12 ЖЫЛДЫҚ БІЛІМ ЖҮЙЕСІНЕ КӨШУ ЖАҒДАЙЫНДАҒЫ МҰҒАЛІМНІҢ КӘСІБИ ҚҰЗІРЕТТІЛІГІ

11 ноября, 2017 14:08

Султангалиева Перизат Нурболатовна

Мектеп мұғалімдерінің әдістемелік шығармашылығын дамытуды педагог-мамандардың біліктілігін жетілдіру жүйесінде ұйымдастыруды олардың кәсіби құзіреттілігі кезінде жүзеге асыру қажеттігі туындайды. Сол себепті де құзыреттілікті қалыптастыру – білім беру саласының өзекті мәселесі.

Кәсіби құзіреттілігі қалыптасқан, күннен-күнге жаңарып отырған білім беру міндеттерін шешуге дайын, өз пәнінің мәнін ұқтырып, оны өз дәрежесінде оқытатындай теориялық және әдістемелік дайындығы жоғары, баланың дамуына жағдай жасайтын бәсекеге қабілетті мұғалім қалыптасады.

Бүгінгі таңда 12 жылдық мектепке есептелген орта білім берудің белгілі халықаралық стандарты қалыптасты. Он екі жылдық орта білім әлемнің 136 елінде іске асырылуда, соның ішінде АҚШ, Германия, Жапония, Франция, Финляндия бар.

Әлемнің оқыту технологиялары жоғары дамыған елдерінің (Жапония, Германия, Голландия) тәжірибесіне назар аударсақ, түпкі мақсаты-баланы жеке тұлға ретінде қалыптастыру, яғни, бірінші орында баланың білім, білігі мен дағдысы емес, жеке тұлғаның білім алу арқылы дамуын қояды.

Негізгі білім бастауыш сыныпта берілетіндіктен, егер бастауыш сыныпта қаланған іргетас мықты болса, оқушылардың жоғары сыныптардағы  білім деңгейі өте жақсы болар еді.  Мұның бір себебі мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігінің жеткіліксіздігі, яғни олардың пәндерді оқытуды тек бағдарламалық материалдар беру деп түсінуі, әр пәннің мәнін ұқтырып, оны өз дәрежесінде оқытудағы мұғалімнің теориялық және әдістемелік дайындығының төмендігі.

Орыс педагогы А.Ф.Присяжнаяның айтуынша, педагогика ғылымында құзыреттілік деген – тұлғаның белгілі бір сферадағы функциялары мен уәкілеттігін анықтайтын, оның интегративті қасиеті.

Ал, қазақстандық педагог ғалым Ш.Таубаева: «Құзыреттілік – ол тұлғаның оқыту мен әлеуметтену процестері барысында меңгерген білім мен тәжірибеге негізделген,  оның жалпы қабілеті мен іс-әрекетке даярлығы ретінде айқындалатын, тұлғаның кіріктірілген қасиеті» -деп түсінік береді.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – бұл өзіне мұғалімнің теориялық білім жүйесін және нақты педагогикалық жағдаяттарда оны қолдану әдістерін, педагогтың құндылық бағдарын, және де оның мәдениетінің аралас көрсеткіштерін (сөйлеу, қарым-қатынас стилі, өзіне және өз қызметіне, аралас білім салаларына және т.б. қарым-қатынасын) енгізген көп факторлы құбылыс.

12 жылдық жалпы орта білім беру үш сатыдан тұрады:

Бүгінгі таңдағы 12 жылдық білім беруде бастауыш мектептің басты міндеті — баланың қабілеттерін ашуды, жеке тұлғасын, оқуға деген ынтасын қалыптастыруды қамтамасыз ету, оқу, жазу, санау, қарым-қатынас және ынтымақтастық дағдыларын меңгеруіне көмектесу.

Осы міндеттерді жүзеге асыруда мұғалімге  қажетті құзіреттіліктер төмендегідей:

Құзыреттіліктік ең алдымен мұғалімнің мәселені шеше алу қабілетін бірінші орынға қояды. Баланың қолынан келетін істерін қолдау арқылы қиын проблемаларын шешу болып табылады.

Бүгінгі таңда оқушыларды ХХІ ғасырға дайындау үшін ұстаздар әр сабағын сапалы түрде ұйымдастырып, әдіс-тәсілдерді тиімді қолдана білуі шарт. Мектепте алған білімін өмірде қолдана алатындай етіп сабақты құру мұғалімдерден көп шығармашылық ізденісті талап етеді. Ол үшін ең алдымен, әр ұстаз үнемі өз білімін жетілдіру және өз шәкірттерін тұлға ретінде тану керек.

Бастауыш мектеп жасындағы балаларға білім беру мен жалпы мақсатқа жетуді іске асыру бірқатар психологиялық-педагогикалық шарттарды сақтауды қажет етеді:

— үлкендер мен балалардың өзара іс-әрекеттерінің жеке тұлғаға бағдарлануы;

— әрбір балаға іс-әрекет түрін, әріптес, құрал-жабдық, т.с.с таңдау мүмкіндігін беру;

— бала табыстылығына қатысты көрсеткіштері педагогикалық бағалауға бағыт ұстау баланың бүгінгі жетістіктерін оның кешегі табыстарымен салыстыру;

— Мұғалімге өз ісінің маманы болумен қатар, оның бойында баланы жақсы көру, баланың көзқарасы мен пікірін сыйлау, тыңдай білу керек. Кез-келген ұстаз «Балалар құқығы туралы заңды» және Конвенцияны әрқашан басшылыққа ала отыруы шарт;

Қорытынды: Өз ісінің кәсіби маманы болу қай мамандықтың иесіне болсын қойылатын басты талап. Дәстүрлі мұғалім «жеткізуші», ал оқушы «қабылдап алушы» немесе мұғалім дайын піскен мәліметті беруші, ал оқушы оны дайын күйінде қабылдап алушы схемасы дәл қазіргі нарықтық бәсеке заманында мүлде тиімсіз.

Қазіргі және бұрыннан қалыптасып кеткен көзқарас бойынша мұғалім тек өз пәнінің төңірегінде ғана қалып қоймай, қоғамда болып жатқан өзгерістерге құлағы түрік, көзі ашық, жан-жақты талдау жасай білетін маман болуы шарт.

Мұғалімнің кәсіби құзыреттілігі – мұғалімнің біліктілігін арттыру, қоғам алдындағы жауапкершілікті сезіну, жоғары деңгейге үнемі ұмтылу мен үнемі ізденіс, жаңашылдығы мен жаңалықты қабылдай білуі мен қолдана білу, адами құндылықтарға сай бола отырып, сол құндылықтарды бала бойына сіңіре білу болып табылады.

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. 12 жылдық білім беруге өтудің эксперименттік жұмыстарын ұйымдастыру туралы: ҚР Білім және ғылым министрлігінің 327 бұйрығы. Астана, 2001 жылдың 10 мамыры // Қазақстан мектебі. 2001. -С.7. -1 б.
  2. 12 жылдық мектептің негізгі орта буынының білім мазмұны // Қазақстан Тарихы. 2006. -3.-С. 3-10б
  3. Ізмұқанов М. 12 жылдық оқу мерзіміне көшу туралы // Бастауыш мектеп. 2004–С.1-3-5б
  4. Құланбай Ә. Он екі жылдық білім беру жүйесі // Егемен Қазақстан. 2003. -С. 22 қаңтар
  5. Аймауытов Ж. Сабақтың комплекстік жүйесінің әдістері. Қызылорда, 1929. -58 б.
0

Автор публикации

не в сети 6 лет

piko_98.09

0
Комментарии: 0Публикации: 1Регистрация: 11-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля