Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (Р)

18 января, 2018 15:05

Рельеф (фр. геІіе{) — жазықтықтың бетінен шығып түрған бейне.

Ренессанс (өнердегі) немесе Ңайта өрлеу (фр.

Вепаіззапсе — қайта жаңғыру) — дүниежүзілік мәдениет тарихындағы ірі кезеңнің бірі, феодализмнен капита- лизмге өту кезеңін көрсетуші, зиялы мәдениеттің құры- луы, адамгершілік сана-сезімнің орнығуы. Батыс Еуро- пада ренессанс ежелгі дүние мәдениетіне еліктеуден туған (аты осыдан шыққан), сол кезеңдегі ғажайып өнердің мәртебесіне сүйене отырып, адам бойында зия- лы, рухани сезімді, үйлесімді қасиеттерді туғызады.

 

Сонымен, алғыр көркем мәдениеттің дамуына ықпал етеді. Ренессанс өткен заманның мәдениеті мен болашақ мәдениеттің тығыз байланысты екенін анықтаушы бо- лып табылады. Ренессанстың эстетикалық және көркем мәдениетінің теориясына бұл түсінік XVIII ғасырда енгізілді, ал XIX ғасырдың ортасында, әсіресе, Ж. Миш- ле және швейцар тарихшысы, мөдениет философы Я. Буркхардтың «Италиядағы Қайта өрлеу мәдениеті» деген зерттеулерінен кейін кеңірек таралды. Кейінірек

 

ренессансты өнерге XVI ғасырда Италия кескіндеме өнерінің өкілі, сәулетші және өнер тарихшысы Дж. Ва- зари енгізгені анықталды, бұл мәдениет дамуының шексіз, кей кезде ұзақ уақытқа тоқтап, кейін қайта жаң- ғыру мүмкіншілігін көрсетеді. XIX ғасырдың аяғында Г. Вёльфлин өзі қарастырған тарихи сындар бойынша осы стильді зерттеп, типологиялық мөнін анықтай оты- рып, «ренессанс» пен «барокко» түсініктерінің байла- нысын, бейнелеу әдістерін («сызықты» және «кескін- демелік»), олардың өнерде дамуының сатылы екенін анықтады. XX ғасырда Э. Панофский өзінің «Батыс мәдениетіндегі Қайта өрлеу» деген кітабында (1960) оның өнердегі тарихи дамуын анықтау үшін осы түсінікті одан ары кеңейтті.

 

Романтизм (фр. готапіізте) — XVIII ғасырда және XIX ғасырдың басында Еуропа мәдениетінің барлық сала- сында дамыған идеялың жөне көркемдік қозғалыс. Ро- мантизмнің тууына әсер еткен себептер: тарихи және көркемдеу өнерінің ішіндегі өзгерістер, әсіресе, ұлы Француз революциясы алып келген көптеген жаңа та- рихи тәжірибелер. Бұл тәжірибе қорытындылауды, со- нымен қатар, көркем шығармашылықтың мәнін қарас- тыруды талап етті. Романтизмнің көптеген идеялары жарты ғасырлық өмірінде бірнеше рет күрделі өзгерістерге ұшыраған, бірақ жалпы көзқарас бірыңғай эстетикалық бағыттағы неше түрлі мектептердің қол- дауында болды. Ең басты (осы ырғақ қозғалысының) ор- талығы Германия болды: неміс ақындары мен философ- тарының шығармаларын Англия, Франция, Полына және Ресей романтиктері үлгі тұтқан. Романтизм ағар- тушылық кезеңнің орнын басып, көп жағдайларда оған қарама-қарсы келеді. Ағартушылық кезеңде ырғақ ұқсас жағдайлар туындауына байланысты предроман- тизм немесе болашақ романтизм деп аталды. Оның өкілдері «Веймарск классицизмінің» аңындары Гете, Шиллер, Виланд болды. Көптеген романтиктердің пікірінше, француз революциясының көтерілісінен ту- ындаған елестер немесе иллюзиялар буржуазиялық қоғамда орын алуы керек болды. Сондықтан олар осын- дай елестердің қирағанына ңатты қиналды. Романтизм — өнерді дамытудағы, адамның әр түрлі қабілеттерін ашу- дағы мүмкіндік, бостандың, бұл жағдай философия, филология ғылымдарының ырғақтың эстетикалық көлеңкесінде болуына байланысты.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля