Отын сорғысын және жанармай сүзгісін тексеру

1 декабря, 2017 19:15

Сонымен қатар ақаудың себебі отын сорғысы мен қозғалтқыш арасындағы бекітілістің босауынан, отын сорғысы қақпағы бекітілісі, жа- нармай құбырларындағы жалғаныстарының босауынан да болады. Егер ақау бекіту жұмыстарынан кейін жойылмаса, онда сорғыны шешіп алып жэне өзін тексеру қажет.

 

 

 

Егер отын сорғысымен жұмыс істеген кезде бензин ағатын бол- са, ол өртке қауіпті, сондықтан жақын жерде ашық от болмауы қажет.

 

Қоректендіру жүйесіне қандай кезде қолғап кию қажет. Жөндеу жұмысы жүргізілетін ғимаратта жақсы желдету қерек.

Отын сорғысының ақаулығын анықтау үшін, карбюраторға сорғыдан баратын жанармай құбырын ажыратып, қолмен сору иінтірегі көмегі арқылы отын сорғысының жұмысын тексеру қажет. Егер қолмен сору иінтірегі бос қозғалатын болса, онда қозғалтқыш иінді білігін бір айналымға айналдырып және қолмен сору иінтірегімен отынды қайта со- рып көру керек.

Егер қолмен сору иінтірегін қозғалтуға айтарлықтай күш қажет бол- са, ал шығару жалғастығынан жанармай жоғарғы қысымды ағынмен шығатын болса, онда отын сорғысы дұрыс жұмыс істейді, ал олқылықтың себебі — жанармай құбырының бітеліп қалуында.

Егер қолмен сору иінтірегі көмегімен отын сорғысы жұмыс істесе, ал иінді білікті стартермен айналдырған кезде сорғы кідіріспен жұмыс істесе немесе мүлдем жұмыс істемесе, ал шығу жалғастығынан жанармай аз қысыммен шықса немесе мүлдем шықпаса, онда көп жағдайда таратқыш білігінің эксцентригінің жэне жетек итергішінің тозғанын көрсетеді.

Жанармай соруды қалыпты жағдайға келтіру үшін таратқыш білігі эксцентригіне иінтергішті жақындатады. Ол үшін отын сорғысы тұрқысы мен қозғалтқыш картері арасындағы төсемені жұқалауына ауыстырады.

Егер отын сорғысынан шығатын жанармай ағыны жоқ болса, онда отын сорғысы мен бензин багы арасындағы жанармай құбырын үрлеп, тазалау қажет. Жанармай құбырын үрлеу жұмысы автомобиль дөңгелегін үрлеуге арналған сорғы көмегімен жүргізіледі. Егер үрлеу кезінде бактағы жанар- май бүлкілдесе, онда жанармай құбыры бітелмеген. Бұл отын сорғысында ақау бар екенінің бір айғағы болып саналады.

Отын сорғысы қосалқы бөлшектерінің арасынан жанармай ағатын бол- са, онда жклғастырғыш бұрамаларын бірқалыпты тартады, керек болған жағдайда торлы сүзгісі немесе сүзгі төсемелерін тазалап немесе жаңасына ауыстырады.

Отын сорғысын тексеру кезінде шығару жалғастығынан осал жа- нармай ағыны шығатын болса, онда мұның себебі көп жағдайда енгізу жэне шығару клапандарының жабысып қалуынан жэне торлы сүзгінің ластануынан болады. Сонымен қатар диафрагманың бұзылуынан, отын сорғысының қолмен сору жетегінің тозуынан, сырттан ауа соруынан да болады. Пайда болған ақауларды қалпына келтіру үшін отын сорғысын шешіп алып, клапандарын жуады жэне тазалайды жэне бұзылған бөлшектерін ауыстырады.

 

Отын сорғысының диафрагмасы бүлінген жағдайда майлау жүйесі зардап шегуі мүмкін. Өйткені сорғының бүлінген диафрагмасы арқылы бензин майлау жүйесіне түседі. Егер майлау жүйесінің қысымы түсініксіз себептерден төмендеген болса, бұл жағдайда отын сорғысын да тексерген

жөн.

Жанармай сүзгісін тексеру. Егер қоректендіру жүйесінде ақау анықталса, онда ол карбюратордың жұмысында олқылық пайда болғаны. Бұл жағдайда тексеруді карбюратор жанармай сүзгісінен бастау керек.

Жанармай сүзгісін тексеру үшін сүзгінің тығынын шешіп, торлы сүзгіні шыгарып алу қажет. Оны бензинмен жуып жэне ауамен үрлеп тазалау керек. Сүзгі мен сүзгіге келетін келтеқұбыр бұзылған жағдайда, оларды жаңасына ауыстырады.

Қалытқы камерасындагы отын деңгейін тексеру. Егер қалытқы камерасындағы жанармай көлемі торлы сүзгі дұрыс болғанда жанармай жоқ немесе оның көлемі төмен болса, онда карбюратор қалытқы камера- сы кақпағындағы инелі жанармай клапанының ластануынан жанармай камераға келмейді.

Клапан өз ұясында бос қозғалуы қажет, ал шаригі болса, ол бір жер- де кыстырылып қалмауы керек. Ластанған клапанды жуып жэне ауамен

үрлейді.

Егер қозғалтқыш жұмысында кідірістер пайда болса, бензин шығыны жоғарыласа, қалытқы камерасында жанармай бар, бірақ ол өз көлемінен төмен болса, онда кей жағдайда қалытқы реттелуінің бұзылғанын көрсетеді. Бұл жағдайда қажетті көлемді орнатып жэне қалытқының реттелуін түзету қажет.

Клапандар мен жиклерлерді тексеру. Егер қалытқы камерасындағы жанармай деңгейі қалыпты көлемде тұрса, бірақ қозғалтқыш іске косылмаса, онда мұның себебі клапандар мен жиклерлердің бітеліп калуынан болғаны. Карбюратор клапандары мен жиклерлерін тексеру жэне тазалау үшін, ереже бойынша, карбюраторды толықтай бөлшектеу керек емес. Тек қалытқы камерасы кақпағын шешу жеткілікті. Арналар мен жиклерді тазалайды, бензинмен жуып және ауамен үрлейді.

Қозғалтқыш жұмысы тұрақсыз болғанда, оның акселератор педалі жоқ кезде ол лезде өшіп қала берсе, онда бос жүріс жүйесінің эмульсиялық жиклері бітеліп қалған деп түсіну керек.

Жиклерлар қатты ластанған кезде, оларды ацетонға малынған үшкірленген ағаш талшығымен тазалауға болады. Жиклерлерді металл құралдарымен тазаламайды жэне матамен сүртпейді.

Карбюратордагы жалганыстардың тыгыздыгын тексеру. Кар- бюратор жалғаныстарының тығыздығы бұзылған жағдайда карбюратор қосалқы бөлшектерінің жалғаныс жерлерінен, карбюратор ернемектерінен,

 

 

енгізу құбыры мен дроссельді қакгіакшасы тұрқысынан сырттан ауа сору байкалады. Ол өз кезегінде қатты тарсыл дыбыс пен бензин шығынының жоғарылауына әкеліп соқтырады. Ауаны сорып тұрған жерлерді сабын көбіршігі көмегімен анықтауга болады.

Жанармайдың ақпайтынына күмэн болса, ол жерлерді таза матамен сүртеді. Күмэн тудырған жерді тазалағаннан кейін тығыздығы бұзылған жерді табу оңай болады. Өйткені жанармай бөлшек бетіне тез тарай- ды. Егер төменгі айналу жиілігіндегі қозғалтқыш жұмысында кідіріс қозғалтқыштың енгізу құбыры мен карбюратордың төменгі ернемегінен ауа сору байқалса, онда алдын ала карбюратордың бекітіліс сомындарын қатайту керек.

Бекітілістерді қатайтқан кезде тағы да басқа карбюратор нүктелеріндегі ауа сорылатын жерлерін жояды. Егер бекітілісін қатайтқаннан кейін ауа- ны сору токтамаса, тығыздағыш төсемелерін жаңаларына ауыстыру қажет. Жаңа төсемені орнату алдында, бөлшек беттерін тазалайды. Карбюратор бекітілісінің сомындарын ернемектердің кисық орналасып қалмауы үшін бірқалыпты тартады.

Тездеткіш соргысын тексеру. Тездеткіш сорғысында бүріккіш шаригінің жеңіл қозғалуы мен иінтіректің оңай қозғалуын жэне диафраг- ма бөлшектерін тексереді. Бөлшектерінің қыстырылып қалуы болмауы ке- рек. Тығыздалатын беттері мен төсемелері нығыз жатуы керек. Сорғыны бензинде жуады, ауамен үрлеп тазалайды, ақауы бар бөлшектерін жөндемейді, оларды ауыстырады.

Автоматты іске қосу жүйесі қондырылған карбюраторларда бос жүріс режимінде иінді біліктің айналу жиілігін жоғарылатуды реттеуге бола- ды. Реттеуді жүргізу үшін, іске косу қондырғысының кақпағын ашып жэне ауа кақпақшасын жауып түрып, дроссельді қақпақшаны ашу ке- рек. Карбюратордың моделіне байланысты іске косу қондырғысының тұрқысындағы тірек иінтірегі жұдырықшаның соңғы немесе оған жақын тұрған тісте болуы керек. Реттеу іске қосу қондырғысы тарткышын өзгертумен жэне арнайы реттегіш бұрамасы көмегімен іске асырылады.

да бір жұмыстар жасағанда, жақын жерде өрт сөндіргіш құралы болуы қажет. Теріге бензин тимеуі үшін жөндеу жұмыстарын жүргізген Экономайзер жүйесін реттеу және тексеру

Экономайзері бар карбюраторларда экономайзер диафрагмасы бүтін жэне зақымдалмаған болуға тиіс. Егер диафрагманың итерілуінің толық ұзындығы бастапқы рұқсат етілгеннен төмен болса, онда диафрагманы толықтай итергіштерімен қоса ауыстыру керек.

Еріксіз бос жүріс экономайзер жүйесінің (ЕБЖЭ) олқылығынан қоз- ғалтқыштың тұрақсыз немесе толықтай бос жүрісте тоқтауының себепкері

 

болуы мүмкін. «Озон» карбюраторларында бос жүрісте козғалтқыш жұмысының бұзылуы карбюратор еріксіз бос жүріс экономайзегінің пневмоклапанына сиретуді берудің бұзылуы кұбыршектер жалғанысы тығыздығының бұзылуынан жэне еріксіз бос жүріс экономайзерді баскару жүйесінің электрлі пневмоклапанының кемістігінен болады. Сонымен қатар бос жүрісте қозғалтқыш жұмысының бұзылуы пневноклапанның өзінің бұзылуынан да болуы мүмкін.

Кемістікті анықтау үшін электрлі пневмоклапаннан ЕБЖЭ пневмо- клапанының вакуумды түтікшесін ажыратып жэне оны енгізу құбырына жалғау керек. Егер осыдан кейін қозғалтқыш қалыпты жұмыс істесе, онда олқылық басқару электрлі пневмоклапанында немесе оған келетін кер- неу тізбегінің үзілуінен немесе «масса» түйіспесінің бұзылуынан болады. Оны бақылау шамы немесе индикатор көмегімен оңай анықтауға болады. Ақауы бар электрлі пневмоклапанды жаңасына ауыстырады.

Егер бос жүріс кезінде қозғалтқыштың қалыпты жұмысы орнына кел- месе, еріксіз бос жүріс экономайзері электрлі пневмоклапанын карбю- ратордан шешіп, оның жұмысын тексеру керек. Электрлі пневмоклапан жұмысы, эдетте, диафрагманың зақымдануынан бұзылады. Бұл жағдайда оны ауыстырады.

Басқару жүйесін тексеру үшін вольтметрдің бір шығынын — электрлі пневмоклапанға электронды басқару жиынтығынан келетін шығынға, ал екіншісін «массаға» жалғайды. Бос жүрісте жэне қозғалтқыштың дроссельді қақпақшасы ашық болғандағы жұмысында «Озон» карбюраторларының кернеуі 12 В-тан төмен болмауға тиіс.

Ары қарай дроссельді қақпақшасын ашып жэне иінді біліктің айна- лу жиілігін 4000 айн/мин дейін жоғарылатады, содан кейін дроссельді қақпақшасын күрт жабады жэне газ педалін босатады. Бұл жағдайда кернеу 0,5 В төмендейді жэне иінді біліктің айналу жиілігі 1200 айн/ мин жеткенше, кернеу қайта орнына келуі керек. Егер кернеу дроссельді қақпақшасын күрт жапқанда өзгермесе, онда еріксіз бос жүріс экономай- зер электронды басқару жиынтығында ақаулар бар болғаны.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля