САН ЕСІМНІҢ ЛЕКСИКА-СЕМАНТИКАЛЫҚ СИПАТЫ

13 апреля, 2018 9:29

 

Сан есім зат белгісін білдіруі жағынан сын есімге ұқсайды, сондыктан сан есім -де зат есіммен тіркесте жиі қолданылады. Мысалы, Сарыбала атасымен бірге алыстагы қыр елінен он бес мың қой жинап қазынаға өткізді (Ғ. Мүстафин). Биылғы жылдың сегіз айында ғана мың адам курс бітіріп шықты (сонда). Осы сойлемдердегі он бес мың, сегіз, мың сан есімдерінің нақты мағыналары өздері тіркескен сөздер арқылы аныкталып тұр, яғни қойдың он бес мың, айдың сегіз, адамның мың екендігі нақтыланып түр. Ал сан есімдер жеке қолданылғанда, оларда нақтылық болмайды, абстракт мағынаға ауысады, демек он бес мың, сегіз, мың деген сөздер жайындагы ұғымды гана аңғаруға болады.

Қазақ тіліндегі сан есімдер бір, екі, үш, төрт, бес, алты, жеті, сегіз, тогыз, он, жиырма, отыз, қырық, елу, алпыс, жетпіс, сексен, тоқсан, жүз, мың секілді жиырма шақты сөздер арқылы жасалатындығы ғылымда дәлелденген жағдай, яғни “санға байланысты неше түрлі болып жатқан абстракт ұғымдар осы жиырма сөз арқылы және олардың түрленуі арқылы беріледі(55, 11).

Қазақ тілінде сан есімдер сияқты мөлшерлік мағынада колданылатын бір топ сөздер бар. Бұл создерді Ә. Хасенов екі гопка бөліп қарастырған: бірінші- сан есімнің гура мағынасындағы, ягни дэл сан мағынасын білдіретін жэне солар арқылы жасалған сөздер: егіз, қос, эісарты, жарым, жеке, жалқьі, сыңар, жалгыз, некен-саяқ, дара жэне осы сөздердің әркайсысының мағыналық және грамматикалық ерекшеліктеріне тоқталған.

Автор сан есім мағыналы сөздердің екінші тобын өз ішінде тағы да екіге бөлген: І.әртүрлі тіркестер арқылы берілетін абстрактылық ұғымдар; 2.счеттік (нумеративтік) сөздер мен сан мағыналы есімдер(55, 48).

Ғалым бірінші топқа сүт пісірім, шай қаітатым, бір шай ішім, ет асым, ат ІМаптырым, ел жатар кез, түс ауа, күндік жер, қозы көш жер т.б. секілді тіркестерді жаткызған. Ал екінші топқа жүз бас қой, бір қап бидай, бір нар киім, екі қабат үй, үш түрлі мәселе, бір түп агаш т.б. секілді создерді жаткызып, бұл сөздерді счетгік (нумеративтік) сөздер деп атаған(55,48).

А. Ыскаков казіргі казак тілінде сан есімдер сияқты молшерлік мағынада колданылатын сөздер бар екендігі,олардың жеке-дара түрінде де, соз тіркесі түрінде де кездесетіндігін айта келіп, жарым, жарты сөздері болшектік үгымдардың, жалгыз, жалқы, сыңар, дара сөздері бірлік ұғымдардың, центнер, килограмм, тонна, қадақ, батпан сөздері салмақ өлшемдердің, қадым, қарыс, кез, метр, шақырым, ат шаптырым, қозы көш(жер) аралык өлшемдердің жэне ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасыноа, зу дегенше сиякты уакыт, мерзім өлшемдердің атаулары есебінде қолданнлатындыгын көрсеткен (63, 201).

Бұл сөздердің мағынасында аздаған мөлшерлік ұғым болғанмен, олар сан есімге жатпайды. Мысалы: жарым, жарты, жалқы, сыңар, дара, қос, егіз сөздері-сын есімдер, центнер, қара батпан, килограмм, тонна, гектар, кубометр, адым, қарыс, кез, метр, іиақырым создері-зат есімдер, ат іиаптырым, қозы көш (жер), ет асым, қас қаққанша, қас пен көздің арасында, эу дегенше-тұрақты тіркестер(65, 201).

Сан есімге жатпаса да, мөлшерлік магынада тілімізде жиі колданылатын осы сөздердің ерекшеліктері академиялык грамматикада (2002) нактыланып көрсетілген жэне бұл сөздер мынадай ретте топтастырылған: салмак өлшемдерін білдіретін сөздер: қадақ, пұт, келі, батпаіс, көлем мөлшерін білдіретін сөздер: бір шымшым, бір уыс, бір тілім, бір құшақ т.б.  калыңдық өлшемін білдіретін соідер: пьішақ сырты, шынаиіақ, бармақ, екі елі т.б. кашықтык өлшемін білдіретін сөздер: адым, таяқ тастст, шақырым, қозы көш жер, ат шаптырым т.б. ұзындық өлшемін білдіретін сөздер: тұтам, сынық сүйем. кере қарыс, кез, аршын, құлаш т.б. жарты магынасын білдіретін сөздер: жарты, жарым т.б. бір мағынасын білдіретін сөздер: жеке, дара, жапгыз, жалқьг, екі мағынасын білдіретін сөздер: егіз, қос, пар; төрттен бір мағынасында: ширек; уакыт мөлшерін білдіретін сөздер: сүт пісірш уақыт, шай қайнатьш, биенің бір сауымындай уақыт (32, 470).

Бұл сөздердің барлығы да мөлшерлік мағынада қолданылғандарымен, сан есім болмайды.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля