Сайф Сараидың „Гулистан бит-турки» яғни „Түркі тіліндегі Гүлстан» дастаны

6 декабря, 2017 15:48

Алтын Орда дәуіріндегі тек ғашықтық дастандар ғана емес, сонымен бірге дидактикалық сарындағы көркем ту- ындылар да жазылғаны мәлім. Солардың бірі ақын Сайф Сараидың „Гулистан бит-турки» яғни „Түркі тіліндегі Гүлстан» дастаны  болды.Сайф Сараи — Алтын Орда әдебиетінің XIV ғасырдағы аса көрнекті өкілдерінің бірі еді. Ол лирик және эпик ақын, жазушы және аудармашы ретінде түркі тектес ха- лықтар әдебиеті мен тілінің өзінен кейінгі кезеңдерде да- ми түсуіне мол үлес қосып, едәуір ықпал еткен қаламгер.Сайф Сараи шығармашылығын үзақ жылдар бойы зерт- теген көрнекті ғалым Ә. Н. Нәжіп ақын өз шығармаларының бәрін қыпшақ тілінде жазғанын айта келіп, әрі оның қыпшақтар ішінде кейінірек қазақ халқының негізін қүраған ру-тайпалардан шыққанын ерекше атап көрсетеді

Ақын өмірі мен шығармашылығы жайында көп мәлімет сақталмаған. С. Сараидың бізге жеткен жалғыз көлемді еңбегі бар. Ол „Гулистан бит-турки» («Түркі тіліндегі Гүлстан») деп аталады. Ақын бүл еңбегін Еділ сағасындағы Сарай қаласында бастап, Египеттегі Ніл өзені бойында жа- зып бітірген екен. Бүл өзі парсы-тәжік әдебиетінің клас- сигі Сағди Ширазидің „Гүлстан» атты шығармасының еркін аудармасы.

Ал, Сайф Сараи осы „Гүлстанды” қашан қыпшақ тіліне аударып біткені жайында өз кітабының соңында мынадай мәлімет береді:

Биз насыхат шартын ош қылдук байан Ким иетмиш болса биза не зийан.

…Муддати хежрат йеди йуз тоқсан уч Иыл еди ким азалды қалмади куч Ол шаввал еди ким, ей азиз Хатм олди бу „Гулистан» намамиз.

Мазмұны:

Біз баян еттік сіздерге насихат сөзін,

Жетпістің жетегіне ерген кезім.

Хижра бойынша жеті жүз тоқсан үш Бойдан қуат қашып, азайды күш.

О, қадірлім, тамылжыған тамыз еді,

„Гүлстан» жырын жазып, бітірдік іс.

Бүл мәліметтерге қарағанда Сайф Сараи хижра жыл санауы бойынша, 793 жылдың тамыз (шаввал) айында „Гүлстанды» аударма жасап бітірген. Бүл — жаңаша жыл санау есебі бойынша, 1391 жылдың тамыз айы. Ақын „Гүлстанды» жетпіс жасымда аударып біттім деп отыр. Де- мек, Сайф Сараи 1321 жылы туылған екен. Бүл кезде Ал- тын Орданы Өзбек хан билеп түр еді.

Сонымен, Сайф Сараи Алтын Орда мемлекетінің күш- қуаты нығайып, ел іші бейбіт, тыныш кезінде Сарай қаласында болады. Ал, кейінірек хан үрпақтары арасында тақ үшін таластар басталып, Дешті қыпшақта аласапыран заман туған кезде ақын туған жерден алысқа кетуге мәжбүр болады. Ол қалған өмірін Мысыр (Египет) елінде өткізіп, 1396 жылы сонда дүние салады.

1915 жылы Анкарада шығатын журналдардың бірінде түркі тіліне аударылған Сағдидің „Гүлстан» дастаны Гол- ландиядан табылғаны туралы шағын ғана хабар жариялан- ды. Бірақ оған ешкім назар аудармады. 1950 жылы профессор Феридун Нафиз Узлук Голландияның Лейден университеті кітапханасы қорынан „Гүлстанның» фо- токөшірмесін алып, оған шағын алғы сөз жазды да, 1954 жылы Анкарада жеке кітап етіп басып шығарды.

Алайда қыпшақ тілінде жазылған орта ғасырдың аса қүнды әдеби ескерткіші — «Гүлстан бит-түрки» шығармасын егжей-тегжейлі зерттеген ғалым Ә. Н. Нәжіп болды. Ғалым С. Сараи шығармасының қызықты жазылу тарихын, оның әдеби мәнін, тілін, сол дәуірдің әдеби және тілдік ерекшеліктерін кең көлемде зерттеп, „Гүлстан бит- түркті» қазіргі орыс графикасы бойынша транскрипция жасады, әрі орыс тіліне жолма-жол аударма жасап шықты. Сондай-ақ С. Сараи аудармасының өзіндік ерек- шеліктерін ашты, шығарманың қыпшақ тілінде жа- зылғанын толық дәлелдеп берді. Бүл әдеби ескерткіш түркі тілдерінің ішінде қазіргі қазақ тіліне өте-мөте жақын түрғанын ашып көрсетті.

„Гүлстан бит-түрки» қазіргі өзбек тіліне аударылып, ба- сылып шықты.

Сайф Сараи өзі үстаз тұтқан Сағди ақынның „Гүлста- нын» аудару барысында шығарманың композициялық қүрылысын бүзбай, сол күйінде сақтап қалуға әрекет жа- саған. Сондықтан парсы тіліндегі „Гүлстан» секілді қыпшақ тіліндегі С. Сараи аударған „Гүлстан бит-турк» те сегіз тараудан түрады. Олар:

Бірінші тарау — ел билеушілер туралы.

Екінші тарау — халық бүқарасы жайында.

Үшінші тарау — қанағат-ынсаптың пайдасы жөнінде.

Төртінші тарау — тілге сақ болудың пайдасы жөнінде.

Бесінші тарау — жігіттік шақтың көріністері хақында.

Алтыншы тарау — кәріліктің адамды кәріп етіп қоятыны туралы.

Жетінші тарау — тәлім-тәрбиенің әсері жайында.

Сегізінші тарау — әңгімелесудегі әдептілік мәселесі туралы. Бәрі прозалық қисса-хикаят түрінде айтылады.

Сағди Ширази өз „Гүлстанын» үйқасқа қүрылған про- замен жазған. Ара-кідік өз ойын өлең жолдарымен түйіп, қорытындылап кететін түстары да бар. Аудармашы Сайф Сараи да солай істеген. Тек кейде аудармашы-ақын Сағди жырларын тәржіма жасап жатпай-ақ дәл сол мағынасындағы өз өлеңдерін мәтінге білдірмей қосып жіберіп отырады. Әйтсе де мүның өзі зор шеберлікпен жа- салғандықтан аударманың идеялық мазмүнына да, көркемдік дәрежесіне де нүқсан келтірмейді. Қайта Сағди ақынды Дешті қыпшаққа жақындата түседі.

Сағди жазған „Гүлстан» кітабын өзгертпей, сол күйінде аударуды С. Сараи өзіне мақсат етіп қоймаған. Қыпшақ ақыны парсы тілін жетік біле түрып, Сағдидың кейбір про- залық хикаяларын, өлеңдерін аудармай тастап кеткен.

Бірақ оның есесіне қыпшақ еліне жақын жеке эпизодтар мен жыр жолдарын қосып отырады.

Сайф Сараи шығармасының алғашқы беттерінің бірінде ақын Сағдидің „Гүлстанын» түркі тіліне тәржіма жасауға себепші болған жәйіттерге қысқаша тоқталып өтеді: „Илк йаз кунларинда бир кун бустан ичинда гуллар арасында бир неча зариф алимлар билап отуруп, инжа ил- миндан бахе қылып абийати ғариб ва аш ари ақиб оқудум еса ол алимларниң улусы аруз илминдан бир мушкил байт- ниң тақатту ын суал өтти. Филхал жавабин ештип, айтти: ей адиби ғариб, саңа бир мувафик насихатим бар, қабул қылсаң хайр болғай айттим: буируң Айтги: шайх Сағди Гу- листанын турки таржума қылсаң бир сақиби давлат атына йадгарин жеханда қалсун деп. Ол азизниң мубарак нафа- син қабул етип айттим: инша аллақу та’ала, амма куватим за’иф турур, аның қавий ма’наларына. Айтти: и’анака алла- ху, ей адиби ғариб. Ман дағы таңриға таваккал қылып хик- мат белин рағбат ели билан бағлап башладым, тамам болғай деп инша алааху та ала. Бу китап аты ол сабабдан „Гулистан» болды ким’ ажаййб хикайат ва ғарайиб насай- их ва анва латайиф билан мураттаб ва музаййан болып ту-

рур»-

Аудармасы: „Бір жолы мен роза гүлдері жайқалған бақ ішінде ойға жүйрік ғүлама-ғалымдармен әңгімелесіп отыр едім. Біз сөз саптау, сөйлем қүру мәселесін талқылап жатқан болатынбыз. Мен ғажайып бәйіттер мен тамаша өлеңдер оқыдым. Сол сәтте әлгі ғалымдардың ішіндегі ақсақалы аруз өлшемімен жазылған бір қиын бәйіттің қүрылысы туралы маған сауал қойды. Мен дереу жауап бердім. Сонда әлгі ғүлама: о, жат жүрттық қаламгер, мен саған бір жақсы кеңес бермекпін, егер сол кеңесімді қабыл алсаң жақсы болар еді — деді. Айтыңыз — дедім мен. Егер шейх Сағдидің “Гүлстанын» түркі тіліне аударып, оны бір бақытты жанға арнасаң жақсы болар еді. Сол жаннан естелік болып қалар еді.

Мен сол қүрметті адамның бата іспеттес лебізін қабыл алып, оған былай дедім: „Қүдіретті қүдай қаласа — айтқаныңыз орындалар, бірақ бойымнан күш-қуат қашқан шақта оның терең мән-мағынасын игеруге дәрменім жетер ме екен? Ол айтты: О, жат елден келген қаламгер, сені қүдайдың өзі қолдайды. Мен де жа- ратқанға жалбарынып, белді бекем будым да, іске қызу кірісіп кеттім. Оны сәтті аяқтармын деп үміттенем. Бүл кітап сол себепті “Гүлстан» деп аталған. Ол өзі таңырк,арлық әңгімелерден, тамаша ғақлия сөздерден, ұшқыр ой-пікірлермен қүрастырылып, безендірілген .

Сайф Сараи қара сөзбен оқырманына осы жәйіттерді егжей-тегжейлі түсіндіріп алады да, өз ойын одан әрі өлеңмен тереңдете түседі. Басқаша айтсақ, С. Сараи „Гүлстанды» аударма жасау барысында мәтінге өз өлеңдерін де зор шеберлікпен кірістіріп жіберген. Бүған бір мысал келтірейік:

Ей жехани илму устади хунар Ма рифатниң манба и сақиб назар Гул тиласа хатырлиң толы табақ Гу гулистанидан оқы бир варақ Гул жамали бир неча кунда кечар, Бу Гулистан дайима коңул ачар.

Ол ажайиб ким ғарайиб мүнда бар Хосрау-у Ширин ичинда қанда бар? Бу латайиф бағы, бустани дуур Булбул муаннийи гулистани дурур.

Мазмүны:

Сәулесісің білімнің, үстазысың дарынның Қайнарысың ғылымның, қайырымдысың қашанда Жаның сенің қүшақ-қүшақ роза гүлін қаласа, Менің осы гүлстанымның бір бетін оқып шық. Көркемдігін розаның үмытарсың сонда сен,

Ал, гүлстан жаныңды қуанышқа толтырар. Мүндағы ғажап тамаша

Тіпті „Хүсрау мен Шырында» да жоқ шығар.

Бүл әсемдіктің гүлстаны, гүл-бағы Бүлбүл — сол бақтың әншісі ғана емес пе?!

Бүдай кейін Сайф Сараи „Гүлстанды» парсы тілінен түркі тіліне қандай мақсатпен аударғанын, яғни әлемдегі ең жақсы кітаптардың бірімен оқушысын таныстырғысы келгенін өлеңмен айтып өтеді. Сосын барып ол Сағди шығармасын аударуға тікелей кіріседі.

„Гулистан бит-турки» түтас сюжетке қүрылған шығарма емес. Мүнда қысқа-қысқа хикаялар, аңыздар, ертегілер, өлеңдер, күлкілі әңгімелер, т. б. белгілі бір тақырыптар бойынша жүйеленіп берілген. Дегенмен шығарманың негізгі қаһармандары ретінде оқиға желісіне қоғамдық топтың барлық өкілдері дерлік қатысып отыра- ДЫ.

Сағди ғүмыр бойы ел аралап, жиһангез болған адам.

Сондай саяхатта жүріп ақын қоғамдық өмірдің түрлі саты- сында түрған адамдарды көреді. Олар: саудагерлер, дәруінггер, ақындар, қолөнершілер, диқандар, малшылар, бектер, әкімдер, хандар, т. б. Ақын ел кезіп жүріп көрген- білген қызықты әңгімелерді, қанатты сөздерді (афоризм- дерді), аңыздарды, қанатты сөздерді, мақал-мәтелдерді жазып алып жүрген. Кейін соның бәрі „Гүлстан» кітабына арқау болған.

Сайф Сараи әрбір хикаяны бастар алдында Сағди Ши- рази атына мақтау сөздер айтып алып, сосын ғана автор идеясын жеткізетін хикаяларды баяндауға көшеді. Ақын түсіндіру, насихаттау жолымен қатыгез, әрі зүлым әкімдерді бауырмал, инабатты адам етуге болады деп ойлаған. Сол үшін ақын адам бойындағы ең асыл қасиеттерді — әділдікті, мейірімділікті, ізгілікті, жомарт- тықты, т. б. мадақтайтын қызықты хикаяларға көбірек на- зар аударған.

Шығармада жақсылық пен жамандық, қатыгездік пен мейірімділік, патша мен диқан, шындық пен өтірік, әке мен бала, күйеуі мен әйелі, інісі мен ағасы, т. б. аралық қарым-қатынасы, үндестігі қандай болу керек деген сау- алға жауап беріледі.

Ақын осы мәселелердің біріне қатысты хикаяларды айтумен шектеліп қалмайды. Сонымен бірге, ол өзі әңгіме етіп отырған моральдық, этикалық мәселелер жайында философиялық түйін жасайды. Автордың мүндай шешімдері көбінесе дерлік өлең-жыр түрінде берілген. Әке мен баланың қарым-қатынасы туралы хикаядан бір мысал келтірейік.

X и к а я т: „Бир султанның уч оғла бар еди. Икиси узун бойлы сахиб жамал, дағы бири қысқа бойлы еди. Бир кун султан бу қысқа бойлы оғлына хақарат көзи била бақты. Оғлан фарасат билан билди дағы айтты: ей әке, үзын бой- лы ақымақтан қысқа бойлы ақыл йахшырақ дурур».

Аудармасы: „Бір сүлтанның үш баласы бар еді. Екеуі үзын бойлы, келбетті, ал біреуі қысқа бойлы еді. Бір күні сүлтан сол қысқа бойлы үлына ашу-ызалы көзімен қарады. Баласы бәрін ақылымен үқты да, әкесіне айтты: «Ей әке, үзын бойлы ақымақтан қысқа бойлы ақылды жақсы”.

Тағы бір х и к а я т: Ел билеуші бір сүлтан өз халқына тізесін қаттырақ батырып жіберіпті. Адамдар ел-жүртын тастап, басы ауған жаққа көшіп кете бастапты. Босап қалған уәлаятқа жау дереу ие болып алыпты.

Бүдан кейін осы пікірді дәлелдейтін төрт жол өлең берілген.

Куч билан битмас ишиң, ақча керак тур, ақча, Акчалы киши мухтаж дагул дур кучка.

Мазмүны:

Қара күшпен іс бітпейді, ақша керек, ақша,

Ақшалы кісіге тіпті керек емес күш те.

Дегенмен үлы ой алыбы Сағди Ширази да қыпшақ ақыны Сайф Сараи да өз дәуірінің перзенттері еді. Олар „жақсыдан — жақсы, жаманнан — жаман» туылады деп ойлады:

Бөрінің баласы болур ақыбат Атаси киби ол хайрами бөри.

Неча көп иедурсан, сана бир кун ол Урур захм, андан сақына йури.

Мазмүны:

Бөрінің бөлтірігі түбінде

Әкесіндей жыртқыш аң болып шығады.

Қанша бақсаң да, күндердің күнінде Захым келтірер, одан сақ бол.

Тағы бір хикаяны мысал етіп келтірейік.

X и к а я т: Меккеге қажы болу үшін бара жатқан бір топ жолаушы өзара жанжалдасып қалыпты. Қызыл кеңірдек болғанша үрысып, шаштарын жүлысып, әбден төбелесіпті. Сонда төбелеске араласпай, жайбарақат түйе үстінде отырған бір жолаушы үрыс-керіске таңырқап айтқан екен: „Ғажап, ә?! Сүйек пешке шахмат тақтасының қарсы жақ бетіне жеткенде күшейіп, табанда Ферзь болып кетеді, яғни бүрынғысынан қасиеті артады. Ал, қажы болуға келе жатқандар бүкіл сахараны кесіп өтіп, енді Меккеге жете бергенде бүрынғы ізгі қасиеттерінен айрылып қалғаны қалай?! “

„Гүлстан бит-түркте’1 әдептілік, тілге сақ болу, өсек айтпай, сыпайылық сияқты көптеген этикалық мәселелерді қозғайтын хикаяттар көп. Мысалы: „Мың бат- пан келетін тасты қаңбақ қүрлы көрмейтін бір алып палу- ан бүрқан-талқан болып ангуланып түр екен.

— Бүған не болған?—деп сүрапты біреу.

Сонда әлгі палуанның көршісі түрып:

— Мың батпан тасты ұршықтай иіретін көршім еді. Бүгін ол менің бір ауыз сөзімді көтере алмай, бүлініп жа- тыр —деп жауап беріпті.»

Сайф Сараи парсы тіліндегі „Гүлстанды» қыпшақ тіліне зор шеберлікпен аударғаны даусыз. Шығарманың түпнүсқасындағы кейбір қиын үғымдардың аудармашы қыпшақ тіліндегі эквивалентті баламасын тауып, оқырманға түсінікті етіп береді. Сол арқылы аудармашы өз қаһармандарының көңіл-күйін, психологиясын зор ше- берлікпен ашып көрсетеді.

Сайф Сараи шығармасы әлемдік әдебиеттің алтын қорынан орын алған көркем туынды.

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің аса көрнекті өкілдерінің бірі Дүрбек ақын. Ақынның өмірі туралы мәлімет сақталмаған. Дүрбектің бізге жеткен жалғыз ту- ындысы — „Жүсіп-Зылиха» дастаны. Дастан 1409 жылы жазылған.

Жүсіп пен Зылиханың махаббаты жайындағы қызықты сюжет Дүрбекке дейін де Шығыс елдерінде кең тарағаны мәлім. Бүл тақырыпқа кезінде Фирдоуси, Бал- хий, Шерозий сияқты есімдері әлемге мәшһүр ақындар да қалам тартқан. Алайда „Жүсіп-Зылиха» сюжетін түңғыш рет түркі (шағатай) тілінде жырлаған ақын Дүрбек болды. Бүл туралы дастанның кіріспесінде ақын:

Нәсір еді бү қисса дағи фарси,

Еді әнгә жан кәзи наззораси.

Бар еді кәңгүлдә бүрундің бү әзім,

Түрки тили бірләму қилсам бү нәзім —

дейді. Демек, бүрын бүл хикаяның тек парсы тілінде жырланғанын айта келіп, Дүрбек оны түңғыш рет түркі тілінде жазып отырғанын ескертеді.

Бүл дастанның негізгі идеясы — ел билеушілер арасын- дағы тәж бен тақ үшін, байлық пен мансап үшін жиі-жиі болатын қанды соғыстардың, ағайын адамдар арасындағы бақталастық пен алауыздықтың, шектен тыс қатыгездіктің зардаптарын паш ету. Ақын ел басқаратын жандардың әділ, ақылды, мейірімді, жомарт болуын көксейді. Дүрбек өз оқырманын алға қойған мақсатқа же- ту үшін қажымай-талмай күресуге үндейді. Адам бойын- дағы ең асыл қасиеттерді — махаббатты, ақыл мен парасатты, мейірімділікті, бауырмал болуды көкке көтере жырлайды.

Сонымен, XV—XVIII ғасырларда өмір сүрген қазақ жыраулары поэзиясы өзінен бурынғы, яғни X—XII ғасырлардағы дидактикалық сарындағы түркі әдебиеті ес- керткіштерінің заңды, логикалық жалғасы болып табыла- ды. Қазақ жыраулары ежелгі түркі дәуірінің дидактикалық-философиялық поэзиясын жаңа тарихи жағдайда мазмүн мен форма жағынан байытып, бүрынғыдан да биік дәрежеге көтере түсті. Кезінде түркі шайырлары жалпылама, абстракті түрде айтқан ғибрат сөздер, шешендік өсиеттер енді нақты түрде белгілі бір адамдарға арнап айтылатын болды. Сол арқылы қазақ жы- раулары өмір шындығына бүрынғыдан гөрі жақындай түсті. Сөйтіп, жыраулар өз толғаулары арқылы қоғамның көкейтесті мәселелеріне тікелей атсалысып отырды

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля