ҚҰРМАЛАС СӨЙЛЕМ ТҮРЛЕРІ

5 мая, 2018 11:15

 

Лингвистикалык ғылымда құрмалас сөйлемдерді топтастыру принциптерінің бірнеше түрі пайдаланылып келеді. Олардың ең бастылары: дәстүрлік және кұрылымдык -семантикалық.

Дэстүрлік топтастыру бойынша кұрмалас сөйлемдер салалас, сабақтас, аралас болып үшке бөлінеді. Ал кұрылымдык-семантикалық топтастырғанда құрмалас сөйлемдер жалғаулыкты жэне жалғаулықсыз болып сараланады.

Салалас пен сабақтас             кұрмалас сөйлемдердің           арасындағы

айырмашылықтар — компоненттердің негізгі екі мүшесінің бір -бірімен синтаксистік               катынастарында,             әсіресе,                              компоненттердің      баяндауыш

формасында, сондай-ақ олардың компоненттерінің құрмаласу тэсілінде, мағыналык байланыстарында және интонациялык құбылыстарында.

Салалас кұрмалас сөйлемнің баяндауыштары тиянакты болса, сабақтас кұрмалас сөйлемнің багыныңкы сөйлем баяндауышы басыңқы сөйлемге тэуелді, бағына байланысады.

Әзімбай бүны сүйсіне қостады, әрі оның соңгы сөзін қайта-қайта еске алды /М.Әуезов/ — салалас;

Абай бүгін әдейі бір үй ішті кеңесті оңаша сойлесейін деп, Магаш, Әбіштерді осында шақыртқан /М.Әуезов/ — сабактас.

Салалас пен сабақтастың арасында темендегідей айырым белгілері бар:

  1. Салалас кұрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауыштары тиянакты тұлгада тұрады да, ал сабақтас кұрмалас компоненттерінің алдыңғы сойлемінің баяндауышы тиянаксыз тұлғада болады.
  2. Салалас кұрмаластын баяндауыштары теңдік катынаста тұрып, салаласа байланысса, сабақтас кұрмаласта багыныңқы компонент баяндауышы басыңкы компонент баяндауышына багына байланысады.
  3. Салалас кұрмалас сөйлемнің кұрамындағы жай сөйлемдердін арасындағы интонациялык кідіріс біршама тиянакты болады да, сабактас кұрмаласіың сөйлемдері арасындағы интонация елеусіз немесе тиянаксыз болып келеді.
  4. Салалас кұрмалас компоненттерінің баяндауыштары өз бастауыштарымен қиыса байланыса келеді де, сабақтас құрмалас сөйлем компоненттерінің баяндауышы өз бастауыштарымен киыспайды.
  5. Салалас кұрмалас сөйлем компоненттерін бір-бірімен кұрмаластыру үшін жалгаулыктар қолданылса, ал сабақтас кұрмалас сөйлем компоненттерін құрмаластыруда септеулік шылаулар қолданылады.
  6. Салалас құрмалас сөйлемнің бір компоненті екінші компонентке тәуелсіз, оның ішіндегі мүшелерге байланыссыз болып келсе, сабактас кұрмалас сөйлемнің бағынышты компоненттерінің көпшілігі өзі меңгеріліп тұрған компоненттің белгілі бір мүшесіне тэуелді болып, соны түрлі жағынан айқындап, тұрлаусыз мүше тәрізденіп кетеді.

Салалас құрмалас сөйлем, оныц мағыналық түрлері

Салалас қүрмалас сөйлем дегеніміз кұрамы кемінде екі немесе бірнеше сөйлемнен кұралатын, кұрамындағы жай сөйлемдерінің баяндауыштары озара тең дәрежеде байланыскан сөйлемді айтамыз. Олар өз ішінде жалғаулыкты жэне жалғаулыксыз болып бөлінеді.

Жалғаулықты салалас кұрмалас сөйлемге компоненттері бір-бірімен жалғаулык шылаулар аркылы құрмаласатын салалас сөйлемдер жатады. Жалғаулықтардың қай түрінің қатынасы аркылы жасалып тұрғанына карай сөйлем де сол жалғаулық атымен аталып топталады. Алайда аталған топтардағы жалғаулыктардың магыналык жағынан белгілі бір ұксастыктары болғанымен, колданылу орнына, контекске карай олардың әрбіреуінің озіндік ерекше дербестіктері өте көп ұшырасып отырады.

Ал кұрмалас сөйлемнің басқа түрлеріне карағанда жалғаулыксыз салалас сөйлем компоненттерінің бір-бірімен байланысы онша тығыз, берік болмайды, оларда дербестік, формалык тиянактылык басым келеді.

Жалпы салалас құрмаластар жайында галымдар көп пікір айткан. А.Байтұрсынов салалас құрмалас сөйлемдер түрін 5-ке бөлді. Мұндағы «жайылыңкы, кайырыңкы, айырыңкы, сұйылыңкы, койылыңкы» сиякты атаулармен берілген салалас сөйлемдер кейінгі зерттеулердегі мезгілдес, карсылықты, талғаулы, түсіндірмелі деп аталып жүрген салалас кұрмаластарға сэйкес келеді (14,302). Ахаңның салалас кұрмаласка келтірген мысалдары, оның жіктелуі бүгінгі көзқараспен дәл келмесе де, кейінгі ғылым үшін бастама болды.

Н.Сауранбаев салаластарды жалгаулықты, жалғаулықсыз деп бөлмеген. Оның салалас кұрмалас деп танығаны — қазіргі казақ тіліндегі жалғаулыкты салаластар (58,34). Ол жалгаулықсыз салаластың барлык түрін тек іргелес кұрмалас деп атаған (58,26). Сондай-ак, кезінде автор үйірлі мүшелі жай сөйлемдерді кұрмалас сөйлемнің бір түрі деп карады. Ал екінші кітабында ол пікірін теріске шығарды. Қ.Жұбанов та салалас сөйлем компоненттерінің бір- бірімен кұрмаласуының 10 түрлі жолын көрсетіп, мағыналык катынастарына карай оларды: ыңгайлас, ереуіл, талгама, себеп-салдар, шарт-жагдай салалас деп 5-ке бөлді( 31,205).

Бертін келе 1971 жылы Қ.Мамытбековтың «Салалас құрмалас сөйлемдердің грамматикалык табиғаты жөніндегі» мақаласы жарык көрсе (43), Ж.Құсайынова салалас кұрмаластың бір түрі — түсіндірмелі туралы арнайы зерттеу еңбек жазды (39).

Негізінен салалас сөйлемдер мағыналық катынастарына қарай бірнеше түрге бөлінеді.

}/ Ынгайлас /мезгілдес/ салалас кұрмалас сөіілем. Мезгілдес немесе ыңгайлассалалас сөйлем компоненттері бір .мезгілде я болмаса біріне-бірі жалғаса іркес-тіркес болған, іле-шала болған іс-әрекеттерді, жай-күйді баяндайды. Тек компоненттерінің байланысу жолындағы ерекшелігі болмаса, магыналык катынасы жағынан ыңғайлас салаластың жалгаулықты да, жалғаулықсыз да түрі бірдей.

Әзімбай бұны сүйсіне қостады, оның соңгы сөзін қайта-қайта есіне алды / М.Әуезов/.

Бейбіт жылқыны сауырынан салып қалуы мүң екен, ол түрган жерінен ата жөнелді (М.Әуезов).

Себеп-салдар /себептес/ салалас қүрмалас сөйлем. Бір сөйлемде айтылған іс-кимылдың, жай-күйдің себебі білдірілсе, екінші сөйлем сол себептен туган салдарды, нәтижені білдіретін, керісінше біріншісі нәтижені, екіншісі соның себебін білдіретін болса, онда ол сөйлемдер себеп-салдар немесе себептес сөйлемдер деп аталады. Бұл сөйлемдер де бірде жалгаулыкты, бірде жалғаулыксыз болып келеді.

Менің эндерімді тыңдаушы да, сынаушы да, салушы да халық. сондықтан біздің жиган-тергендеріміздің бәрі халықтікі.

Мен қорықпаймын, әжем кеше сүрап алган /Б.Майлин/.

Қарсылықты салалас қүрмалас сөйлем. Құрмалас сөйлемнің бұл түріне кұрамындағы сөйлемдердің бірінде айтылған ой, іс-әрекет екінші сөйлемде жүзеге аскан жай-күйге, іс-кимылға карама-қарсы келеді. Сондыктан да карсылыкты салалас деп аталады. Жалғаулықты да, жалғаулықсыз да түрі болады.

Өлең шыгаруга ойланып та көрем, бірақ ол қолымнан келмейді /С.Мұканов/. Қасындагы үсақ қыздар мен қалыңдық та күліп алдаусыратпақ бплып еді, Абай мен Ербол оган көнген жоқ /М.Әуезов/.

Түсіндірмелі салалас қүрмалас сөйлем. Түсіндірмелі /іліктес/ салалас сөйлем дегеніміз — бірінші компоненті жалпылық мәнде келіп, кейінгі компоненттерінде оның мэні не болмаса себебі түсіндіріліп, сараланып келген сөйлемді айтамыз. Салалас сөйлемнің бұл түрінің өзіндік ерекшеліктері де бар.

  1. Алғашқы жай сөйлемнің баяндауышы қызметін аткарып тұрган, сонымен бірге екі жай сөйлемді кұрмаластырушы болып түрған сол,сониіама. сониіалық, сондай сөздері өз бастауыштарының іс-әрекет, жай-күйлерін өздері ашпайды, сол баяндалатын қимылға, жағдайга ерекше көңіл аударту мақсатымен келесі сөйлемге сілтейді де, оның мәнісі келесі немесе екінші сөйлемде ашылады. Соның қорытындысында кейінгі жай сойлем түтасымен алдыңғы жай сөйлемнің баяндауышы орнына тұрғандай болып, соның білдіруге тиісті мағынасын білдіреді.

Өз ойының әуресімен жүріп кеткені соншама, Абай ел ішінің жайларынан оқшау қалган екен /М.Әуезов/.

  1. Құрмалас сөйлемнің кұрамындағы алғашкы сөйлем іс-эрекет, окиганы жалпы көрсетеді де, калған сөйлемдері сол іс-окиғаның мэн-жайын ашып, түсіндіріп тұрады. Мұндай түсіндірмелі сөйлемдер не екі, не үш сөйлемдерден кұралады.

Табигатта тыңайтқыштың екі түрі бар: бірі органикалық тыңайтқыіи, екіншісі — минералды тыңайтқыш /»Өсімдіктану” оқулығы/. Немесе, озге балалар енді байқады: қарауытып көрінген догарылган аттар скен ГБалдырған” журналы/.

  1. Түсіндірмелі салаластар тек орын тэртібі аркылы ғана байланысады. Яғни жалғаулықты түрі болмайды.

Шартты салалас қүрмалас сөйлем. Құрамындағы компоненттер мағыналары өзара шарттас, яғни, бірінде айтылған іс-әрекеттің екіншісі шартын білдірсе, не болмаса керісінше екінші сөйлемде берілген ой алдыңғы сойлем шартын білдірсе, ондай сөйлемді шартты салалас сөйлем дейміз.

Егер Бигайшаның үйіне қарай аяқ басушы болсаң, менен жақсылық таппа /Т.Садык/.

Шартты салалас сөйлемдер ара-тұра жалғаулыкты болып та келеді:

Сен келісім бер, әйтпесе мен саган жоқпын.

Салыстырмалы салалас қүрмалас сөйлем. Бұл сөйлемдер жалғаулыксыз болып келеді. Екі түрлі субъектінің іс-әрекеттерін, қасиеттерін, жай-күйлерін салыстыра баяндайтын кұрмалас сөйлемнің түрін салыстырмалы салалас сөйлем дейміз.

Тау мен тасты су бүзар, адамзатты сөз бүзар /Макал/.

Талгаулы салалас қүрмалас сөйлем. Талғаулы салалас сойлем компоненттерінде баяндалған іс-әрекет, окиға, жай-күй талғанып, екшеліп, сол іс-әрекеттің біреуінің жүзеге асатындығы білдіріледі. Талгаулы салаластын компоненттері салалас кұрмаластың баска түрлеріндей емес, тек интонациялык жағынан болмаса, мағыналык жағынан бір-біріне тәуелсіз, дербес әрекеттерді баяндайды. Сондай-ак оның баска салалас түрлерінен озгешелігі кұрамына енген жай сөйлемдер бір-бірімен жалғаулықсыз құрмаласа алмайды, тек жалғаулыктар арқылы кұрмаласады. Себебі жогарыда айтылғандай компоненттері мағыналык жагынан бір-бірімен байланысып жатпай, әрқайсысы өз алдына жеке эрекеттерді білдіріп тұруларына катысты. Мағына жағынан байланыс болмағандыктан, талғаулы жалғаулықтар аркылы байланысып тұрады. Ал бұл дэнекер сөздерді түсіріп айтсак, сөйлем құрмаластық касиетінен айрылып, бөлек-бөлек сөйлем болып қалады.

Сіз маган жалақымды бересіз, не екеуміз басқаша сөйлесеміз /А.Грин/. Бул істің іиындыгын не көзімен көрген айтар, немесе құлагымен естіген айтар /Ә.Әбішев/.

Кезектес салалас қурмалас сөйлем. Кезектес салалас сөйлем деп құрамына енген жай сөйлемдердін мағынасынан байқалатын іс-эрекеттердің бірінен соң бірі кезектесіп отыратындығын білдіретін салалас кұрмалас сөйлемді айтамыз. Бұл сөйлемде үнемі жалғаулықты болады. Сөйлем компоненттері бір-бірімен кейде, бірде, біресе сынды кезектес жалғаулықтар аркылы құрмаласады.

Раушан бірде ақтарыла салатындай сондайлық жақын көрінеді, бірде ол сапқын тартып алыстап кетеді /Т.Ахтанов/.

Ханыша осьілайша ауыргандай,

Аьыласа, кейде демі таңды ургандай.

Жатады күйді тыңдай, кейде жылап Жастыққа жылы жаңбыр жаудыргандай

.                                      /І.Жансүгіров/.

Салаластың кеп компонентті түрі соңгы жағында арнайы баяндалатындықтан, бұл жерде сөз козғамаймыз.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля