ЫҚПАЛДЫҢ ТҮРЛЕРІ

22 марта, 2018 19:31

 

Үндестік заңы сөз ішінде немесе сөз аралығында катар келген дыбыстар мен буындардың бір-біріне ықпал етіп, бірінің екіншісіне бейімделіп тұруына негізделеді. Ықпал негізінен морфеманың аралыгында (жапсарында) катар келген дыбыстар мен буындардың арасында боладжы. Ал морфеманың өз ішіндегі дыбыстар мен буындар (көп буынды сөздер) тарихи дамудың нәтижесінде калыптаскан құііма деп караймыз да, сол дайын күйінде танимыз. Сонда түбір морфеманың соңғы буыны қосымша морфеманы (бүл көбіне бір буынды болып келеді) тілдің қатысы жагынан жуан немесе жіңішке етіп игеріп тұрады: дала-ның, дала-га, қасиет-ті, қасиет-і. Сондай-ак ерін катысы жағынан да ыкпал ете алады: үй-гө,үй-дү, өс-үр, өс-үп. (Буындардың бір-біріне ыкпалы сингарманизмге айтылады).

Дыбыстардың бір-біріне етер ықпалы негізінен екі түрлі болады: а)дауыс (салдыр) катысына карай жэне э) айтылу орнына (артикуляциясына) карай. Мұның біріншісін акустикалық екіншісін арткуляциялық ыкпал дейді.

Қазак тілінде морфемалар жапсарында катар келген дыбыстардың көбіне алдыңғысы (яғни алдыңгы морфеманың соңгы дыбыс) кейінгісіне (ягни кейінгі морфеманыцң баскы дыбысына) дауыс (салдыр) қатысы жағынан ыкпал етіп, өзіне багындырып тұрады.

Мұндайда дыбыстардың күшті не әлсіз болуы ондағы дауыстын молшеріне байланысты. Дауыстылар тоннан жасалатындыктан, эркашанда баска дыбыстарга ықпалын жүргізеді. Бұл жагынан үнділер де калыспайды. Олар да дауыстылар сиякты үнсіз дауыссыздарға күштілік жасайды. Дауыс катысы жагынан әлсізі — үнсіз дауыссыздар. Сөйте тұра, катаңдар мен ұяңдар әсте тіл табыса амайды. Қатар келгенде кейде ұяңдар катаңданып, кейде катаңдар ұяңданып кетуге мэжбүр.

Түбірдің соңғы дыбысы косымшаның баскы дыбысын дауыс (салдыр) катысы жагынан әркашанда тәуелді етіп, игеріп тұрады. Үндестік заңында дыбыстардың осы касиеті катты ескеріледі. Күшті дыбыстар әлсіз дыбыстардан кейін тұрып та ыкпал ете береді: қабы (қап-ы), тарагы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і).

Көрші дыбыстар айтылу орны жағынан да бір-біріне азда-көпті ыкпал етіп тұрады. Кейде ол дыбыстардың алмасуына себепші болады: жаңган (жан- ган), жамбады (жан-бады) — артикуляциялык нәтижесі.

Дегенмен түбір мен косымшаның аралыгында қатар келген дыбыстар алдын-ала ыңгайласып, үйлесіп келетіндіктен дыбыс алмасулар да онша көп емес. Бұларға карағанда, сөз бен сөздің жапсарындағы дыбыстар көбірек алмасуга ұшырайды. Олай болатыны, лексикалык единицалар (сөздер)косымшалар сияқты көп вариантты емес, олар сөйлеу үстінде өзара жымдасып, үйлесіп айтылады. Алмасу фонетикада негізгі және алғашкы түсініктердің біріне жатады. Алмасу болу үшін көрші екі дыбыстың (буынның) күштісі әлсізіне акустика-артикуляциялык жақтан ықпал етіп, өзіне бейімдеп, игеріп тұрады. Бұл комбинаторлық (игерулі) алмасу делінеді.

Көрші дыбыстардың (буындардың) бірі игеріп, екіншісі соның ыкпалына көніп, игеріліп тұрады. Игерудің өзі екі түрде болады: а) толық игеру — діл өзіндей ету; ат-ты,кес-се, тарақ-қа, қаппен, ашшы (ас-шы); жартылай игеру — өзіне жуыктату, — бейімдеу: ат-қа, кес-ті, тарақ-ты, қап-қа, ас-ты, аш-ты. Игеру бар жерде үнемі алмасу бола бермейтіні есте болуға тиіс. Өйткені көрші дыбыстар біріне-бірі алдын-ала ыңғайланып, үйлесіп келеді, тек олай болмаған жағдайда ғана алмасуға мэжбүр болады.

Игеретін дыбыстың орын тәртібіне карай казақ тілінде дыбыстардың бір- біріне ыкпалы үш түрлі болады.

  1. Ілгерінді (прогрессивті) ықпал — алдыңғы дыбыстың кейінгі дыбысты өзіне тәуелді етуі, игеруі.

Бұл — бүкіл тіліміздің табиғатын танытатын негізгі заң. Көрші дыбыстардың алдыңғысы кейінгісін үнемі дауыс (салдыр) катысы жагынан тәуелді етіп, игеріп тұрады. Сөздеріміздің бірыңғай жуан буынды немесе жіңішке болып келуі ілгерінді ықпалға негізделген. Ерін үндестігі де осы заңға жатады.

  1. Кейінді (регрессивті) ықпал — прогрессивті ықпалға карама-қарсы , кейінгі дыбыстың алдыңғы дыбысты тәуелді етуі, игеруі.

Соңы қ, к, п қатаңдарына біткен сөздерге дауыстыдан басталатын косымша жалғанғанда әлсіз катандар күшті дауыстылардың регресивті ыкпалына ұшырайды.: тарагы (тарақ-ы), күрегі (күрек-і), қабы (қап-ы). Регресивті ықпал күрделі сөздердің (әсіресе кіріккен, біріккен түбірлердін) буындары арасында жиі кездеседі: бүгін (бүл күн), экел (алып кел).

Дыбыстардың акустикалык жактан үндескенімен, артикуляциясы жағынан үйлеспей қалуы мүмкін. Мұны регрессивті ықпал реттейді: жамбады (жан-бады), сөңген (сөн-ген).

Прогрессивті жэне регрессивті ыкпалды былай да түсінуге болады: «Түбір дыбыстары мен қосымша дыбыстарының үндесу багыты екі түрлі: бірінде — түбірдің соңғы дыбысының, не соңғы буынының ауанына қарай, косымша дыбыстары өзгереді; екіншісінде — қосымша дыбыстарынын ықпалымен түбір дыбыстары өзгереді. Алдыңгысын ұмтыла үндесу дейміз де, соңгысын тартына үндесу деуміз».

  1. Тоғыспалы ықпал — көрші дыбыстардың ілгерінді-кейінді карсы эсері. Әдетте мұның өзі екі-ақ жағдайда, оның өзінде де сөз бен сөздін арасында ұшырайды: а) Амангелді (Аманкелд), қаңгызыл (қан қызыл), оңгой (он қой).

Сөйтіп, көрші дыбыстардың алдыңғысында нқ, нк тіркестері -ңг, ңг-ге, кейінгісінде сж тіркесі шш -га айналады. Көбіне алдыңғысы кейінгіге, кейде кейінгісі алдыңғысына, ара-тұра ілгерілі-кейінді ықпал етіп, бірін-бірі игеріп, біріне-бірі бейімделіп тұрады. Көрші буындардың арасында да осыған ұксас ықпалды аңғаруга да болады. Тек тоғыспалы ықпалға ұшырап, екі буынның бірдей өзгеруі байқалмайды.

Бір-біріне ыкпал етіп, үндесетін дыбыстар морфемалар аралығында қатар келген жағдайда ғана болады дедік. Соның өзінде кез-келген сөз бен сөздің (ягни кейінгі морфема сөз түрінде келгенде) аралығындагы дыбыстар (буындар) ықпалға ұшырай бермейді. Тек көрші сөздер бір бунаққа еніп айтылғанда ғана ықпал туралы айтуға болады.

сөж

  1. Дыбыстардың бір-біріне әсері.
  2. Дауысты дыбыстарды әсері.

соож

  1. Қазақ тіліндегі ықпалдың түрлері.
  2. Ықпалдың іске асатын позициялары.
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля