11 мая, 2018 18:09
- Үстеудің лексика-семантикалық сипаты.
- Үстеудің күрамы.
- Үстеудің магыналык топтары.
Қазіргі қазақ тілінде үстеу лексика-семантикалык, морфологиялык жагынан ерекшеленген дербес сөз табы болып табылады.
Үстеудің пексика-семантикальщ сипаты
Қазіргі қазақ тіліндегі үстеулер — кимылдың, іс-эрекеттің эр түрлі белгісін, жүзеге асу амал- тэсілін, мекенін, себебін, мезгілін, жай-күйін білдіретін жэне грамматикалык тұлғалармен түрленбейтін сөздер.
Биыл Абай он үшке толган еді (М.Әуезов). Кейін баспай, ілгері бас (Шэкәрім). Болады осындай қыз, некен-саяң… Ақыл, ңайрат, жүректі бірдей үста (Абай). Берілген мысалдардағы биыл, кейін, ілгері, некен-саяк, бірдей сөздері магынасы мен тұлғалык ерекшеліктеріне карай үстеу болып табылады. Мұндагы биыл толу етістігінің жүзеге асу мезгілін білдіріп, кашан? деген сұракка жауап беріп тұр. Кейін, ілгері сөздері басу кимылының мекенін, орнын, бағытын білдіріп, қайда? деген сұраққа жауап береді. Некен- саяк сөзі болу іс-әрекетінін мөлшерін білдіріп, қашан? деген сұрақка жауап беріп тұр. Бірдей үстеуі ұстау кимылының жүзеге асу амалын білдіріп, калай? деген сұраққа жауап беріп тұр. Жоғарыдағы көрсетілген мысалдардагы талданған сөздер етістіктермен тіркесіп, олардың эр түрлі белгісін, қасиетін (мекенін, мезгілін, амапын, мөлшерін) білдіреді.
Қазак тілінде осы тэрізді қимылдың эр түрлі сипаттарын білдіретін кейбір есім сөздер мен етістіктің көсемше тұлғалары да бар, бірақ олар үстеу орнына қолданылганымен, ягни кимылдың, іс-эрекетгің эр түрлі белгісін, мекенін, амапын, мезгілін білдіргенімен сөз табы жағынан үстеу болып танылмайды.
Жалганда болмас жүбаныш (Абай). Қүздарында бал бүлагың (Ә.Сәрсенбаев). Бозторгай шырылдайсың жерге түспей (К.Әзірбаев). Аспандап алыс кеткен не бір мыңты (Қ.Аманжолов). Жоң-барды ертегіні термек үшін (Абай). Осы сөйлемдердегі жалганда, кұздарында, жерге сөздері қимылдың орнын, мекенін білдіріп, кайда? деген сұракка жауап беріп тұрса, аспандап сөзі іс-эрекеттің амалын білдіріп, калай? деген сұракка, ал термек үшін амалдың максатын білдіріп, не үшін? деген сұраққа жауап беріп тұр.
Сөйте тұрса да бұлар үстеу емес, пысыктауыш кызметінде жұмсалып тұрған есімдер мен көсемше тұлгалы етістіктер болып табылады.
Қазіргі казак тіліндегі үстеулер етістікпен тіркесіп, пысықтауыштык қатынаста жұмсалады. Кейбір үстеулер морфологиялык өзгеріске түсіп, субстантивтенеді, ягни коптеледі, септеледі, тэуелденеді. Мысалы: Бүгініміз — беймаза, өткеніміз өкініш пе? («Ег.Қаз.»). Бүгіндері тек ыммен түсініседі (Ә. Тарази).
Үстеудің ңүрамдың түрлері
Үстеудің негізгі грамматикалык белгісі — оның арнайы түрлену жүйесінің жэне грамматикалық категорияларының ^соқтыгы. Сөйтіп, үстеу казак тілінде түрленбейтін сөз табы болып саналады.Қазіргі казақ тіліндегі үстеулер кұрамы жагынан түбір үстеулер, туынды үстеулер жэне күрделі түбір үстеулер болып үшке бөлінеді.Негізгі үстеулер. Құрамы жагынан түбір жэне косымшаға бөлшектеуге келмейтін сөздер негізгі үстеулер деп аталады. Біраз, кеше, енді үстеулері морфемаларға бөлшектеуге келмейтін түбірден күралған сөздер.Негізгі үстеулерге мына сөздер тобы жатады: жылдам, әрен, эдейі, жорта, эзір, элі,і бүрын, касакана, ұдайы, акырын, ерте, кеш, жогары, төмен, казір, дереу, жаңа, енді, шапшаң, бағана, ілгері, эрі, бері, мана, ылғи, әзір, бекер, дереу, кері, эрмен, бермен, нак, нагыз, дэл.1 өте, тым, аса, ерекше, мүлде, оқыс, түгед т.б.
Ескерту: Қазіргі казак тіліндегі негізгі үстеулер болып табылатын ары, бері, кері көне түркі тілінде морфемаларга бөлшектеніп, -ры, -рі, -ру багыттык барыс септігінім функцияларында жүмсалатын түлғалардың түбірге сіңісіп, кірігіп кетуі аркылы калыптасқан. 1 Ғалымдардын көпшілігі бүл тұлғаны көне барыс септіктің жалғауы деп таныса, кейбір зерттеушілер жалғау емес, бағыттык магына тудыратын косымша деп карайды. Көне түркі ескерткіштер тіліндегі -ры, -рі, -ру, -рү түбір сөздердің күрамында өлі формант ретінде сакталған. Сонымен бірге негізгі түбір үстеу тобына жататын жоғары, ілгері сөздерінің түбірі жо, іл есім сөздер болган. Жо — жок, йок — биік магынасын, іл — ілкіде, баста мағынасында колданылған. Тарихи түргыдан жо, іл сөздеріне -га, -ру, -геру, -кару, -керу формаларының жалгануы аркылы үстеулер жасалган.Ңегізгі үстеулердің көпшілігіне сын есімнін шырай жүрнактары жалганады. Атап айтканда, мына мезгіл үстеулері: бүрынырак, ертерек, кешірек. Бүрынырац кезде бүндайда асын тастап, кісіге қарап жалтақтап шыгып кететін (М.Әуезов). Ертерек келмедіц деп несіне ескертпейін, ештен кеш жақсы (Ғ.Мүсірепов). ] Мекен үстеулеріне жалғанады: төменірек, эрірек, жоғарырак, төмендеу, берірек. Сын кимыл| үстеулеріне жалганады: тезірек, жайырақ, жылдамдау, оңайырак.
Үстеудің кейбір магыналык топтары шырай жүрнактарын мүлдем кабылдай алмайды.І Жогарыда аталган кейбір үстеулерге сьщ есімнің шырай жүрнақтарының жалгануы таихи жагынан үстеудін сын есіммен жакын, төркіндес екендігін көрсетеді. Осымен байланысты шырай жұрнактарын кабылдайтын да — негізгі түбір үстеулер мен кимылдың сапалық белгісін білдіретін үстеулер.
Туынды түбір үстеулер. Баска сөз таптарынан сөзжасам жұрнактарынын жалғануыі аркылы, кейбір септік жалгауларының жалгануы аркылы, кейбір септік жалғауларының көнеленуі, ягни түбірге сіңісіп кетуі аркылы жасалған сөздер туынды үстеулер деп аталады. Қатарлай тіккен киіз уйлер (М.Әуезов). Сейтенге қазақша гана айтты, қазақ екен(Ғ.Мүсірепов). Түнде ақсақалдарды жинап, солардыц қолына бірсыпыра мал сақтауға бермекші болыпты (Б.Майлин). Осы сөйлемдердегі катарлай, казакша үстеулері зат есімдерге -лай (-ла+й), -ша жұрнақтарынын жалгануы аркылы жасалса, түнде үстеуі жатысі септігінің де жалгауынын көнеленуі негізщде үстеуге айналған.
Көлемдік септік жалгаулар арқылы жасалган туынды үстеулер
Тілімізде көлемдік септік, яғни барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септіктерінің жалгаулары; арқылы жасалған, адвербиалданып үстеуге көшкен сөздер бар.
- Барыс септігінің көнеленуі негізінде жасалған үстеулер: босқа, жатқа, артка, текке, бекерге, кешке, эзірге. Мезгілдік мэндегі бүндай үстеулер кейде дейін, шейін, жақын! тэрізді септеулік шылаулармен де тіркесіп жүмсалады: кешке жакын, түнге дейін.
- Жатыс септігінің көнеленуі аркылы жасалган үстеулер: түнде, мүнда, күнде, баягыда, капыда, лезде.
- Шығыс септігінің көнеленуі арқылы жасалган үстеулер: шетінен, төтеден, шалкасынан, етпетінен, кырынан, кенеттен, өз-өзінен. Мезгілдік мэндегі бұндай үстеулер кейде бері, кейін сияқты септеулік шылаулармен де тіркесіп жүмсалады: түннен бері, таннан кейін т.б.
Күрделі түбір үстеулер. Бірнеше түбірдің кірігуі, бірігуі, қосарлануы, тіркесуі, тұрактануы аркылы жасалған сөздер күрделі түбір үстеулер деп аталады. Мысалы, екіталай (біріккен), ертенді-кеш, жан-жагы (қосарланган), күні бойы (тіркесіп түракганған) — күрделі түбір үстеулер.
Күрделі түбір үстеулер мына жолдар арқьшы жасалады:
Баска сөз таптарының бірігуі, кірігуі нәтижесінде пайда болган үстеулер: бүгін (бұл күн), биыл (бүл жыл), жаздыгүні (жаздың күні), қыстыгүні (кыстын күні), ендігәрі (ендігіден эрі) т.б.
Сөздердін косарлануы аркылы жасалған үстеулер: бірте-бірте, бет-бетімен, бостан- боска, колма-қол, окта-текте, анда-санда, жата-жастана, жапа-тармағай, аз-аздап, күні- түні.
- ;• Сөздердің тіркесуі мен идиомаланған тіркестер: алдын ала, ала жаздай, күні кеше, күні бүгін, ертеден кара кешке, томага түйық, күн үзакка, элі күнге, күн ілгері.
Үстеудің семантикапык, топтары
Үстеудін сөз табы ретінде басты белгісі — оның семантикалык сипаты болып табылады. Соган сэйкес сөйлемде белгілі кызмет аткарады, ол — пысыктауыш жэне етістікпен тіркесіп жұмсалады, ал морфологияльщ жагынан түрленбейді. Ол кимыл, іс-әрекетті эр түрлі мекендік, мөлшерлік, сындық сипаттары мен максат, себептерін білдіреді. Осындай магыналык ерекшеліктерімен байланысты, олар мына семантикалық топтарға бөлінеді: мезгіл үстеулері, мөлшер үстеулері, мекен үстеулері, сын-кимыл (бейне) үстеулері, күшейтпелі үстеулер, максат үстеулері, себеп-салдар жэне топтау үстеулері.
Мезгіл үстеулері
Қазіргі казақ тіліндегі мезгіл үстеулері кимыл, іс-эрекеттің жүзеге асу уакытын, мезгіл, мерзімін білдіріп, қашан? қашаннан? деген сұрақтарга жауап береді. Мезгіл үстеулері мыналар: бүгін, биыл, казір, ала жаздай, енді, ертең, таңертең, кешке, күндіз, кыстыгүні, эуел-баста, кыстай, жаздай, кеш, элі т.б. Енді бүлардыц бар күшін салып жатцаны (Ғ.Мүсірепов). Әлі де желісі үзілмей, ой соңында келе жатқан (М.Әуезов) тэрізді сөйлемдердегі енді, элі кимылдын мезгілін білдіріп тұрган үстеулер. Мезгіл үстеулері күрамына карай негізгі, туынды жэне күрделі түбір болып бөлінеді.
Негізгі түбір үстеулер морфемаларға бөлшектеуге келмейтін сөздерден тұрады. Олар: казір, бұрын, ертең, жана, кеш, енді, кеше т.б.
Туынды түбір үстеулер басқа сөз таптарынан сөз тудыратын жұрнактар жалгану аркылы жасалады. Мезгіл үстеулердің жасалу жолдары:
- -ша/ше: бүгінше, биылша, эзірше. Мысалы: Биылша біз бүл қүрылысты тоқтата түруды жөн көрдік («Ана тілі» газ.). Уақыт қана емдейтін, үзап барып айыгатын ззірше үзілмес иіер (М.Әуезов).
- Көлемдік (барыс, жатыс, шыгыс, көмектес) септіктердін көнеленуі аркылы жасалган мезгіл үстеулері: эуел баста, жазда, кыста, баяғыда, күнде, түнде, басында, лезде, ілуде, баганадан, бүгіннен, түннен, бұрыннан, баягыдан, эуелден, ертемен, таңертеңмен.
- Күрделі түбір мезгіл үстеулері бірнеше сөздердін бірігіп, косарланып, тіркесіп тұрактануы аркылы жасалады. Олар: бүгін, биыл, таңертең, жаздыгүні, кыстыгүні, жазгытұрым, кешкұрым, эуел баста, апак-сапакта, бүгін-ертең, енді-енді, бұрын-сонды, ала жаздай, күні- бүгін, таң сэріде, жаз бойы. Мезгіл үстеулері кимылдын мезгілін білдіріп, естістікпен тіркесіп, кашан? кашаннан? деген сұрактарға жауап беріп, сөйлемнің мезгіл пысыктауышы кызметін аткарады.
Мекен үстеулері
Қазіргі казақ тіліндегі мекен үстеулері кимыл, іс-эрекет, амалдардың мекенін, орнын, багытын білдіріп, кайда? кайдан? деген сұрақтарга жауап береді. Мекен үстеулерге мына сөздер жатады: төмен, жогары, ілгері, эрі, бері, эрмен, алга, артка, артта, тыскары, осында, мҮнда, кері, алды-арты, эрі-бері, жолшыбай, жол-жөнекей т.б. Мекен үстеулері кұрамы *агынан негізгі, туынды, күрделі түбір үстеулер болып бөлінеді.
Негізгі мекен үстеулері жеке дара сөздерден тұрып, морфемдік жагынан бөлшектеуге келмейді. Олар: жогары, төмен, эрі, бері, кері т.б.
Т Туынды түбір мекен үстеулер сөз тудыратын жұрнактар аркылы жэне көлемдік еептіктердің консервациялануы жасалады.
Мекен үстеуінің жасалу жолдары:
а) -кары (-кері), -ғары (-гері) жұрнақтарының жалғануымен жасалады: ілгері, тыскарь, сыртқары, ішкері. Бұлдардың кейбірі түбірмен кірігіп, қазіргі кезде туынды түбір боль»
есептелмейді де.
э) Көлемдік (барыс, жатыс) септіктерінің көнеленуі жолымен жасалады: алға, артқа, төменде жоғарыда, артта, осында, мұнда, ілгеріде.
- Күрделі түбір мекен үстеулер. Бұлар сөздердің косарлануы арқылы жасалады. Қосарлаа5 арқылы жасалган мекен үстеулер: алды-арты, жол-жөнекей, эрі-бері т.б. мекен үстеулер негізінен тістікпен тіркесе келіп, оның орнын, мекенін, бағытын білдіріп, сөйлемнің мекеі пысықтауыш мүшесі болады. Базаралы басын іиайқады дакейін қозгалды (М.Әуезов). Мөлшер үстеулері
Қазіргі қазақ тіліндегі мөлшер үстеулері қимыл, іс-эрекет, амалдың немесе сынныі көлемдік дэрежесін, мөлшерін, шама-шарқын білдіріп канша? қаншалық? қаншама каншалап? кейде калай? калайша? деген сұрактарға жауап береді. Мөлшер үстеулерін төмендегі сөздер жатады: сонша, осыншама, мұнша, сондайлық, анағұрлым, бірен-саран онша, едэуір, бірталай, бірқыдыру, біраз т.б. Кейде мөлшер үстеулері есім сөздермен тіркесі те жұмсалады: бірталай уакыт өтті, сонша жүкті көтеріп, сондайлык сыпайы т.б.
Морфологиялық кұрамы жагынан мөлшер үстеулері негізгі түбір бола алмайды, себеб тілдегі барлық мөлшер үстеулері баска сөз таптарына жұрнақ жалғану арқылы немес; сөздердің бірігуі, қосарлануы, тіркесуі арқылы жасалған.
Мөлшер үстеулердің жасалу жолары:
- Туынды түбір мөлшер үстеуі мына косымшалар арқылы жасалған:
-ша (-ше): сонша, мұнша, онша.
-шама: соншама, мұншама, осыншама, біршама.
-шалық: мұншалық, соншалык, осыншалық.
-дайлық: мұндайлық, ондайлык, сондайлык, бұндайлық.
- Күрделі түбір мөлшер үстеулері сөздердің бірігуі, косарлануы арқылы жасалады.
а) бірігу тэсілімен жасалган мөлшер үстеулері: анағұрлым, бірсыпыра, біркыдыру, иедэуф негұрлым, бірталай.
- косарлану тэсілі аркылы жасалған мөлшер үстеулері: бірен-саран, бірлі-жарымды, азд| көпті, некен-саяқ.
Мөлшер үстеулері бірде етістіктермен тіркесіп, іс-эрекет, қимыл, амалдың молшсріі білдірсе, бірде зат есім, сын есімдермен тіркесте колданылып оның мөлшерін білдіред Мысалы, соншама өкпеледі, недэуір ер жетті, анағұрлым өсіпті деген мысалдардагь соншама, недәуір, анагұрлым мөлшерлік үстеулері өкпеледі, ер жетті, өсіпті егісііктеріме тіркесте колданылып, калай? канша? деген сұрактарга жауап беріп, сынның мөлшерін көлемдік дэрежесін көрсетеді. Мысалы, соншама үлкен үй, недәуір терең, анағүрлым төме т.б. мөлшер үстеуі етістікпен тіркесе келіп, сөйлемнің мөлшер пысықтауышы қызметі атқарады. Сонымен бірге зат есім, сын есімдердің алдында келіп, оны анықтап, сөйлемнп кабыса байланысатын анықтауышы болады.
Осынша өнер тауып асқан адам (Шәкәрім). Бірен-саран жатақтар көше жөнеіф әзірленіп қалды (Ғ.Мүсірепов).
Сын-қимыл (бейне) үстеулері
Қазіргі казак тіліндегі сын-қимыл үстеулері кимыл, іс-эрекетгің жасалу амал-тэсілін сынын, бейнесін білдіріп, қалай? кайтіп? калайша? кімше? деген сұрактарға жауап береді Сын-кимыл үстеулерге мына сөздер тобы жатады: ақырын, тез, шалқасынан, эзер, окьк’ дереу, өзінше, зорға, қапыда, лезде, үнемі, бостан-бос, емін-еркін, ерекше, өзіенк’ көйлекшең, тікелей, ретімен, жүресінен, кезекпен, жайымен, астыртын, жасырын, үстірчір бірден, біржола, шала-пүла, зым-зия, бетпе-бет, колма-кол т.б.
Сын-қимыл үстеулері кұрамы жағынан негізгі түбір, туынды түбір, күрделі түбір сын-қимЫ үстеулері болып бөлінеді.
Негізгі түбір үстеулер мағыналық бөлшектерге бөлінбейтін жеке дара сөздерден гүраДВ Олар: тез, эзер, оқыс, дереу, үнемі, еркін, ерекше.
|\ЫнДы түбір сын-кимыл үстеулері баска сөз таптарынан сөзжасам жұрнактарынын ^алгануы, көлемдік септіктерінің көнеленуі аркылы жасалады. Атап айтқанда, туынды стеулердің жасалу жолдары мынандай:
з) -ша (-ше) жүрнагының эр түрлі сөз таптарына жалғануы аркылы көптеген сын-қимыл устеулері жасалған. Олар: адамша, балаша, кұсша, казақша, ауызша, жазбаша, ескіше, керісінше, кысқаша, өзінше т.б.
э) -шаң (-шең) жүрнактары зат есімдерге жалғану аркылы жасалады. Олар: көйлекшең, етікшен, байпакшаң т.б.
д) -лай (-лей), -дай (-дей) жұрнактарын косу аркылы. Олар: жартылай, осылай, былай, бірдей, ойлай, тікелей, шикілей, өлердей т.б.
Көлемдік, яғни барыс, жатыс, шыгыс, көмектес септіктерінің көнеленуі аркылы жасалған сын-кимыл үстеулері төмендегідей.
а) Барыс септігі жалғауы аркылы: бірге, боска, зорға үстеулері.
э) Жатыс септігі жалғауы аркылы: капыда, окыста, лезде, капелімде, андаусызда.
б) Шығыс септігі жалғауы аркылы: өздігінен, шалкасынан, кенеттен, төтесінен.
в) Көмектес септігінің жалғауы аркылы: жайымен, ретімен, кезекпен, өздігімен, шынымен т,б, үстеулер.
Күрделі түбір түріндегі сын-кимыл үстеулері сөздердің бірігуі, косарлануы аркылы
жасалады.
а) Сөздердін бірігуі аркылы жасалган сын-кимыл үстеулер: біржола, біржолата, жайбаракат,
ауызекі.
э) Сөздердің қосарлануы арқылы жасалған сын-кимыл үстеулер: бостан-боска, емін-еркін, шала-пұла, зым-зия, бетпе-бет, қолма-қол, жападан-жалғыз т.б.
Сын-кимыл бейне үстеулері негізінен етістікпен тіркесіп келіп, кимылдың сынын білдіріп, сын-кимыл пысықтауыш кызметін аткарады.
Күиіейтпелі үстеулер
Қазіргі қазақ тіліндегі күшейткіш үстеулер заттын сындык касиетін жэне кимыл, іс- эрекеттін белгі, сапасын, мөлшер, көлемін күшейтіп не солғындатып көрсету үшін колданылады. Күшейткіш үстеулерге мына сөздер тобы жатады: ең, тым, өте, аса, орасан, нагыз, әбден, мүлде, кілен, өңкей, дэл, керемет, орасан, өрен т.б.
Күшейткіш үстеулер негізінен сапалык сын есіммен тіркесіп колданылып, сын есімнің күшейтпелі шырай түрін жасайды. Ацылды ой, алгыр сөз адамның ең жогары қасиеті
(Г. Мүсірепов).
Күшейткіш үстеулердін көбі етістік алдына келіп, калай? деген сүраққа жауап беріп кимылдын сапасын күшейтеді немесе солгындатып көрсетеді. Шешесі эбден таниды екен
(М. Әуезов).
Морфологиялық кұрылысы жағынан күшейткіш үстеу тек негізгі түбір болып келеді. Ол басқа сөз таптарына жұрнактар жалғану арқылы немесе бірігу, косарлану, тіркесу аркылы жасалмайды. Мысалы, Өзге жүрт ойды нетсін, өңкей соқыр (Абай) деген мысалдағы өңкей үстеуі морфемдік бөлшектеуге келмейтін сөз.
Мақсат үстеулері
Қазіргі қазақ тіліндегі мақсат үстеулері қимыл, іс-эрекеттің болу мақсатын білдіріп, не максатпен? деген сұракка жауап береді. Мақсат үстеуге жататын сөздер көп емес. Олар: ЭДейі, касақана, жорта, эдейілеп. Мақсат үстеулері кұрамы жағынан тек негізгі түбір болып келеді. Сөйлемде етістікпен тіркесіп, максат пысықтауыш кызметін аткарады. Қүнанбай баганадан әзіл салган да, әдейі соган шүқшиган (М.Әуезов) деген сөйлемде не мақсатпен? ®гең сұраққа жауап беріп пысықтауыш кызметінде тұрған үстеу — эдейі сөзі.
^ебеп-салдар үстеулері
Қазіргі қазак тіліндегі себеп-салдар үстеулер кимыл, іс-эрекет, амалдын болу, болмау сеГ|ебщ немесе салдарын (нэтижесін) білдіріп, не себепті? неге? деген сұракқа жауап береді.
Себеп-салдар үстеулерге жататын сөздер мыналар: босқа, амалсыздан, бекерге, текцг лажсыздан, күр босқа, шарасыздан, жоккат.б.
Қүрамы жағынан себеп-салдар үстеулер туынды түбір болып келеді. Олар көлемдік (барыс шыгыс) септік жалгауларының көнеленуі арқылы жасалады. Олар: бекерге, босқа, іекко жокка, шарасыздан, амалсыздан, лажсыздан.
Себеп-салдар үстеулер сөйлемде кимылдың жүзеге асу себеп-салдарын білдіріп, сөйлемніц себеп-салдар пысыктауышы кызметінде жұмсалады. Жандыкең лажсыздан өзінің артықща кеткенін түсінді ме (Айымбетов).
Топтау үстеулері
Қазіргі қазак тіліндегі топтау үстеулері кимыл, іс-эрекеттің жасалуының топтщ сипатын білдіреді де, нешеден? каншалап? деген сұрақгарга жауап береді. Топта\ үстеулеріне жататын сөздер төмендегідей: біреулеп, екеулеп, көптеп, қос-қостап, топ- тобымен, он-оннан, бір-бірлеп т.б. морфологиялык кұрамы жағынан топтау үстеулер туынды түбір күйінде жэне қосарланған, ягни күрделі туынды түбір күйінде кездеседі Топтау үстеулерінің жасалу жолдары:
- -лап (-леп), -дап (-деп), -тап (-теп) жұрнақтары жалғану аркылы жасалады. Олар: екеулеп мыңдап, көптеп, аздап, костап, жекелеп т.б.
- Қосарлану аркылы жасалаган күрделі туынды түбір топтау үстеулері: қос-қостап, топ- тобымен, он-оннан, бір-бірлеп, бес-ондап т.б.
Топтау үстеулері сөйлемде калай? деген сұракка жауап Оеріп, сын-қимыл пысықтауыш қызметінде жұмсалады. Жүмыскерлер жер барактарынан бір-бірлеп іиыгып айналаеа тітіркене қарайды (Ғ.Мүсірепов).
Үстеудің сөйлемдегі қызметі
Үстеулер сөйлемде баска сөздермен, көбіне, етістікпен карым-катынасқа түсіп, сөйлемнін бір мүшесі кызметін атқарады. Ол негізінен пысықтауыш кызметінде жұмсалады.
1 Үстеу семантикалық сипатына сэйкес қимылдың, іс-эрекеттің эр түрлі сын-сипаты, белгісін білдіреді. Осымен байланысты мезгіл пысықтауыш, мекен пысықтауыш, сын-қимыл, мақсаі, себеп пысыктауыш бола алады. Жайнаганың қараңгы түнде қүлындай шыңгырган дауысы естілді (С.Мүқанов). Түра қаштым жалма-жан (Абай). Ерекше бір азап дүниесінен келгендей (М.Әуезов). Боранды күні ыгып келе жатқан қойга араласып, бет-бетімен бөліп- бөліп экетіп. талай қойды қырып шықты (Сонда). Оразбай жалгыз көзін төмен салып. (Сонда). Аңшылық өмірінде талай қыранды көріп өткен (Сонда) деген мысалдардағы түнд\ үстеуі кашан? деген сұракка жауап беріп, қимылдың өту мезгілін білдіріп, мезп. пысыктауыш кызметінде, жалма-жан, ерекше сөздері қалай? сұрагына жауап беріп, іс- эрекеттің амалын білдіріп, кимыл-сын пысықгауыш болса, төмен үстеуі қимылдың орнын білдіріп, кайда? деген сұракка жауап беріп, сөйлемнің мекен пысықтауыш мүшес кызметінде, ал талай үстеуі канша? деген сұракка жауап беріп, мөлшер пысықтауыа қызметін атқарып тұр.
- Кейбір үстеу сөйлем аяғында жіктеліп, баяндауыш болады. Іркітің де сонда, өлген малдіи тері-терсегі де сонда (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдегі сонда үстеуі III жақ жіктік жалгауыньп нөлдік тұлғасында тұрып баяндауыш кызметін атқарып тұр.
- Кейбірі атау септігінде тұрып, субстантивтеніп, бастауыш болады. Еріншектің ертец бітпес (Мақал). Біразы — уылжыган жас, бірқатары — сақалдары күректей мүжықтсң (Ғ.Мүсірепов) деген сөйлемдердегі ертеңі, біразы, бірқатары атау септігінде тұрып, бастауы| кызметінде жұмсалып тұр.
- Зат есіммен, сын есіммен тіркесіп келіп, кейде анықтауыш кызметін атқарады: бірталЩ уақыт өтті, бірен-саран адам көрінеді, осынша өнерді қалай игердің?
- Сөйлемде септеліп, заттанып толыктауыш та болады. Бірталайымен қол алысьіі амандасты (Ғ.Мүсірепов). Талайды осы күні-ақ жүрмін көріп (С.Торайгырев, сөйлемдеріндегі бірталайымен, талайды үстеулері көмектес септігі мен табыс септігіяі тұрып толықтауыш қызметін атқарып тұр.
Тілімізде семантикалық ерекшелігі жагынан да, грамматикалык сыр-сипаты жагынаь да. фонетика-морфологиялық құрылымы жағынан да өзге сөз таптарынан оқшауланыг туратын, соған сәйкес, өз алдына дербес сөз табы ретінде қаралатын бір алуын сөздеі: еЛіктеуіш сөздер (мимсма) деп аталады.
Еііктеуіш сөздер семантикалық жағынан алганда, біріншіден, табигатта ұшырайтын саг длуан кұбылыстар мен заттардың бір-бірімен қақтыгысу я соқтыгысуларынан туатын. сондай-ак, неше түрлі жан-жануарлардың дыбыстау мүшелерінен шығатын, әр түрлі эрекеі кимылдарынан туатын, эрқилы дыбыстарга еліктеуден пайда болған түсініктерді білдірсе, екіншіден, сол табигатта үшырайтын сан алуан күбылыстар мен заттардың және неше түрлі жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаты мен қимыл-әрекеттерінің де килы-қилы көріністерінен пайда болатын түсініктерді білдіреді. Мысалы: арс, гүрс, дүрс, қорс, тарс, тырс, ырс, барқ, борт, күрт, кірт, морт, сарт, шырт, дүңк, күңк, қыңқ, мыңқ, маңқ, саңқ, шаңқ, шінк, сыңқ, таңқ, тыңқ, ыңқ, болп, былп, жалп, желп, колп, ірк, ырқ, сарт-сұрт, қалт-қүлт, шанк-шаңқ, арбаң-арбаң, бүгжең-бүгжең, арсалаң-арсалаң, ербелең-ербелең, батыр-бүтыр, далаң-далаң, тарбаң-тарбаң, қызараң-қызараң, қаңгыр-күңгір, митың-митың, салаң-сұлаң, ыржың-ыржың.
Еліктеу сөздердің бір тобы семантикалык магыналары жагынан табигатта ұшырасатын ір алуан дыбыстармен байланысты болса, екінші тобының семантикалық магыналары сол табигаттагы эрқилы табиги көріністердің бейнелерімен байланысты. Осы себептен бүл сөздер іштей екі салага бөлінеді, бір тобы еліктеуіш (еліктеме) сөздер деп, екінші саласы бейнелеуіш (бейнелеме) сөздер деп аталады.Бүл сөздер семантикалық жагынан гана емес, фонетика-грамматикалық сыр-сипаттары жактарынан да (мысалы: буын қүрылымы, морфологиялық тұлгалары, синтаксистік қызметтері) бір-бірімен үқсас, орайлас болып келеді.
Еліктеуііи сөздердің семантикалық сипаты Еліктеуіш сөздер(дыбыстық)
Еліктеуіш сөздер деп табиғатта ұшырасатын сан алуан қүбылыстар мен заттардың бір- біріне кақтыгысу мен соқтыгысуларынан туатын дыбыстарды, сондай-ақ жан-жануарлардың дыбысталу мүшелерінен шыгатын әр түрлі дыбыстарды есіту қабілеті арқылы белгілі-белгілі түсініктер ретінде кабылдаудан болган және сол түсініктердің атаулары есебінде калыптасқан сөздерді айтамыз. Мысалы: Мылтық тарс етті; қарга қарқ етті деген сөйлемдерді алсақ, ондағы тарс деген сөз мылтықтың атылуынан туган дыбыстың атын білдірсе, қарқ деген сөз карганың дыбыстау мүшесінен (карқылдауынан) шыққан дыбыстың атын білдіреді. Демек, бүл екі сөздің екеуінс де жансыз және жанды заттардан шыққан дыбыстар негіз болган. Бірақ бүл дыбыстардын қайсысы болса да, әрине, сол дыбыстардың дауыстарын дәлме-дәл етіп айтуга тырысудан туған әрі дыбыстык бейне, эрі сол бейненің атауы ретінде қалыптасқан дыбыстар. Заттын кұрылымдық бөлшектерінің ерекшеліктеріне карай, жерге түскендегі дыбыс я дүңк, я тыңк, я т°к, я тық… етіп естілуін тілмен дәлме-дәл зйтып жеткізу қиын-ақ. Дегенмен, осы дыбыстар дыбыстык бейне ретінде де, сол беинелердің атаулары ретінде де қалыптаскандыктан, оларды біз сөздер есебінде кабылдаймыз. Оның бер жагында, бүл дыбыстар, қайсысы болса да, жалаң дыбыстар емес, кҮРделі дыбыстар. ал осы күрделі дыбыстар белгілі-белгілі табигат дыбыстарының таңбалары есебінде қабылданып, тиісті сөздсрге айналган. Мысалы: Дәл сол кезде түп ^раганнан аса бере, алдына жас қызыл қозы топ ете түсті (М.Әуезов). Қасқыр тыпырлап ^атқан қозыны көре сала, ырр етіп барып бас салды (Сонда). Қозы екі қомагай ауыздың Кергісінде қанжоса болып дар-дар айырылды. Сырт-сырт етіп жас сүйек сынды. Қапаш- ЧҮпаш қорқ-қорқ етіп қомагай қанды ауыздар асайды (Сонда). Осы сөйлемдердегі топ, ырр, 5аР-дар, сырт-сырт, қорқ-қорқ сөздері де тиісті дыбыстарды есітуден пайда болган ^Үсініктерді білдіреді. Сондықтан бүлар да, әрине, еліктеуіш сөздерге жатады.
Осындағы дар-дар, сырт-сырт, қорк-корк деген еліктеуіш сөздер бастапқы тубірлердің е|( рет кайталануынан жасалган. Егер сол сөйлемдердің кұрамдарына да, кұрылыстарына я ешкандай өзгеріс енгізбей, тек осы еліктеуіш сөздерді косарланган түрде емес, жалаң түрД( ғана колдансак (мысалы, сырт етіп жас сүйек сынды), өзге сөздер сиякты, еліктеуці сөздердін не жалаң түрі мен қосарланган түрі болатыны, олардың магыналарында тиіс, айырмашылық барлыгы аңгарылады. Демек, еліктеуіш сөздің жалаң түрі амал-эрекеттің д1; гана рет жасалатынын білдірсе, қайталанган түрі сол амал-эрекеттің үсті-үстіне элденеше кайталанып жасалатынын білдіреді. Мысалы: дар айрылды жэне дар-дар айрылды; сырт етіг жэне сырт-сырт етіп; корк етіп жэне қорк-корқ етіп дегендердегі магына жагынщ салыстыруға болады.
Еліктеуіш сөздердің кайталанған түрінің екінші сыңарындағы ашық дауысты дыбыс кысаі дауысты еріндік дыбыска айналып өзгерсе, ол сөздің түлғасында туган осы өзгерісщ байланысты магынасында да сәл өзгеріс туады. Мысалы: Біреу есікті тарс-тарс үрды жәщ біреу есікті тарс-түрс үрды деген сөйлемдердін күрылысы мен күрамдарыцд, айырмашылық болмаса да, магыналарында (сэл болса да) айырмашылык бар; тарс-тарс ұрдц дегенде, адам есікті эрі катты, эрі бірнеше рет ұрғанымен біркалыпты ұрғаны аңғарылады, ! тарс-тұрс ұрды дегеннен есіктің қатты ұрылуы біркалыпты емес, бірде қатты, бірде онан ді катгырак, я солғын болып алмасып отырғаны аңғарылады. Бірак бұл екі форманыі кызметінде тарс-тарс (сарт-сарт) дегенде де, тарс-тұрс (сарт-сұрт) ешқандай өзгешеліі болмайды. Олар біреуінін орнына біреуі тұра алады. Морфологиялық жагынан да бұл үц форма (тарс, тарс-тарс, тарс-тұрс) өзгермейтін сөздер ретінде кала береді.
Басқа сөздер сиякты, магына жагынан бір-біріне жакын, синонимдес, екі түрлі еліктеуіш сө: қосарлана береді, мысалы: сатыр-күтір, салдыр-күлдір, бұрқ-сарқ т.б. Бұл ерекшелік те — еліктеуіш сездердің косарлануына тэн калыпты, заңды кұбылыс. Әдетте, су бұрқ-бұрі кайнап жатыр деп те, су сарк-сарк кайнап жатыр деп те айтыла береді. Бұл сөйлемдердің ді кұрылыстары мен кұрамдарында ешқандай айырмашылық жоқ, арасында азды-көпт магыналык айырмашылык бар: бұрк-бұрк кайнауга караганда, сарк-сарк кайнау элдеқайд; күшті. Солай болса, сол екі дыбысты (сөзді) есіткеннен кейінгі алынатын эсер де бірдеі емес. Ендеше, бұл екеуінің магыналары да бір-біріне қарайлас та, жакын да. Егер бұл ек сөздің бір-бір сыңарларын бөліп алып, оларды косарлап: Су бұрқ-сарк кайнап жатыр десек оган бұрк жэне сарк деген екі сөздің де беретін магынасы бірдей кіреді, демек, су я бірыңгаі бұркылдап та; я бірыңгай сарқылдап та қайнамай, жогарыда айтқан сиякты (тарс-тұрс сияқты, бірде (я бір жері) бұркылдап, бірде (я бір жері) сарқылдап қайнаудың дыбыстық та бейнелік те көрінісі білінеді. Салдыр-күлдір, сатыр-күтір сияқтанған сөздердің д< кұрылыстары мен магыналарынан осыны байқауға болады.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстың не ашык, не кысаң болуы да сол сөздн мағынасына эсер етеді. Мысалы, есік сарт етіп жабылды жэне есік сырт етіп жабылды дегеі сөйлемдерде кұрылыс жағынан ешқандай айырма жоқ бола тұрса да, мағына жағынан бір- бірінен, сэл де болса, ерекшеленіп тұр. Ол ерекшелік: сарт жэне сырт деген сөздерд» дауысты дыбыстарына ғана байланысты, демек, сарт етіп жабылганнан есіктің катть жабылғаны, яғни кұлакка естілетін дыбыстың қатты шықканы, ал сырт етіп жабылганіа есіктің дыбысы ақырын шыкканы аңғарылады. Ал есіктің катты я ақырын жабылғандығін (соган сэйкес дыбысын да ажыратып дифференциялау) білдіріп тұрган нэрселер түбірлердіи дауысты дыбыстарының я ашық, я кысаң болуына гана байланысты. Екінші сөзбен айтканЯ еліктеу сөздің түбіріндегі дауысты дыбыс ашық болса, кұлакка келетін табиғат дыбысы д* қатты естіледі, кысаң болса, ақырын естіледі. Осыған сэйкес сол сөздің мағынасы Щ ажырайды (дифференцияланады). Ондай сөздердің мағыналарындағы айырмашылыкты біл) үшін, косымша, мысалы, тарс және тырс, шак-шак жэне шық-шық, шаңқ-шаңк жэне шынк- шыңқ, карш-карш жэне кырш-кырш, борт-борт жэне бырт-бырт деген сөздерді салыстырҮЯ болады.
Еліктеуіш сөздердің түбіріндегі дауысты дыбыстардын я жуан, я жіңішке болуы да ‘оздіч магынасына әсер етеді. Мысалы: шыңқ-шынк етеді, шіңк-шіңк етеді дегендердің магыналарында айырмашылыктар бар. Шіңк-шіңк дегендегі дауысты дыбыстың жіңішке —к)Луынан еліктеуіш сөздің магынасы сэл өзгешерек болып түр, демек, одан дыбыс әлсіз болатыны, соған сэйкес, лажсыздықтан ащы келетіні байқалады. «Тоғыз тоңкылдак жэне бір ппнкілдек» деген ертегіде зорлықшыл, кара күш иесі тогыз жігіттің тоңқылдак делініп аталуы. күші аз, әлсіз, бірак тэсілшіл бір жігіттің шіңкілдек делініп аталуы кездейсок нэрсе емес Мұндағы тоңкылдак деген зат есім бастапкы тоңк деген еліктеуіш сөзден, шіңкілдек деген зат есім бастапкы шіңк деген еліктеуіш сөзден шыққан. Солай болса, еліктеуіш сөздерден жұрнак арқылы жасалған туынды сөздердің де семантикалык мағыналары, жогарыда айткандай, олардың түбірлеріндегі дауысты дыбыстарга байланысты болады.
Ауызекі тілде адамның көңіл-күйіне, эмоциялық жагдайына байланысты еліктеуіш сөздердін кейбір дыбыстарының айтылуында ерекшеліктер болады. Ашық дауысты еліктеуіш сөздердің дауысты дыбыстары созылып айтылады, мысалы: сарт ете түсті дегенді саарт ете түсті деп, тарс ете түсті дегенді таарс ете түсті деп түбірдегі а дыбысын созып, ал кысан болса, соңғы дауыссыз дыбыс созылып айтылады, мысалы: тыз ете түсті, тырс ете түсті, шыж ете түсті, шыр ете түсті, шың ете түсті деген сиякгыларды ауыз сөзде соңғы з, с, ж. р, н дыбыстарын созып, мысалы, тызз, тырсс, шыжж, шырр, шыңң деп айтуға болады.
Еліктеуіш сөздер ауызекі тілде, ауыз эдебиетінде, көркем эдебиетте өте жиі колданылады, мысалы: Социалистік индустрияныц дөцгелегі зыр жүгірді (Ғ.Мүстафин); Күн көрістіц ескі тәсілдері, ескі салт-сана, әдет-гүрып шірік шуберектей дыр-дыр жыртылып жатты (Сонда); Колхоздыц цара сабалары күмп-күмп пісілді (Сонда); Кешікпей тагы да мылтық даусы гүрс-гүрс шыцты (Ғ.Сланов); Боз, күрец, жирен, ала, шүбар. Өтеді ауыздыгын царш-царш шайнап (Жамбыл).
Сөйтіп, еліктеуіш сөздер дегеніміз — өзіне тэн лексика-семантикалык мағынасы, морфологиялык тұлға-тұрпаты (формалык структурасы) бар, дара түрлеріне де, қосарланған түрлеріне де көптік, тәуелдік, септік, жіктік жалғаулары тікелей жалганбайтын (түрленбейтін), сөйлемде эркашан сын-қимыл пысыктауыш болатын жэне бастапкы түбірлерінен жұрнактар аркылы туынды есімдер жэне етістіктер жасалатын сөздер. Бейнелеуіш сөздер
Еліктеуіш сөздер есіту кабілеті аркылы пайда болатын түсініктердің аттарын білдірсе, бейнелеуіш сөздер табиғатта кездесетін белгілі-белгілі елес, кұбылыстарды көзбен көру кабілеті аркылы туатын түсініктердің аттарын білдіреді.
Мысалы. Ыргалып қарга қарқ етті; ірімшік аузынан салп етті деген сөйлемдерді алайық. Мұндағы қарк деген сөз — карғаның дауыстауынан естілген дыбыстың атын аңғартатыны, соган сәйкес, еліктеуіш сөз сол түсініктің атауы болатыны жоғарыда айтылды. Ал осы салалас сөйлемнің екінші жартысындагы салп деген сөз дыбысты емес, карганың аузынан ірімшіктің жерге қарай түсіп бара жатқан я түскен кезіндегі көрініс елесін, сол көріністің бейнесін білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, салп деген сөз ірімшіктің жерге тез түсіп бара жатқан кезінде көзбен көру кабілеті аркылы кабылданган көріністің, оның бейнесінін атауы ссебінде қызмет етеді.
Екінші бір мысал алайық: Кенеттен шыққан дауысқа Ботагөз «ә» деуге үлгермей, жүрісін «ілт тоқтатып, жалт қарады (С.Мүқанов) дегендегі кілт жэне жалт деген сөздер де калай токтағандыктың жэне калай карагандыктың бейнесін көрсетеді.
Еейнелеуіш сөздер іс-эрекеттің тек сырткы бейне-көрінісін ғана емес, эрі шапшаң (аса тез) болатынын да білдіреді. Бұл сөздерге де белгілі-белгілі көріністің, кимылдың бейнесі негіз болады. Мысалы: бірдеме елең етті; ол жалт етті; жапалак жалп етті дегендердегі елен, жалт, *алп деген сөздер белгілі көріністің бейнесін де, олардын тез болу ерекшелігін де ®ілдіреді.Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де косарланып колданылады да, солар аРкылы бейнеленетін кұбылыстардың бірнеше рет кайталанатынын білдіреді. Мысалы: елең- елең, жалп-жалп, жалт-жалт, жылт-жылт, кылт-кылт, лап-лап т.б.
Еліктеуіш сөздер сиякты, бейнелеуіш сөздердщ де қайталанган екінші сыңарыныц ацң. дауысты дыбысы кысаң дауысты еріндікке айналып, іс-қимылдың бейнесінің бірде олй бірде бұлай болып алмасып отыратынын білдіреді, мысалы: жалт-жұлт, жалп-жұлп, ка». құлт т.б.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың ащы, болуы қозғалыс пен әрекеттердің еребейсіздігін, дөкірлігін, оңтайсыздығын, епсіздігй білдірсе, дауысты дыбыстардың қысаң болуы эрекет-қозғалыстың мардымсыздыгьщ өнімсіздігін білдіреді. Мысалы: арбаң-арбаң, талтаң-талтаң, тарбаң-тарбаң, одыраң-одырл деген сөздердің магыналарын сол реті бойынша ербең-ербең, тылтың-тылтың, тырбьщ тырбың, едірең-едірең деген сөздердің мағыналарымен салыстырып байқауга болады Алдыңғы топ пен соңгы топтың мағыналарында, эрине, айырмашылық бар. Ойткеі ІІүрцожа талтаң-талтаң басып келеді екен (С. Мұңанов) деген мен Нұрқожа тылтъш тылтың басып келеді екен дегендердегі талтаң-талтаң мен тылтың-тылтың дегендердц магыналары тең емес.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де түбіріндегі дауысты дыбыстардың жуан жіңішке болуы олардың мағынасында айырмашылық болатынын андатады, мысалы: жалп жалп етеді деген мен желп-желп етеді дегеннің, осыдан туған жалпылдайды жэн желпілдейді деген сөздердің магыналары тең емес. Алгашқы көріністен кұшті, дөрекі, епс бейне байкалса, соңгыда эрі нэзік эрі майда бейне елестейді.
Еліктеуіш сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздердің де бастапкы дара түбіріне де, косарланга: түрлеріне де сөз байланыстыратын (көптік, септік, тэуелдік, жіктік) жалгаулар тікелеі косылмайды. Демек, еліктеуіш сөздер тэрізді, бүлар да — түрленбейтін сөздер. Еліктеуіп сөздер сияқты, бейнелеуіш сөздер де ешбір өзгеріссіз тікелей етістіктермен тіркесіп, я дар; мүше (жалт карады, жалт-жалт карады) болады, я күрделі мүшенің кұрамына енеді (жалі етті, жалт-жалт етті). Бүлар да, еліктеуіш сөздер сияқты, дербес мүше болса, эркашан сын кимыл пысықтауыш болып кызмет аткарады. Мысалы, төмендегі сөйлемдердегі бейнелеуіи сөздер кілең пысыктауыш болып түр: Ыңырсып колхозының төрт түлігі Ауылдан маң-маь басып өріске өрді (Жамбыл); Аттылар бүрылып келіп, дөңгелене отырган жиынга жапыр. жұпыр сэлем берісіп амандасып калды (М.Әуезов).
Сөйтіп, бейнелеуіш сөздер деп табигаттагы кұбылыстар мен заттардың жэне неше алуан жан-жануарлардың сыртқы сын-сипаттары мен әрекет-қимылдарын көру кабілеті аркылы кабылданган бейне-көріністердің атауларын, яғни атаулары ретінде кызмет ететін создері айтамыз.