СӨЗ ТІРКЕСІН ТОПТАСТЫРУ

16 апреля, 2018 10:55

Сөздердің бір-бірімен тіркесуі эрбір грамматикалық топтағы сөздердің мағыналык сиымдылығы мен грамматикалык сипатына негізделеді. Мәселен, сын есім заттың сынын, сапасын білдіретіндіктен, көбінесе зат есіммен тіркеске түседі, үстеулер кимылға тэн сапаны білдіретіндіктен, етістіктермен тіркесуге бейім тұрады. Нәтижесінде, сөз тіркесінің белгілі бір үлгілерін қүрайды. Мәселен, үстеу+етістік, зат есім+зат есім, сын есім+зат сеім, сан есім+зат есім т.б.

Сөз тіркесін сөз таптары негізінде қарамай, сөйлем мүшелері негізінде карау орын алып келді. Мұндай көзкарас осы кезде де некен-саяқ болса да бой көрсетіп калады. Бірак галымдардың көпшілігі сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде карау, оның синтаксистік ерекшеліктерін елемей, сөйлемнің синтаксисімен араластырып жібереді, сондыктан сөз тіркесін сөз таптары негізінде карау керектігін ұсынады.

Тіл фактілері де сөз тіркесін сөйлем мүшелері негізінде емес, сөз таптары негізінде топтастыруды кажет етеді. Сондықтан сөз тіркесін топтастыруда алдымен оның басыңқы сыңарының кай сөз табынан, оның грамматикалык табиғатын айкындау максатында бағынынкы сыңарынын да кай сөз табынан жасалғандыгы негізге алынады. Сөз тіркесі синтаксисі есімді тіркестер мен етістікті тіркестері, ортак басыңқылы т.б. деп бөліп қарау тәжірибесі осы негізге сүйенген.

Алайда сөз тіркесі мэселесі тек оның қай сөз табынан жасалуын анықтаумен шектелмейді, өйткені сөз тіркесі құрамындағы сөздердін байланысу тәсілдері мен формаларын, олардың арасындағы синтаксистік катынас түрін ажыратудың да өзіндік мэні бар.

Осыған орай, тіл білімінде сөз тіркестерін басыңкы сыңарларының кай сөз табынан жасалуына карай есімді сөз тіркесі жэне етістікті сөз тіркесі: байланысу формасына карай: кабыса байланысқан, матаса байланыскан. меңгеріле, жанаса байланыскан сөз тіркестері; байланысу тәсіліне қарай: аналитикалык тәсіл, синтетикалық тэсіл, аналитика — синтетикалық тэсіл арқылы байланыскан; синтаксистік қатынасына карай: атрибутивтік, объектілік, адвербиальдык катынастағы тіркестер деп ажыратылады.

Жоғарыда айтылған мәселелердің бэрі синтаксистің сөз тіркесі деп аталатын саласының өзіндік қиындығы мен күрмеуі мол, оның сан кырлы аспектілері ашылып, ғылыми орнықкан кағидалары басшылыкка алынатынын ұмытпауымыз керек.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля