11 марта, 2018 18:23
Тілдесім әрекеті , оның сөйлесім әрекетінде алатын орны, маңызы Тілдесімді меңгеру жолдары жолдары, оганн ңатысты факторлар. Тілдесімніц жіктелуі, түрлері.
Лекцпя максаты: Тілдесім әрекетінің сөйлесім әрекетінің барлык түрлерін камтитындыгы, тілдесімнің түрлері, карым-катынасты жүзеге асырудагы аткаратын кызметі жайлы мэліметберу,
Лектнія мэтіні (кыскаша):
Тілдесім — сөйлесім әрекетінің барлык түрін камтитын ерекше кұбылыс Ол тілдік катынастың ең маңызды көрсеткіші бола келіп, окылым, жазылым. айтылым, тыңдалымның іс жүзінде колданылуына мүмкіндік жасайды- тілдесім аркылы оку, жазу, тыңдау, сөйлеуге үйрету жүзеге асады, оларга каТьісты жұмыстар аткарылады. Тілдесім тіл үйренушілерді руханн карым- каТьінаска жетелейді, тілдесу аркылы олар бір-бірімен ой бөліседі, жөн сүрасудын алгашкы баспалдагын аттайды. Адамдардың бір-бірімен кандай максатпен, калай сөйлесуіне байланысты тілдесім түрліше болады. Осы түргыдан келгенде, оларды мынадай дегі жіктеуге болады: ресми тілдесім, бейресми тілдесім, калыптаскан тілдесім, кәсіби тілдесім, элеуметтік тілдесім, дербестік тілдесім
Ресми тілдесім — тіл үйренушілерге ресми карым-катынастың элементтерін упрету, ондағы сөз колданыстарды, ситуацияларды, ресми материалдарга катысты менгерту.
Бейресми тілдесім — окушыларды ресми емес, күңделікті түрмыс- тіршілікте кездесетін, адаммен карапайым карым-катынастың элементтерін білуге үйрету. Бұл — өмірде болатын кез-келген жагдайда таныс болсын, бейтаныс болсын ұшыраскан адаммен тілдесе білу, сөйлесе білу деген соз.
Қалыптаскан /формальный/ тілдесім — әр адамның өмірдегі өз орына сай бір-бірімен тілдесуі, түсінісуі. Адамдар жастың өсуіне карай — бала, әке, ана, туыс т.б. тәрізді табиги кезеңдерден өтеді. Олардың әркайсысының калыптаскан өзіндік ролі бар. Адамдардың осындай карым-катынасына негізделген сөйлесуді калыптаскан тілдесім деп атауға болады. Өсе келе әр бала эке не ана болады, аға не әпке болады, бұл — күнделікті адамдык карым-катынастың ен негізгі және ең жиі кездесетін үлгілері, адамдар осы тұргыдан да бір-бірімен тілдесіп, түсінісе білуі занды.
Кәсіби тілдесім — тіл үйренушілерге белгілі бір мамандыктың саласына байланысты сөйлесудің үлгілерін, мамандыкка катысты сөздерді, тілдік колданыстарды, терминдерді үйрету. Окушылар арасындағы тілдік катынасты эр түрлі мамандык иелерімен калай сөйлесіп, тіл табысуға болады, соган карай кұруға тура келеді. Адамның коғамдағы орнын, беделін, кызметін ескере отырып кұрылатын тілдік карым-катынас — әлеуметтік тілдесім болып табылады. Мұнда сөйлесуші адамдар бір-бірінің коғамдағы элеуметтік роліне, аткарып отырған кызметіне, жасына, жолына карап тілдеседі. Қазак тілін үйренушілерге мұны да білудің өмірлік кажеттігі бар.
Дербестік тілдесім — адамның кызметіне, беделіне, әлеуметтік орнына карамай, жеке басының касиеттеріне карай, өзіне тэн барлык ерекшеліктерін ескере отырып, тілдесу, сөйлесу. Бұл — кісінің жеке адамшылығын, білгірлігін, ақылдылығын танып, оны үйрене білумен катар жүреді. Дербестік тілдесім — оқытушы мен окушының тең дәрежеде, бірін-бірі кұрметтей, бірінің кісілігін бірі танып тілдесуге мүмкіндік жасайды, тілдік катынасты арттырады, адамдардың өзара достасуына, түсінісуіне жол ашады. Сондыктан мұңдай тілдесімді меңгерген бүгінгі шэкірт ертең жаксы ұстаз болатындыгына сенуге болады.
Тілдесімнің аткаратын функциялары мынадай: әлеуметтік кызмет, танымдык кызмет, мағлұматтык кызмет, коғамдык не кауымдык кызмет, эмоционалдык кызмет.