Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында волейбол жарысы өтті

16 марта, 2018 16:35

Н.Ә.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы аясында волейбол жарысы өтті

Өткен жылы сәуір айында Мемлекет басшысының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласы жарық көрген болатын. Содан бері бүкіл ел аумағында ондағы тапсырмаларды жүзеге асыруға бағытталған түрлі іс-шаралар өтуде. Сондай іс-шаралардың бірі жастарды салауатты өмір салтына баулуда «Жастар есірткіге қарсы» атты ұранымен Жамбыл ауыл әкімшілігіне қарасты мектептер арасында Жамбыл атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімдері Ж.Бижігітов, С.Тәтеев және Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінің дене шынықтыру пәні мұғалімі Н.Қалауов ұстаздарымыздың ұйымдастыруымен Ш.Бектасов атындағы жалпы орта мектебінде мектеп оқушылары (ұл балдар) арасында волейбол жарысы өткізілді.

Волейбол жарысында Ш.Бектасов ЖОМ, Қ.Үкібаев ЖОМ, Жамбыл ЖОМ, С.Мұқанов ЖОМ, №117 НОМ мектеп оқушылары өзара мықтыны анықтады. Жарыс өте тартысты жағдайда, қызықты өтті. Бірінші орын үшін басты тартыс Қ.Үкібаев ЖОМ, Жамбыл ЖОМ, Ш.Бектасов ЖОМ оқушылары арасында өтті.

Барлық ойында жеңіске деген жігерлік таныта білген Жамбыл ЖОМ оқушылары бірінші орынды иеленді. Екінші орынды Ш.Бектасов ЖОМ,  үшінші орынды Қ.Үкібаев ЖОМ оқушылары иеленді. Барлық орынға ие болған командаларға аудандық спорт бөлімінің дипломдары тапсырылды. Бірінші орын алған Жамбыл ЖОМ оқушылары дене тәрбиесі мұғалімдері Ж.Бижігітов, С.Тәтеев, А.Қантөреев ағайларына өз алғыстарын білдірді.

Жасөспірімдердің спортқа деген қызығушылығын арттырып, салауатты өмір салтын ұстануға бейімдеу, құқық бұзушылықтың алдын алу  мақсатында осындай жарыстар көбейе берсе деген ауыл тұрғындары тарапынан ұсыныстар айтылып өз ризашылықтарын білдіріп жатты.

 

Мақтарал ауданы Жамбыл ауыл әкімшілігі Жамбыл атындағы жалпы орта мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары: С.Зеилбек

0

Автор публикации

не в сети 6 лет

Dastan

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 14-03-2018

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля