30 марта, 2018 22:55
Сын есім-өзіндік мағынасы, морфологиялык белгілері, син-таксистік кызметі бар жеке сөз табы. Сын есім жеке сөз табы ретінде А.Байтұрсыновтың “Тіл-кұрал” окулығында танылған. Окулықта сын есімге“Сөздің кейбіреулері нәрсенің сынын атайды. Осындай нәрселердің сынын көрсететін сөздер сын есімдер деп аталады. Сын есімнің сұрауы: кандай? (7, 162),-деген кыскаша анықтама берілген.
Ғалымның казақ тілді пэн ретінде үйрететін оқулығындағы жеке сөз табы ретінде танылған сын есім туралы пікір кейінгі еңбектерде де жалғасын тапты.Қ.Жүбанов “Қазақ емлесі мен грамматикасының кейбір мэселелері”атты макаласында заттың не істің сипат белгісін көрсететін, шырай үстеулері мен үстеуіштерін ертетін, зат есімге де, етістікке де аныктауыш бола алатын…(16, 234) түбірді сын есім деп атаған. Кейінгі казак тіл білімінің жетілу, даму кезеңінде жарық көрген оқулықтарда сын есімге “заттың сапасын, сипатын, қасиетін, көлемін,салмағын, түсін(түр-реңін) және басқа сол сиякты сыр- сипаттарын білдіретін лексика-грамматикалық сөз табы(63, 174),” “Сын есімнің табиги кызметі ешбір өзгеріске түспей-ак зат есіммен тіркесіп, заттың алуан түрлі қасиетін, сындык белгісін білдіру(31, 67) «деген анықтамалар берілген. Олай болса, сын есім зат есімнің сын-сипатын білдіріп, зат есімді гана анықтайды. Мысалы, терең көл, қатты агаш, ұзын арқан, тұнық су, сұлу қыз, ақылдьі жігіт, биік тау т.б.Бірак сын есім кейде етістікті де анықтайды. Мысалы, Қайтып кірер есікті қатты серіппе. Жасы өзгелерден кішірек, аласа бойлы, жұқа жүзді Айтқазы болыс, өзгенің бәрінен бұрын, Базаралымен жақсы амандасты(М.Әуезов). Осы сөйлемдердегі қатты, жақсы деген сөздер-сын есімдер. Олар сөйлемдердегі етістіктерге қатысты болып, олардың сындык сапасын айкындап, пысыктауыш кызметінде тұр. Бұл жөнінде проф. М.Балакаев еңбегінде анық айтылған: “Сын есімдердің етістіктермен тіркесуі сирек кездесетін күбылыс. Барлық сын есім етістікке тіркесе бермейді, барлык етістікке сын есім бірдей қатысты бола бермейді. Сын есімдер етістіктермен тіркескенде кимылга не күйге тән қасиетті, сапаны білдіреді.
Сын есімді сез тіркестерін құрайтын етістіктер сан жағынан көп емес, тек кісінің (не заттың) ішкі сезімін, күйін, кабылдау қабілетін білдіретін сөйлеу, түсіну, оқу, жазу, секіру, ойнау сияқты жэне кейде қимылды, қозғалысты білдіретін кес, піш, байла, тура тэрізді сабақты етістіктер бірқатар сын есімдермен мағыналық байланысты бола алады(8, 86),”-дей келіп, бұл пікірін одан эрі “олардың (сын есімдер-Ж.Б.) лексикалық мағыналары етістіктердің мағыналарымен үйлесімді, солармен тіркесе алады(8, 201),”-деп нактылаған.
Олай болса, аз гана сын есімнің санаулы етістікпен тіркесіп келуі сын есімнің негізгі табиғи қызметін-зат есіммен тіркесіп, зат-тың алуан түрлі сындық белгісін білдіруден-өзгертпейді.
Сондықтан да “Қазақ тілінің грамматикасында”(1967) “Бір қатар сын есімдердің зат есімдерді аныктаулармен бірге, етістікті де аныктап, сөйлемде пысықтауыш кызметін атқарып, үстеу ретінде колданылуына карап оларды бірде сын есім, бірде үстеуге жаткызуға болмайды… үстеу кызмегінде жұмсала отырып, өз мағынасын жоймайды, яғни соның өзінде де сын есім болып тұрады(31, 68),”- деп көрсетілген.
Сын есімдерді басқа сөз табынан ерекшелейтін белгісі-бір түрлі сындык белгінің ақикат өмірде түрлі дәрежеде болуын білді-ретін, оның шырай категориясы. Осы категорияны жан-жакты зертгеген- Ғ.Мұсабаев.(39) Ғалым бұл еңбегінде шырай категориясының зерггелуіне кысқаша сипаттама беріп, шырайлардың түрлері және олардың жасалу жолдарына тоқталған. Ал Ж. Шакенов қазақ тіліндегі сын есім категориясын жан- жақты карастырған еңбек жазды. Ғалымның еңбегінде түркі тілдерінде сын есім категориясының XIX ғасырдан бастап зерттеле басталғандыгы айтылған. Автор сын есім мэселесін алғаш сөз еткен проф. А. Казембек екендігін оның еңбектерінен үзінділер келтіре отырып дэлелдеген. Бұдан кейін А.К. Боровков, И.А. Батманов, Н.К. Дыренкова, А.Н. Кононов, А. Баскаков, Н.К. Дмитриев, М. Терентьев, П.М. Мелиоранский, В.В. Катаринский секілді түркологтар еңбектеріндегі сын есімге катысты пікірлерге талдау жасаған. Сондай- ак казақ тіл біліміндегі сын есім мәселесіне байланысты көзқарастарға тоқтала келіп, автордың бұл еңбекті жазудағы негізгі мақсаты- “сын есім мэселесінде айтылған бұрын- соңды пікірлерді камти отырып, бүтіндей қазіргі казак тіліндегі сын есім категориясын белгілі жүйеге түсіріп айтып беру (58, 15)“ болған. Ғалым осы максатына сай сын есімнің түркологияда, казак тіл білімінде зерттелуіне шолу жасай отырып, сын есімнің мағыналық түрлеріне, шырайларына және олардың жасалу жолдарына, сын есімнің тұлғасына жэне кұрылысына карай бөлінуіне, сын есімнің сөйлемдегі кызметі, сын есімнің зат есім, етістік, үстеумен байланысы, сын есімнің қызметінде жұмсалатын тұрақты сөз тіркестерін де камти отырып, белгілі бір жүйеде сипаттаған.
Сын есімнін жалпы сипаттамасы
Тіліміздегі заттың түрлі сындық белгілерін, салмағын, сапасын, сипатын, түсін, түрін, көлемін, аумағын сан алуан касиеттерін білдіретін сөздер улкен бір топ кұрайды. Осы топка жататын сөздердің лексикалык—магЁІналарының жалпылануы, абстракциялануы нэтижесінде оларда заттың сындық белгісін білдіретін жалпы грамматикалык магына пайда боладьі; Заттың ‘ сындьік белгісін байкататын жалпы грамматикалык мағына сын есім деген жеке сөз табын тануга мүмкіндік береді. Сондыктан ғылымдағы сөздерді таптастырудын бірінші белгісіне, ягни семантикалық ұстанымға сэйкес- “сын есім неше алуан сыр-сипатпен байланысты ұғымдарды білдіретін сөздердің лексика- грамматикалық тобы эрі зат есімнен кейінгі есесі де, еншісі де мол сөз табы(63, 174)” болып табылады.
Сөз таптарының морфологиялық сипатын сөз еткенде, ал-дымен олардын кұрылымы, екінші жасалу тәсілі, одан соң түрлену жүйесі ескерілуі керек^Осы тұрғыдан келгенде сын есім кұры-лымы жагынан жалаң жэне күрделі болып бөлінеді. Ал жалаң сын есімдер өз ішінде негізсі сын есімдер және туынды сын есімдер болып бөлінсе, күрделі сын есімдер біріккен, косарланған, тіркескен сын есімдер болып бөлінеді. Сын есімдер морфологиялық (синтетикалық), синтаксистік (аналитикалык), морфологиялык-синтаксистік (семантикалық) тэсілдер аркылы жасалады. Бірак бұл мэселе сөзжасамда қаралатындықтан, бұган тоқталмаймыз.
Сөздерді топтарға бөлгенде олардың грамматикалық сипатын ашатын белгілердің бірі ретінде сөздердің түрлену жүйесі де еске-ріледі. Мысалы, зат есім өзінің көптелу, тэуелдену, септелу жүйелері арқылы басқа сөз таптарынан ажыратылады. Бірақ сын есімде мұндай түрлену жүйесі жоқ, яғни сын есім өзінің негізгі қызметіне сай зат есімге тіркесіп, оны аныктағанда, ешқандай өзгеріске ұшырамайды. Сондықтан сын есім түрленбейтін сөз табына жатады. Сын есімнің тұлғалық өзгеріске түспеуі, түрленбеуі сөздерді таптастырудың морфологияльщ ұстанымына байланысты белгісі болып есептеледі, өйткені “түрлену жүйесіне (немесе оған қарама-қайшы түрленбеуге) негізделген категориялық грамматикалық мағына жүйесі мен грамматикалық категорияларының болу-болмауы сөздерді таптастырудың екінші негізгі (морфологиялық) принципі (32, 439).” Бірақ сын есімде басқа сөз таптарында кездеспейтін шырай категориясы бар. Ғылымда калыптасқан қағида бойынша жеке сөз табы бола-тын сөздер сөйлемде белгілі қызмет атқарып, басқа сөздермен байланыска түседі. Осы тұргыдан келгенде сын есім зат есімдермен тіркесіп, сөйлемде анықтауыш қызметін аткарады. Олай болса сын есімнің белгілі сөйлем мүшесі бола алу кабілеті -оның синтаксистік ұстанымға сай белгісі. Осы айтылған ерекшеліктер сын есімді жеке сөз табы ретінде танытатын белгілер деп есептеледі. Сондықтан “Сын есім” такырыбын да үш блокка бөліп қарастыруга болады: