26 апреля, 2018 9:54
Шартты рай қимыл, іс-әрекеттің болу-болмау, орындалу мүмкіндігін, шартын білдіріп, етістік түбіріне, лексика-грамматикалык категориялар тұлғаларына -са, -се косымшасы жалгану аркылы жасалады. Шартты райлы етістік ықшамдалған тұлғада жедел өткен шақ тұлғасы сиякты- жіктеледі, сөйлемде негізінен алғанда тиянақсыз тұлға болып колданылады, сондьщтан көбіне-көп шартты бағыныңқылы сөйлемнің баяндауышы қызметінде Жұмсалады.
Көпше
Біз айт-са-к, сөйле-се-к Сендер айт-са-ң-дар, сөйле-се-ң-дер Сіздер айт-са-ңыздар, сөйле-се-ңіздер Олар айт-са, сөйле-се
Қазақ тілінде шартты рай тұлғасындағы етістік эр уақытта шарттылық мәнде қолданыла бермейді. Кейде ол шарттй рай тұһғалы етістік мезгіл .бағыныңқы сөйлемнің немесе Ь.
бағыныңқы сөйлемнің баяндауышы қызметінде де жұмсалады.
Сондай-ақ шартты райлы етістік тілек, арман, мақсат сияқты модальдылык мэнді білдіріп, тиянақты мэнінде сөйлемнің баяндауышы қызметін де атқарады. Бұнымен бірге шартты райлы етістік жіктеліп келіп, гой, еді, екен, етті, ма, ме сұраулық шылаусияқты көмекші сөздермен тіркесіп, сөйлемді аяктап тұрады да, сөйлеушінің тілек-арманын, өтініш-өкінішін, болжам ниетін т.б. білдіреді.
Сондай-ақ -са, -се тұлғасына -шы, -ші қосымшасы үстеліп, 3-жақта жіктеліп, тиянакты тұлға ретінде қолданылады, екінші жақта кейде -ң жіктік жалғауының орнына -й тұлғасы айтылады. Мұндайда етістік таза шарттылық мәннен гөрі ниет, тілек шартты мәнді білдіреді.
Шартты райлы етістік игі еді сөздерімен тіркесіп, қалау рай да жасайды: кел-се игі еді. Болжамды сияқты модальды реңкті білдіріп, шартты райлы етістік керек сөзімен де тіркесіп қолданылады: айт-са керек.
Бұлардьщ барлығында да шартты райлы етістік жіктеліп келеді де, көмекші сөз сөйлем баяндауышын тиянақты етіп отырады.
Қалау рай — сөйлеушінің қимыл, іс-эрекетті орындауга я орындамауға қалау, тілек, ниет, ынтасын білдіріп, белгілі жолдармен жасалатын рай категориясының бір түрі. Қалау рай бірнеше жолмен жасалады. Негізгі етістіктерге -гы, -гі, -қы, -кі қосымшалары жалғанып, тәуелденіп барып тәуелдік жалгауы аркыльт. жіктеліп. яғни жақтық, жекешелік-көптік мэн үстеліп, оған кёл, келді, келеді көмекші етістігі тіркесіп жасалады.
Жіктелуі:
Менің окы-гы-мкелді, келеді. Біздің окы-гы-мызкелді, келеді Сенің оқы-ғы-н келді, келеді. Сендердің окы-ғы-ларың келді, келеді Сіздің окы-ғы-ңыз келді, келеді. Сіздердің окы-ғы-ларыңыз келді, келеді Оның оқы-ғы-сы келді, келеді. Олардың оқы-ғы-сы келді, келеді.
Сөйтіп, бұл тұлғалы калау рай етістік синтаксистік сипаты жағынан жақсыз сөйлемнің баяндауышы кызметін атқарады.
Сондай-ак етістік түбіріне -ғай, гей, -қай, -кей қосымшасының үстелуі аркылы жэне осы тұлғага еді көмекші етістігі тіркесу арқылы немесе шартты рай тұлғалы етістікке игі екен сөздерінің тіркесуі арқылы да тілек мәнді қалау рай жасалады.