11 апреля, 2018 9:27
Есімдер тобына жататын сөз табының бірі болып саналатын сан есімнің өзіндік зерттелу тарихы бар.
Түркі тілдеріндегі грамматикалардан бастап сан есімге көңіл бөліне бастады. Бұл грамматикалардың бәрінде де сан есімдер кыскаша болса да сөз болды. Мысалы, Н.И. Ильминскийдің, А. Казембектің, М. Терентьевтің, П. М. Мелиоранскийдің, В.В. Катаринскийдің, С.В.Ястремскийдің, Н.Ф.
Катановтың еңбектерінде сан есім жеке сөз табы ретінде карастырылган.
Кеңес дәуіріндегі түркологтар еңбектерінде де сан есім жайында пікірлер бар. Мысалы, А. Боровковтың (12) окулығында сан есімнің екі түрі көрсетілсе, Н. П. Дыренкованың грамматикасында (15) төрт түрі берілген. Бірак бүл грамматикаларда ‘*<сан ‘есімнің семантикалық жактарына қарай бөлінуін бірінші орынға койғанмен, ол элементарлы түрде кысқа ғана түсіндіріліп, барлык колдану ерекшеліктері толык жэне жан-жақты қамтылмай баяндалган(55, 8).”
Қазак тіл білімінде сан есім жеке сөз табы ретінде алғаш мектеп грамматикасының көлемінде карастырылды. Қазақ мектептерінде қазак тілін пэн ретінде үйрететін окулық- А. Байтұрсыновтың окулыктары болды.
Оның “Тіл-құралдары” (үш кітап) қазақ тілінің фонетикалык және грамматикалык кұрылымын талдап, жүйелеп, танытып берген окулықтар еді. Ғалымның 1914 жылғы бірінші “Тіл-кұрал” оқулығында сан есім жеке сөз габы ретінде көрсетілген. Онда сан есімге мынадай анықтама берілген:“Неше? канша? деген сұрауға жауап болатын һэм нэрсенің санын көрсететін сөздерді сан есім дейміз (7,163).” Ал 1915 жылғы екінші “Тіл-кұралда” сан есімге катысты мағлұматтар кеңейтіліп баяндалған. Бұл кітапта “Сан есім нэрселердің есебін һәм ретін көрсететін сөздер (7,222),”-деген анықтама беріліп, сан есімнің есептік (оны іштей жай жэне жадағай деп екіге бөлген), реттік, темілдік (казіргіше бөлшектік сан есім) деген түрлері көрсетілген.
Қазақ тіл білімінің ғалымдары I. Кеңесбаев, К. Аханов, А. Ыскаков, Н. Сауранбаев, М. Балақаевтардың грамматикалык окулыктарында да сан есімдердің мағыналық топтары, жасалу жолдары туралы пікірлер камтылды.
1954 жылы шыққан қазақ тіл білімінің фонетика, лексика жэне грамматика мәселелерінен жан-жакты маглұмат беретін “Қазак тілі” атты еңбекте сан есім жайында аздаған мэлімет берілді.
Сан есім кейініректе арнаулы диссертациялық зерттеу объектісі болып, ол жөнінде Ә. Хасеновтің жеке еңбегі (1957) жарияланды. Ғалым өз зерттеуінде түркі тілдеріндегі сан есім категориясының зерттелуіне шолу жасай келіп, сан есімдердің лексика-семантикалық ерекшеліктеріне токталып, лексикалык жағынан сан есімдер түркі тілдерінің туыстығын айқын таныта аларлык категорияның бірі болып табылатындығын және сан атауларының түрік тілінде сөйлейтін халықтармен бірге жасап, көне заманнан бермен карай колданылып келе жаткандығын айтқан. Сан есімдерді семантикасына карай есептік, реттік, жинақтык-с>бстантивтік, топтык, бөлшектік, болжалды-шамалық деп алты түрге бөліп, әркайсысына жеке- жеке тоқталған. Одан эрі сан есімнің морфологиялық ерекшеліктерін баяндай отырып, сан есімдердің жеке сөз табы ретіндегі ең басты айырмашылыгы-сан есімдер не аффикстену, не баскаша тэсілдер аркылы баска сөз таптарынан жасалмайтындыгын (30) дәлелдеген. Сонымен бірге сан есімнің синтаксистік қызметін де сипаттаған.
1964 жылы казак тіліндегі есім сөздерді түгел камтыған проф. А. Ыскаковтың “Қазіргі казак тілі” (морфология) атты монографиялык еңбегі жарык корді. Осы еңбегінде ғалым сан есімді жеке сөз табы ретінде жан-жакты сипаттай келіп, сан есімдердің жасалу жолына карай қосылмалы жэне көбейтілмелі болып келетіндігін тіл фактісіне сай тұжырымдаган(65, 283).
“Грамматикаларда” де сан есімнің жеке сөз табы ретінде лексика- семантикалык, морфологиялык, синтаксистік жагынан карастырылуында алдыңғы еңбектермен үндестік байкалады.
Ал сан есімнің сөзжасамы кейінгі кезде арнайы зерттелді.1988 жылы профессор Н.Оралбаеваның “Қазіргі казак тіліндегі сан есімнің сөзжасам жүйесі” атты еңбегі жарық көріп, онда сан есім сөзжасамының негізгі тәсілдері, олардың сөзжасам жүйесійен алатын орны, аткаратын кызметі айгылып, сан есімнің әр семантикалык тобының жасалуы, күрделі сандардыц жасалу модельдері көрсетілді.
Сан есім сөйлемдегі сөздердің барлығымен бірдей тіркесе бермейді. Олардың тікелей тіркесетін негізгі сөздері- зат есімдер, зат есімнен жасалған туынды сын есім жэне етістіктер. Осы тұрғыда галым Т. Сайранбаев (48) зерттеуінде сан есімнің етістікпен тіркесі жайында кеңінен айтылған. Ал А. Елешева фразеологизм кұрамындағы сан есімдердің ерекшеліктеріне тоқталған (19).