Сын есімнін шырай категориясы

4 мая, 2018 17:58

  •  Лексика-грамматикалык категорияның бірі — шырай категориясы
  • Шырайдың түрлері, ол жайындагы көзқарастар.
  • Жай шырай проблемасы.

Шырай категориясы — баска сөз таптарында жоқ, тек сын есімге ғана тэн категория. Бірак, біріншіден сын есімнін бэрі бірдей, ягни сын есімнің сөз табына жататын сөздердің барлыгы шырай түлғаларымен түрленбейді, шырай түлғалары кез келген сын есімге жалғана бермейді. Мысалы: жаксы- жақсырак, жап-жақсы, тым жаксы. Үлкен-үлкендеу, үп- үлкен,аса үлкен. Ал таулы- таулырақ, не тап-таулы, кешкі-кешкілеу, кеп-кешкі деп шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі сапалык сын есімдерге шырай жұрнактары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналык тобының екінші тобы — катыстық сын есімдерге шырай жүрнактары жалгана алмайды да, одан шырай түрлері жасалмайды. Сонда шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалық түрі сапалық сын есімге ғана тэн. Екіншіден, сын есім — казак тілінде түрленбейтін сөз табы. Яғни сын есім өзінің семантикалык, кызметтік ерекшелігі — зат атаулының эр түрлі сапалык, сындык белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен айтканда, заттың эр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғандықган.сөйлеу процесінде осы мэнде негізінен зат есіммен тіркесіп колданылады.

Шырай категориясы затқа күбылысқа байланысты біртектес, бірынғайлас сынның, сапалык, белгінің түр-түстің сапалык сипаттың артык я кемдігін немесе тым артык я кем екенін білдіретін, белгілі косымшалар үстелу немесе баска тэсілдердін жүйелі жолдары аркылы жасалатын сапалық сын есімнің парадигмалык түрі. Сондықтан шырай категориясы, біріншіден, жалпы сын есім атаулының емес, тек сапалык сын есімнің, екіншіден, таза грамматикалык емес, лексика-грамматикалық категориясы боп табылады. Өйткені шырай қосымшалары сапалық сын есімдердін семантикасына өзгеріс енгізіп, косымша реңк үстейді, семантикалык жагынан үлкен мен үлкендеу, үп-үлкен, өте үлкен бірдей емес. Бүл семантикалык сын есімнің реңдік мэні немесе белгілі реңінің бір көрінісі боп табылады.

Қазак тіл білімінде шырай түрлері туралы да бірыңгай пікір жок. Профессор А.Ыскақовтың енбегінде жай шырай, салыстырмалы шырай, күшейтпелі шырай жэне асырмалы шырай көрсетілсе, 1967 жылғы «Қазақ тілі грамматикасында» салыстырмалы, бэсең я шагын шырай, күшейтпелі шырай жэне асырмалы шырай деп төрт түрлі шырай түрі аталган. Профессор С.Исаев шырайдың сапалык сын есімнің лексика-грамматикалык категориясы ретінде екі-ақ түрін көрсетеді: салыстырмалы шырай жэне күшейтпелі шырай.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля