САН ЕСІМНІҢ СИНТАКСИСТІК ҚЫЗМЕТІ

16 апреля, 2018 9:36

 

Сан есімді дербес сөз табы ретінде қарастырған Ә.Хасенөн зерттеуінде де, оқулықтарда да сан есімнің негізгі синтаксистік қызметі- сөйлемде анықтауыш болу. Мысалы, Қазір Нұра өзенінің суына сегіз су богендері салынып, өзен мол береке ұйтқысы болып отыр («Білім және еңбек« журналынан). Мың тоғыз жүз қырық бірінші жылы үлкен емен ағаштың саясында озінің өткізген өмірін ертектей айта отырып, Дубныіі досын есіне түсірді (Қ. Әбдіқадіров). Осы сөйлемдерде сан атаулары оздері аныктайтын есім сөздерінің алдында келіп, анықтауыш (болып тұр.

Сондай- ақ сан есім оның ішінде кобінесе жинақтық сан атаулары ілік септігінде тұрып та анықтауыш болады. Мысалы, Үшеудің жараса кеткенін қара (Ғ. Мүсірепов)!

Сан есім заттанып, атау септігінде тұрып, сөйлемде бастауыш қызметін аткарады. Мысалы, Қырға тарттың кұйын боп екеуің де,

Құла кетті торының жетегінде (М. Макатаев).

Адасармыз, адассак, қарамай- ак,

Кел, екеуіміз кезейік жалаңаяқ (сонда). Алшағыр, Сүгірәлі екеуің барак салып жаткандарды шакырып әкеліңдер (Г. Мүсірепов).

Сан есім сойлем соңында келіп, баяндауыш болады. Мысалы, Бағып. жүрген сиырларымның ішінде тарғыл аласы он жеТі, қызыл шұбары- он үш, карасы- тоғыз, кұбақаны- бесеу (С. Мұқанов). Сан есігуі барыс, табыс, жатыс, шыгыс, көмектбс септіктерінің бірінде тұрып, озг багынып тұрған сөзге меңгеріле байланысып, жанама толықтауыш болады. Мысалы, Қазір мұның да жасы елу екіні өтіп, елу үшке аттаған (Б. Тоқтаров). Олардың бірін өлтіріп, бірін жараладык та, ілгері кеттік (Т. Бигелдинов). Бойы, көркі, сөзі, өнері, тәрбиесі бөлек Мүкарама екеуінен бір баскыш жогары тұрды (X. Есенжанов).

Сан есімдер септік жалғауын кабылдамай- ак етістік алдында тікелей келіп, сөйлемде пысықтауыш кызметін атқарады. Мысалы, Жидебайдан үш көшіп, Есенбайга жетті … (М. Әуезов).

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля