29 апреля, 2018 11:08
Сөйлем аркылы берілетін ойға сөйлемнің бес мүшесі катысады. Сөйлем белгілі бір ойды білдіріп кана коймайды. Сөйлем сөйлеушінің ойын, сол ойға катысын, қалай карайтынын да коса білдіреді.
Қыстырма құрылымдар сөйлемнің коммуникативтік магынасымен бірге эмоциялық-экспрессивтік түрлерін анықтайды. Бұл функция адамдардың түрлі ой-сезімін, оның өзгеруін білдіреді. Сөйлеушінің айтылған ойды, жағдайды колдайтын, қолдамайтыны, оған куаныш-ренішпен карайтыны т.б. кыстырмалар аркылы беріледі.
Қыстырма кұрылымдар сөйлем мүшелерімен синтаксистік баяланыска түспейді, сондыктан сөйлем мүшесі бола алмайды.
Қыстырма сөздер мен сөз тіркестерін мағыналарына карай мынадай негізгі топтарға бөлуге болады:
- Кісінің көңіл күйін, сезімін білдіретін кыстырмалар: бакытымызға қарай, біздің бағымызға, өкінішке карай, обалы не керек, бір ғажабы т.б.. Мысалы, Өкінішке карай, Жұмаханнын естіп келген хабарлары раска шыкты. (Қ.Ж.)
- Айтылған ойға нануды, жорамалдауды білдіретін кыстырмалар: эрине, шынында, шынын айту керек, рас, сөз, сірэ, мүмкін, кім біледі т.б. МыСалы, Кім біледі, бұдан кетсе, Әбдірахман Шұганы көре алмас. (Б.М.) Шынымды айтайын, осы адамға деген менде ерекше кұрмет сакталған. (С.С.) Әрине, Ақылбай жылкының іріктеу билігіне араласқан жоқ. (Қ Ж.)
- Ойдың айтылу амалын, тәсілін білдіретін кыстырмалар: кысқасы, Демек, дегенмен, айтпакшы, корыта келгенде т.б. Дегенмен, ол осы сәтте өзінің Де екі тарау жол айрығына келіп тұрғанын ішкі бір сезім сәулесімен түйсінгендей болды. (Қ.Ж.) — Айтпакшы, ұмытып бара жатыр екем-ау, — деді ол есіктен шыға бере, артына бұрылып. (Қ.Ж.)
- Айтылған ойға басқаның пікірі тұрғысынан карағандыкты білдіретінкыстырмалар: сіздіңше, біздіңше, біреудің сөзіне қарағанда т.б. Қарттардың айтуына карағанда, Арал осы Жаркабақтан желініп, батыс жағына ілгері қарай кусырылып, жыл сайын тарылып келе жатыр. (С.М.)
- Айтылған ойлардың өзара катынасын білдіретін кыстырмалар: сөйтіп, не дегенмен, сонымен, біріншіден, екіншіден, бір жағынан т.б. Сонымен, айналасы төрт-бес айдың ішінде елде, бала-шаға, үй-іштер де Жұманнан түгел безініп, тез жатсырап кетіп еді. (Ғ.М.) Сөйтіп, Батырхан араға екі күн салып, ойламаған жерден баска бір кеңсенің кызметкері болып шыға келді. (Қ.Ж.)
Қыстырма сөздердің мағыналық кызметін кейде сөйлемдер де атқарады. Мұндай сөйлемдер айтылған ойға сөйлеушінің алуан түрлі қатынасын білдіреді. Мысалы:
Иә, ұмытып барады екенмін, саған бір телеграмма бар. (С.Шайм.) Шынын айтайын коркақгык еткем жок, бірак еріндім. (М.Ә.) Неге екенін кім білсін, Баймағамбет аксакал кызын бергісі келмепті, элде дэулетті Нұржақыпқа бергісі келді ме? (С.Көбеев)
Олар сөйлем басында келсе, одан соң үтір, ортасында келсе, екі жағынан, ал соңында келсе, кыстырма сөздердің алдынан үтір койылады.
Құрылымдык жағына кыстырма, каратпа бірліктер сөйлемдегі баска сөздердің оқшауланып, айрыкша интонациямен айтылады. Бұл бірліктер интонациясы өте бай болады. Олардың интонациялык көріністері бір-біріне сәйкес келмейді, себебі контекст пен сөйлеу ситуациясы интонацияға әсер етеді. Бұл аркылы семантика мен интонацияның тыгыз байланысты екендігін байкаймыз.
Қыскасы, кыстырма кұрылымдар негізгі сөйлеммен магыналык бірлікте айтылып, негізгі ойды эр түрлі модальдык реңкте толыктырып отыруда ерекше кызмет атқарады. Грамматикалык жүйеден окшауланғанымен бұл компоненттер сөйлемнің коммуникативтік максатымен, мазмұнынымен тығыз байланыста болады.
Қыстырынды құрылымдар
Күрделенген жай сөйлемнің бірі — кыстырынды құрылымдар.
Қыстырынды кұрылымдар сөйлемдегі айтылған ойды, сондай-ақ белгілі бір мүшесін толықтырып, әр түрлі косымша хабарлар беріп тұрады. Олар негізгі сөйлемге жай кыстырыла айтылмайды, автор тарапынан белгілі бір максатпен колданылады. Қыстырынды кұрылымдар косымша мәлімет бере отырып, тілдік кұрылымның мазмұнын кеңейтеді. Олар мынадай функционалды-семантикалык топтарға бөлінеді: 1) түсіндірмелі; 2) нақгылаушы; 3) сілтемелік; 4) толықгырушы.
Түсіндірмелі кыстырынды құрылымдар негізгі айтылатын ойға қосымша түсініктеме беріп тұрады. Мысалы:…әдеби тілге көптеген лексикалык жаңалыктар еніп жатыр. 80-90 жылдарда жаңа қолданыстардың бумы (қауырт көбеюі, таскындауы) басталды. (Р.Сыздык)
Нақтылаушы кыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемді нақтылай түседі- Мысалы: оның негізгі нормалары шешендік сөз өнерінде, фолыслор мен ауыз әдебиеті, публицистикалык сөз, іскағаз тілі мен гылыми эдебиет (окулык, энциклопедия, монография, ғылыми-көпшілік басылымдар), әсіресе, аса биік профессионалдык деңгейге көтерілген көркем әдебиет үлгілері аркылы қалыптасты. (Сонда)
Қыстырынды кұрылымдардың сілтемелік түріне еңбектің авторын, оның атын, шыкқан жылын т.б. көрсететін күрылымдар жатады. Мысалы, күн деген сөздің негізгі лексикалык (оны ғылым тілінде денотатив мағынасы деп атайды) «әлемге жарык, қызу беруші планета» («Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі», 5- том, 311 бет).
Толықтырушы қыстырынды құрылымдар негізгі сөйлемге косымша хабарлама береді.
Ол кезде Хакима ауылды жалшы атасына көмектесіп (әке-шешеден каршадайынан айрылган), байдың қозысын бағатын. (М.М.)
Қолданылу жағынан қыстырынды сөздер газет тілінде жиі кездеседі, ал қыстырынды сөйлемдер көркем әдебиетте көп колданылады. Олар сөз, сөз тіркестері, жай жэне кұрмалас сөйлемдер, тіпті синтаксистік тұтастық түрінде де берілуі мүмкін. Бірақ солардың ішінде ең көп кездесетіні — хабарлы сөйлемдер. Көркем шығармаларда сұраулы жэне лепті сөйлемдер де ұшырасады.
Сөйтіп, қыстырынды кұрылымдар жай сөйлемді күрделендіруші компонент ретінде сөйлем құрылымын кұрауға катысқанымен, жалпы сөйлем мазмұнын мағыналык тұрғыдан жан-жақты толыктырып отырады.