28 ноября, 2017 18:44
Хайдар Дулатидің есімін әлемге мәшһур еткен ең басты шығармасы. Бүл еңбегінде ғалым XV—XVI ғасырларда қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, ІІІығыс Түркістан аймағында болған аса маңызды тарихи оқиғалар туралы жазады. Сондай-ақ Ауғанстан, Тибет, Үнді елдерінде орын алған кейбір саяси, мәдени, әлеуметтік оқиғалар да қамтылған. Ғалым, туын- дыгер сол елдерді мекен еткен ру-тайпалардың, халықтардың тарихын, қоғамдық-әлеуметтік өмірін, әдебиетін, мәдениетін, әдет-ғүрпын, салт-санасын зор білгірлікпен жазып қалдырған.
Бүл еңбектің ең қүнарлы- лығы — Хайдар Дулати өз көзімен көрген аса маңызды оқиғаларды өзінен бүрынғы және өзі өмір сүріп отырған дәуірдегі тарихи қүбылыстармен шебер түрде байланы- стыра отырып баяндайды.
„Тарих-и Рашиди» қазіргі Қазақстан, Өзбекстан, Шығыс Түркістан, Ауғанстан, Үндістан, Тибет елдерінің XV—XVI ғасырлардағы тарихын, географиясын, әдебиеті мен мәдениетін зерттеуші ғалымдар үшін аса қүнды, тап- тырмас деректер көзі болып табылады.
Бүл еңбекте бір кезде ауылы аралас, қойы қоралас бо- лып жатқан күллі түркі халықтарының қоғамдық- элеуметтік ғүмыры баяндалады. Алайда Хайдар Дулатидің бүл кітабын қазақ халқының төл тарихы, шынайы шежіресі деуге болады. Қазақ тарихы Хайдар Дулатидің айтуы бойынша, Моғолстан мемлекетінің өмірге келуімен тікелей байланысты. Моғолстан — шығысында Ертіспен, солтүстігінде Балқаш көлімен, батысында Түркістан және Ташкент шаһарларымен, оңтүстігінде Қашғариямен шек- тесіп жатқан үлан-ғайыр мемлекет еді. Сонау XIV ғасырдың екінші жартысында Моғолстанның алғашқы хандары Тоғлүқ-Темір мен Ілияс-Қожа Мауараннахрды өзіне қарату үшін бірқатар соғыстар жүргізді. Бертін келе осы мемлекетке қарасты, Жетісу жерінің билігі әмір Ка- мараддинге көшті. Бүл кезде Орта Азияның билеушісі Әмір Темір Моғолстан жеріне қайта-қайта шабуыл жасау- мен болды. Моғолстанның билеушілері әмір Камараддин дулат, Еңке төре, Қызыр Қожа хан және Ақ Орда би- леушісі Тоқтамыс хан бас қосып, Әмір Темірге қарсы шықты.
Он бесінші ғасырдың екінші жартысында мемлекеттің ішкі қайшылықтары күшейіп, қазақтың көптеген ру-тай- палары Дешті-Қыпшақты тастап кетті. Олар Жетісуға қоныс аударған еді. Бүларды Шу өңіріне қазақтың алғашқы хандары саналатын Жәнібек пен Керей бастап еді. Моғолстан ханы Есенбүға көшіп келген қазақтарға негізінен Шу өзені, Қарату маңайынан қоныс берді. Ал Жәнібек пен Керей бүл кезде Жетісуда қазақ хандығын қүрды.
Сөйтіп, Хайдар Дулатидің „Тарих-и Рашиди» еңбегінде қазақтың алғашқы хандары және олардың көрші елдер- мен қарым-қатынасы кең көлемде сөз болады. Сондай-ақ мүнда Керей ханның баласы — Бүрындық хан, Жәнібек ханның баласы — Қасым хан, т. б. туралы қүнды деректер бар.
Хайдар Дулати қазақ халқының этникалық қүрамына енген ру-тайпалар жайында егжей-тегжейлі жаза келіп, тайпалық тартыстардың тарихта сан рет қанды қақтығыстарға соқтырғанын, ел ішіндегі алауыздықты сыртқы жаулар қалай пайдаланып кеткенін нақты дерек- тер негізінде әңгімелейді.
Хайдар Дулати тарихшы ғалым ғана емес, ол сонымен бірге, аса дарынды жазушы, ақын. Сол себепті ол „Тарих- и Рашидиді» көркем сөз зергері ретінде жазып шыққан. Қаламгер өз көзімен көрген оқиғаларды аса дарынды су- реткерге ғана тән шеберлікпен бейнелеп көрсетеді.
Міне, соның нәтижесінде „Тарих-и Рашиди» ресми та- рихтан гөрі көркем шежіре дәстүрімен жазылған шығармаға көбірек үқсайды. Жалпы Хайдар Дулати өмір сүрген дәуірде оқыған зиялылар арасында шежіре жазу салты кең тараған еді. Әйтсе де Хайдар Дулати жазған шежіре ғылыми жағынан да, көркем сөз өнері түрғысынан да өзгелерден шоқтығы биік туынды болатын.
Қазақта шежіре айту мен жазудың қалыптасқан мақамы, стилі, тәсілі бар. Хайдар Дулати қазақ қауымының турмыс-тіршілігін, салт-санасын, әдет-ғүрпын бейнелейтін түстарда осы дәстүрді сақтайтын сияқты. Мәселен, „Тарих-и Рашидиде» қазақ даласының билеу- шісі Қасым ханның алыстан қонақ болып келген Сүлтан Саид ханды қалай қарсы алғанын бейнелейтін көрініс бар. Мүнда Қасым хан өзінің қүрметті қонағына қарата айта- тын монолог берілген. Бүл монолог-сөз ішкі логикалық үйқасқа қүрылған ақ өлең түрінде болып келеді. Қасым хан сөзінің тыңдаушысына тигізетін эмоциялық әсері күшті екенін аңғару қиын емес. Қасым хан сонда сөйледі: „Біз мына даланың адамдарымыз. Мүнда қымбат буйым- дар мен асқан шеберлікпен пісірілген сан алуан тағамдар болмайды. Біздің ең қымбат қазынамыз — жылқы, ең дәмді тағамымыз — жылқының еті, ең суйсініп ішетін сусынымыз — қымыз. Елімізде бау-бақшалар, ғимараттар жоқ. Сауық-сайран қуратын жеріміз — жайлау, тамаша- лайтынымыз —жуйрікаттар» .
Хайдар Дулатидің бірқатар елдерге жасаған саяхатта- ры да осы еңбекте тартымды түрде баяндалған. „Тарих-и Рашиди»— қызықты оқиғаларға, ғажайып көріністерге аса бай еңбек. Мәселен, қаламгер Тибет елінің табиғатын сүйсіне суреттеп, сондағы алтын өндіру кендері туралы қызықты хикаялар айтады.
Осы Тибет сапарында ол жол-жөнекей көптеген қиындықтарға душар болып, ақыры гүл жайнаған Бадах- шанға зорға жетеді. Бүл сапарда ол жанындағы жеті жүз адамынан айрылады. Жан төзгісіз жол азабынан соң Ба- дахшан оған жүмақтай көрінеді. Сонда Хайдар Дулатидің жазған мынадай бір өлеңі бар екен:
Бір сәтке де жаным сенсіз жай таппас,
Маған деген мейіріміңде шек болмас.
Әр тал шашым сөйлеп кетсе тіл бітіп,
Алғысымның мыңнан бірін айта алмас
Хайдар Дулати өз дәуірінің белгілі ақыны болған. Жыр қадірін жетік білетін атақты Бабыр патша кезінде Хайдар Дулатидің ақындық дарынын аса жоғары бағалаған. Жиын тойларда Дулатидің лирикалық өлеңдерін әуенге салып айтады екен.
Ақын өлеңдерінің негізгі идеясы — адамгершілік, сүйіспеншілік, достыққа адалдық болып келеді.
Ол өз өмірінде әлемнің көп жерлерін аралап талай-та- лай тарихи оқиғаларға куә болған. Тағдыр тауқыметін көп көрген ақын кезінде ел аралаған кезбе-саяхатшы да, Каш- мир тағында отырған хан да болған. Сол себепті ол мына жалған дүниенің өткінші екенін, адам өмірінің қүбылмалы болатынын, қашанда жақсылық пен жамандық өзара шайқасып жататынын өзгелерден гөрі тереңірек пайым- даған.
Ақынның философиялық ой-толғамдарын төмендегі жырларынан аңғару қиын емес:
Бүкіл әлем бірден ғайып болады,
Бар тіршілік күзгі гүлдей солады.
Мәңгі ғүмыр — тек Аллаға жарасқан,
Пенделері топырақ болып қалады .
Немесе:
Бізден бүрын ғайып болып кеткендер,
О дүниеге бізден бүрын жеткендер,
Бір сәт қана бізден бүрын мас еді,
Шарап болып қайта оралды, төкпеңдер! (63, 555).
Хайдар Дулати Кашмир елін жаулап алып, хан тағында отырған кезіндегі көрген-білгендерін зор шеберлікпен жа- зады. Мәселен, „Тарих-и Рашидиде» бейнеленген мынан- дай көріністер бар: „Кашмир — әлемдегі ғажайып өлкелердің бірі. Ол өзі таңқаларлық кереметтерімен даңқы шыққан жер. Соған қарамай Кашмирдің қандай өлке екенін ешкім де жөнді білмейді. Бізге дейінгі автор- лар ол туралы өте қысқа жазған. Мұндай шағын баяндау- лардан көп нәрсе білу мүмкін емес. Бүгін хижра жыл санауының 950 жылы мухаррма айында (сәуір-мамыр 1543 жыл) мен осы елдің билеушісі болып отырмын. Бүл елді жан-жақты зерттеп шықтым. Мен өз көзіммен көрген жәйттерді ғана әңгіме етпекпін.
…Кашмирде кейде мынадай күндер болады: Көктемнің ғажайып ауа-райының өзі қүран аятының мән-мағынасын бейнелеп түрғандай жанға жайлы болып келеді.
Жанға жайлы самалы өлген адамды тірілткендей әсер етеді. Мүндағы бау-бақшалардың кереметі сондай, оны- мен салыстырғанда тіпті жүмақтың бағы да түк емес. Бақ ішінде арықтарда ағып жатқан судың әуені адамның көңілін көкке көтергендей сазды естіледі.
…Мүндағы қалада және қала маңында кипарис пен үйеңкіден салынған ғажайып ғимараттар бар. Бүлардың көпшілігі кемінде бес қабатты үйлер болып келеді. Үйдің әрбір қабатында апартаменттер, тынығатын бөлмелер, тер- расса, балкон, керемет есіктері бар. Үй төбесінен көкпен тілдескен мүнаралар көрінеді. Қанша әрекет жасасаң да мүндай ғажайып ғимараттардың көрінісін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес.
…Кашмир кереметтерінің бірі — мәжусилік діннің храмдары. Бүкіл Кашмир аймағында осындай жүз елу, мүмкін одан да көп храм болса керек. Бүл храмдар қашалған тастардан қаланған. Тастар цемент қоспай-ақ бір-біріне ажырамастай боп біржола қатып қалған.
…Мүндағы бақтарда алмүрт, алма, қара түт жемістері үйіліп-төгіліп жатады.
…Жеміс-жидек піскен кезде де оны ешкім сатпайды да, сатып та алмайды. Бір қызығы — мүнда бау- бақшаларды қоршап қоймайды. Бағы бар адамдар да, бағы жоқ адамдар да әлгі бақтардағы жеміс-жидектерді ке- регінше теріп ала береді. Оған ешкім тыйым салмайды» (63, 532—533—534).
Хайдар Дулатидің „Тарих-и Рашиди» атты еңбегінен мүндай мысалдарды көптеп келтіруге болар еді.
Хайдар Дулатидің „Тарих-и Рашиди» еңбегі екі дәптерден (кітап) түрады.
Бірінші дәптерде Моғолстанды және Қашқар елін би- леген Шағатай үрпақтарының әулеті тарихы баяндалады. Мүнда автор Тоғлық Темір билік жүргізген кезден (1347—1348 жылдар) бастап хан тағына Абдаррашид
отырған кезеңге (1533 жыл) дейінгі тарихи мерзімді қамтыған.
Ал, екінші дәптердің көлемі біріншісіне қарағанда төрт еседей көп. Қаламгер оны 154 2 жылы жазып бітірген. Бұл дәптер көбінесе дерлік ақынның өз көзімен көрген оқиғалар бойынша жазылған. Екінші дәптерді ғұмырнама- лық шығарма деуге болады.
Шынында да „Тарих-и Рашиди» қүнарлы, бейнелі тілмен қазақтың шежіре айту дәстүрімен шебер жазылған көркем туынды. Ол дарынды қаламгер ретінде тарихи тұлғалардың жанды бейнелерін жасаған. Оқырман көне дәуірдің қым-қиғаш оқиғаларын өз көзімен көргендей әсер алады. „Тарих-и Рашиди» қанатты сөздерге, мақал- мәтелдерге, сан қилы әдеби теңеулерге мейлінше бай. Ең бастысы — бүл мемуарлық еңбектің шынайы көркем ту- ындыға тән сюжеттік желісі бар, композициялық құрылы- сы ширақ жасалған, әрі метафора, эпитет, теңеу іспеттес көріктеу қүралдарын қатар пайдаланылады.
Тағы бір назар аударатын жәйт — автор белгілі бір та- рихи деректерді тізбектеумен шектеліп қоймайды. Дәл сол деректер жайында өзінің ой-толғаныстарын дидакти- калық, философиялық, психологиялық тұрғыдан талдап түсіндіреді. Еалымның бұл философиялық пікірлері ар- найы зерттеуді қажет етеді.
Хайдар Дулати „Тарих-и Рашидиді» жазу үстінде өзін дарынды ақын ретінде таныта білген. Проза тілімен түсіндіру қиын болған кейбір жәйттерді ол аракідік поэзия тілімен, яғни жырмен жеткізеді. Хайдар Дулатидің ақындық дарынын кезінде „Тарих-и Рашидиді» өзге тілдерге тәржіма жасаған Батыс пен Шығыстың көптеген ғүламалары ерекше атап көрсеткен.
Хайдар Дулати бүл еңбегінде өзінен көп бүрын өмір сүрген және өзімен замандас ІТІығыс шайырларының поэ- зиясына теориялық талдау жасап, олардың өлеңдерінен мысалдар келтіріп отырады. Олар — Науаи, Жәми, Бинаи, Сухайли, Хилали, т. б. ақындар. Сондай-ақ мүнда сурет өнерінің тарихы да сөз болады. Әсіресе суретші Бекзада және оның шәкірттері салған көркем бейнелерге зор білгірлікпен жан-жақты талдау жасаған. Дулатидің музы- ка өнері, музыкалық аспаптар, оларды жетілдіре түсу жолдары жайындағы ғылыми ой-пікірлері де ерекше назар аударады.
Жанрлық түрғыдан келгенде „Тарих-и Рашидиді» ғылыми еңбек әрі түркі тілдес халықтардың шынайы шежіресі, сондай-ақ тарихи тақырыпқа жазылған көркем Туынды деуге де болады.
Б і р і н ш і д е н, „Тарих-и Рашиди»— көне түркі, шағатай, араб, парсы, латын, ежелгі грек, үнді тілдерінде жазылған, есімдері әлемге мәшһур Шығыс пен Батыс ғүла- маларының тарихи зерттеулеріне негізделіп жазылған нағыз ғылыми еңбек.
Е к і н ш і д е н, Хайдар Дулати еңбегі сан ғасырлар бойы үрпақтан-үрпаққа жалғасып, ауызша айтылып кел- ген тарихи деректерді, аңыз-әфсаналарды, хандар мен сүлтандардың генеалогиясын (ататегін) өз ішіне қамтыған шынайы шежіре кітап деуге болады.
Ү ш і н ш і д е н, қазақ зиялылары шежіре кітаптарды тарихи тақырыпқа жазылған көркем туынды ретінде та- ныған. Тіпті алғашқы ресми тарих ретінде жазылған шежіренің өзін айтушы жыршы-жыраулар оған көркем теңеулер қосып, бірте-бірте шежіре текстін тарихи тақырыпқа жазылған көркем туындыға айналдырып жіберетін болған.
Міне, Хайдар Дулати өзінің „Тарих-и Рашиди» атты еңбегін жазу барысында осы жәйттерді мықтап ескере отырып, оны жоғарыда айтылған үш талапқа да жауап бе- ретіндей етіп жазған.
Енді осы „Тарих-и Рашиди» кітабын зерттеу, басқа тілдерге тәржіма жасау жайында бірер сөз айта кетейік.
Хайдар Дулатидің бүл еңбегін тұңғыш рет Англияның аса көрнекті тарихшысы Э. Денисон Росс (1871 —1940 ж.) ағылшын тіліне аударып, оны 1895 жылы Лондонда бастырып шығарған. Осы кітап сол күйінде ешбір өзгеріссіз қайтадан 1972 жылы Лондонда жарық көрді. Шығарманың қазақ тарихына қатысты түстарын кезін- де белгілі шығыстанушы ғалымдар В. Вельяминов-Зернов, В. Вяткин, Т. Султанов, К. Пищулина тәржіма жасап, өз еңбектерінде ғылыми негізде пайдаланды.
Шежіренің кейбір бөлімдерін кезінде қазақтың көрнекті ғалымы С. Асфендияров та тәржіма жасаған. Хайдар Дулати шежіресінің қазақ тарихына қатысты жерлері 1969 жылы орыс тілінде жарық көрді. Өзбек ғалымдары „Тарих-и Рашидиді» парсы тілінен орыс тіліне аударып, 1996 жылы Тапікентте бастырып шығарды.
Қорыта айтқанда, Хайдар Дулатидің „Тарих-и Рашиди» атты еңбегі түркі тектес халықтар тарихынан, соның ішінде қазақ қауымының көне шежіресінен аса күнды де- ректер беретін бірден-бір туынды.
Ежелгі түркі әдеби ескерткіпггері мен қазақтың өзіндік төл әдебиеті арасында сан ғасырлар бойы бір сәтке де үзілмей келе жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы бар екенін жоғарыда келтірілген нақты деректерден айқын көруге болады. Мүндай көркемдік дәстүр жалғастығы негізінен шығарманың тақырыбына, идеясына, сюжетіне, бейнелеу қүралдарына, композициясына, тіліне, тағы басқаларына қатысты болып келетінін көрдік.
Қазіргі түркі тілдес халықтардың арғы ата-тегі санала- тын сақтар мен ғұндар дәуірінде өмірге келген қаһармандық жырлар — «Алып Ер Тоңа», „Оғыз қаған», „Атилла», „Шу батыр», „Көк бөрі”, „Ергенекон» дастанда- ры қазақтың батырлық эпосының алғашқы үлгілері, қайнар-бастаулары деуге болады. Бүған біз ғүндар дәуірінің эпосы мен қазақтың батырлар жыры арасын- дағы мазмүн, форма, стиль бірлігін айқындау арқылы көз жеткіздік. Ал, мүның өзі қазақтың батырлар жыры жай- ындағы бүрын әбден қалыптасып қалған стереотипті көзқарасты біршама өзгертуге мүмкіндік береді.
Бірқатар әдеби талдаулардың нәтижесінде бүгінгі қазақ әдебиетінің қайнар-бастаулары сақтар мен ғүндар дәуірінде өмірге келген қаһармандық эпостарда жатыр деген түжырым жасадық.
Түрік қағанаты түсында тасқа қашап жасалған „Күлтегін», „Білге қаған», „Тоныкөк» жырлары да қазақтың батырлық дастандарын мазмүн мен түр түрғысынан жетілдіре түсуге ықпал етті.
Қарахан мемлекеті түсында дидактикалық-философи- ялық сарындағы әдебиет мейлінше кең өріс алды. Мүның өзіндік сыр-себептері болды. Бүл кезде қоғамда қалыптасқан жаңа тарихи жағдайда елді қалай басқару керек, бүл салада қоғам мен жеке адам арасындағы қарым-қатынас қандай болу тиіс деген сияқты сауалдар түрды.
Міне, осы көкейтесті сүрақтарға жауап ретінде дидак- тикалық-философиялық сарындағы көркем сөз өнері пай- да болды. Бүл әдебиет жоғарыда аталған мәселенің адамгершілік, моральдық, этикалық, философиялық жақтарын дидактикалық сарында ғибрат айту, өсиет- уағыз айту, халықты оқу-білімге шақыру арқылы шешуге әрекет жасады. Мүндай бағыт-бағдар, әсіресе Жүсіп Бала- сағүнның „Қүтты білік», Ахмед Иүгінекидің „Ақиқат
сыйы» және Ахмет Иассауидің „Даналық кітабынан» кең көрініс тапты.
Бүл зерттеуге өзек болған тағы бір мәселе дидактика- лық сарындағы әдебиет пен қазақтың жыраулар поэзия- сы арасындағы көркемдік дәстүр жалғастығы еді. Дәлірек айтсақ, „Қүтты білік», „Ақиқат сыйы» және „Даналық кітабы» дастандарында айтылған дидактикалық-филосо- фиялық ой-пікірлер, ғибрат сөздер, мақал-мәтелдер бертін келе қазақтың Асан Қайғы, Шалкиіз, Ақтамберді, Үмбетей, Бүхар тағы басқа жыраулар поэзиясында одан әрі жетіле түсті.
Бүл зерттеу арқылы қазақтың өзіндік төл әдебиеті ежелгі түркі жазба әдебиеті мен фольклорының тарихи даму процесінен туындаған логикалық жалғасы екеніне көз жеткіздік.
Сондай-ақ, сақтар мен ғүндар дәуірінен бізге жеткен ерлік дастандары мен қазақтың батырлар жыры арасын- дағы форма мен мазмүн бірлігін нақты деректер бойынша талдап көрсеттік.
Қарахан дәуірі көркем сөз өнерінің ғажайып үлгілері болып табылатын Жүсіп Баласағүнның „Қүтты білік», Ах- мед Иүгінекидің „Ақиқат сыйы», Ахмет Иассауидің „Да- налық кітабы» дастандарының идеялық мазмүнын, көріктеу қүралдарын талдау арқылы төмендегідей пікірге келдік: Бүл аталған дидактикалық-философиялық туынды- ларда ислам дінінің негізгі принциптері ашып көрсетілген, әрі исламның гуманистік идеяларынан туындайтын игілікті қүбылыстар оқырман қауымға бейнелі тілмен жеткізілген. Біз зерттеу барысында ислам қағидаларын көркем сөзбен жеткізген туындылардың өзінен кейінгі қазақ жыраула- рының поэзиясына қандай дәрежеде ықпал еткенін айқындай түсуге ерекше назар аудардық.
Қазақ әдебиетінің қайнар-бастауларьш айқындау ба- рысында біз бүған дейін тек тарих ғылымының ғана еншісіне беріліп келген Әбілғазы Баһадүрханның „Түрік шежіресін», Қосынүлы Жалайыридың „Шежірелер жи- нағын», Захириддин Бабырдың „Бабыр-намесін» және Хайдар Дулатидің „Тарих-и Рашиди» атты еңбегін қайта қарап, олардың байырғы шежіре дәстүр ретінде жазылған көркем туындылар екенін дәлелдеп көрсетуге әрекет жа- садық.
Сан ғасырларға созылған көркемдік дәстүр жалғастығы тарихын зерттеу арқылы жыраулар поэзия- сындағы дидактикалық-шешендік толғаулар мен мақал- мәтелдердің қайнар бастаулары ежелгі туркі дәуірінің көркем сөз өнерінде жатқанын айқындадық.
Зерттеу барысында сақтар мен ғұндар дәуірі эпосының қоғамдық-әлеуметтік мәнін неғурлым тереңірек ашып көрсетуге барынша ұмтылыс жасадық. Сол арқылы „Алып Ер Тоңа», „Оғыз қаған», „Атилла», „Шу батыр», „Көк бөрі», „Ергенекон» дастандары түркі халықтарының генеа- логиясын, түрлі тайпалық топтарға бірігуін, өмір салтын, әдет-ғұрпын, таным-тусінігін, діни көзқарасын жекелеген тарихи деректер мен аңыздар бойынша жыр еткен эпос- тық шығармалар екенін жан-жақты талдап шықтық.
Біздің заманымыздан бұрынғы дәуірлерде-ақ айтыла бастаған бүл қаһармандық жырлар бертін келе Түрік қағанаты тусында жазылған „Күлтегін», „Білге қаған», „То- ныкөк» жырларында өзінің көркемдік дәстүр жалғастығын тапқанын сөз еттік.
Көк түріктердің көне дәуірдегі сан қилы тарихынан сыр шертетін тасқа қашап жазылған дастандар мен „Қорқыт ата кітабы» бертін келе қазақ халқының батыр- лық жырларының идеялық және көркемдік түрғыдан қалыптасуына зор ықпал еткенін дәлелдей түстік.
Қыпшақ даласына ислам діні кең қанат жайған Х-ХП ғасырларда өзінің шарықтау шегіне жеткен дидактика- лық-философиялық сарындағы әдебиет Қазақ хандығы түсында өмірге келген қазақ жырауларының толғаулары арқылы өзінің тарихи, әлеуметтік, көркемдік дәстүр жалғастығын тапты.
Сонымен, ежелгі түркі әдебиеті мен қазақ жыраулар поэзиясы арасындағы сан ғасырларға созылып жатқан көркемдік дәстүр жалғастығы бір сәтке де үзілген емес.
[1] Хайдар Дулати өлеңдерін жолма-жол аударып беріп отырмыз.