2 декабря, 2017 14:14
АТҚКС ауданы өзінің функционалдық мақсатына байланысты:
• өндірістік (бекеттің жұмыс аумағы, өндірістік бөлімшелер);
• қойма бөлмелері;
• техникалық (трансформатор, сорғы, бойлер т.б.);
• әкімшілік-тұрмыстық (кеңселік бөлме, киім қоятын, жуынатын бөлме, дэретхана);
|
• тапсырысшыларға қызмет көрсететін бөлме (кафе, автомобиль сатуға арналған дүкен, темекі шегетін орын) болып бөлінеді.
Бөлмелердін ауданы жэне оның құрамы станцияның қуатына жэне орындалатын жұмыстың түріне байланысты анықталады. Өндірістік бөлмелердің ауданы автопарктегі бөлмелердің ауданын анықтайтын тәсіл бойынша анықталады. Кейбір жағдайда өндірістік бөлменің ауданын бір жұмыс бекетінің меншікті ауданы бойынша анықтайды, ол 40…60 м2 құрайды. Қалалыц АТҚКС қоймальщ бөлмелерінің ауданы 1000 автомобиль- ге тиесілі қызмет көрсететін меншікті аудан бойынша анықталады. Ол: қосалқы бөлшектер үшін — 32 м2; агрегаттар мен тораптар үшін — 12 м2; шиналар — 8 м2; материалдар — 6 м2; бояулар — 4 м2; оттегі, көмірқышқыл газдары үшін — 4 м2 бөлінетін аудан мөлшері. Автомобильдерге қызмет көрсету уақытында одан шығарылған бөлшектерді сақтайтын бөлменің ауданы — 1,6 м2 (бір бекет үшін). Жолдьщ АТҚКС қоймасының ауданы бір бекетке бөлінген нормалық аудан бойынша анықталады, ол — 5…7 м2. Әкімшілік-тұрмыстық бөлмелердің ауданы станциядағы жұмысшылардың санына байланысты анықталады, бір адам үшін: кеңсе бөлмесі — 6…8 м2; тұрмыстық бөлме 2…4 м2; |
Тапсырысшыларға қызмет көрсетуге арналған бөлменің ауданы: калалық станция үшін — 9… 12 м2; жолдық станция үшін 6…8 м2 (бір бекет- ке арналған).