Қазақ тілінің сөздік кұрамы

12 марта, 2018 18:54

 

Сөздік күрамдагы көнеру мен жанару процестері.

Белгілі бір тілдегі сөздердің барлық жиынтыгы сол тілдің сөздік қурамын, яғни лексикасын құрайды. Қазақ тілінің сөздік курамы тілдің күллі сөз байлығын тұтастай қамтиды.

“Сөз байлығы сөз санымен ғана емес, сол сөздердің беретін мағына ауқымына, мағыналық реңктердің алуандығына, көп мағыналығына карап анықталады. Жалпы сөз байлығын, сөздік корды толык түгендеу, сөз байлығын ғылыми тұрғыдан дұрыс аныктап, оның кайнар бұлактарын аша білу, сол байлыктың кыр-сырын сөздіктерде көрсету өте күрделі де, киын дүние. Өйткені тіл қорындағы сөз байлығы шегі жок теңіздей мол дүние. Ол күн санап жаңарып, толығып, жаңалынып отыратын организм іспеттес” дей келе, академик Ә.Т.Қайдар казак тілінің сөз байлығының кайнар көздеріне жергілікті тіл ерекшеліктерін, ғылыми-техникалык терминдер саласын, көнеден келе жатқан халықтык терминологиялық лексикалык корды, жаңа сөз жасау мен сөздерді жаңа мағынада қолдану процесін, белгілі бір ұғым беретін мағыналық единицаларды (жай тіркес, лексикаланган тіркес, идиомдар, жұмбактар, накыл сөз, мақал-мэтелдер), гомогенді, гетерогенді омонимдер мен синонимдерді, лексикалык дублеттер мен фонетикалык варианттарға катысты сөз корын жатқызады [26.119-121 ].

Сөздік кұрамға казактың байырғы төл сөздері де, баска халыктармен болған тарихи-мәдени қарым-қатынасы барысында енген кірме сөздер де, халыктық терминологиялық лексика да, ғылыми-техногендік өркениет қалыптастырған жаңа тілдік қолданыстар мен ғылыми-техникальщ терминдер де, белгілі бір аймак аукымында пайдаланылатын диалектизмдер мен накты шаруашылык аясында колданылатын кәсіби сөздер де, ауызекі сөйлеу тіліндегі карапайым сөздер де, дара сөздің бейнелі эквиваленті ретінде жұмсалатын фразеологизмдер мен ойды түйіндеп жеткізудін кұралы іспетті макал-мэтелдер де енеді. Олардың жұмсалу аясы, колданылу жиілігі, тарихи калыптасуы, тілдік қызметі әр баска болып келеді. Мәселен, колданылу жиілігіне қарай сөздік кұрамдағы сөздерді актив жэне пассив сөздер деп екі салаға бөлуге болады.

Актив сөздерге кунделікті өмірде жиі колданылатын, тіл иесі халыктың кез келген өкіліне таныс, түсінікті сөздер жатады, ал пассив сөздерге терминдер, көнерген сөздер, диалектизмдер, кәсіби сөздер т.б. сияқты жиі қолданылмайтын сөздер жатады.

Тілдің сөздік кұрамы адамның когамдық, өндірістік, шыгармашылык іс- әрекетімен тікелей байланысты үздіксіз жетіліп, дамып отырады. Қогам өміріндегі эр түрлі өзгерістер мен жаңалықтар тілдің лексика саласында өз ізін кайтсе де қалдырып отырады. Қоғамдық өндірістің, әлеуметтік — экономикалық қатынастардың дамуы мен материалдық жэне рухани мэдениеттің барлық салаларындағы өзгерістерге байланысты пайда болган жаңа заттар мен құбылыстар, оларга катысты өрбіген сан алуан ұғым-түсініктер тілде оларды сөзбен атаудың қажеттілігін тудырады. Осыған орай тілде жаңа сөздер, тілде бұрыннан бар сөздер негізінде жасалған жаңа тілдік колданыстар пайда болады. Осылайша сөздік кұрам үнемі жаңару, жаңғыру, даму үстінде болады. Даму барысында сөздік кұрам үнемі тың, жаңа сөздермен толығып кана қоймайды, кейбір сирек колданыстағы сөз басқа мағыналық реңкі алып жиі колданылатын сөзге айналып отырады, кайсыбір көнерген сөздер колданыстан шығып калып жатады.

Кейбір сөздер өздері атайтын заттар мен кұбылыстардың ескіріп жойылуына байланысты көнеріп, сөздің пассив тобына айналады немесе күнделікті тілдік қолданыстан мүлдем шығып калады. Көнерген сөздердің мұндай түрін историзмдер немесе тарихи лексика деп атайды. Мысалы: қорамсақ, оқа, кимешек, қосақ, желек, ділдә, сауыт, кебенек, адырна, шабарман, сауға, жандарал, шабарман, марту, жезтырнақ, пері, т.б.

Қазактың көне наным-сеніміне, салт-дэстүріне, әдет-ғұрпына, мемлекеттік құрылыс жүйесіне катысты көптеген сөздер бүгінде коғамдық- мемлекеттік кұрылыстың, тұрмыстың өзгеруіне, салт-дэстүрдің сакталмауына, әдет-ғұрыптардың ығысып шығып калуына байланысты сөздік кұрамның пассив бөлігіне айналып отыр. Мысалы: хан, ханзада, қараша, жабасалма (киіз үйдің түрі), тұтқыш, тебінгі, тамызық т.б.

Кейбір көнерген сөздер белгілейтін заттар мен құбылыстар, ұғым- түсініктер біржолата жоғалып кетпегенімен, оларды тілдің казіргі деңгейінде басқаша атау орын алады. Жаңаша, баскаша аталатын заттар мен кұбылыстардың, ұгымдар мен түсініктердің бұрынғы атаулары архаизмдер деп аталады. Мысалы: оғлан — ұл дегеннің, ұлыг — лауазымды, жолы үлкен дегеннің, шерік — әскер дегеннің, әйел бала — қыз дегеннің ескіше аттары. Архаизмдердің кайсыбіреулері коғамдағы әлеуметтік-саяси өзгерістер барысында лексиканың пассив кабатынан кайтадан актив кабатка өтуі тілде бар кұбылыс. Баскаша айтканда лексиканың актив, жэне пассив қабаттарында үнемі бірінен біріне сөз ауысу, алмасу кұбылысы жүріп отырады. Мәселен, ХУІІІ-ХІХ ғасырларда халык тілінде актив колданылған қыркүйек, караніа, желтоқсан, қаңтар, ақпан, наурыз, сәуір мамыр, маусым, шілде, тамыз деп аталған ай аттары кеңестік дэуірде тілдік колданыстан шығып, оларды сентябрь, октябрь, ноябрь, декабрь, январь, февраль, март, апрсль, май, июнь, июль, август сиякты орысша ай аттары алмастырғаны белгілі. Қазакстан Республикасының тәуелсіздік алуымен, қазақ тілінің мемлекеттік мәртебесінің биіктеуімен байланысты бүгінде казакша ай аттары кайтадан актив лексикага айналды.

Қазакстанның егемендігі казактың ұлттык мәдениетіне, этнографиялық элеміне жаңғыру лебін әкелді. Осьгған байланысты казактың ежелгі салт- дәстүрлері, рэсім-жоралғылары жандана бастады. Мәселен, Наурыз мейрамының жалпыхалыктык деңгейде тойлана бастауы наурызга қатысты тарихи лексикаға айналған жарапазан, наурыз коже сияқты атаулар, үйлену тойларында калыңдыктың ұлттық киімге ден коюына байланысты сәукеле, бешпет, қос етек көйлек, бетмоншак, шолпы тэрізді атаулар, киіт кигізу рәсіміне катысты үш тогыз, тогыз тоғыз деп аталатын тартулар аттары кайтадан активтенуде.

Көнерген сөздер көркем шыгарма тілінде өткен дэуір келбетін танытуға байланысты белгілі бір стильдік мақсат көздеп жұмсалады. Көркем шығарма тілінде көнерген сөздердің бүгінгі окырманға түсініксіз екені ескеріліп, кейде оларға түсініктеме бере кету орын алады [3.80].

Тілдің сөздік кұрамында білдіретін ұғым-түсініктерінің, заттары мен кұбылыстарының жойылып, жоғалуына немесе күнгірттенуіне байланысты кайсыбір сөздер колданыстан шығып, көнеріп жататын болса, оның есесіне жаңа үғым-түсініктердің, жаңа заттар мен кұбылыстардың пайда болуы жаңа сөздерді тудырып, сөздік кұрамның жаңарып, толығып отыруына ыкпал етеді.

Тілде жаңа ұғымдарды білдіретін тың сөздер неологизмдер деп аталады. Жаңадан жасалған сөздер тың екені сезіліп тұрган кезінде ғана неологизмдер болып танылады, ал уакыт өткен сайын олардың сонылығы жойылып, жиі колданылатын дағдылы сөздерге айналады.

Сөздік кұрамдағы жаңару жэне жаңгыру процесіне тілдін сөзжасам жүйесі ат салысады. Қолданыска еніп жататын сан ондаған жаңа сөздер тілде бұрыннан бар сөзжасам тәсілдері аркылы жасалады. Мәселен, түбір созге сөз тудырушы жұрнақтың жалғануы аркылы жаңа сөз жасау казак тіліндегі онімді тэсілдің бірі десек, үіикыні, өндіріс, ілгіш, тынайткыш, үйірме, қондырғы, бірлік, т.б. сөздердің жасалуына тілде бұрыннан бар сөздер мен сөз тудырушы косымшалар негіз болып тұр. Синтетикалык тэсіл аркылы жүлдегер, саясаткер, кәсіпкер, ойынхана, дәрісхана, дәріхана, корермен т.б. көптеген жаңа сөздер жасалып, жалпыхалыктык, эдеби сипат алып, актив колданыска енді. Сөзжасамның аналитикалық тэсілі арқылы күрделі сөздердін бір түрі біріккен сөздер жасалады. Екі немесе үш дербес, толык мағыналы сөздердің мағына мен дыбыстык кұрам жағынан біртұтастанып, бір гана лексикалық бірлікке айналуына негізделетін біріккен сөздер ізімен бүгінгі қоғамымыздың келбетін танытатын елбасы, әнүран, орынбасар, келіссөз, халықаралық, үлтаралық т.б., лексика-семантикалық тэсіл аркылы жасалған нарық, қүн, баға (экономика), кейіптеу, суреттеу, теңеу (эдебиет), қозғалыс, қимыл (физика), сөз, мағына, буын, шылау (лингвистика), үшбүрыш, қосу, алу (математика) сияқты ғылымның эр саласына катысты терминдік сипаттағы сөздер жасалды.

Тіліміздегі әлемдік гылыми техногендік өркениетке катысты жаңалықтардың атаулары да неологизмдер болып танылады. Мысалы: спутник, планетааралық, үялы телефон, фотокөшірме, теледидар, компьютор, автотранспорт, аэропорт, вокзал, т.б.

Неологизмдер бүгінгі қазак коғамының рухани жэне затгык әлеміне енген жаңалыктарды бейнелейтін, қазак тілінің лексикалык казынасын толыктыратын жаңа тілдік бірліктер.

Сонымен сөздік құрам, бір жағынан, жаңа пайда болған, сырттан енген ауыс-түйіс сөздер аркылы байып, толығып жатса, екінші жағынан қажетті өтеп барып, көнерген, ескірген сөздердің есебінен азайып отырады. Дегенмен көнерген, ескірген сөздердің бәрі бірдей біржолата колданыстан шығып калмайды: олар тіл тұлгасындағы ескінің елесі, көненің көзі іспетті тілдің сөздік корында көпке дейін сақталып кала береді. Ондай сөздердің төркіні мен сырын ашу да семантикалык, фонетикалык, морфологиялык, стильдік, тарихи- этнографиялык, социолингвистикалық т.б. заңцылықтарға сүйене отырып жасалатын этимологиялык талдаулардың маңызы зор.

Қорыта айтканда, тілде ішінде карама-карсы багытта үздіксіз жүретін жаңғыру, жаңару, көнеру процестері — тілдегі сөз байлығын белгілі бір деңгейде ұстап тұратын, сөздік кұрамды реттейтін басты тілдік заңдылык. Сөздік кұрамдағы мұндай көнеру мен жаңару процесіне карап, коғам өмірінде болып жаткан жаңалыктар мен өзгерістердің тілге әсерін барлауға болады.

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля