Училище ішіндегі бақылау жүйесі

14 февраля, 2018 20:01

 

Білім беру процесін кәсіптік мектеп ішіндегі бақылаудың негізгі міндеттеріне мыналар жатады: оқушыларды теориялық жөне өндірістік оқытудың саласын тексеру; олардың дағдыла- рының, шеберліктері мен білімдерінің деңгейін айқындау; білім беру процесіне оның тиімділігін арттыру мақсатында ықпал ету; өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушыларға көмек көрсету; қорытындылау және оны педагогикалық ұжымда тарату мақса- тында үздік жұмыс төжірибесін айқындау.

Мектеп ішіндегі бақылаудың мақсаттары мен міндеттеріне табысты түрде жете бақылаудың негізгі принциптерін сақта- ғанда ғана жүзеге асады. Олар: жан-жақты қамтушылық, объективтілік, жүйелілік, жариялылық. Бақылау жүйесіне кіретін бүл принциптер едәуір деңгейде сол жүйенің келесі элементі — бақылаудың функцияларын анықтайды: ақпараттық, оқыту- шы, тәрбиелеуші, дамытушы, үйымдастырушы.

Мектептің жетекшілерінің басқарушы қызметінің практика- сында мектеп ішіндегі бақылаудың төмендегідей әдістері қол- данылады:

  • жоспарлаушы және есепке алушы — есеп беруші құжатта- маны зерттеу жөне талдау;
  • теориялық және өндірістік оқытудың сабақтарына, өндірістік практикага, сыныптан тыс оқу жөне төрбие шарала- рына қатысу жөне оларды педагогикалық талдау;
  • оқушылардың шеберліктері мен білімдерін тікелей тексе- ру: сауалнама, бақылау және тексеру жүмыстары, анкета, тест жүргізу;
  • оқушылармен, өндірістік оқыту шеберлерімен, оқытушы- лармен жеке өңгіме жүргізу;
  • оқу жөне төрбие жүмыстары жөнінде өндірістік оқыту шеберлері мен оқытушылардың есептерін тыңдау және талдау;
  • оқу орнындағы оқу-тәрбие процесінің нөтижелері мен жағдайын сипаттайтын статистикалық мөліметтерді зерттеу.

Бақылаудың мақсаттары мен міндеттерінің айырмашылық- тары, тексерілетін объектілердің алуан түрлілігі мектеп ішіндегі бақылау жүйесінде тағы бір компоненттің — оның түрлерін бөліп алудың қажеттілігін айқындайды.

Объектің сипатына қарай бақылаудың төмендегідей түрлері үсынылады: персоналды (бір оқытушының немесе өндірістік оқыту шеберінің жүмысы тексеріледі); пәндік — қорытындыла- ушы (бір пәнді немесе мамандықты жүргізетін педагогтердің жүмыстары тексеріледі); сыныптық — қорытындылаушы (бір топта жүмыс істейтін оқытушылар мен өндірістік оқыту шебер- лерінің жүмысы тексеріледі).

Жоғарыда сипатталған бақылаудың мақсаты, принциптері, функциялары, әдістері мен түрлері бір-бірімен өзара байланыс- ты, өзара шартты және элементтердің түтастай жиынтығы, яғни жүйе түрінде көрінеді.

0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля