СЕПТЕУЛІКТЕР

8 апреля, 2018 10:47

 

Объекті мен объектінің арсындагы әр қилы грамматикалык катынасты білдіріп, белгілі бір септік жалғауын керек етіп тұратын сөздерді септеуліктер деп атаймыз.

Септеулік шылаулар мағынасы мен қызметіне карай септік жалғауларына ұксайды. Сондықтан да олар өзі тіркескен сөзінің белгілі бір септікте тұруын қажет етеді. Септеуліктер өздері тіркескен создерге себептік, багыттык, мақсаттык, мезгілдік, болжалдық, бірлестік, талгау, таңдау т.б. мағыналар үстейді. Мысалы, Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тэртіп керек (М.Әуезов). Халыктың кемеліне келіп өркендеп өсуі үшін ең алдымен азаттық пен білім кажет (Ш.Уәлиханов). Ана тілі халық болып жасалганнан бері жан дүниесінін айнасы, өсіп-өніп, • түрлене беретін, мәңгі кұламайтын бәйтерегі (Ж.Аймауытов). Қабілеттілік те бұлшық ет тәрізді жаттығумен жетіледі (В.Обручев). Таптырмайтын ең асыл нәрселер: өнеріміз жайлы, жеткен, жетпеген жақтарымыз жайлы айтылған, дуалы ауыздан шыққан кұнды пікірлер болды (Ш.Жиенкұлова).

і Септеулік шылауларды зерттеген ғаламдардың бірі — Ф.Кенжебаева. Ол септеуліктердің негізгі кызметі мен магыналык түрлерін, баска шылаулармен ұксастығы мен айырмашылығын көрсетеді. Ғалым Ф.Кенжебаева септеулік шылаулардың негізгі бірнеше ерекшеліктерін атайды: «Септеуліктердің бірінші ерекшеліктері — септік жалғауларындағы сөздерді меңгеріп, өздерінің әрбір септікті меңгеруіне карай топталуы болса, екінші ерекшелігі — сол меңгерген септіктеріне үстеме мағына қосып, олардың ұғымын нақтылауы. Үшіншіден, септеулік шылаулар септік жалғауындағы сөздердің кұрамына еніп, сол создерді келесі сөздерге септестіре байланыстырады да, олардың сөйлемдегі кызметін нақтылайды» [30].

Көптеген еңбектерде септеулік шылаулардың қандай септікпен тіркесетіндігі туралы ғана айтылып жүргені мэлім. Кейбір зерттеушілер мәселеге тереңірек барады. Септеулік шылаулардың белгілі бір септік формасындағы сөзбен тіркесетіндегі жайында ғылымда бірізді пікіркалыптаскан деуге болады. Мәселен, профессор Н.Оралбаева: «Септеулік шылаулар белгілі септік формасына байлаулы, эр септік формамен колданылатын тілде түрлі септеуліктер бар. Септеуліктер өзі тіркескен сөздің белгілі септікте тұруын қажет етеді» — дейді [33, 167]. Ғалым септеуліктер сөйлемде дербес сөзбен бірге бір магынаны білдіреді, сөйтіп олар біртұтас элемент қызметін аткарып, сөйлемнің мағыналы бір бөлшегі кызметінде жұмсалады деп санайды. Ғалым Н.Оралбаева септеулік шылауларды аналитикалық септікке жатқызады: «Әрине, септеулік шылаулардың заттардың арасындағы алуан түрлі катысты білдіретіні сөзсіз және олардың септеулік аталуы да белгілі дерекке негізделген. Олардың тіркесетін тұраісгы септіктері бар. Басқаша айтканда, олар белгілі септіктердің мағынасын гана толыктырады. Осы тұрақтылык тегін емес. Сондықтан казақ тілінде де аналитикалық септік нақтылы арнайы зерттеуді керек етеді» [33, 167-168].

Септеулік шылаулар          дербес сөз формасын            тандап,    талғап

тіркесетіндіктен, олар барлық септік жалғауларымен қолданыла бермейді. Септеуліктер атау, барыс, шығыс және көмектес септікте тұрған дербес сөздерге ғана тіркеседі. Септеуліктердің дербес сөз тұлғасын таңдауы, сол септеуліктің өзінің мағынасы мен тіркесетін септіктің мағынасының жақындығына байланысты.

Септеуліктер де басқа шылаулар сиякты өзіне               жалғау, жұрнақ

жалғамайды, яғни түрленбейді.

Септеуліктер зат есімдерге, заттанған басқа сөз таптарына, кимыл атауына (есіміне) тіркеседі. Оларға септеуліктер мынадай тұлгалардан кейін барып тіркеседі:

  1. Атау септігін меңгеретін септеуліктер: үшін, сайын, сиякты, секілді, тэрізді, туралы, арқылы, бойы, бойымен, бойынша, жайлы, жайында, шамалы, шакты, каралы.
  2. Барыс септігін меңгеретін септеуліктер: шейін, дейін, таман, жуык, тарта, карай, таяу, салым.
  3. Шығыс септігін меңгеретін септеуліктер: гөрі, кейін, соң, бері, әрі, бұрын, бетер.
  4. Көмектес септігін меңгеретін септеуліктер: катар, бірге, қабат.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля