12 февраля, 2018 18:20
Дидактикалық процестің заңдылықтары мен қүрылымына талдау жасаудың арқасында төмендегідей педагогикалық тех- нологияны бөліп алып қарастыруға болады. Олар мотивация- лық қызметтік және басқарушылық болып бірнеше түрге бөлінеді.Мотивациялық педагогикалық технологиялар оқушылардың көсіби танымдық-оқу немесе өндірістік-оқу қызметіне белсенді түрде араласуын қамтамасыз етіп отырады. Сондықтан да олар, ең бірінші кезекте, оқушының ішкі мотивизациясын дамытуға бағытталады және төмендегі шараларды қамтиды:
- көңіл-күйдің көтеріңкі жағдайын (атмосферасын) тудыру;
- жақсы қызметке және оған тырысуға байланысты қолай- лы атмосфераны (жағдайларды) туғыза білу; кәсіптік ынтаны Қалыптастыру және дамыту;
- мүмкіндігінше педагогикалық қарым-қатынастар деңгейінің жоғары болуын қамтамасыз етіп отыру;
- оқылатын материалдардың тәжірибелік мөн-мағынасына бағдар жасау;
- өрбір оқушымен жеке қарым-қатынас жасай отырып, олардың даралық қасиеттерін дүрыс бағалайды
- Әрекеттік педагогикалық технологиялардың классификациясы (жіктелуі)
к — нақты көсіби қызметке бағдар алу;
- өсерлі де, жағымды үлгілерге арқа сүйеу;
- нақты хабарларға негізделген қарама-қарсы қарым-қаты- настарды үйымдастыру;
Іскерлік сипат алган технологиялар оқушылардың нақты қызметімен тікелей байланысты болып келеді.
Педагогикалық технология қызметін жіктеудің белгілері төмендегідей болып келеді: олардың қолданылуы, оқушылар- дың танымдық дербестігі мен білім алудағы мақсаттары, оқушы- лардың білім алуы мен олардың жан-жақты дамуын жүзеге асырудың тәсілдері.
Маңыздылыгы бойынша педагогикалық технологияның қызметі теориялық білімдерді игеру технологиясы және тә- жірибелік жүмыстарды орындау болып екіге бөлінеді.
Қолдану белгісі жеке қасиеттерді бөліп алып қарастыруға, яғни нақты бір тапсырманы орындауға арналған жекелікке ерекше мөн береді жөне кез келген тапсырманың нақты мазм- ұнына қарамастан, оны игеру барысында қажет деп танылған жалпы педагогикалық технологияны да қажет етеді.
Оқушылардың оқу материалын игеру дөрежесіне бағдар алу- ына байланысты олардың оқу материалын игеруі мен таным- дық дербестігі мақсаттарына сөйкес туындайтын педагогика- лық технологияны репродуктивтік, проблемалық-дамушы жөне эвристикалық деп бірнеше түрге бөлуге болады.
Оқу процесіне қойылатын талаптарға байланысты білім берудің дамуы мен оқу мақсаттарын жүзеге асыру төсілдерінің арақа- тынастарын белгілеу — проблемалық игеруді және шығармашы- лық кәсіби ойлауды қалыптастыру технологиясын үйымдасты- рудың педагогикалық технологияларын бөліп алып қарасты- руга мүмкіндік береді.
Қызметтік педагогикалық технологияның жіктелуі 23-кес- теде көрсетілген.
Басқарудың педагогикалық технологиясы оқу процесінің нәтижелілігіне жетудің өдістері мен тәсілдерін жан-жақты қам- тиды. Кез келген жаттығудың міндеті оқу процесінің барысын үнемі кадағалап отыру мен оның барысындағы іс-әрекеттерге дер кезінде түзетулер енгізудің тиімді жолдарын қарастырумен тығыз байланысты болгандықтан, басқарудың педагогикалық технологиясының өз алдына қоятын мақсаттары төмендегідей болып келеді: мақсаттарды қоя білу; басты білім көздерін ак- туализациялау; оқушылардың өзіндік қасиеттерін зерттеп-білу; тиісті шешімдерді қабылдау және оларга талдау жасау; оқушы- лардың білімдері мен тәжірибелеріне бақылау жасау; олардың алган білімдерін бағалау.