Техникалық қызмет көрсету (2)

28 ноября, 2017 18:54

ҚТҚ — жұмысқа шығар алдында: раманың, шанақтың геометриялық пішінінің өзгеруін; рессордың техникалық жағдайын; амортизатордың жағдайын, әсіресе оның бекітілуін; май ағуын тексереді.

 

 

Жеңіл автомобильдердің аспаларын, дөңгелектердің жағдайын жэне олардың бекітілуін; шиналардағы ауаның қысымын тексереді, дөңгелек- тердегі ауаның қысымы төмен болғанда, ауа таратқыш қондырғыларды пайдаланады (20.1-сурет).

Тоқтаған жерде күпшектің қызу дәрежесін тексеру.

Ауа таратқыштар: а — автомобилъдердің, автобустардың шиналарын автоматты түрде толтыруга арналган. Ауа таратқыш бөлек орналасқан компрессордан жұмыс істейді; б — шинаны азотпен толтыруга

арналган қондыргы

Автомобильдердің шиналарының желінуі олардағы ауаның қысымына да байланысты болады. Төменгі суретте шинадағы ауа қысымына жэне дөңгелектердің орналасуына байланысты желінуі көрсетілген.

Қазіргі автомобильдердің жүріс бөлігіне техникалық қызмет көрсету олардың аспаларына қызмет көрсетумен шектеледі. Техникалық қыз- мет көрсету эр 15 мың шақырым жол жүргеннен кейін атқарылады. Аспалардың элементтерінің жағдайын қарағанда, резеңке-металл төлкелер мен жастықтарға көңіл бөлінеді.

 

Шиналардыц желінуі: а — иіинадагы ауаның қысымы артьщ болганда;
б — шинадағы ауаның қысымы аз болганда; в — дөңгелектердің алшақтыгы
бүзылганда шиналардың желінуі; г — дөңгелектердің жантаюы бүзылганда
шиначардың желінуі

 

 

Ескі автомобильдердің күпшегіндегі иінтіректерінің саңылауын рет- теп, майын қарайды.

Автомобильдердің басқару дөңгелектерінің орнықты жүмыс істеуі жэне оның желінуінің азаюы дөңгелектердің жантаюына жэне олардың алшақтауына байланысты.

Дөңгелектердің жантаюы — бұл тік жазықтықпен дөңгелектің орна- ласу жазықтығының арасындағы бұрыш, егер дөңгелектің жоғарғы жағы ішке қарай жантайса, онда минус, ал дөңгелектің жоғарғы жағы сыртқа карай жантайса, плюс болады (20.2,а-сурет). Дөңгелектің жантаюы нөл болса, шинаның желінуі төмен болады, ал дөңгелектің жантаюы кері ми- нус болса, бұрылыстарда орнықтылық жақсарады.

 Дөңгелектердің жантаюы

 

Дөңгелектер арасының алшақтығы — олардың алдыңғы жағы мен
артқы жағындағы ұзындықтың айырмашылығы. Ол эр машинада
эртүрлі, мысалы, жеңіл автомобильдің алдыңғы жағы артқы жағынан
1…4 мм., ал жүк автомобильдері дөңгелектерінің алшақтығы 1…11 мм бо-
лады.
Басциру дөңгелектерінің алшақтыгы
Дөңгелектердің алшақтығы дұрыс болмаса, шиналар тез желінеді.

ТҚ-1 жұмысын жүргізгенде, жүріс бөлігінің барлық элементтерін, автомобильдің астын мұқият қарап шығады. Егер тетіктердің бір жерінде ақау анықталатын болса, онда жөндеуге тапсырыс беріледі. ТҚ көрсету кезінде бекіту, реттеу жұмыстары атқарылады. Дөңгелектің күпшегіндегі саңылауды оны көтеріп, арнаулы аспаптар арқылы анықтайды. Егер онда саңылау болса, күпшектің сомынын бұрау арқылы жояды. Қазіргі кезде автомобильдің алдыңғы жэне артқы дөңгелектерін көтермей-ақ, ақаулар 20.3-суретте көрсетілген аспаптар арқылы анықталады.

Дөңгелектердің техникапық жагдайын анықтайтын аспаптар
Автомобильдің алдыңғы дөңгелегінің техникалық жағдайын анықтау үшін, алдыңғы өсті тексеретін аспап пайдаланылады. Автомобильдің алдыңғы дөңгелегін аспаптың үстіне шығарып қойғаннан кейін, 26-сурет- те көрсетілгендей, аспаптың тұтқасынан ұстап, алды-артына жэне жаны- на қарай қозғайды. Егер дөңгелектің жалғасқан жерлерінде саңылау пайда болса, оны дөңгелектің қозғалысына қарап тез анықтайды.

Автомобильдің артқы дөңгелегінің техникалық жағдайын 20.3-су- ретте көрсетілген аспап арқылы, 27-суретте көрсетілген тэсіл бойынша анықтайды. Ол үшін аспапты артқы дөңгелекке апарып орналастырады да, бекітіп қояды. Дөңгелектің күпшегіндегі саңылауды анықтау үшін аспаптың тұтқасынан ұстап тұрып, екі қолмен ары-бері жанына қарай жылжытады, егер дөңгелектің күпшегінде саңылау болса, соққының дыбысы естіледі. Күпшектегі саңылауды жою үшін оның жарты өсін шығарып алып, бекіткіш тығырықты босатып, сомынды бұрайды да, төрттен бір айналымға босатып, қайта бекітеді. Дөңгелектің айналымын тексереді.

Автомобильдің алдыңгы дөңгелегін тексеру тәсілі
Автомобильдің жүріс бөлігіндегі алдыңғы басқаратын дөңгелек техникалық талаптарға сай жүмыс істеуі үшін дүрыс реттелуге тиіс. Дөңгелектердің жантайып жэне алдыңғы жағының артқы жағына қарағанда жақын болуы техникалық талаптарды қамтамасыз етеді. Егер алдыңғы дөңгелек дүрыс реттелмесе:

•       жолдың тегіс бөлігінде рульдік басқару дөңгелегін жібергенде, ав- томобиль бір жағына бұрылады;

•       шиналардың желінуі бірқалыпты емес;

•       автомобиль бұрылганнан кейін орнына келуі қиындайды;

•       автомобиль қозғалғанда шиналардан артық дыбыс шығады.

Осы жағдайлар орын алмауы үшін, басқару дөңгелектерін техникалық талаптарға сай реттейді. Ол үшін қазіргі кезде жетілдірілген электрон- ды реттегіш стендтер пайдаланылады. Оның кейбір түрлері 20.6-суретте келтірілген. Бұл көрсетілген стендтерді қолдану үшін, тәжірибелі арнау- лы дайындықтан өткен мамандар қажет. Бұл стендтердің көмегімен жүріс бөлігінің техникалық жағдайын тексеріп, пайда болған ақауларды реттеу арқылы немесе жарамсыз бөлшектерді ауыстыру арқылы жөнге келтіреді. Бұл стендтердің ерекшелігі — құрылғының күйін анықтағанда реттеуге дейінгі құрылғының көрсеткішін жэне құрылғыны реттегеннен немесе жөндегеннен кейінгі көрсеткішті қағазға түсіріп, тапсырыс берушіге тап- сырады.

ТҚ-2 жұмысымен қатар, ТҚ-1 жұмысы қоса жүргізіледі, мұқият жай-күй анықтау орындалып, раманың геометриясы, белдіктердің параллельдігі, басқару дөңгелектерінің жантаюы мен арасының алшақтығы тексеріледі.

 а — компьютермен реттейтін стенд, б — МЬ 1800-8 К стенді,
в — Возсһ ҒІҮА 4630 аспалардың геометриясын бақылауга арналган ЗЭ технология-
сы бойынша жасалган жетілдірілген стенд
 а, б- стендтерін пайдсиіану тәсілі көрсетілген
Оны тексеру  көрсетілген стендтер аркылы орындалады, ал тексеру тэсілі  көрсетілген. КамАЗ автомобилінің алдыңғы рессорларының саусағын майлайды, амортизаторының жэне реактивті карнақтың жағдайын анықтайды. Рессордың үзеңгісінің сомынын бекітеді.

Автомобильдер белгілі жол жүргеннен кейін шиналардың тұрған орындарын ауыстыру ұсынылады, ол шиналардың бірқалыпты желінуін қамтамасыз етеді, төменгі суреттерде дөңгелектердің орнын ауыстыру тәсілдері көрсетілген (20.8-сурет).

МТҚ көрсету жұмыстарын жүргізген кезде ТҚ-2 жұмыстары қосымша орындалады да, күпшектердегі май ауыстырылады. Ол үшін ескі май таза маймен ауыстырылады. Рессорлы автомобильдердің рессорларының ара- сын графитті маймен майлайды.

КамАЗ автомобилінің реактивті қарнақтың топсасындағы саңылау тексеріледі, егер саңылау 1,3 мм-ден артық болса, топсаның саусағы ауыс- тырылады.

 Шиналардың орнын ауыстыру сұлбасы

 

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля