САМБО КҮРЕСІ 

24 апреля, 2019 21:30

САМБО КҮРЕСІ 

 

Самбо күресі — көптеген ұлттық кұрес түрлерінің бай әдіс айлаларының жиынтығы.

Бұл орыстың «Самозащита Без оружия» деген сөзінен шыққан. Самбо күресін «орыс елінің күресі» — деп те айтуға болады.

1938 жылы Ресей сопорттық күрес мамандарының Бүкілодақтық конфереяциясы өткізіліп, онда Самбо күресі әдістерінің атаулары мен әдістерін топқа бөлумен қатар, алғашқы күрес ережесі бекітілді.

1966 жылы Толидо қаласында /АҚШ/ халықаралық әуесқой күрес федерациясының /ФШІА/ конгресі өткізілді. Осы конгресте самбо күресі халықаралық спорт түрі деп жарияланып, Бұкілдүниежүзілік самбо комитеті құрылды. Оған самбо күресінің дамуы мен әлем құрлықтарын насихаттау жұмыстары тапсырылды.

1972  — 1973 жылдарды Рига қаласында /Латвия/ Бірінші ашық Европа чемпионаты өткізілді.

1973    жылы   Тегеранда   /Иран/   Бірінші   Әлем   чемпионаты өткізілді.

1985 жылы Бильбарда /Испания/ Халықаралық әуесқой самбо федерациясы құрылды /ФИАС/.

1977 жылы Овьедо қаласында /Испания/ Әлем Кубогының бірінші турнирі өткізілді. Осы жарысқа Европа кұрлығынан бұрынғы ССРО мемлекеті, Азия құрлығынан Жапон елі, Америка құрлығынан Канада жарысты ұйымдастырушы және өткізуші Испания мемлекеті қатынасты. Жарыс қорытындысы бойынша 1 орынды ССРО, 2 орынды Испания, 3 орынды Жапония, 4 орынды Канада иеленді.

Жасөспірімдер арасындағы алғашқы біріншілік 1979 жылы Испанияның Мадрид қаласында өткізілді. Ооы жарыста Монголияның, Болгарияның, Испанияның және Францияның жас самбошылары жақсы өнер көрсетті.

1983 жылы Мадрид қаласында әйелдер арасынан бірінші Әлем чемпионаты әткізіліп, оның қорытыадысы бойынша 1 орынды Испания, 2 орынды АҚШ, 3 орынды Венесуелла, 4 орынды Норвегия, 5 орынды Франция, 6 орынды Швейцарйя иемденеді.

Осы алғашқы жарысқа бұрынғы ССРО елінің әйеддер командасы қатынасқан жоқ, себебі ол кезде әйелдерге самбо күресімен шұғылдануға рұқсат жоқ еді.

Алғашқы өткізінген жарыстардың қорытындысы анықталғандай, самбо күресімен шұғылданатын палуандар дзю-до палуандарынан басым екендігін көрсетті.

1963 жылы ССРО мемлекетінің самбошыларынан жасақталған дзю-до командасы Женевада өткен Европа біріншілігінде бірінші орынды жеңіп алды да, ал 1965 жылы Мадрид қаласында өткізілген дзю-до күресінен Әлем біріншілігінде Жапон командасынан кейінгі екінші орынды иеленді.

1972 жылы өткізілген Европа құрлығының ашық чемшионатына ССРО, Болгария, Англия, Югославия, Иран, Иснания, Монголия, Жапония елдері  қатынасты. Чемпиондықтарға ССРО палуандары В.Колленен, А.Хош,      К.Герасимов, В.Невзоров, А.Федоров, Ч.Езерскач, С.Новиков, В.Кузнецовтар көтерілді.

Жеңімпаздар қатарына Жапондық Н.Нисинаіси және Н.Сато енді. Командалық орындар былайша анықталды: ССРО-1 орын, Жапония -2, Манголия -3, Болгария -4, Испания -5, Англия -6, Иран -7, Югославия -8.

Қазіргі кезенде самбо күресі көптеген елге таралған. Оның күрес әдіетері қарулы күштердің әскер даярлығында да кеңінен қолданылады.

Самбо күресі Қазақстаңда 1950-60 жылдардан бастап дами бастады. Аз уақыттың ішінде самбо күресінен Қазақстан палуандары жақсы көрсеткіштерге жете бастада,

Қазақ елінен самбо күресі бойынша шыққан тұнғыш Әлем чемпионы жаңаарқалық Канат Байшолақов. Ол 1984 жылы Мадрид қаласында 48 кт салмақ дәрежесінде Әлем чемпионы атанса, Асқар Шайхиев 48 кг салмақта 1989 жылы Нью-Йорк қаласында Дұние жүзінің чемпионы, ал семейлік Бауыржан Садықанов 1993 жылы Омбыда еткен Әлем чемпионатында 52 кт салмакта жеңімпаз атанды.

Айтжан Шаңғараев 1984 жылы 48 кг салмақта Европа құрлығының алғашқы чемпионы болды.

Алмас Мұсабеков Европа чемпионы атағын 1986 жылы, ал І987 жылы Қанат Байшолақов жеңіп алды.

Қанат Байшолақов пен Алмас Мұсабеков 1982 жылғы өткен Европа чемпионатының күміс жүлдегерлері болып оралды.

1987 жылы Талғат Байшолақов Европа чемпионатының күміс жүлдегері болды.

1994 жылы Ғалымжан Сапарғалиев, Сәлкен Жартыбаев, Әлисұлтан Валабуев Европаның ашық чемпионатында қола жүлдегерлер атанды.

Айтжан Шаңғараев пен Алмас Мұсабеков ССРО чемпиондары атанған тұңғыш қазақ самбошылары.

Айтжан Шаңғараев ССРО кубогын жеңіп алған бірінші қазақ самбошысы /1983/.

Еліміз тәуелсіздік алғаннан кейін Ж.Байшолақов, А.Махмутов, С.Рамазанов, Ғ.Сапарғалиев, З.Шаймерденов, С.Жартыбаев, Б.Коңырбаев, Ғ.Жылгелдиев, Р.Сейлханов, Ә.Валабуев, Б.Несіпкалиев, Б. Жетпісбаев, А.Нығметов сияқты палуандарымыз Азия чемпиондары атанды. Қазақстанда самбо күресінен әйелдер арасында жарыстар өткізіліп тұрады, біздің қыздарымыз Әлемде, Европада, Азия құрлығында жүлделі орындарға ие болып келеді.

Самбо күресі спорттық, әскери және өзін қорғау ретінде үш түрге бөлінеді. Әскери және өзін қорғау түріне қолмен және аяқпен ұру, тұншықтыру, саусақ пен омыртқаны бұрау, бағындыру әдістері және одан  қорғану түрлері, ал спорттық түріне түрегеліп тұрып әдіс арқылы   лақтыру,   жатып   күресу,    бағындыру мен қол аяқтың буындарын   ауырту  әдістерін   қолдану  еңгізілген.   Самбокүресіне әдістердің 5 мыңнан асқан түрлері кіреді.

Самбо   күресінде   қолданылатын   әдіс-айлалар   төменгі   күрес түрлерінен алынған:

еркін күрес,

греко-рим күресі,

Жапоннық-дзю-до, каратэ, айкидо, сумо, Қытайдың-ушу, конфу, шаолинь,

Корейдің-тхэквандо, серум,

Грузиннің-чидаоба,

Өзбектің-кураш,

Молдаванның-трынта,

Тәжіктің- гушти,

Армянның-кох,

Туваның-куряш,

Башкұрдың-гуркш,

Қалмақтың-ноолдап,

Азербайжанның-полеш,

Түркіменнің-гуреш,

Татардың-куряш,

Қазақтың-курес,

Түріктің, Канарлықтың, Британдық, Испандық, Үнділік, Швейцарлық, Украйндық, Қырғыздық, Монғолдық, Адигейлік т.б. ұлттық күрес әдістері.

Самбо күресінде қолданылатын әдістер түрегеліп түрып хәне жатық орындалатын деп екіге бөлінеді. Бұл күреске арнаулы тігілген киім киіледі.

Түрегеліп тұрып орындалатын әдістерге негізінен тобықтан қағу, ілу, алдан және арттан шалу, арқадан асыра лақтыру, аяқтан ұстау арқылы жығу т.б. әдістер енеді. Бұл әдістердің бір түрінің   бірнеше орындалу тәсілдері  және оған  қарсы қолданылатын әдіс түрлері болады.

 

Жатып орындалатын әдістер түріне бағындыру, қол-аяқ буындарына жасалатын ауырту және аудару әдістерінің — түрлері қатады. Қол-аяқ буындарына жасалатын әдістер арқылы таза жеңіске жетуге болады.

Самбо күресі өзінің әдіс қолдану түрлері жағынан әлемдегі күрес түрлерінің ішіндегі ең көбі болып саналады. Әлгінде самбо күресінің спорттық түріне қоса әскери қолданбалы түрі бар деп айтқанбыз. Бұған қолмен және аяқпен ұру, қарудан қорғану, қылмыскерді ұстау, оны алып жүру кезінде қолданылатың әдіс түрлері енеді.

 

Жаңадан үйренушілер тобының саны 15-20 адам, ал спорттық разрядтары бар жаттығушылар саны 10-12 болуы керек. Егер осы мөлшерден артық болған жағдайда жаттықтырушы мен үйренушінің мүмкіндіетерін толық пайдалану азаяды.

Жаттығушылар тобын іріктегенде ең алдымен туған жылдарына қарап,     жас     ереішіеліктерін     ескеру    керек,     одан     кейін   әр жаттығушыдан дене  дайындығы мен мінез-құлқының ерекшелігің ескерген жөн. Егер самбо күресімен айналыспас бұрын басқа спорт түрімен шұғылданған  болса, онда ондай жаттығушылардың дене дайындығы басқаларға қарағанда жақсы болып келеді, сондықтан оларды жеке топқа бөлген дұрыс. Жаттығуды бастамас бұрын күреспен айналысқысы келгендер дәрігерлік анықтамадан өтулері қажет

Жаттығу орнына көлемі 24х18 шаршы метрден кем емес ғимарат қолайлы болып келеді, Едені ағаш тақтайдан болғаны жақсы. Қабырғаға жаттығу тренажерлары, арқан, айна, т.б. қажетті кұрал-саймандар орнатылады: Штанга, зіл тас. гантель. ауыр доп,  секіргіш жіп, салмақ өлшейтін кір, сағат, дәрігерлік дәрі-дәрмек, кварцті шам қажет. Кілем төселген жер таза әрі желдеткіші болуы тиіс, Жаттығатын жерге тек спорттық киіммен ғана кіреді.

Кілем көлемінің диаметрі 9 м, оның сыртында I м 20 см — дек І м 50 см-ге жетерлік қауіпсіздік алаңы болады, Тоғыз метрлік диаметрдің ішкі жағы жалпақтығы; I метрлік қызыл түске боялады. Кілемнің ішкі жұмыс алаңының диаметрі 7 метр болғаны дұрыс. Қызыл түске боялған жолақтың жалпақтығы 1 метр. Кілем ортасындағы шеңбердің диаметрі І метр. Кілемнің қалындығы 5 см, ол синтетикалық жұмсақ матеряалдан жасалады, Кілемнің үстін арнайы жамылғымен жабады.

Төреші столының сол жағындағы кілем бұрышын көк түспен, ал оң жағындағы бұрышы қызыл түспен баялады. Кілем сыртына қауіпсіздік мақсатында қосымша жұмсақ төсеніштер төселеді.

Самбошылар жаттықтырушы ұстаздың барлық нұсқауларын бұлжытпай орындауға және жаттығуға кешікпей келіп, денені қыздыру жаттығуларын орындауға міндетті. Денені алдағы тұрған жұмысқа дайындамаған жағдайда,  жылдам жарақат алып қалу қаупі туады. Күрес әдісін орындауды түсіндіріп көрсету кезінде мұқият болған жөн. Ең алдымен қауіпсіздік шарттарын орындау қажет. Өзің және басқа жаттығушылар дұрыс құлай білуге жаттыққаннан кейін ғана күрес әдістерін үйренуге дағдылаң. Жаттығу үстінде ұстамды болуға қарсылас палуанды бағалап, сыйлай білуге үйренуің керек. Спортшы өзінің жеке басының және жаттығу орнының тазалығын сақтауға міндетті. Тамақтану жаттығу басталмастан кем дегенде 2 сағат бұрын аяқталуы тиіс.

Жаттығушыда самбо киімі, арнайы аяқ киім, іш киім, қысқа тігілген шалбар /трусы/ аяққа таза носкиі, орамал, сабын болуы қажет. Палуан өзінің денесінің таза , шашының қысқа, тырнағы альшған, тісінің таза болуын қадағалайды. Жаттығушыға өзінің ішкі ой — дүниесін бақылай білуге, оны ізгі ниеттілікке бағыттай үйренуі ең қажетті қасиет.

Әрбір    сабақ   жаттығушылардың    ерекшеліктеріне    негізделіп құрьшуы тиіс.

Сабақ ұстінде орындалатын жаттығулар жүктемесі біртіндеп жоғарылап барып, сабақ соңында азаяды.

  1. Кіріспе белімі — 5-10 минут
  2. Дайындық бөлімі — 20-30 минут
  3. Негізгі бөлім — 60-90 минут
  4. Қорытынды бөлім — 5-10 минут

Кіріспе және дайындық бөлімінде жаттығушыларды алдағы орындалатын жұмысқа бейімдеп дайындау жұмыстары орындалады. Оған сапқа тұрғызу, тізім бойынша тексеру, сабақтың мақсатын айту, жүру, жүгіру, жалпы жаттығу және арнайы жаттығу жұмыстарын орындату арқылы денені қыздырып дайындау жатады.

Дайындық жаттығу жұмыстарын кейінгі жүректің соғу жиілігі минутына 130-160  бет болса, онда дененің дайындығы  қалыпты деп санауға әбден болады.

Сабақтың негізгі бөлімі оның тақырыбының мақсатына қарай күрделі немесе қарапайым балуы ықтимал. Негізгі бөлім кезінде жаңадан әдіс-айла үйрену, немесе әткен сабақтан үйренгенді қайталау, жартылай немесе толық қарсыласу арқылы күрестіру сияқты жұмыстар атқарылады.

Әдісті рірету төмеңдегідей ретпен орындалады.

  1. Жаттықтырушы ұстаз үйренетін әдісті алдымен тояық көрсето және ауызша айтып шығады. Соңынан осы орындалған әдіс баяу түрде орындау арқылы әдістің орындалу ерекшелігіне тоқталады. Содан кейін   бір әдістің   орындалуын бірнеше бөлікке бөледі, әрбір беліктеріндегі орындану ерекшелікттеріне тоқталып,  мүмкін болатын қателіктерді көрсетеді.
  2. Жаттығушылар осы әдісті алдымен қарсыласпай тұрған палуанға орындайды. Оны қайталап орындау ұзаққа созылады, себеб, әдіс толық меңгерілуі тиіс. Әдісті шебер орындауды меңгеру келесі сабақтарда қайталанылады. Оның шеберлігі артқан сайын қарсыласу мөлшері де арта түседі.

Сабақтың қорытынды бөлімінің мақсаты-дене қызуын басып бастапқы қалыпқа жақындату. Ол үшін ақырын жүріп денені босатуға арналған жаттығулар орындалады. Сабақтың қорытындысы жасалып, қателіктер көрсетеді. Қажет  жағдайда баға қойылады.

Әдісті үйрету үшін  көбіне оқу-жаттығу сабағы қолданылады. Сабақ үстінде үйренушілер әдіс-айла түрлерін меңгеріп, дене дайындығын арттырады, күш жігерін шындайды.

Әр сабақ өзінің мақсатына қарай, оқу, оқу – жаттығу, жаттығу және жарыстық түрлерге бөлінеді. Оқу сабағының мақсаты  — жаңа тақырыпты игеру, әдісайла түрлерінің орындалу ерекшеліктерін талдауға негізділеді. Оқу – жаттығу сабағында жаңа тақырыпты игерумен қатар, өткен сабақты қайталау және жалпы, арнайы дене дайындығы арттыру болып табылады. Жаттығу сабағы, үйренген әдіс-айланы шебер орындауға бейімдеуге және дене дайындығын шыңдауға бағытталыд.

Сабақтың жарыстық түрі-сабақ үстінде күрестіру, классификациялық жарыс өткізу ретінде өткізіледі. Жаттығушылардың санына қарай сабақтар жекелей, топтық және жекелей болып бөлінеді. Жекелей жаттығулар — шеберліктері жоғары балуандармен арнайы жасалған жоспар арқылы жүргізіледі. Жекелей-топтық сабақтар — күресті енді бастап үйренушілер мен спорттық шеберліктері төмен жаттығушылармен жүргізіледі. Алғашқы сабақтарда үйрету әдістемелері жиі қолданылса, соңынан шеберлікті шындау жағына көбірек көңіл бөлінеді. Әдіске үйрету сабағы қарапайым түрден күрделіге қарай бағытталады да, жаттығу жеңілден ауырға қарай тандап алынады. Белгіліні қайталау арқылы белгісіз жаттығуларға қарай ауыса бастайды.

Әдісті көрсету кезінде әдістің көрнекі және әсерлі орындалуына көңіл бөлу қажет. Осы кезде әртүрлі суреттер мен слайданы көрсеткен абзал. Күрес әдісін алғаш үйрету кезінен бастап оны оң жаққа және сол жаққа бірдей үйретуге тырысу қажет. Осылай үйрету болашақта палуанның күрес әдістерін көп меңгеруіне және екі жаққа да бірдей орындай алуына көмектеседі.

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля