Әбу Насыр әл-Фараби қолданған терминдер

1 декабря, 2017 18:53

Дифирамбы — трагедиядан екі есе артық өлшемі бар поэзия түрі. Онда да жалпы бекзаттар жайлы, марапаттар- лық мінез, адамзатқа тән ізгі жайлар айтылады. Дифирам- быда да көбінесе қайсыбір патшаларды мақтауға талпынады, бірақ негізінен жалпы ізгі істер тілге тиек етіледі.

Комедия болса ерекше өзіндік өлшемі бар поэзия түрі. Оған кейіпсіз, келеңсіз жайлар арқау болып, жеке адам, мінез-қүлқының көлеңкелі көріністері шенеледі. Кейде адам мен хайуанға тән қүлықтың, сонымен қатар сыртқы үсқынсыз түрпаттың нышандары келемежделеді.

Ямб — ерекше өлшемі бар жыр түрі. Онда жалпыға мәлім жағымды, жағымсыз жайлар айтылады, ең бастысы, ол көпшілікке кеңінен аян болуы тиіс: мәселен, мақалдар. Жырдың бүл түрі тайталас бәсеке мен соғыста, ашу мен беймазалық үстінде қолданылады.

Драма — алдыңғы түр сияқты, оған жеке есімдерге қатысты мақалдар мен қанатты сөздер кіреді.

Эпос — мейілінше көркем немесе әдеттен тыс эмоция- лық күшімен ләззат беретін поэзия түрі.

Диаграмма — заң шығарушылар қолданылатын поэзия түрі. Онда адамдар жанын күтіп түрған бақи бақытсыздық бейнеленеді (егер ол бейәдеп һәм шектен шыққан болса).

Эпика мен риторика — ежелгі басқару мен заң фор- маларын жырлайтын поэзия түрі. Бүнда патшалардың па- расаты мен ерлігі, жорықтар мен бастан кешкен қызықты жайттары айтылады.

Сатира дегеніміз — музыканттар ойлап тапқан поэзия түрі. Осы өлшемді олар әндеріне пайдаланып, сол арқылы жабайы хайуандарға әдеттегісіне ұқсамайтын сан алуан қимыл жасатады.

Поэма — сулулық пен түрпайлықты, жүйелік пен бей- берекеттікті жырлайтын поэзия түрі. Осы орайда, әр поэ- зияның түрі өзі жырлайтын затқа — сүлулық пен әдемілікке, келістілік пен үсқынсыздыққа сәйкес келеді.

Амфигеноссос — жаратылыс ғылымдарын баяндайтын оқымыстылар ойлап тапқан поэзия түрі. Поэзияның бар- лық түрінен өлең өнеріне дәл келетін ең сәттісі осы.

Акустика — шәкіртті музыка өнеріне үйрететін поэзия түрі: оның пайдалылығы осымен шектеледі, өзгеге онша қажеті жоқ (179, 11 —12).

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля