Сақ дәуіріндегі қоғамдық құрылымның деңгейі

20 сентября, 2018 22:20

 

Б.з.д. I мыңжылдықтың басында сақ қоғамымдағы алғашқы рулық қатынастар ыдырап, жаңа әлеуметтік кұрылымын калыптасу үрдісінің жедел жүруімен сипатталады (қола дәуіріне үш- ғасырға жатады).

Алғашкы рулық қатынастардың ыдырау заманы әскери демократия кезеңі немесе алғашқы көршілік қауым кезеңі деп атайды. Сақ заманындағы қоғамдық құрылысының құрылымын сұлбалық тұрғыдан былайша елестетуге болады:

  1. Патронимия — шағын туыс отбасылар тобы. Бұл құрылымның патрономия деп аталған төменгі ұясы өрбіген үлкен патриархаттық-рулық әулеттің үлкейігі, табиғи бөлшектенуі нәтижесінде құрылды. Ол бөлінген әулет басшысының есімімен аталады (патрон).
  2. Көшпелі жайылымдылық қауым патронимиялар жиынтығынан құралады. Оның негізіне өндірістік, аумактық белгі алынды, бірақ көшпелі және жартылай көшпелі қауымдарға тән белгі рулық институттардың консерватизімінде және отбасылардың бірігу принциптеріне олардың ықпалының күштілігінде болды.
  3. Тайпа коғамдык құрылыстың маңызды сатысына айналды. Жоғарыда көрсетілген белгілері әрі қарай дамиды. Тайпаға тән ең басты этникалык және саяси сипаттардың қатарына оның өз жерінің, атының және осы тайпаға тән диалектінің болуы, діни ұғымдарының және діни ғұрыптарының ортақтығын, орта істерді талқылау үшін тайпалық кеңестің, жоғарғы көсем мен әскери басшының болуы тән болды. Бүл енді әскери-демократиялык құрылыс ие болған қоғамдык билік пен баскарудың ұйымдастырылу түріне айналды (тайпалық одақтар).
  4. Тайпалык одақтар алғашқы коғамның ыдырау заманының әлеуметтік ортақтығының жаңа және жоғарғы үлесі болды. Жоғарыда аталған белгілер жаңа деңгейге шыкты — патша (жоғаргы тайна одағының көсемі), эскер, әскери кеңес, яғни мемлекетгіліктің бастапқы көріністері шығып келе жатты (аумақ, билік,әскер, заң, тіл…) Б.з.д. 1 мыңжылдықтың орта шеніндеғі тайпалық одақтар мемлекеттіліктің тууының алғашқы сатысы болды. Сайланып койылатын косемдердің қолына азаматтық және олардың басымдылығы мен әскери билік шоғырланды, әскери жасактар құрылды.
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля