ҚАЗАҚСТАННЫҢ МЕМЛЕКЕТТІК ТӘУЕЛСІЗДІГІН АЛУЫ

27 января, 2017 15:30

Студенттерге Қазақстанның тәуелсіз егеменді мемлекет болып, ішкі және сыртқы саясаттың негізгі бағыттары,еліміздің әлемдік қауымдастықтағы ролі жөнінде мәлімет беру.

 

Негізгі ұғымдар: Референдум, Президент, Конституция, Парламент, консолидация, кәсіби мемлекет, инфрақұрылым, сенат, мәжіліс, инаугурация, көп партиялылық жүйе.

 

Жоспар:

  1. КСРО-ның ыдырауы және оның себептері.
  2. Қазақстанның мемлекеттік тәуелсіздігін алуы.
  3. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік рәміздері.

 

1990ж. КСРО-ң орасан зор кеңістігінде экономикалық дағдарыс болды. КОКП басшылары басқаруға қабілетсіздігін көрсетті. Орталықтың іс қимылы ең қажет тауарлардың, азық-түліктің жетіспеу перспективасы көлденең тартылған аймақтар арасындағы ондаған жылдар бойында қалыптасқан экономикалық байланыстарды үзе бастады. Республикада экономикалық дербестікке ұмтылу үрдістері пайда болды,-толыққанды дербестік – егемендік жариялау процесі басталды. Қазақ КСР-да республиканың өзін-өзі басқару, онда Қазақстан территориясындағы табиғи байлықтар мен өндіріс құрал-жабдықтарына, республикасының меншіктік құқы дәлелденді, Қоғамдағы жаңғыртуға бағытталған қозғалысы Н.Ә. Назарбаев басқарды.

1990ж. ортасында «Азат»қозғалысы және «Азат»саяси партиясы пайда болды. Басты мақсаты ТМД шеңберінде Қазақстанның мемлекеттік егемендігі үшін күрес деп белгіледі.

1990ж. 24 сәуірде республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ң президенті лазауымын белгіленді, оған Н. Назарбаев сайланды. 1990ж. 25 қазанда республика Жоғарғы Кеңесі Қазақ КСР-ң  мемлекеттік егемендігі туралы Декларация қабылданды. Егемендік алу Қазақстанда жалпы демократиялық процестердің барысын шапшаңдатты.

1991ж. 1 желтоқсан Қазақстан тарихында тұңғыш рет республика Президентін жалпы халықтық сайлау өтті. Тұңғыш қазақ ғарышкері Т.Әубәкіров ғарышқа ұшты.

1991ж. 16 желтоқсанда «Егемендік туралы заң» қабылданды. Қазақтың Кеңестік Социалистік республикасы – Қазақстан Республикасы болып аталды.

1991ж. 21 желтоқсанда Алматыда ТМД құрылды.

Рәміз дегеніміз белгілі бір нәрсені өз қалпынан өзге, жанама сипаттап көрсетуден туатын сыр-таңба, эстетикалық категория, шартты белгі. Елтаңба, Ту, Әнұран — әрбір тәуелсіз мемлекеттің ажырамас бөлігі. 1992 ж. 4 маусым Қазақстан тарихында мемлекеттік рәміздердің дүниеге келген ерекше мәртебелі күн.

Қазақстан Республикасы туының авторы — Ш.Ниязбеков. Тудың біртүстілігі Қазақстан халқының бірлігін білдірсе, көгіддір түс геральдика тілінде адалдықты, кіршіксіз тазалық пен пәктіктің нышаны, күн — энергия көзі, байлықгың нышаны. Тудағы бүркіт бейнесі мемлекеттік билікті, кеңдікті білдіреді, еркіңдіктің, тәуелсіздіктің, боашаққа деген талпыныстың нышаны. Төл туымызды даралап тұрған тағы бір белгі оның сабына таяу тік тартылған ұлттық өрнекті жолақ. Онда «Қошқар мүйіз» деп аталатын қазақы өрнек салынған.

Тәуелсіз Қазақстанның жаңа Елтаңбасының авторлары — Ж.Мәлібеков пен Ш.Уәлиханов. Елтаңба мәңгі өмірдің белгісі, отбасы берекесін, бірлікті, байлықты, бейбітшілікті меңзейді.

Қазақстан Әнұраны әуенінің авторлары — композиторлар М.Төлебаев, Е.Брусиловский, Л.Хамиди болса, мәтінінің авторлары — ақыңдар М.Әлімбаев, ҚМырзалиев, Т.Молдағалиев, Ж.Дәрібаева. Әнұранда халқымыздың еркіңдікке құштар көңілі, тамыры терең болмысы, келешегіне бағытталған арманы көрініс тапқан. Әнұран патриоттық сезімнің белгісі. Әнұранның әуені 1992 ж. 4 маусымда, ал мәтіні 1992 ж. 11 желтоқсанда бекітілді.

 

Бекітуге арналған сұрақтар:

 

  1. КСРО-ның ыдырауына не себеп болды?
  2. Қазақ КСР-і Қазақстан Республи касы болып қашан өзгертілді?
  3. ҚР тәуелсіздігін қашан жариялады?
  4. ҚР Ұлттық рәміздері қашан қабылданды?
  5. ҚР қандай әлемдік ұйымдарға мүше?
0

Автор публикации

не в сети 5 лет

Ерек

3
Комментарии: 0Публикации: 26Регистрация: 25-01-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля