті ретінде көрінеді;
  • үшіншіден, кәсіптік білім берудің әр түрлі пөндері бой- ынша педагогтер мен өндірістік оқыту шеберлерінің әдістемелік жүйелері өлсіз қорытылған;
  • төртіншіден, техникалық пөндер бойынша жарияланған өдістемелер, дидактикалық материалдар жоқ.

Көсіптік оқыту әдістемесінің онан арғы дамуы қалай жүзеге асады? Техникалық пөндерді оқытудың өдістемесі мен өндірістік оқытудың өдістемесі дамуының қос бағыты сақталады деген пікір басым. Алайда өндірістік оқыту мен теориялық дайын- дықтың өзара байланысын бейнелейтін үрдіс үстемдікке ие болады. Бүл үрдіс оқыту технологияларында анағүрлым айқын аңғарылады.

Технология — бүл бойында теория, оқыту өнері мен әдістемесі біртүтас жүйеге жинақталған, өзара байланысқан, біріктірілген қазіргі оқытудың феномені. Бүл өдістемелік конструкциялау- дың, ОТҚ қолданудың, оқыту практикасының түтастыққа жеткенін көрсетеді. Оқытудың технологияларында өдістемелік қызметтің инструменталдық негізі анық аңғарылады. Оқыту дың әр түрлі қүралдарының жасақталуы қажет. Оның үстіне нақты технология тек өзіне төн оқыту қүралын жасақтауды талап етеді, мысалы, оқытудың модульдік технологиясы оқу элементтерін, оқытушы модульдерді, өр түрлі блоктарды — ақпа- раттық, атқарушылық, бақылаушылық, әдістемелік жөне т.б. блоктарды талап етеді. Көсіптік шеберліктер мен дағдыларды қалыптастыру барысындағы модульдік оқыту еңбек дағдысы модульдерін (ЕДМ), ЕДМ-бағдарламаларын даярлауды талап етеді. Дистанциялық оқыту технологиясында даярлау мен оқу процесіне енгізудің өзіндік инструменталдық қүралдары бар.

Оқу орындарының өр түрлі типтеріндегі мамандар даярлау- да оқытудың технологияларын қолдану көсіптік оқытудағы өдістемелік білімнің теориясын жөне өдістемелік қызметтің онан ары дамытылуын талап етеді.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля