Сөздерді топтастыру принциптері

2 апреля, 2018 12:51

 

 

І .Сөздерді лексикалық магынаның мэніне карай бөлу.

  1. Сөздердін лексика-семантикалық, лексика-грамматикалық мағынасына карай сипаты. Семантикалық принциптің сипаты .
  2. Сөздердің грамматикалык сипатына, түрлену жүйесіне карай ерекшеліктері.
  3. Сөздердің синтаксистік сипаты.

Сөздерді семантика-күрылымдық топтарга бөлудің грамматикалык ілім ретінде тым ерге замандарда пайда болуы , сол дэуір ойшылдарының тіл табигатын тани түсу үшін сөздерді осылайша жіктеудің де кажеттігін түсіне білуі — морфологияның өзекті мэселе болгандығын дэлелдейді.

А.Байтұрсынов «Тіл күралы» атты енбегінде казак тіліндегі сөздерді эуелі атауыш сөздер, шылау сөздер, одағай деп үш топқа бөледі. Ғалым атауыш сөздер тобына зат есім, сын есім, сан есім, есімдік, етістік, ал шылау сөздер тобына үстеу, демеу, жалгаулыкты жаткызады. А.Байтүрсынов қазақ тілі сөздерін үш топка жіктегенде негізінен сөздердің лексикалык мағынасын басшылыкка алады, ягни сөздердің лексикалык магынасы негізінде каншалықты дербес, дербес еместігін ескереді. А.Байтүрсынов осы үлкен үш сөз тобын эрі карай іштей жіктеп, қазак тілінде тоғыз сөз табы бар деп көрсетті. Олар: зат есім , сын есім, сан есім, есімдік, етістік, үстеу, демеу, жалгау, одағай. Одагайды ғалым еліктеуіш жэне лептеуіш деп екіге бөледі, бірак эрқайсысы жеке сөз табы ретінде танылмаған.

Профессор Қ.Жүбанов өзінін «Қазак тіліндегі сөз таптары » атты еңбегін жарыкка шығара алмай кеткен, кейіннен бүл енбек жоғалып кеткен.

Қ.Жүбанов атындағы Ақтөбе университетіндегі «Жүбановтану» зертханасы корынан ғалымның бұрын-соңды баспа бетін көре алмаған еңбектерін зерделеу кезінде сөздерді семантика-кұрылымдык топтарга бөлу ісіне тікелей катысты ой-түжырымдар ұшыраскан. Қ Жүбанов сөздерді тапқа айырғанда үш түрлі негізге суйенеміз деген:

1 Лексикалык касиеттеріне;

  1. Морфологиялық қасиеттеріне карай, қандай косымша, кандай косалқы еретіндігіне карай;
  2. Сөйлемде кай мүше болатындығына карай, қай орында түратындыгына карай — деп үш принципті шегелей атайды.

1934-1935 жылы Қ.Жүбанов айтып көрсеткен бүл принциптер бүкіл түркология үшін үлкен жаңалық еді.

Қ.Жұбанов қазак тілі создерін түбір, шылау, одағай деп үш үлкен тапка жіктейді. «Түбір тапқа» зат есім, сын есім, сан есім, мезгіл-мекен есім( үстеу), орынбасар, етістікті жатқызса, «Шылаулар» тобына үстеуіш(септеулік), жалғаулықтар(+демеуліктер), одағайды жеке топ ретінде карайды . Қ.Жұбанов казак тілі сөздерін зат есім, сын есім, сан есім, мезгіл- мекен есім, орынбасар, етістік, шылау кейде косалқы, одағай деген таптарға бөлді.

Академиялык грамматика (1967) казак тіліндегі сөздер семантикалык жэне морфологиялык белгілеріне карай, ең эуелі атаушы сөздер, көмекші сөздер жэне одагай сөздер деп аталатын үш топқа бөлінеді деп көрсетілсе, А.Ысқаков еңбегінде де осы аталган атауыш сөздер, көмекші сөздер жэне одағай сөздер көрсетіледі.

Атаушы сөздер деп өмірде кездесетін үгымдар мен түсініктерді не тікелей, не жанай білдіріп, олардын атаулары ретінде кабылданатын жэне жүмсалатын, өздеріне тэн толық лексикалық магыналары бар, соған лайық, калыптасқан өзді-өздерінің дыбыстық кұрамдары мен екпіндері бар дербес сөздерді атайды. Атаушы сөздер, өздеріне тэн дербес мағыналары болатындықтан, адамның қатынас кұралына негізгі аркау я таяныш есебінде кызмет етеді де, өзге сөздермен тіркесіп те, тіркеспей жеке-дара тұрып та керегінше колданыла береді. Олар тілдің грамматикалық заңына лайық түрленіп те, түрленбей де жұмсалып, сөйлемге өз алдына мүше бола алады жэне олардан тілдегі калыптаскан тэсілдер бойынша баска да туында атаушы сөздер жасала береді. Сөйтіп, атаушы сөздер дегеніміз лексикалык та, грамматикалық та дербестігі бар, өзге сөздермен тиісті байланыс-катынасқа түскенде, эр алуан қосымша магыналарды білдіре алатын сөздер.

Көмекші сөздер деп дербес лексикалық магыналары я солгындаган, я жогалган жэрдемші сөздерді атаймыз. Көмекші сөздердің кейбірі дыбыстық жагынан тұраксыз болады да, эдетге өз алдына екпіні болмайды. Дербес мағыналары болмайтындықтан, көмекші сөздер тек атаушы сөздермен тіркесіп жұмсалады жэне соган орай сейлемде өз алдына мүше бола алмайды, немесе күрделі мүшенін кұрамына енеді, немесе сөйлемдердің я сөз тіркестерінің дербес мүшелерінің араларын байланыстыратын дэнекер есебінде кызмет етеді.

Одагай сөздер деп адамның эркилы сезім күйімен байланысты айтылатын сөздерді атаймыз. Өздерінің шығу ерекшеліктеріне карай одагайлардың өзге сөздермен, атаушы сөздермен де, көмекші сөздермен де семантикалык байланыс катынасы болмайды, сондыктан сөйлемнің мүшесі болмайды, бірак олар бүтіндей сөйлемнін орнына балама есебінде жүреді.

Сөздерді грамматикалық топтарга ягни сөз таптарына жіктеуде , топтастыруда ұсынылатын басты принцип — семантикалық иршп/н«(грамматикалык-семантикалык). Екіншіден, осындай грамматикалык топтарға белгілі — белгілі өзіндік түрлену жүйесі, өзгеру, тұлғалык парадигмасы немесе бұған қарама-қайшы түрленбеу, тұлғалық өзгеріске түспеу тэн болып келеді. Сондыктан түрлену жүйесіне негізделген категориялық грамматикалык мағына жүйесі мен грамматикалык категорияларының болу-болмауы сөздерді топтастырудың екінші негізгі морфологиялық принцип сөздердің түрлену жүйесі болып табылады. Мысалы: зат есім мен етістік түрленетін сөз табы болып есептелсе, сын есім мен үстеу түрленбейтін сөз табына жатады. Сөздерді топтастырудың үшінші синтаксистік принципі сөздердің сөйлемде өзіне тэн белгілі кызмет атқаруымен жэне сол сөздермен тіркесу сипатымен ягни кандай топтагы сөздермен калай тіркесе алуымен байланысты.Осы көрсетілген принциптер негізінде атаушы сөздерді мынадай сөз таптарына бөліп карауға болады: зат атауын білдіретін — зат есім, заттың эр түрлі сынын , қатыстық белгісін білдіретін — сын есім , заттың сандық мөлшерін білдіретін — сан есім, сөздердің орнына жүретін орынбасар сөздер — есімдік, қимыл іс-эрекетті білдіретін — етістік, кимыл іс-эрекеттің эр түрлі сипатын (амал, мезгіл, максат, себеп) білдіретін — үстеу, дыбыстарға , кимыл — қозғалыстарға еліктеп аталатын — еліктеу сөздер болып бөлінеді. осы атаушы сөздерден баска көмекші сөздердің бір түрі шылау жэне одагай сөздер мен модаль (С.Исаев) сөздер де жеке-жеке сөз табы болып каралады, өйткені олардын жеке лексикалык мағыналары болмаса да өзі катысты сөзге я сөйлемге қосымша грамматикалык мэн үстейді немесе ойға катысты (көңіл-күй я модальдылық) мэндер қосады. Сөйтіп, қазақ тілінде А.Ысқақов, Қазақ тілі грамматикасында тогыз сөз табы көрсетілсе, С.Исаев оныншы сөз табы ретінде модаль сөздерді қосады. Ғалым модаль сөздерді жеке сөз табы ретінде катарга косып отыр. 2002 жылғы грамматикада модаль сөздер жеке сөз табы ретінде каралган

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля