Алғашқы келтірілген мысалдарымыздан жер-жерден, жан-жақтан, жаяу-жалпы келіп жатқан босқын халық- тың титықтаған мүшкіл халін автор кеңінен сыпаттап, суреттеп жатқан жоқ.
Сол сияқты, екінші үзіндіден Күлтегіннің ақ айғырға мініп шабуылға ұмтылғанын, бір батырын оққа ұшы- рып, екі ерін найзамен түйрегенін, астына мінген аты- ның белі мертіккенін, қьірғыз қағанының өлгенін, хал- қының жеңілгенін білеміз. Ал, шындығында, ойға шо- мып, көзге елестетіп байқаса, осы аз ғана жолдарда қаншама оқиға, қаншама қантөгіс бар?
Біз бұдан бергі эпостарымыздағы жойқын жорық суреттерін, қанды майдан көріністерін, жеңілген халық- тың басына туған ауыр күндерді көз алдымызға елесте- теміз. Басқасын былай қойғанда, бір ғана Тайбурылдың шабысының өзі «Қобыланды» жырының үлкен бөлігін құрамаушы ма еді?
Ендеше, соншалықты қырғын жасап, қырғидай тиіп жүрген Күлтегіннің айқас үстіндегі сұсты кейпін, қайт- пас қаһарын, үрдіс қимылдарын бір ғана жолға сыйғызу мүмкін бе? Бұл сауалдар: «Егер мұндай ескерткіштер қара тастан ойылып, қашалып тұрып жасалса, сол жыр- лардың ауызша айтылып, таралған әрі бұдан да толық нұсқалары болмауы мүмкін бе?» (Уақыт және әдебиет. 243-бет) деген Мұхтар Әуезовтің тамаша сөзін еріксіз еске түсіре береді.
Шынында да, М. Әуезов айтқандай, тасқа қашалған осы бір жырлардың ел ішінде кеңінен жайылған ұзақ жыр нұсқалары болмауы мүмкін емес. Өкінішке орай, қазіргі кезде мұны анықтау өте қиын.
2. Орхон жырларында батырдың жорықтары, шай- қастары, соғыс нәтижесі біркелкі ұқсас болып келеді де, үнемі қайталанып отырады. Әдетте жау жеңіліп, олардьщ ханы өлтіріледі. Түркі халқының батыры же- ңіске жетеді; оның үстіне батырдың астындағы ат өледі, не белі мертігеді.
«Мысалы, Ізгіл халқымен соғыстық,
Күлтегін алып Шалшы ағын мініп,
Шабуылға ұмтылды.
Ол ат сонда құлады,
Ізгіл халқы қырылды». (КТү).
яки, Күлтегін Байырқының Ақ айғырын мініп, шабуыл- ға шықты. Сол айқаста Байырқылық Ақ айғырдың белі мертікті. Қырғыз қағанын өлтірдік, елін алдық.
Тағы бір мысал: |
«Соғыстық.
Талқандадық.
Ханын өлтірдік».
Сол сияқты, Күлтегіннің жау батырларын жеңу әдісі де бір сарындас болып келеді.
Бірнеше мысал келтірейік:
«Бір ерін оққа ұшырды,
Екі ерін найзаға ілді.
Қос батырын найзамен шанышты,
Қарлықтардьг қырдық, алдык.
Алты ерін шанышты,
Жетінші ерін қылыштады».
Бұл келтірілген үзінділер Орхон жырларында қайта- лаудың жиі кездесетіндігіне көз жеткізеді.
3. Орхон ескерткіштерінде жоғарыда айтқанымыз- дай, қара сөз араласып отырады. Ондай жолдардың өзі қазақ эпостарында кездесетін прозалық үлгілердей, мей- лінше, көркем болып келеді, кейде ұйқасып жатады.
Мысалы, «Беглері, будуны түзсіз үчін, табғ.ач будун теблігін күрліг үчүн, армақчусун үчүн, іні-ечілі кішиір- түкін, үчүн, беглі-бурунлығ йоншуртікін үчүн түрк будун ілледүк ілін учғуну ыдмыс, қазғанладуқ қағанун иіті- рү ыдмыс». (КТҮ).
Жаңашасы: «Бектерінің, халқының ымырасыздығы- нан, табғаш халқьіның алдауына сенгендігінен, арбауы- на көнгендігінен, інілі-ағаның дауласқандығынан, бек- ті — халқының жауласқандығынан түркі халқы елдігін жойды, хандығынан айрылды».
Дәл осындай көркем әрі ішкі ұйкасқа кұрьілған қара сөзді «Алпамыс» жырынан да оқимыз: «Сол кезде жа- сы үш жүзге жеткен, ыстық ішкен, сүйық тышқан, көрін- генмен үрысқан, қабағы қатып тырысқан, дамбалы бұ- тына қатқан, өзін туғаннан кұдай атқан; бір кез ширек бойы бар, адам таппас ойы бар; тізесіне шекпен жетпе- ген, басынан жаманшылық кетпеген; басы мүйіз, арты киіз бір мыстан кемпір келеді» (Қазақ эпосы, 369-бет).
Асты сызылған сөздер көнгендігінен, сенгендігінен, дауласқандығынан-жауласқандығынан; ұрысқан-тырыс- қан, жетпеген-кетпеген, мүйіз-киіз деп, өлең тәрізді ұй- қасып тұр.
4. Орхон жырлары риторикалы сұрақтарға толы бо- лып келеді. Олар шығармаға ерекше әуез, көтеріңкі леп беріп, жырдың асқақ ерлік сазын танытады. |
«Елліг халық ертім,
Елім амты каны,
Кемке еліг қазғанұрмен?»—
тір ерміс.
«Қағынлығ буду ертім,
Қағаным каны,
Не кағанқа ісіг-кунің бірүрмен — тір ермес» Жаңашасы: |
Елді халық едім,
Елім қазір қайда,
Қімге ел-жұрт іздермін?» |
десті.
«Қағанды халық едім,
ҚағаныМ кайда,
Қандай қағанға күш-қуатым берермін?»—
десті.
Немесе, |
«Азу бу сабымды ігің барғу?
Түрк беглер, будун, буны есідің?»
Жаңашасы:
«Осы сөзімде өтірік бар ма?
Түрк бектері, халқы, бұны тыңдаңдар!»
Бұл жырлардың риторикаға құрылғанына анық көз жеткізу үшін Қ. Мырзалиев аударған «Қүлтегін» жыры- на тағы бір зер салса да жеткілікті. |
* * *
Ескерткіштердің қурылысы да назар аударуды қа- жет етеді. Орхон жазуларын пәлендей тарауларға бөлу қиын-ақ. Дегенмен, олардағы оқиғаның баяндалуына қарай төмендегідей шағын бөліктерден тұрады дер едік.
Қүлтегін (кіші жазу):
1. Қарамағындағы халыққа үндеуі;
2. Түрк қағанатының суреттелуі;
3. Әскери жорықтар;
4. Табғаш халқының араға іріткі салу әрекеттері;
5. Түркі халқының өзіне тағылар кінәлары;
6. Ескерткіштің қойылу себебі;
Қүлтегін (үлкенжазу): |
1. Түркі халқының ата-тегі жайындағы әңгіме;
2. Табғаштардың түрктерді жаулап алуы;
3. Елтеріс ханның тұсында ел тұрмысының қайта өрлеуі;
4. Қапаған, Білге қағандар жайындағы әңгіме;
5. Қүлтегіннің жорықтары.
Ескерте кететін бір нәрсе, үлкен жазудағы оқиғалар кіші жазудағыдан гөрі әлде қайда кең, серпінді баян- далған. Айырмашылығы осында ғана. |
Ал Тоныкөк құрметіне арналған жырдан аз да болса желілік айырым тауып, ажырату өте қиын. Мұнда Тоны- көктің жақсылықтары мен әр елге жасаған жорықтары үнемі қайталанып отырады. Сондықтан, бірінен бірінің айырмашылығы шамалы, белгілі бір тақырыпшаларға топтастыруға келмейтін оқиға желістерін бөліп жатуды тиімді деп таппадық.
|