Сөздікке енген бірліктердін түлғаларына қарай болінісі

16 марта, 2018 17:52

 

Сөздікке енген бірліктердің тұлғаларына қарай морфологияльщ сөздік, сөз

тіркестерінің сөздігі, фразеологиялық сөздік болып бөлінеді.

Фразеологиялық сөздік

Фразеологиялык сөздік тілдегі түрақты сөз тіркестерін камтиды. Қазак тілінің алғаш фразеологиялык сөздігі 1977 жылы акад. І.Кеңесбаевтың авторлығымен жарыкка шыкты. Әрбір фразеологизмнің мағынасына түсініктеме берген. Мысалдар халкымыздың бай ауыз әдебиетінен, классикалык эдебиеттен, көне жазба нұсқалардан, газет, журналдар мен гылыми кітаптардан, ауызекі тілден алынган. Сөздіктің жалпы құрылысы мен жасалу тәсілі сөздікті пайдаланушы үшін өте колайлы етіп жасалған.

Тіліміздегі көптеген фразеологизмдердің кұрамындағы кейбір сөздер ыкшамдалып та, толықтай қолданыла береді. Сондықтан да сөздікте бүлар бір реестрде берілген: Аруагына (құдайына) сыйынды (табьшды). Сол сияқты кейбір фразеологизмдер қосымшалы және қосымшасыз түрде колданыла беретіндіктен, олар бір ұяда берілген: Қу (ды) мініп құлан (-ды) құрықтады.

Бірнешс етістік катар тіркесетін жерде ол етістіктер варианттар сссбіндс тік жақша арқылы көрсетілін отырады:

Бас қосты [кұрды]., Базары тоқтады [өтті, кетті]; Байланысып қалды [тұрды] т.б.

Реестрдегі белгілі бір фразеологизмге берілген иллюстрациядан соң оның кімнен, кайдан алынғаны жакша ішінде қысқартылып көрсетілген. Мысалы: М.Ә. — Мұхтар Әуезов; ҚБ — «Қобыланды батыр» т.б. Тек Абай Құнанбаев,

88

Жамбыл Жабаев — Абай, Жамбыл түрінде алынды.

Сөздікте көне, діни, алғыс, карғыс, тілек, диалект сөздер сирек те болса кездесетіндіктен оларға стилистикалық белгілер койылған.

Мысалы: Дем салды діни. Ауру кісіні қожа- молдага үшкіртті. Молданы тезірек шақырып, дем салдырмаса болмас,- деп еді, бала жастықтан басын жұлып алып, міңгірлеп басын шайқап қолын сілтеді. (Б.Тұр.).

Фразеологизмнің басқы, орта шенінде келетін синонимдес сөздер тік жакша ішінде беріліп отырған. Жүрегі өрт [от] боп жанды. Өзегі өртенді, қапа болды, қайгырды, уайымдады. Лашынның жаны күйініп, жүрегі өрт бон жанады. (С.С.) Жалғыз-ақ, өлейін деп өле алмай, өз жанын қия алмай, қайгылы, қапада, күндіз-түні жапада, жылау да еңіреу, бәрінен де көңілі қальіп, жүрегі от боп жаньіп, колынан келері жок болып жүрген сорлы Қамар халін көріп, жаны ашитын Омар гана еді (С.Т.)

Сөздіктің соңында «Шартты қысқартулар» тізімі мен индикс ретінде «сөз тізбе» берілген.

Туынды сөздер тізбегі

Бүл «Сөздік» — тіліміздегі сөз кұрамының, сөздердің кандай морфологиялық (синтетикалық) жэне синтаксистік (аналитикалык) амал- тәсілдер аркылы жасалатынын, ондағы заңдылыктар мен әр алуан кұбылыстарды жүйелі түрде анықтап беру, сол аркылы оны дэл танып үйрену жұмысын жеңілдету үшін арнайы жасалған құрал. Сондықтан «Сөздік» қазақ тіліндегі туынды сөздер құрамындагы морфемалық тұлғалар мен олардың өзара байланысы жөнінде, сондай-ақ түбір тұлға мен туынды тұлғалардың кұрылымы жайында дұрыс эрі жүйелі түсінік беруді көздейді. [42.3].

Бұл сөздікте тілімізде бар туынды сөздердің кұрамы, тұлғалык түзілісі аныктала отырып, синхронды морфологиялық талдау амалы колданган. Мысалы: Қуан /ыш/та/у, куан/ыш/ты т.б.

Сөздікте 14 мыңға жуық сөз камтылған. Соңында екі түрлі косымша материал берілді: №1 қосымшада «қазақ тіліндегі сөзжасам жұрнактар алфавиттік тэртіппен түзілді», №2 қосымшада «туынды сөздер құрамындағы кейбір дыбыстардың әдеттен тыс қосылып айтылуы, түсіп қалуы жэне дыбыстардың алмасуы сияқты фонетикалық заңдылықтар келтірілді» [42.6].

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля