ДАУЫСТЫЛАРДЫҢ АЙТЫЛУЫ МЕН ЖАЗЫЛУЫНДАҒЫ ЕРЕКШЕЛІКТЕР

9 марта, 2018 19:13

Дауысты фонемалар бір буынды түбірде, сонымен қатар көп буынды сөздің бас (бірінші) буынында фонемалық мэні айкын да тұрақты көрінеді. Ал сөздің екінші буынынан бастап олардың фонемалық күші әлсірей береді. Бұл өзі екінші буыннан бастап кейбір фонемалардың таңбаларын алмастырып жазуға жол береді. Мысалы: өлең (өлөң), өнер (өнөр), өте (өтө), үлкен (үлкөн), үкі (үкү), кітап (кітэп), мұгалім (мүгалым). Мұндай сөзді жазылуынша айту ерсі болғанмен, мағынасын түсінуге көп кедергі бола алмайды.

Дауыстылардың айтылу, жазылуы ерекшеліктерін талдай келіп, жекелеген дауыстыларға мынандай мінездеме береміз:

А фонемасы тілде ең көп кездесетін көнеден келе жаткан фонемалардың бірі. Жазудағы таңбасы — а.

А әрпінен басталатын сөздер көне түркі тілінде («Древнетюркский словарь» (1969) бойынша) к, т эрпінен кейін үшінші орында тұрса, қазіргі қазақ тілінде («Қазак тілінің орфографиялык сөздігі» (1988) бойынша) үшінші орында тұр. Ал «Қазак тілінің түсіндірме сөздігіндең (10 томдық) 7-ші орында.

Сөздің басында және бас (бірінші) буында жазылатын а әрпі ылғи да а фонемасына сай келеді.

А фонемасы барынша ашық, жуан. Ал езулік күші ы, і фонемаларына қарағанда әлсіз, сондыктан да ол жуан (о, ұ) еріндіктерден кейін ашык

айтылады: отау, ұшақ, тұмау.

А фонемасы өзге жуан (о, ұ, ы) дауыстылар мен қатар сөздің барлык буындарында айтыла да, жазыла да береді. Айтуда кейде о-ға жуықтап кететінде кездері бар: ойбой (ойбай), ойқой (айхай), ойпырой (ойпырай), ойпұрмой (ойпырмай), айнолайын//айдолойұн (айналайын). Тіпті бұлар көркем шығарма текстерінде де кездеседі.

Жазуда а кейбір жіңішке дауыстылардың таңбаларымен қатар түзейтін тұстары бар:ділда, ләззат, кітап, қазір, қажет, қазірет, мейман, мейрам. Қазіргі кезде жазуына жуык дыбысталып жүрген мұндай кірме (араб-парсы) сөздерді қарапайым казак бірыңғай не жуан, не жіңішке айтпасқа лажы жок: ділдэ, ләзәт, кітэп, казыр//кәзір, кадыр//кәдір т.б.

А жеке тұрып сөз (а-од, а-эріп, а-дыбыс), сөздерге жалғанатын қосымша да (ат- а, сан-а, анам-а, балам-а, ойлан-а, ойландыр-а) бола алады.

Орыс тілінің а фонемасы екпін түсіп тұрған кезде қазақ тіліндегі а-га жуық айтылады: бал, бар, зал, класс, квас, май, стаж, старт, шар, штамп. Ал акт, адрес, армия, бак, фактор, факел, шкаф сияқты сөздерде (кейбір, к, г, е, и дыбыстардың әсерінен) ауызекі айтуда ә-ге жуыктап кететіні байкалады. Дұрысы, а фонемасын анық айтуға тырысу керек. Қалган жағдайда екпінсіз а

130

әлсіреп (ә, е, и, ы дыбыстарына жуыктап) он шакты түрде (аллофон) айтылады. Мұны тілімізге ертеректе енген баркыт (бархат), бэтеңке (ботинка) облыс (област), самаурын (самовар), сияқты сөздер де аңгартады.

Қазіргі қазақ тілінде норма болып саналатын анкет, газет, контор, кординат, минут, секунд, пар, фанер, цифр, сиякты сөздердің соңындағы а-ның түсіп қалуының бір себебі осы екпінсіз а-ның элсіреп айтылуынан деуге болады.

Қазақ тіліндегі шын мәніндегі ашық фонемалар — а және ә. Бұлардың бір- бірінен айырмашылығы: біріншісі — жуан, екіншісі жіңішке, яғни а тілдің кейін шегінуінен, ә ілгері жылжыуынан жасалады. Ал еріннің қатысы жағынан бұл екеуі бір-біріне жуық.

«Қазақ тілі орфографиясының негізгі ережелерінде» ә, о, ө, ұ, ү әріптері жалаң сөздердің бірінші буындарында жазылады делінген.

«Ә фонемасының қазақ тілінде сирек кездесуінің (онда да, көбіне бірінші буында кездесуінің) басты себебін профессор Н.В.Юшманов, профессор Е. Д. Поливанов т.б. мамандар қазақ тіліне баска күншығыс тілдерінен келген сөздермен байланысты қарастырады. Ал түркі тілдерінің дыбыс жүйесін тыңғылыкты қарастырған соңғы монографияда ә фонемасының көнеден келе жатқаны дэлелденген [26,18-23].

Қазақ тілінде ә фонемасы сирек кездескенімен, көнеден келе жатқан төл дыбыстардың каратына жаткызамыз. Қазак тілінің он томдык түсіндірме сөздігінде көген (реестр) көрген 67 мың сөз бар десек, соның 19 проценті дауыстылардан басталады. Соның ішінде э әрпінен басталатын сөздердің саны — 870. Бұл жағынан а (4440), е (2249) болмаса, қалған дауыстылар бір — біріне қарайлас. Орфографияға сәйкес ә эрпі барлығы 2,5 мыңдай сөздің бірінші буынында кездеседі.

«Қазақ тілінің орфогорафиялық сөздігінің» соңғы 3-басылымында (1988) екінші буынында ә жазылатын сөздердің қатары молая түскен: әзэзіл, дүбәра, дүдэмал, дімкәс, еммәт, (кіт), көкнәр, күләбі, кәл-пара, күләпсан, күлдэрі, күмэн, күнэ, кінә, кінәз, мәмпәси, мүккәмал, нәмәрт, пірәдар, сірэ, тэбәрік, тэнәпіс, іңгә, іңкэл (диал.), іңкэр т.б. Ал бісмәллә (пісміллә) және кәнизәк деген екі сөздің үшінші буынында кездеседі.

Ауызекі сөйлеу тілінде э фонемасы әлдекайда көп колданады.

С. Омарбеков пен Н. Жүнісовтың «Ауызекі тіліміздің дыбыс жүйесі» (1985) деп аталатын оқу құралдарында қазіргі казак тілінің дыбыс жүйесін, әдеби айту нормаларын пайымдай келе, а және э фонемаларын жан-жаісгы зерттейді: «Әсіресе а мен ә дауыстыларының бірінің орнына бірінің қолданылуы — говорларымызға тамырын кең жайған кұбылыс. Мұндай дыбыстық кұбылыстың ең жиі байқалатын жері — қазақ топырағының оңтүстік өңірі. Әсіресе біз оны Орта Азия республикаларының ішкі коныстары мен соған іргелес жатқан атыраптарының казағының тілінен молынан ұшыратамыз» [23,32-33] дейді де, отыз тоғыз сөз алып, оның аталған өңірде, онымен көршілес өзбек, карақалпақ тілдерінде, сондай-ак казақтың көпшілік говорында және әдеби тілінде айту нұсқаларымен салыстырады. Мәселен: Тәләп-тәләп-тәләп — талап-талап, кэйт-қақ-кэйт — қайт, кәйер-каер-кәйер — қайер (қай жер), ілэж- илож — иләж — ылаж-ылаж, әсілі-асли, асыл-асыл, кэте-хато-қэте — қата (қате) — қате, кәуіп-хавф-қәуип-қауып-қауып, кэтер-хатар-кэтер-қатер-қатерт.б.

Әдеби тілде жуан айтылатын сөздер оңтүстік өңірлерде жіңішкере түсетіні басы ашық мэселе. Неге олай дегенге берер жауабымыз: «Жіңішке ә-нің оңтүстік говорларымызда да, сондай-ақ өзбек, қарақалпақ тілдерінде де көбіне- көп араб-парсы кірмелерінің бойына тэн дыбыс екендігінен» дейді ғалымдар [23,341]. Ә дыбысының кірмелігін мойындамасақ та, араб-парсы тілдерінің ықпалын бар екені белгілі.

Қазақ тілінде ә дыбысының сөйлеу тілінде а фонемасына әсер етіп, тіпті үшінші буынға дейін әсер етеді. Бұл туралы зерттеулерде былай дейді: «Алфавит құрамында арнаулы ә эрпі бар біздің тіліміздің жазу жүйесінде осы дыбыстың еленбей қалатыны көп. Мәселен: шәй, шәш, жәй, шэршә, жэйлі дегендер айтылуы жіңішке бола тұрса да, емле тэртібінде шай, шарша, жайлы деп жазатын ретіміз бар. Сол сияқты: Күләндә, Кәмилә, Жәмилә, Әлимэ, Сэбирэ сынды кісі аттарының соңгы дыбысын оларға жалғанатын септіктердің табиғатына сүйеніп жуан етіп жазамыз. Айтылуына келсек, осы кісі есімдерінің соңғы дыбысының ә екені кәміл. Оның үстіне осы арадағы адам есімдеріне дәл барыстан өзге септіктердің айтылуында жуан жалғануының өзі екіталай. Жәмиләдан ба, Жәмиләдән ба? — бұл арасы соншалық айқын емес» [23,37].

Н. Уәлиев кей сөздердің бірінші, екінші буындарында жазылатын а, ә әріптерінің фонетикалық болмысын қосымшалар арқылы пайымдауға болатынын айтады. Мысалы, хал, халге, халі. «Сөзге қосылатын қосымшалар сол сөздегі дауыстының ә фонемасы екендігін «хабарлап» тұрады».

Қорытындылайтын болсақ, а және ә дыбыстары — артикуляциялық жақтан бір-біріне жуык айтылатын фонемалар. Сондықтан жергілікті тілдер ерекшелінде, ауызекі сөйлеу тілінде бірінің орнына бірі қолданыла да береді.

Е, ы, і фонемалары езулік, қысаңдағы жэне тілде қолданылуы жагынан бір-біріне ұқсайдьг. Ал е фонемасының алдынан әнтек и айтылады. Ә. Жүнісбеков е-нің й жэне і дыбыстарының қосындысынан (ій) тұратынын (й — 40, і-60 процент болатынын) экспериментті жолменен анықтағаны жоғарыда айтылды. Шынында да тілде: әне-әні, эсте -әсті, бәйге-бәйгі, бәтеңке-бәтіңке, бәтес-бәтіс, ерегісу-ерегесу, ешкім-ішкт, ештеңе-іштеңе, кәне-кэні, міне-міні, ілгешек-ілгішек түрінде айту, тіпті жазу (бұлардың алдыңғысы орфографиялык норма) кездеседі. Мүның өзі е мен і-нің бір-біріне ұқсастығын аңғартады.

Е, ы, і әріптері сөздің барлық буындарында жазылады, бірақ олар ылғи да е, ы, і болып дыбыстала бермейді.

Бұлардың еріндіктермен (соның ішінде дауыссыз у мен де ) қатар тұрып айтылу мүмкіндіктері жоққа тән. Өзен, өлең, өнер, осы, орын, оқы, ұлы, ұгым, ұзын, үлкен, түйе, түлкі, журек, өмір, мазмұны, балбұлы, дәстүрі, ауыл, бауыр, жауын, әуе, әуен, әуес, дәуір сияқты сөздердің құрамында е, ы, і дыбыс емес тек әріп. Айтуда олар ө, ұ, ү түрінде болады. Соңы ы, і дыбысына аяқталған етістіктерге — у жұрнағы жалғанады да, ы ұ-ға, і ү-ге айналады, жазуда бірақ әріппен (у) таңбаланады, алжы-алжұу (жазылуы алжу), жылжы -жылжұу, жылы -жылұу, сыргы-сыргұу, тепші-тепшуу, терші-тершүу. Сөз мағынасына нұсқан келмейтін жагдайда еріндік дауыссыз у дың алдында

132

келген е аздап еріндік болып та айтылады: біреу, екеу, бесеу, жетеу, крнеу, бермеу, келммеу, сермеу, ілмеу. Езулік дауыстылардың еріндіктермен қатар айтылуы, айтылмауы олардың ашық (а,ә) қысаңдығымен (е, ы, і) байланысты.

Қысаң ы, і фонемалары көп буынды сөздерде кейде көмескі естіледі. Орфоэпиялық сзөдіктерде олар тіпті түсіріліп (шартты белгімен) жазылады: дәр’гер, қат’нас, тәж’рибе, аң’зақ, ад’рандау, аз’рақ, бад’рақ, ед’реңдеу, и’рім, кеш’рім, қас’рет. Тіпті л, р дыбыстарының алдынан келгенде сөздің лексикалық мағынасына нұқсан келмесе, олар жазылмайды: лақ, лаң, лэм, леген, лекер, лес, лай, лайық, лас, рас, разьі, рай, рақат, рақмет, рең, рәсуэ, рәсім, рәт.

Жалғанатын қосымша дауысты болса, немесе дауыстыдан басталса, кейбір сөздердің екінші буынындағы ы, і (айтуда да, жазуда да) түсіп калады: хальіқ-халқы, қарын-қарны, қалып-қалпы, ырық-ырқьі, қырық-қырқы, айыр- айрық, сарық-сарқыл-сарқадьі, ерін-ерні, ерік-еркі, кейіп-кейпі, ірік-іркіп-іркеді, қырьщ-қырқып-қырқады. Бүл касиет е фонемасында жок.

Еріндік о, ө фонемалары бір-бірінен тек жуан (о) жіңішкелігімен (ө) ғана ажырайды. Бұл екеуінің де алдынан әнтек у (бірінде жуан, бірінде жіңішке) айтылады. Тілде о, ө-нің ү, ұ (көбіне диалектіде) түрінде кездесуі бұлардың айтылуы жағынан жуықтығын көрсетеді: домала-дүмала, оян-ұян, қош-құш, қолдану-құлдану, сұра-сора, мұқал-моқалу, сорақы-сұрақы, үлгер-үлгір, төңірек-төңерек, өйтіп-үйтіп, бөгелек-бүгелек, бүлдірге-булдіргі.

Ал жақтың катысы жағынан бұлар кысаң даустыларға жуык. Кейбір себептермен бұлар жартылай ашықтарға жатқызылады(жоғарыда айтылды).

Еріндік о фонемасының өзге формалардан ерекшелігі бұл байырғы сөздердің бірінші буынында гана айтылады жэне жазылады. Тек -қор, -қой, -гой косымшалары түрінде келгенде ғана екінші, үшінші буындарда айтылады да, жазыла да береді: даңгой, даңққой, есепқор, еңбекқор, бейнетқор, шайқор, сәнқой, әуесқой.

Ал орыс тілінен енген сөздерде о-га негізінен екпін түседі, көрші дауыссыз дыбыстардың эуенімен ол (буын талғамай) төрт-бес түрлі айтылады. Кейде қазақ тіліндегі байырғы о-ға жуық (вагон, забой, анекдот, кино, анод, порт, том, тон), бірде о мен ө-нің арасынан, кейде ө-ге жуық (ноль, роль, толь) дыбысталады. Екпін түспеген жағдайда о әрпі екпінсіз а дыбысы болады: атом, автор, коммунизм, совет, социализм, роман.

Орыстың о эрпінің казақ тілінде қалай дыбысталатынына мысал: божы (вожжи), облыс (область), нөмір (номер), бәтеңке (ботинка), кәмпит (конфета), кәрзеңке (корзинка) т.б.

Ө фонемасының жазудағы таңбасы — ө және е әріптері. Ө әрпі (маймөңке, ікастрөл, ләмбөк сияқты бірер сөзде болмаса) бірінші буында гана жазылады. Тек қосымша -көй, -гөй түрінде екінші, үшінші буындарда айтылады да, жазылада береді: ақылгөй, батагөй, данагөй, дәмегөй, жәдігөй, каскөй.

Ө фонемасы еріндік (ө, ү) буындардан кейін айтылады, жазуды ол е әрпімен таңбаланады: өзен, өрен, көбелек, үшеу, маскүнем, қаскүнем, күзен, устеу.

  • Еріндік ұ, ү фонемалары да бір-бірінен жуан, жіңішкелігімен ажырайды.

133

Жазуда у фонемасы ы әрпімен де таңбаланады. Екінші буында ұ эрпі бұлбұп, мазмұн, мақұл, мацұлық, маглұмат, марқұм сияқты сөздерде жазылады. Қалған жагдайда бірінші буындағы о, ұ еріндіктерімен кейін ұ дыбысының орнына ы әрпі жазылады: орын, оқы, отын, оныншы, обыр, жолы, қойшы, қозы, құрық, құлық, бұрым, мұрын, ұры, қоры, жоры, осы, ұсын.

Ү фонемасы да бірінші буында ү әрпімен таңбаланады да, калған буындарда (тек дәстүр, дүл-дүл, мэжбүр, мәшһүр, эңгүдік, әшмүшке, сәйгүлік сияқтылар болмаса) і түрінде жазылады: өнім, өкім, өсім, өтініш, үміт, ұлгі, күлкі, көрік, түлік, үйіріл, үгітіл.

¥, ү де кейбір көп буынды сөздерде көмескілеу айтылады да, ы, і сияқты орфоэпиялық сөздіктерде түсіріліп (ерекше белгімен) жазылады: бұр’ су, жұд’рық, жой’лу, жұм’лу, көб’рек, көк’рек, күж’рей, түк’рік, құдрет, өкніш, түң ‘лу.

Сондай-ақ сөз басындағы р дыбысының алдында бірер сөзде түсіріліп жазылады: ру, рух, рұқсат, Рүстем. Дауыстыдан басталатын косымша қосылғанда кейбір сөздердің екінші буынындағы ү, ү (жазуда ы, і) түсіп калады: орын-орна-орны, мойын-мойны, көңіл-көңлі, бөрік-бөркі, тұрық-тұрқы, сұрық-сұрқы, қорық-қорқып-қорқады, бүрік-бүркеді-бүркіп, үрік-үрке-үркіп, ұрыс-ұрсып-ұрсады.

Қазак говорларында ү-нің ү, о-ның ө болып айтылуы сирек болса да ұшырайды екен. Мысалы: ұбырлы-шұбырлы, ұйма-жұйма және өтен. Әдеби тілде үбірлі-шүбірлі, үйме-жүйме жэне отан. Мұның соңғысы өкімет- үкіметдеген сияқты жергілікті тілде, өзіндік мағынаға ие болған, яғни үй, баспана, отбасы деген мәнде колданылады.

И фонемасы орыс тілі аркылы енген сөздердің құрамында ғана кездеседі: институт, университет, магазин, спутник, мина, филолог, билет т.б.

У фонемасы да тек орыс тілі аркылы енген сөздерде ғана айтылады: университет, ультра, учаске, уран, тунель, турбина, турнир, сувенир, сумка, пункт, пульт, прокуратура, пропуск, процедура, институт т.б.

И мен у -дың артикуляциясы дауыссыз й мен у-,а ұқсас. Айырмасы дауысты и мен у тоннан жасалады да, ауа еркін шығады, бұлар буын құрайды.

Қазақ тілінде и, у фонемаларының болмаганын орыс тілінен ертеректе енген сөздерден көруге болады: орыс (русский), қамыт (хамут), дога (дуга), бөкебай (пуховый), көшір (кучер), сот (суд), шөген (чугун), үтік (утюк), сәтен (сатин), резеңке (резинка).

Дыбыстардың өмір сүру формасы негізінен ауызша айту, сөйлеу болып табылатындықтан, ауызша формасында пайда болған ерекшеліктер жазбаша формасына да әсерін тигізеді.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля