11 ноября, 2017 11:04
Не бары жиырма тоғыз жыл ғана өмір сүрген ұлы Шоқан шығармаларын оқығың келе береді.
1Оқыған са- йын ғылымның тұңғиық тереңіне сапарға шығып қайт- қандай боласың. Жомарт табиғат Шоқанға дарын-та- лант атаулыдан сараңдық жасамаған. Цивилизациядан швлғай жатқан қазақтың жалпақ, шетсіз-шексіз дала- сында тарих тудырған ғажап құбылыс еді ол, шынында! Суарылған алмас болаттай алғыр, албырт, жас дана Шоқан халқымыздың бағына ғана жаралғандай! Есеп- сіз жылдар, сан ғасырлар да өтер, бірақ мәңгі жас Шо- қан келешек ұрпаққа дәл қазіргі біздің ұғымымыздағы Фарабидей, бүгінгіден де ұлы, бүгінгіден де жас болып жете беретінінде күмән жоқ. Өйткені оның мұрасы — ешқашан да тотықпайтын, тозбайтын тарихтың қымба- ты, асылы. Әлемдік ғылым оны сол кезде-ақ түлеп келе- жатқан жарқын талант, жас дана деп танып, Орта Азия мен Шығыс Түрікстанның ғажайып зерттеушісі ретінде мүлтіксіз мойындаған болатын.
Дүние жүзі мәдениеті ордаларының бірінен санала- тын Петербургты дүр сілкіндіріп, «Ғажап ғалым», «Жас данышпан» атанған Шоқанға берілген бағалар биік, өте асқақ еді. Орыс халқының: Н. Г. Чернышевский, Ф. М. Достоевскийдей даналары; В. А. Обручев, А. Н. Бе- кетов, И. В. Мушкетов, Н. А. Аристов секілді атақты ғалымдары; П. П. Семенов-Тянь-Шанский, Н. М. Ядрин- цев, И. Н. Березин, Г. Н. Потанин, В. П. Васильев, В. В. Вельяминов-Зернов, В. В. Григорьев сияқты әйгілі шығыс зерттеушілері; А. Н. Майков, С. Ф. Дуров тәрізді белгілі ақындары, тағы басқа да көптеген зиялылары оның талантына бас иіп, таңдай қағып, талай тамсанып |
жазған еді. Солардың ішінде жан досы көрнекті сая- хатшы әрі этнограф Г. Н. Потаниннің, атақты Шығыс зерттеушісі Н. И. Веселовскийдің, ұлы жазушы Ф. М. Достоевскийдің Шоқанға берген бағасы біз үшін әсіресе қымбат.
«Шоқан Шыңғысұлы Уәлиханов Шығыстану ілімінің көгінде құйрықты жұлдыздай жарқ етті. Орыс ориенталистері оның ғажап құбылыс екендігін бірауыз- дан мойындап, одан түрк халықтарының тағдыры жа- йында ұлы және аса маңызды жаңалықтар ашуды кү- туде еді» деген Н. И. Веселовскийдің сөзі бүгінде Шо- қан еңбегіне берілген ақиқатқа, әділ де дәл бағаға ай- налып отыр. Ф. М. Достоевскийді өзіне ғашық еткен Шоқан не- бәрі он тоғыз-ақ жаста еді. Ұлы жазушының Шоқанға: «Мен сізге шын мәнінде ғашықпын. Өмірімде бүйтіп ешкімге ықласымен түсіп көрген емес… Дала туралы мақала жазыңыз. Өз Отаныңызға жақсылық істеу Сіз- дің қолыңыздан әбден келер еді. Мәселен, даланың мәнін, өз халқыңызды Россияға таныту ұлы мұрат әрі қасиетті іс емес пе? Нағыз европалықтарша білім алған тұңғьіш қырғыз (қазақ деп түсіну керек — М. Ж-) еке- ніңізді ұмытпағайсыз. Оның үстіне тағдыр сізді ғажап бір адам етіп жаратып, Сізге жүректі де, пейілді де аямай берген» деп жазған еді. (Ф. М. Достоевский. Хаттары, бірінші том, Москва, 1928, 200-бет). Достоевскийдің тап өзінен осындай сөздерді тудырған Шоқан бүгінде тарихтың ірі тұлғаларының, жарық жұл- дыздарының біріне айналды. Біз бұл жерде Шоқан жайындағы ұлағатты сөздерді тегіс теруді мұрат етіп отырған жоқпыз; алдыңғы қатар- лы орыс зиялыларының берген бағасын Шоқанға беріл- ген нағыз ғылыми әрі әділ дәуір бағасы еді дегенді айтқымыз келді. Шоқанның ғылыми, әдеби еңбектері Россияда оның көзінің тірісінде журналдарда, басқа да мерзімді баспасөзде жарияланған. 1904 жылы ғалым қайтыс болғаннан кейін, соның бәрін жинап Петербург университетінің профессоры, академик Н. Веселовский Петербургте бір том етіп бастырып шығарады. Қазақ халқының ұлы перзенті Шоқанның өз өмірі- нен қалған қымбат, мол мұраны Отанымыздың күллі кітап қоймаларынан жинап, реттеп, шығармаларының орыс тіліндегі бес томдық толық жинағын дайындаған академик Әлкей Хақанұлы Марғұлан. Бұл, шын мәнінде, кез келгеніміздің қолымыздан келе бермейтін аса қиын |
әрі жауапты іс еді. Қашанда ғылымнын, алдыңғы сапын- да жүретін Әлекең халық алдындағы бұл міндетті үлкен абыроймен орындап шыққан еді. Бүгінгі және кейінгі ұрпақ Шоқан еңбектерін архивтер шаңдагынан ақтар- май, халқымыздың шежіре ғалымы Әлкей Марғұлан дайындаған бес томдық жинақтан оқып-үйренеді. Бірін- ші томындағы Ә. Марғұлан жазған Шоқан өмірінің очерктерін әдеттегідей цифрлар дерегінің жалаң тізбегі емес, өмірбаян жазудың, өскен ортасы, болмысы жайын- да жастарға көп өнеге, ғибрат бере алатын өз алдында дербес, тұтас көркем үлгісі дер едік.
Ә. Марғұланның Шоқанға деген, оның мұрасына де- ген ықылас-пейілін, сүйіспеншілігін қалың қауым оның «Шоқан және Манас» деп аталатын тамаша зерттеу кі- табынан тағы да анық көз жеткізген еді. Академик Ә. Марғұлан дайындаған Шоқан шығармаларының бес томдық толық жинағы оның 150 жылдық юбилейіне байланысты қайта шығарылды. Аяулы Шоқанның терең мұрасы бір жарым ғасыр бойы толассыз, үздіксіз зерттеліп келеді. Бірақ, неге екені белгісіз, оның шығармаларын ана тіліне аудару ісі әлі күнге дейін жөнді қолға алынбай келеді. 1980, 1985 жылдары «Жазушы» баспасы шығарған бір том- дық бұл олқылықтың орнын толтыра алмайды. Орыстың ұлы ойшылдарының, классик сыншыларының мұрала- рын аударудың тәсілін әбден игерген, бай тәжірибе жи- нақтаған қазақ әдебиетінің алдында тұрған кезек келтір- мейтін үлкен міндеттердің бірі енді осы болса керек. 2 Шоқанды ғылымның ұшар биігіне көтеріп, шалқар дариясына қондырған екі қайнар көзді байқауға бола- ды. Бірі — қазақтың өз топырағына біткен ойшылдық, ақындық қасиет еді де, екіншісі ол оқып білім алған орыс мектептері мен орыс достары болатын. Тумысынан жыр-күйге, шешендік-даналық сөзге су- сындап, мейірі қанып өскен Шоқан есейе келе орыс ұстаздарының әсерімен нағыз ғылымның есігін ашып, бірте-бірте өзі де сол ғылымның көрнекті, ұлы ұстазда- рының біріне айналды. Шоқан — көптеген Шығыс тілдерін, неміс, француз тілдерін жетік білген ғалым, сол себепті ежелгі жаз- баларды оның түп нұсқасынан оқып отырған. |
Орта Азияның, оның ішінде Қазақстанның тарихы, этнографиясы, мәдениеті, әдебиеті жайында Шоқаннан қалған бағалы мұра өте көп. Соның бәрін бір мақалада айтып жеткізу мүмкін емес. Сондықтан да біз бұл жерде ғалымның әдебиет хақындағы, қазақ халқының ежелгі аңыздары жайындағы аса кұнды пікірлеріне тоқталуды жөн көрдік.
Шоқанның әдебиет жайындағы еңбегі дегенде, біз көбіне оның қырғыз эпосы «Манас» жайлы жазғандарын жиірек қайталап жүрміз. Шындығында Шоқанның әде- би мұраға қатысты айтқандары бір ғана «Манаспен» шектелмейді, ол халқымыздың ақынгер таланты, ба- йырғы әдебиеті мен мәдениеті жайлы мол-мол келелі ойлар қалдырған. «Қырғыз-қайсақтар (қазақтар — М. Ж.) табиғатын- да ақылды боп жаралған және өте сезімтал халық. Ежелгіні жырлап отыратын әр руда ақындар бар. Қыр- ғыз-қайсақтарда эпос, аңыз, ертегі көп; олар ән мен күйді қатты құрметтейді»— деп жазады Шоқан (Шығар- маларының бес томдық толық жинағы, I том, Алматы, 1961, 368-бет). Бір кездерде бақыт іздеп, ғасырлар бойына сахараны шарлаған «Жыршы халық, ақын халық есте жоқ ескі замандардан бастап дарыған ақындық даналығын қапы- сыз жұмсап, өзінің рухын ұмытылмас эпостық жырла- рында, сан-сан алуан түрлі дастандарында бейнелесе» (М. Әуезов), ежелден-ақ байтақ даланы шексіз жыр мен ән-күйге бөлеген халқының сол талантын Шоқан жоға- ры бағалап, оиың жырын да, әңгіме-ертегілерін де тын- бай жинап, зерттеп-талдап отырған. Өкінішке орай, «Қозы Қөрпеш — Баян сұлу», «Орақ батыр», Абылайға арналған Бұқар жырлары болмаса, өмірін үнемі әскери қызметте, ұзақ саяхат сапарларында өткізген Шоқан- ның ел арасынан жазып алған мол жырлары, ертегі- аңыздары әр түрлі себептермен бізге жетпеген, әдебиет, тарих жйындағы не бір бағалы еңбектері де дерексіз кеткен. Шоқан Уәлиханов — қазақ халқының әдебиетіне кең талдау жасап, жеке жанрларына анықтама берген тұң- ғыш әдебиет зерттеушісі. Оның қаламынан туған: «Қа- зақтың халық поэзиясының формалары жөнінде», «Тә- ңірі», «Оңтүстік Сібір тайпаларының тарихынан», «Жоң- ғария очерктері», «Қазақ арасындағы шамандықтың қалдықтары», «Қырғыз жайында», «Профессор И. Н. Бе- резинге хат», «Профессор И. Н. Березиннің «Хан жар- |
лықтары» атты кітабын оқығанда», «Жамиғат-тауарих- тан», «Тарихи — Рашидидден», «XVIII ғасырдың батыр- лары жаііындағы тарихи аңыздар», «Ұлы жүз қазақтары- ның аңызы» деп аталатын мақала-зерттеулерінен ғалым- ның әдебиет үлесіндегі биік талғамын, терең білімін танимыз. |
3
Біз соңғы кезге дейін әдебиетіміздің тарихын халық тарихымен тұстас, бірлікті тұрғысынан зерттей алмай келгенімізді жасыра алмаймыз. Халқымыздың байырғы ауыз әдебиетін мұра тұтып, заманымыздың VII ғасыр- ларынан бергі жерде-ақ тасқа басылып, хатқа түскен көптеген әдеби ескерткіштерін, жырларын мүлде ескер- мей келдік. Біздің бұл кемшілігімізді советтік тюрко- логия ілімінің табыстары, қазақ әдебиетшілерінің кейін- гі жылдардағы бірқатар зерттеулері толық көрсетіп берді. Әйтпесе, XV ғасырда ұлт болып қалыптасқан қазақ халқы кенеттен пайда болып яки бүгінгі қонысына бір жақтан ауып келген жоқ еді, тарих, археология, тюр- кология ілімдері дәлелдеп бергендей, ежелгі Үйсін, Сақ, Ғұн, Түрк қағанаты, Караханид, Алтын Орда секілді мемлекет бірлестіктерінің құрамында болган байыргы тайпалар негізінде қалыптасқан болатын, бағзы заман- дардан осы күнгі ата қонысын мекендеуші еді. Әлгіндей, толып жатқан бірлестік мемлекеттердің құрамында болғандығынан да, байырғы тайпалардың біразының аты өзгеріп, кейбіреулері жойылып кеткен. Бұл жайында Шоқан келістіріп өте әдемі жазады. Орта Азия мен Қазақстан жерлерін ежелден-ақ осы күнгі халықтар мекендеп келе жатқандыгын ескере отырып, Шоқан былай дейді: «Орта Азияның жалпақ даласын өте ерте кездерден-ақ көшпелі тайпалар ұрпагы мекен- дейді. Олар үнемі қоныс аударып, кейде өз руларының, кейде басқа бір өктем, күшті рулардың атымен аталып отырган. Белгілі бір ру-тайпалар күшейіп, өздеріне өзге руларды қаратып алып, оларға өз аттарын беріп отырган… Осы жагдайдың өзі көшпелі ,ұрпақтың шығу тегін анықтауда көп қиындық келтіреді. Қөшпелі тай- палар жайындағы деректі дүниелер — қытай шежірелері мен шығыс хроникалары болса, олардың -өзі де ретсіз әрі дәл емес. Оның үстіне қытай шежірелерінің жауап- сыздығынан нақтылылық, дәлділік дегендеріңіз құрбан болып, олардың аты қалай болса солай жазылып, әбден |
өзгеріп, шатысып кеткен» (Шығармалары, I том, 346- бет).
Расында да, шетел саяхатшылары, шежірешілері бұл өңірдегі кісі есімін, тайпа, әдеби ескерткіштердің атын мүлде шатастырып жіберген еді. Басқасын айтпағанның өзінде, қазақ халқының негізін кұраған рулардың бірі ежелгі Қаңлылардың байырғы әдебиеттерде: Кангюэй, Қангер, Кенгерес, Канглы, Қаңқа, Қаңлы болып түрліше аталатындығын сол сапырылыстырушылықтың салдары деп білу керек. Әлбетте, қазақ халқы үнемі жосылып, жөңкіліп көше бермеген, олардың біразы отырықшы, біразы көшпелі тіршілік еткендігі, қазақ жерінде Тараз, Алмалы, Іле, Қойлық, Меркі, Құлан, Сунақ, Отырар, Ясы, Сайрам тәрізді көптеген іргелі қалалар болғандығы, сәулет өнерінің дамығандығы мәлім. Біркелкі көпшілік жайын сөз етіп отырған Шоқан бұған әдейі тоқталмаған. Шоқан рухани мұраның аса бай көріністерінен са- налатын халық поэзиясы, эпикалық өнер үлгісі — жыр жайында өте құнды тұжырымдар жасайды. Солардың ішінде қазақ поэзиясының теориясы мен «Манас» жөнін- дегі аяқтай алмай кеткен зерттеулерінің орны бөлек екендігін айта кету керек. «Қайткенде де,— деп жазады Шоқан Уәлиханов,— қазақ поэзиясы өмірдің елесін, өз қоғамының ұғымын, келбетін дұрыс бейнелейді. Тарихи жағынан қазақ халқының ақындық өнері тіпті ерекше, өзгеше ғажап. Батырлардың жойқын ерлігін сыпаттайтын ескі дастан- дар, жырлар тілінің сөзінің көнелігіне қарамастан, Алтын Орда заманында оқиғаны бұрмалаусыз, тари- хи тұрғыда дұрыс жырлайды. Әрқалай замандарда жасалғанына қарамастан, қазақ жырлары өз дәуірінің кезеңді оқиғаларын тұтас бұрмалаусыз, тарихи тұрғы- дан дұрыс суреттеп, халық жадында мәңгі ұмытылмастай етіп қалдырды. Ол жырларда халқымыздың өткен тарихи, рухани өмірі анық көрінеді. Сондықтан да олар- дың халық тарихын білуде орны ерекше». Ғалым өз ойларын жинақтай келе поэзияның фор- маларын: жыр, жылау (жоқтау), щйым өлең, қара өлең, өлең деп бес түрге бөліп, әрқайсысына жеке-жеке анық- тама береді. Бұл жерде Шоқанның қазақ өлеңі кұрылысының өзіндік ішкі өзгешеліктерін ескермей, поэзиямыздың тек сыртқы белгілеріне қарай бөлгендігін де байқаймыз. Сондай кемшілігіне қарамастан, мұның өзін қазақ |
поэзиясын жіктеудің ең әдепкі үлгісі ретінде бағалауы- мыз қажет.
Осындағы Шоқан айтып отырған жоқтау өлеңдері қазақ поэзиясының ең байырғы формаларынан сана- лады. Дүние салған кісіні ас өткізгенге дейін жыл бойына жоқтау әдеті қазақта әлімсақтан бар. Әдетте жоқтау өлеңдерін өлген адамның жан-күйер жақындары шы- ғарады да, ол өлеңдерде әлгі кісінің қадір-қасиеті ардақ- талып, қаза үстіндегі ауыр қайғысы жырланады. «Халық арасында әлде бір батырдың қоштасуы және соны жоқтауға байланысты таралған өлең-жырды ал- ғашқыда бір ақын жинап, басын құрауы, сөйтіп тұңғыш эпостық дастанның тууына негіз қалауы ықтимал» деген еді М. Әуезов («Уақыт және әдебиет», Алматы, 1962,35- бет). Елге пана болған батырлардың тіршіліктегі ерлігін дәріптеген жұрт жарасы, ел шері — жоқтау өлеңдерінің академик Мұхтар Әуезов айтқандай, бертінде қазақ эпостарына негізгі желі, басты арқау болғандығы дау- сыз. Қазақтың эпостық жырлары Алтын Орда — ноғайлы тұсында туған еді деген пікір ұсынады Шоқан Уәли- ханов. Әлбетте, бұл тұжырым кезінде үлкен жаңалық болғанмен, бүгінгі әдебиеттану ілімінің аталмыш мәсе- леге басқаша қарайтындығын да ескере кеткен жөн. Жалпы эпос (хебос)— жыршы деген грек сөзі. Демек, бұл ұғымның ең алғашында белгілі бір елеулі оқиғаны дәріптеуімен, жырлауымен байланысты шыққандығы байқалады. «Шынын айтқанда,— деп жазады А. Н. Ве- селовский,— батырлардың ерлігін жырлаған эпостар халықтың қалыптасуымен қатар туа бастаған. Тарихи кезеңдердің елеулі тұлғалары жойқын ерлердің төңіре- гінде неше түрлі өлеңдер құрастырылып, солардың не- гізінде бүтін цикл жасалған» (А. Н. Веселовский. Исто- рия эпоса, отд I, СПб, 1882, 267-бет). Демек, ерлік жырлары халықтың қалыптасуымен бірге қатар туған болса, онда қазақтың ежелгі «Алпа- мыс», «Қобыланды» тәрізді елеулі жырлары бертінде, Шоқан айтқан дәуірінде емес, одан әлдеқайда ерте ту- ған. Шоқан әдебиетпен бірегей, бүтіндей әрі алаңсыз шұ- ғылдана алмаған ғой. Ол соның бәрін әскери қызметте, этнографиялық саяхатта әдебиет үлгілерін жинай жүріп жазған. Сондықтан да Шоқанның кейбір қорытынды- |
тұжырымдарын әдебиеттану ілімінің бүгінгі жетістік- терімен молықтырып, дамытып отырған жөн.
Шоқан халқымыздың тарихи, эпостық нұсқаларын гек тарихқа қатысы тұрғысынан ғана бағалап қойған жоқ, сонымен бірге ондай бай қазынаның көркемдік құнына да ерекше зер салған. Мәселен, ғалым «Ер Көк- ше мен Ер Қосай» жырын әлде қалай тарихи маңызды- лығы тұрғысынан емес, көркемдік шеберлігі тұрғысынан бағалайды: «Бұл жырдың тарих тұрғысынан қызықты ештеңесі жоқ. Бірақ жырдың өлеңдік жағы күшті, әуез- ді жыр оқиғасы басынан-аяғына дейін тартымды»— деп жазады Шоқан (Шығармалары, 1-том, 225-бет). Шоқанды эпос зерттеушісі ретінде оның «Манас» жайындағы еңбектерінен (бұл ғалымның «Жоңғария очерктерінде», «Ыстық көл сапарының күнделігінде», «Қырғыздар жайында» атты үлкен еңбегінде кеңінен сөз болады — М. Ж.) анық танимыз. Екінші жағынан, мұ- ның өзін ғалымның жалпы эпос жайындағы зерттеулері- нің биігі әрі қорытындысы деуге де болар еді. Шоқан «Манасқа» жалпы сыпаттама беріп қоймай, ондағы образдар жүйесіне тартымды талдау жасап, шығармаға басты арнау болған мол оқиғаға тек қыр- ғыздар ғана емес, сонымен бірге басқа да көршілес ха- лықтар араласатындығын және оның тарихи себептерін ашып береді. Сөйтіп, «Манасты» бүтін халық өмірінің шежіресі, бүкіл халықтың ақыл-ойының көрінісі ретінде бағалайды. Тіпті әлі де түгел жиналмаған, жазылып алынбаған сол кездің өзінде-ақ «Манасты» дүние жү- зінде адамзат жасаған эпикалық өнердің ең ұлы туын- дысы де танып, «Дала Илиадасы» атауы Шоқанның асқан білімпаздығы, керемет көрегендігі еді. Көлемі жағынан «Илиаданың» өзінен асып түсетін «Манас» жырын алғаш хатқа түсіріп, жариялап, «Ма- настану» іліміне із салған Шоқан дейтін болсақ, совет дәуірінде сол ілімді негіздеген тағы да қазақ ғалымы Мұхтар Әуезов екендігін әрқашан да мақтанышпен айта аламыз. Бұл — ғылыми орта әлдеқашан мойындаған ақиқатты әрі қуанышты шындық. Бір сөзбен айтқанда, Шоқан эпикалық мұраларды сол кездің өзінде-ақ жете, терең зерттеуге батыл адым жасады, бірақ сонымен бірге тарихи-эпостық жырларды танып-бағалауда оның шалыс басқан, жаңсақ кеткен сәттері де болған еді. Шоқан зерттеулерінің бұл тұста- ғы кемшіліктері кезінде көрсетілген, сондықтан да біз оған тоқтай алмаймыз. |
Шоқан өз зерттеулерінде біздің халқымыз туралы Батыста қалыптасқан теріс тұжырымға қатты соққы береді: «Көшпелі тайпаларды бет алды лағып жүрген тағы тобырлардың санатына қосатын жалған ұғым Европада әлі күнге дейін үстем болып келеді. Олардың ойынша көшпелі моңғолдар мен қазақтар мал сияқты жосып жүрген надан варварларға жақын боп шығады. Ал шынына келсек, бұл тағы деп отырған жүрттардың көбінің жазбаша әрі ауызша сөз өнері бар. Солардың ішінде қазақ халқы айрықша көрінеді. Ақыл-ойы жағы- нан сахараның қазағы шаһарда тұратын татарлар мен түрктерден әлдеқайда жоғары жатыр. Мәңгі ашық жұлдызды аспанның әсері ме, жоқ әлде сұлу табиғаттың әсері ме, әйтеуір оларда ойшылдық, ақындық рух өте күшті»—-деп жазады ол (Шығармалары, 1 том, 390- бет).
Бұл жерде Шоқан қазақ халқының жазба әрі ауыз әдебиетінің қатар жасап келе жатқандығын және ой- шылдық пен ақындық өнердің халқымыздың сүйегіне туа біткен қасиет екендігін қалай әдемі айтқан! Ақындық тәсіл мен дәстүрдің ең ертедегі белгілі туындысы — VIII ғасырда жазылған құлпытас беттерін- де сақталған Орхон ескерткіштері Шоқанның бұл пікірін толық растайды. Көшпелі халықтардың тарихына арналған очерктері мен зерттеулерінде Шоқан импровизаторлық өнердің қазақ арасында ерекше дамыған және сол ауызша ту- ған жырларды бүгінгі ұрпаққа өзгеріссіз жегкізген ақындардың құйма құлақ қасиетін әдемі талдап жазған: «Көшпелі елдердің қай-қайсысының болсын, бір ерек- шелігі — олар поэзияға бейім, табан астында қиысты- рып айтқыш, өлең, жырға бай, шебер келеді. Бәдеуилер- дің ақындығы, жыраулығы Европаға мәлім. Арабстан даласын аралағандардың бәрі де қаршадай баланың кез келген сұраққа табан астында-ақ қисынды, ұйқасты өлеңмен жауап бере алатындығын айтқанда, әбден ес- тері кетеді. Монғол, түркі рулары да міне, дәл осындай. Түркі тұқымдас халықтардың ішінде ақындығы жағынан жұйрігі сірә қазақ халқы болар. Атақты ориенталист Сенковский өлеңші бәдәуилерді жараты- лысынан ақын болады деген екен, мұны қазақтар жа- йында да айтуға болады. Сахарада туғандықтан, қазақ жыры араб поэзиясымен үндес, сюжеттес келеді, екеуін- де де көшпелі өмірдің кейпі ұқсас жырланады (Шы- |
ғармалары, I том, 390-бет)— деген Шоқан келесі бет- терде осы ойын дамыта түседі:
«Тарихи жағынан алып қарағанда қазақ халқының рухы тамаша. Неге десеңіз: біріншіден, ерлердің ісін ардақтаған ежелгі жырлардың бәрі де оларда сақтал- ған бүгінгі ұрпаққа түсініксіз көне сөздермен, геройла- рының тарихи белгісімен бізге түгелдей өзгеріссіз жетіп отыр; екіншіден, әр дәуірде өмір сүрген импровизатор- лар өз кезеңінің елеулі оқиғаларын әсем бейнелеп, мәңгілік тұтас салт-дәстүр, мақал-мәтелдермен бірігіп, халықтың тарихи, рухани өмірінің өткені жайында маңызды деректер береді. Қазақтардың ежелгі жырларды, ескі аңыздарды сол күйінде өзгеріссіз сақтауы таңырқарлық, ал сол жырлардың осыншама жалпақ, шалғай даланың барлық түкпірінде бірдей, бір кітаптың көшірмесіндей сөзбе-сөз жырлануы, тіпті ғажап! Осыншама керемет дәлділікке сенер-сенбесіңді де білмейсің, бірақ бұл күмәні жоқ әрі мүлтіксіз шындық» (Шығармалары, I том, 391-бет),— деп жазады Шоқан. Міне, халқы тудырган сөз өнерінің биік сапасын, өзіндік қасиет-ерекшеліктерін Шоқан осылай багалай- ды. Зерттеуші қазақ поэзиясына тән басты сыпаттарды жалаң талдамай, оны дүниежүзі әдебиетінің озық үлгілерімен салыстырып отырады. Мұны біз Шоқанның қазақ пен араб бәдәуилеріндегі (көшпелілер — М. Ж.) импровизаторлық өнерді, қазақ-карель халықтарының поэзиясын, қазақ-орыс ертегілері мен жырларын салыс- тырган тұсынан айқын көре аламыз. «Жоңгария очерктерінен» мынадай жолдарды оқи- мыз: «Қөптен бері қазақ ертегілерін, мифтері мен аңыздарын, эпикалық жырларын жинай жүріп, мен олардың Европа халықтарындагы, әсіресе славяндарда- гы солар тәріздес үлгілермен ұқсастыгына қайран қал- дым». (Шыгармалар, I том, 398-бет). Сөйтіп, мұндай ұқсастықты галым екі халықтың тагдырының туыстығынан табады. Әдебиеттің шеберлігін танытатын басты компонент- тердің бірі тіл дейтін болсақ, Шоқан қазақ әдебиетінің тазалыгын мөлдір бұлаққа, сұлу табигаттың өзіне теңей- ді. Қазақ өлеңдері шешендігі, ұшқырлыгы, ойлылыгы жагынан түркі халықтарының ішіндегі ең биігі әрі тама- шасы, ал қазақ тілі араб тіліндегідей жасанды боямалы тіл емес, сондықтан да мұның поэтикалық қасиеті де ерекше деген байламга келеді. |
Кезінде қазақ даласында болған, қазақ халқының өлең-жырларын, аңыз-ертегілерін жинап-зерттеген орыс- тың әйгілі зерттеушілері Шоқанның бұл тұжырымын бертінде мүлтіксіз дәлелдеп шыққаны белгілі.
Қазақ ауыз әдебиетінің мол үлгілерін жинап, оларды өзінің «Түркі халықтары әдебиетінің нұсқалары» деп аталатын көп томдық тарихи еңбегінде жариялаған академик В. В. Радлов былай деп жазады: «Сөз сұ- лулығына соншалықты рахаттанып, ләззат алатын халықтың шешен сөзге ең биік өнер ретінде қарайтыны өзінен өзі түсінікті. Сондықтан да киргиздарда (қазақ- тарда — М. Ж.) халық поэзиясы дамудың ең жоғарғы сатысына жеткен. Қазақ-қырғыз шешен келеді; олар мақалдап сөйлейді, жәй сөзінің өзі өлең болып құйылып жатады» (В. В. Радлов, Образцы народной литературы тюркских племен т. III, СПб, 1870, стр.З). Түркі тектес халықтардың ежелгі жазба ескерткіш- терін зерттеп, бір жүйеге келтірген айтулы білімпаздар- дың бірі академик С. Е. Малов та: «Түркі халықтарының ішіндегі ең суретшіл, образды тіл — қазақ тілі. Қазақтар өзінің шешендігімен де, әсем ауыз әдебиетімен де даңқ- ты» (С. Е. Малов. Қ истории казахского языка, Изве- стия АН СССР, выпуск 3, 1941, стр. 97) —дегенді ай- тады. Революцияға дейін-ақ қазақ тілінің грамматикасын жазып шыққан профессор П. М. Мелиоранскийдің пікірі де жоғарыда айтылған ойлармен үндеседі: «Қазақ тілі түркі тілдерінің ішіндегі ең таза әрі бай тілге жатады. Қазақтар — шешен әрі әдемі сөйлеудің үлкен шебері. Сөз өнерінің құдіретті иелері — ертекші — әңгімешілер- ді, импровизаторлар мен жырауларды олар қадір түтып, ерекше құрметтейді. Қазақтардың халық әдебиеті аса бай әрі жан-жақты». (П. М. Мелиоранский. «Қраткая грамматика казак-киргизского языка». Часть 1, СПб, 1894, стр. 3). Бұлардың бәрі де жәй әншейін ермек үшін, қошамет үшін айтылған сөздер емес, ақынгер қазақ халқының табиғи бітіміне берілген тарихи баға, Шоқан айтқан ақиқатты, көреген тұжырымдардың бұлжымайтын дә- лелі. 4 Шоқан зерттеулерінің үлкен бір саласы қазақ хал- қының шежіре, аңыз-әңгімелерімен сабақтасады. Шо- қанның бір ерекшелігі — ол үнемі өзі жүрген, аралаған |
жерлердің тарихын, этнографиясын, жаратылысын, салт-дәстүр, әдет-ғұрпын түгел қамтып жазады да, сол еңбектерді ол үнемі қызықты шежіре, тартымды аңыз- әңгімелермен толықтырып, безендіріп отырған. Мұның өзі Шоқан еңбектерінің тереңдігіне де, көркемдігіне де үлкен әсерін тигізген. Шоқанның зерттеулерінде кезде- сетін аңыз-әңгімелердің өзін жинап-терсе, өз алдына жеке кітап етіп шығаруға әбден болар еді.
Шоқанды Қазақстан мен Орта Азия халықтары әдебиеті нұсқаларының, сирек кездесетін ежелгі қол- жазбаларының, өнер ескерткіштерінің көрнекті жинау- шысы ретінде бағалай келіп, П. П. Семенов-Тянь- Шанский мен Ф. Р. Остен-Сакен былай деп жазады: «Уәлиханов бұл материалдарды жинауда еш қиындық- тан тартынбаған; ол өз халқының аңыз-әңгімелерін, жырларын аса ұқыптылықпен жазып алып отырды; өміріне төнген қауіпке қарамастан, будда шіркеулеріне кіріп, одан сирек кездесетін ежелгі қолжазбаларды алып жүрді» (Шығармалары, I том, 94-бет). Шоқан жазып алған аңыздар әр алуан. Олардың ішінде тайпалар тарихы жөніндегі шежіре-аңыздар да; дәруіш, балгер-бақсылар жайындағы, XVIII ғасырда өмір сүрген қазақ батырлары жайлы аңыз-әңгімелер де көптеп кездеседі. Шежіре аңыздар халықтың шығу та- рихынан мол деректер беретін болса, бақсы-балгерлер жайындағы аңыздар елден шыққан өнерлі адамдардың өзгеше қабілетін — талантын, ерекше дарынын сөз етеді. Шоқан бақсылардың діни жақтарын сынай отырып, олардың жұрт алдында көрсететін сиқырлы талантын жоғары бағалаған. Бұл ретте ғалым Қойлыбай деген бақсының атын жиірек атайды. «XVIII ғасырдағы батырлар жайындағы аңыздар» ‘ атты мақалада Байқозы, Елшібек, Оразымбет тәрізді халық батырларының жойқын ерлігі сыпатталады. Шоқан — халық шежіресі мен аңыз-әңгімелерінің әдебиеттік сыпатын, тарихи ролін кеңінен ашқан ғалым. Қөшпелі тайпалар тарихының белгісіз, күңгірт ке- зеңдерін айқындауда халық аңыздарын пайдаланудың аса қажеттігіне, олардың тек халық тарихын анықтауда ғана емес, сонымен бірге тарихи жырларды негіздеуде де басты мұра болып есептелетіндігіне Шоқан айрықша назар аударады. «Халықтың тұрмысы, әдет-ғұрпы айқын бейнеленген халық шешендігін тексерудің этнография үшін қажет- тігін ғалымдар баяғыда-ақ түсінген еді. Көнеге деген |
ынтызарлық пен аңыздар байлығы — Орта Азия көшпе- лілерінщ ерекше мол қазынасын құрайды. Ақсақалдар ол аңызДарды тайпа естелігі, халық шежіресі ретінде қастерлесе, жыраулар ұрпағы эпикалық жыр күйінде тайпадан-тайпаға, ғасырдан-ғасырға ұластырып келеді. Ежелгі жырлардағы бүгінде қолданылмайтын сөздер мен тіркестер олардың көнелігін дәлелдейді» (Шығар- малары, I том, 419-бет)—деуі Шоқанның шын мәнін- дегі көрегендігі еді.
Жазба түрінде жеткен ежелгі жырларды, дастандар- ды ықтияттап зерттеудің орнына, кейде оларға заманаға сәйкес көнерген кейбір сөздерді теріп, бізге үш қайнаса сорпасы қосылмайды деп маңайлатпайтын да кездеріміз болған. Шындығында әрбір шығарманың тіліне өзін тудырған дәуір тұрғысынан қарап бағалауымыз керек. Ешбір халықтың ежелгі әдебиеті дәл бүгінгі ана тілін- дегідей дайын күйінде туа салмаған, ол бізге дейін та- лай жаттығу, машықтану, үйрену мектептерін өткерген; сансыз асулардан, көп ғасырлардан өтіп жеткен. Сол се- бепті ежелгі жырларда ұшырасатын ұғымға қиын кей сөзді оның бөгделігі деп түсінбей, Шоқан аңғартқан көнелігі деп ұққан жөн. Кезінде тарихи жазылып сақталмаған халықтың өмір шежіресін жасауда зерттеушілер ең алдымен сол елдің өзі тудырған аңыз-әңгімелеріне жүгінетіні анық. Екінші жағынан ондай аңыздар ежелгі жырларымыздың шыққан дәуірі мен тудырған мотивтерін анықтауға да орасан роль атқарады. Мәселен, түркі тектес халықтар- дың көбіне бірдей әңгімеленіп-жырланатын «Алпамыс» эпосымен сюжеттес, төркіндес: Қырғыздың «Жаныш пен Байыш», «Манас», қазақтың «Қозы Қөрпеш — Баян сұ- лу», «Алпамыс», «Желкілдек», алтайдың «Алып Ма- мыш», «Қозын Еркеш», башқұрттың «Алпамыша минән Барсын хылыуу», «Құзый Қурпяс минән Маян хылыуу», татардың «Алпамша» тәрізді ертегі-жырларына желі болған басты фабуланы ғалымдардың көпке дейін анықтай алмай әуреге түскені мәлім. Мұның түпкілікті жауабы тағы да сол халық аңызынан табылды. Академик В. М. Жирмунскийдің айтуынша, жоғары- да аталған ерлік ертегі-жырларына VI—VII ғасырлар- да туып, түркі тайпаларының арасына түгел жиылған Алып (ер) жайындағы аңыз негіз болғанға ұқсайды. Бұл аңыздар түркі халықтары ішінде, әсіресе оғыз-қыпшақ — (қазақ халқы осы топқа жатады — М. Ж.) тобындағы халықтар арасында мол әңгімеленген. |
«Жазуы болмаған халық өмірінің деректі матрриалы ретінде шежіре-аңыздардың маңызы зор»—дегу Шоқан айтқандай, ел арасындағы аңыз-әңгімелердің халық тарихын, олардың эпикалық мұрасын анықт^уға орны өте зор. Оның мысалдары көптеп табылады, Тарих бе- тін, жыр төркінін танытуда үздіксіз қызмет/ете беретін сол халық аңыздарын ең алғаш әдебиет улгісіне жат- қызған да — Шоқан. «Әсем ұйқаспен жырланатын бұл аңыздар эпикалық мәні бар халық әдебиетінің үлгілеріне қосылады» деп жазады зерттеуші (Шығармалары, I том, 419-бет). Сөйтіп, аңыз-әңгімелерде «халық рухының тү- сінігінің, тұрмысының, әдет-ғұрып, салт-дәстүрінің та- маша бейнеленетіндігін» дәлелдеген Шоқан олардың әрі тарихқа қатысы тұрғысынан да, филологиялық мәні жөнінен де аса құнды мұра екендігін үнемі баса көрсе- тіп отырған.
Сонымен, қорыта айтқанда, Шоқан — қазақ халқы- ның ежелгі рухани мұраларын кеңінен зерттеген, мол жырлар, сан аңыз-әңгімелер тудырган халқымыздың ақынгер таланты, қазақ поэзиясының аса сұлулыгы мен өнердің бітім-болмысы жайында алгаш рет кесек ойлар айтқан аса көрнекті галым. Шоқанның жазгандары өзінің тереңдігімен, көрегендігімен бөлек. Халқымыздың ұлы перзенттерінің бірі — Шоқанның бұл артық қасиет- терін айтудан оның замандастары да жалықпаган, шә- кірт ұрпагы да ешқашан жалыққан емес, жалықпай- ды да. Орыстың белгілі этнографы, археологы әрі публи- цисті, Шоқанның сүйікті достарының бірі Н. М. Ядрин- цевтің мына бір пікірі біз үшін қандай қымбат: «Оның бойында интеллигенттікпен қатар, гвардия офицерінің қас әсем сәнқойлыгы болатын… Өндірдей бойы мен ибалыгы адам айтқысыз сүйкімді еді, бір түрлі қыз мінезді еді; қысыңқы көздерінен ақылдың нұры жайнап, көмірдей қап-қара қарашыгынан ұшқын атып тұратын; жұқалтаң ерінінде әр уақыт мысқылды күлкі ойнап жүретін, осыдан ол бір түрлі иә Лермонтов, иә Чайль Га- рольд тәрізді боп көрінетін. Тілі өткір, аңгаргыш еді. Қазақтардың көбі әзілқой келеді гой, Шоқанның бұл қасиеті Гейненің юморы іспеттес еді. Тілді аямай түйрейтін, дәл мұндай, ұстараның жүзіндей өткір адам- ды мен кездестірген емеспін». Тагы бір естелігінде сол Н. М. Ядринцев былай депті: «Біз қазақтың бір топ ақсақалдарымен әңгімеле- сіп отырдық, сөйтіп отырып Шоқанды еске түсірдік. |
Шоқанды әңгіме ете бастағанда қазақ даласының әлгі қариялары еңкілдеп жылап қоя берді. Шоқан — өз халқынЦң мақтанышы, сүйікті перзенті екен, оның есімі жұрттың жадында осылай сақталған».
«Шоқаіңның көптен-көп ойлайтыны келер ұрпақтың тағдыры еХі… Егер қазақ халқында оны оқып-ұға ала- тын аз ғана^ сауатты орта болғанда, онда Шоқан өз халқының дннышпаны әрі өз ұрпақтастары әдебиетінің қайта өрлеуше тұтқа болатыны сөзсіз еді»— деп жа- зыпты Г. Н. Пртанин. Бүгінде туған халқы Шоқанды ыстық ықыласпен, үлкен махаббатцен құмарлана, мейірін қандыра оқиды, есімін аялап ардақтайды, шексіз сүйеді. Алатаудай арқа тұтады, мақтаныш етеді. Байтақ совет жерінің ұлы ғалымы, халқымыздың жарық жұлдызы Шоқанның қысқа ғұмырында тындырған тарихи, әлеуметтік, әдеби еңбектері, халқы, болашақ ұрпағы жайындағы ой-тол- ғаныстары, парасатты пікірлері ғылымдағы тереңдік пен батылдықтың, білімпаздық пен даналықтың үлгісі ре- тінде заманға үздіксіз қызмет ете береді. Шоқан Уәлиханов — көрнекті қоғам қайраткері, білімпаз, данышпан тарихшы әрі этнограф, әйгілі сая- хатшы әрі географ, айтулы ойшыл әрі филолог, шебер журналист, талантты суретші. Ұлы Шоқанды қай қырынан да жан-жақты, терең зерттей түсу, аша түсу — бүгінгі және кейінгі ұрпақтың ең қасиетті міндеттерінің бірі болып қала береді. |