Рай категориясы

26 апреля, 2018 9:53

 

Сөйлеушінің қимыл, іс-эрекетке көзқарасын, қимылдың, іс-әрекеттің шындыққа, болмысқа қатысын, модальдық мэнін білдіріп, белгілі парадигмалық тұлгалар жүйесінен тұратын етістіктің грамматикалық категориясы рай категориясы деп аталады.

Белгілі қимыл, іс-әрекеттің белгілі субъекті тарапынан іске асу-аспауы, қимылдың, іс-әрекеттің болу-болмауына сөйлеушінің көзқарасы, пікірі, бағасы, аныктығы, ақиқаттығы, күдіктілігі, күмэнділігі, болжамдылығы, жорамалдылыгы, орындалу ниеттілігі, шарттылығы т.б. тілек, қалау, бұйрық мәндері т.б. қатар көрініп отырады. Рай категориясы етістіктің модальдылық мэнінің бірден-бір грамматикалық категориялык көрсеткіші бола тұрса да, етістіктің барша модальдылык мэнін толық камти алмайды. Оның үстіне сөйлем модальдыгы тағы бар. Ол да рай категориясымен байланысты болганымен, етістіктің рай категориясының шеңберіне сия бермейді.

Негізінен алғанда, рай категориясының ашық рай, бұйрык рай, шартты рай, калау рай сияқты төрт түрі көрсетіліп жүр.

Ашық рай -қимыл, іс-эрекет үш шақтың (осы шак, келер шак, өткен шақ) бірін білдіретін рай түрі. Демек, ашық райдың басты семантикалық ерекшелігі — қимыл іс-әрекеттің объективті шындыкка қатысты болу- болмауының сөйлеп тұрған сэтпен (шакпен) байланысты өтіп кеткенін, өтіп жатқанын, элі өтпегенін, бірақ өтетін сипатын білдіру, сөйтіп, ашық рай, бір жағынан, етістіктің рай категориясының бір түрі болса, екінші жагынан, бір өзі етістіктің шақ категориясын құрайды. Осыған байланысты райдың басқа түрлерінен айырмашылығы тікелей ашық рай жасайтын арнайы косымшалары жоқ болып келеді. Демек, шак категориясы дегеніміз, екінші жағынан, ашык рай категориясы мен оның түрлерішеңберінде қарастырылады.

Бұйрық рай сөйлеушінің тыңдаушыга немесе тыңдаушы арқылы бөгде біреге (3-жаққа) қаратылып, бұйрық сұрай айтылатын, өзіне (1-жакка) байланысты қимылға, іс-эрекетке қозғау салу, ниет мэнін білдіріп, белгілі косымшалар жүйесі арқылы берілетін рай түрі болып табылады. Бұйрык райдың басты мэні — бұйрықтык мағына. Бұйрықтық мағына негізінен алғанда

  • жакка байланысты болып отырады.

Ал 3-жақта бұйрықтық мағына солгындап, тілек (бұйрық пен тілек), өтініш (бұйрық пен өтініш) мәні байқалып отырады.

І-жақта бұйрықтық мағынадан гөрі ниет, тілек мэні басым болады, өйткені сөйлеуші өзіне өзі бұйырмайды, бұйрық бермейді. Соған қарап I- жақты, кейде тіпті 3-жақты да, бұйрық рай шеңберінен деген де пікір жок емес.

Бұйрық райдың құрамында бұйрыктык мағынадан гөрі ниет, тілек мәнді білдіретін бірінші жэне үшінші жак пен олардың көрсеткіштері болуы бұйрық райдың     түрлену парадигмасына,  тұлғалық жүйесіне           байланысты.

Мағыналарында бұйрықтықты білдіруде өзгешелік болса да, бұйрық райдың жіктелу жүйесі, яғни 1-2-3 жақта жэне жекеше-көпше түрлену бір парадигмалық жүйенің көрсеткіші болып табылады. Жіктелу үлгісі:

Мен бар-айын, кел-ейін, сөйле-йін. Біз бар-айык, кел-ейік, сөйле-йік.

Сен бар-, кел-, сөйле-. Сендер бар-ыңдар, кел-іңдер, сөйле-ңдер.

Сіз бар-ыңыз, кел-іңіз, сөйле-іңіз. Сіздер бар-ыңыздар, кел-ініздер, сөйле-ңіздер.

Ол бар-сын, кел-сін, сөйле-сін. Олар бар-сын, кел-сін, сөйле-сін.

Жіктелу үлгісінен көрінетіндей, бұйрық райдың І-жағында жекеше -айын, — ейін, -йын, -йін, көпше -айық, -ейік, -йық, -йік жалғауы жалғанса, 2-жак жекеше анайы түріндеарнайы қосымшасы жок, бірак бұл — етістіктің түбір тұлғасы емес, нөлдік фор.4а, өйткені түбір болса, сол сөз табының түрленуіне негіз болатын бастапкы тұлғасы да, бұйрық райдың 2-жағы жекеше, анайы түрі — грамматикалык тұлға, сол түбірге жалғанатын тұлға, демек, бұйрық райдың 2- жағы жекеше, анайы түрі мен түбір тұлға омоформа болып табылады. Бұйрык рай формасының екінші жак жекеше түріне ертеде -ыц, -ің, -ц қосымшасы жалғанып айтылатын болған. Мұны бұйрык райдың екінші жақ сыпайы түріндегі жэне екінші жақ көпше түрінің кұрамындағы -ыц, -ің, -ң косымшасы (ал -ың-дар, ал-ың-ыз) дәлелдей алады. Сондай-ак бұйрық рай формасының үш жағына да -шы, -ші жұрнағы жалғанып, сөйлеушінің бір істі орындау туралы өзіне, тыңдаушыға жэне бөгде адамға не затқа каратып, сыпайы тілек түрінде айтуын білдіреді. Олардың мағынасы сөздердің айтылу сазына, интонациясына да байланысты.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля