20 ноября, 2017 18:33
Қазіргі кездегі шетелдік автомобильдердің ілінісі техникалық қызмет көрсетуді талап етпейді. Тек қана баскыштың бос жүрісі реттеледі, ал кейбір жағдайда іліністің саңылауы автоматты түрде реттеледі.
Шетелдік автомобильдердің орташа жұмыс істеу мерзімі — 100 мың шақырым. Іліністің желінуі оған түсетін жүктемеге жэне қозғалыс тэртібін дұрыс пайдалануға байланысты. Техникалық талаптарға сәйкес, ілініс қосулы тұрған кезінде айналу моментін қозғалтқыштан беріліс қорабына беруге тиіс, ал ілініс ағытулы ке- зінде қозғалтқыш беріліс қорабының жетекті білігінен толық ажыратылады. Басқыш толық босатылғанмен, ілініс толық қосылмаған. Бұл жағдайда қозғалтқыш қуатының төмендеуі байқалады, өрге қарай қозғалғанда фрикционды қаптаманың күйген иісі шығады. Оның себебі: — сығымдағыш мойынтірек пен иінтірек арасында саңылаудың жоқтығынан немесе өте аз болуынан; техникалық шартқа байла- нысты сығымдағыш мойынтірек пен иінтірек арасындағы саңылау 1,5…4 мм. болғанда, басқыштың бос жүрісі 38…42 мм. болуға тиіс. — жетекті диск желінген немесе майланған, қозғалтқыштың артқы жағындағы тығыздама май жібереді; — жалғастырғыш серіппесі сынған. Ілініс толық ағытылмайды, басқышты толық басқанмен, жетектегі диск кедергіштен толық ажырамай, қозғалтқыштын айналысын беріліс қорабына беретіндіктен, берілісті ауыстырып қосу қиындайды. Оның себебі: — басқыштың бос жүрісі көбейген; — иінтіректердің бастары бір тегістікте жатпаған; — жетектегі диск майысқан; — ілініс жүйесінде ауа пайда болған; — жетекті дискіге қалың қаптама қойылған. Іліністің оқыс қосылуы эсіресе автомобиль орнынан қозғалғанда пайда болады. Оның себебі: — жетектегі дискінің күпшегі қажалған; — жетектегі тартқыштардың арасында қажалу пайда болған. |
Ескертпе. Қазіргі кейбір автомобилъдердің (ЗИЛ-4331, КамАЗ) ілініс механизмін басңаруды жеңілдету мацсатында, жайлылың жагынан дүниежүзілік стандартқа сәйкестендіру үшін басқаруды жеңілдететін гидропевматикалық күшейткіш қолданылады.