ТАСТАР СӨЙЛЕЙДІ

27 ноября, 2017 19:42

Жеті жүз отыз бірінші жылдың жазында шексіз даланы армансыз билеген Бумын, Қапаған, Естеми, Құттық қағандардьің ұрпағы; ұзын найзалы, жарау атты түркі руларыиың ырысы әрі бақыты — Боз айғырлы айбынды ер Қүлтегін дүние салады.

 

 

Бетіне дұшпан қаратпаған айбынды ердің қазасы қасірет пен қайғы болып бүкіл түркі қауымының ара

сын лезде-ак шарлап шыкқан. Оның басына тізе қосқан досы да, кескілескен қасы да тегіс жнылған. Ұшы-қиыр- сыз, дамылсыз ағылған халыктың қаралы шеруі даңқ- ты батырға деген ыкылас-пейілдің куәсіндей еді.

Заманының атақты ақын-жырауы, Күлтегіннің неме- ре інісі ҒІоллығ тегін жан-жақтан шеберлер алдырып, келесі жылдың күзінде Күлтегіннің басына оның батыр- лығының белгісіндей мәңгілік ескерткіш — зәулім құл- пытас орнаттырады. Әдемі әшекеймен оймышталып, өзгеше нақышпен өрнектелген заңғар құлпытаста ел сүйген ерге халық жоқтауын көне түркі тілінде мәңгілікке өш- пестей қашатып тұрып жаздырады:

«Сонау бастан, о бастан Жаралғалы кара жер,

Жаралғалы көк Аспан,

Естеми мен Бумыннын,

Адамзаттан бағы асқан.

Төрт бұрышы дүниенің Соларменен санасқан.

Бүкіл түркі үмітпен Екеуіне караскан,

Кол астына жиылып,

Кол астынан тарасқан.

Олар салған дүбірден Каптап жатқан қалың жау Шыбын жаннан түңілген,

Дырдай болып келгенмен,

Бордай болып үгілген.

Басы барлар иіліп,

Тізесі бар бүгілген».1

Тастың бетіне қашалған тарихи жыр осылай басталады…

Содан бері мың екі жүз елу бес жыл өтті. Тарихтың беті сан өзгеріске ұшырады. Жылдар жылжып, ғасыр- лар алмасып жатты. Жер жаңарып, қоныс өзгеріп жатты. Бірақ Орхон өзенінің бойындағы қас батырдың ерлігіндей тәкаппар, сұсты, маңғаз тас ескерткіш он екі ғасырдан аттап, өз заманының шындығын, қайғы-қасіре- тін, амал-әрекетін арқалап, сол күйінде бұзылмай, бүлінбей бүгінгі күнге аман жетті. Ол ескерткіштер кімдікі, қалай табылды, кім ашты, кім аударды, кім зертте- ді; жазбалардың мазмұны, жанры қандай — міне, ендігі әңгіме сол туралы.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля