ҚЫПШАҚ ТІЛІНДЕ ЖАЗЫЛҒАН ҒАШЫҚТЫҚ ДАСТАНДАР

2 декабря, 2017 15:39

 

Қазақ әдебиеті тарихында Алтын Орда қыпшақтары- ның тілінде жазылған ғашықтық дастандар ерекше орын алады. Бүл жырлар Қазақ хандығы қүрылу қарсаңында жазылған көркем туындылар еді. Сол себепті Алтын Орда дәуірінде жазылған дастандар қазақтың өзіндік төл әде- биетінің мазмүн және форма жағынан қалыптасуына зор ықпал етті.

Алтын Орда дәуірінде жазылған ғашықтық дастандар қазақ ауыз әдебиетінің ғажайып үлгілері саналатын „Қозы Көрпеш — Баян сүлу», „Қыз Жібек», „Айман-Шол- пан“ сияқты лиро-эпос жырларының алғашқы үлгілері деу- ге болады. Әрине, XIII—XV ғасырларда қыпшақ тілінде жазылған ғашықтық дастандар мен Қазақ хандығы қүрылғаннан (XV ғасыр) кейін туындаған қазақ тіліндегі лиро-эпос жырлары арасында айтарлықтай айырмашы- лықтар да, өзара үқсастықтар да бар. Әйтсе де біз бүл ара- да ол туралы айтқалы отырған жоқпыз. Бүл өз алдына дербес зерттеуді қажет ететін келелі мәселе.

Ал, біздің зерттеу объектіміз кезінде қазақ лиро-эпос жырларының қалыптасуына мазмүндық және формалық жағынан әсер еткен жазба әдебиет үлгілері хақында бол- мақ. Олар: „Мүхаббат-наме», „Хүсрау-Шырын» және „Түркі тіліндегі Гүлстан» деп аталатын дастандар.

Алдымен, Алтын Орда дәуірінің мәдениеті мен әдебиеті хақында қысқаша айта кетейік.

Алтын Орда дәуірінің әдебиеті XIII ғасырдың екінші жартысынан бастап XV ғасырдың соңына дейінгі кезеңді қамтиды. Ал, бүл дәуір тарихта қыпшақ даласы мәдениеті мен ғылымының едәуір өркендеген кезеңі саналады. Ал- тын Орда мемлекетінің түркі тайпаларының басым көпшілігі қыпшақтар еді. Сол себепті әдеби туындылар, тарихи шежірелер, ресми қүжаттар негізінен Алтын Орда қыпшақтарының тілінде жазылды.

Бүл туралы атақты араб филологы Әмин әл-Холи Ал- тын Орда мемлекетінің астанасы Сарай қаласы XIII—XIV ғасырларда ғылым мен мәдениеттің аса ірі орталығы болғанын хабарлайды. Ол Алтын Орданы билеуші әміршілер ішінен, әсіресе, Берке, Өзбек, Жәнібек хандар- ды аса білімді, түркі халықтарының тарихы мен әдебиетін көп оқыған, сөзге шешен, өнер мен өлеңге қүиггар адам- дар деп көрсетеді. Бүлардың түсында Египет пен Хо- резмнің ең дарынды ғалымдары, ақындары, әншілері, күйшілері, т. б. Сарай қаласында түрды. Осы кезде Алтын Орданың астанасына есімі әлемге мәшһүр Қүтүб ад-Дин ар-Рази, Садад-Дин ат-Тафтазани, Жәлел ад-Дин, Хафиз ад-Дин ал-Баззави, Ахмад ал-Хаджандари сияқты әдебиетші, тілші, тарихшы, философ ғалымдар келген бо- латын.

Сол дәуірдегі арабтың атақты ғалымы С. Тафтазани өзінің шешендік өнерінің табиғаты туралы жазған „Китаб әл-Хитта әр-Марсума» деген еңбегінде түркілердің ше- шендігін жоғары бағалай келіп, „Менің риторика саласын- дағы үстазым Жәнібек хан» деп көрсетеді. Сарай қаласының кезінде мәдениет пен ғылымның ірі орталығы болғанын дәлелдейтін тарихи деректер көп.

Алтын Орда мемлекетінің халқы өзінің этностық құра- мы жағынан біркелкі емес еді. Егіншілікпен айналысатын аймақтарды негізінен Еділ булғарлары, орыстар, армяндар, гректер, хазарлар, қала қыпшақтары мекен етті. Ал мал шаруашылығымен айналысатын дала өңірінде түркі тектес тайпалар басым еді.

Бұл мемлекет халқының басым көпшілігі түркі текті тайпалар, әсіресе, қыпшақтар мен оғыздар көп болды. Сол себепті Алтын Орданың әдеби тілі — қыпшақ-оғыз диалектісіндегі орта ғасырлық түркі әдеби жазба тілі еді. Бүл тіл түркі тайпалар мен халықтарының бәріне бірдей түсінікті болды.

Алтын Орда дәуірінің мүралары онша көп сақталмаған. Бүл кездегі әдебиет өкілдерінен біз Сайф Сараи, Хорезми, Қүтб, Дүрбек, Лутфий, Сайдахмад, Әли Атаи, Рабғузи, т. б. шығармаларын білеміз. Кейбір ақын-жазушылардың лақап есімдері ғана мәлім.

Бүл кезде өмірге келген көркем туындылардан ақын Хорезмидің „Мүхаббат-наме» поэмасы, Сайф Сараидің „Гүлстан» (Яки „Гүлстан бит-түрк» деп те аталады) даста- ны, Қүтбтың „Хүсрау уа Шырыны» мен Дүрбектің „Жүсіп- Зылиқа» дастандары, Рабғузидің „Қисса-сүл әнбиясы» ерекше мәшһур болды.

Дүрбек діни аңыздар сюжетіне қүрылған „Жүсіп-Зы- лиқа» қиссасын өз бетінше қайта өңдеп, оны осы реал- дық өмірдің қызығы мен қиындығын шыншылдықпен жырлаған дастан етіп жаңадан жазып шықты.

Енді ғашықтық дастандардың әрқайсысына жеке-же- ке тоқталып өтеміз.

Алтын Орда дәуірі әдебиетінің ең көрікті үлгісі — „Мүхаббат-наме» дастаны. Оны жазған ақын Хорезми. Хорезми — ақынның лақап аты. Ақынның шын аты-жөні, өмірі, шығармашылығы жайлы мәлімет сақталмаған. Ол жайында білетініміз онша көп емес. Ақын Хорезми — Ал- тын Орда ханы Жәнібектің түсында өмір сүрген. Сол Жәнібектің Сыр бойындағы әкімдерінің бірі болған Мүхаммед Қожабектің тапсыруы бойынша 1353 жылы „Мүхаббат-наме» дастанын жазған.

Бүгінгі күнге дейін „Мүхаббат-наме» дастанының екі қолжазба нүсқасы мәлім. Дастанның екі нүсқасы да қазір Лондонның Британия музейінде сақтаулы түр. Қолжазбаның бірі 1432 жылы үйғыр әрпімен көшірілген. Демек, „Мүхаббат-наме» дастанын Хорезми жазғаннан 80

 

жылдан кейін оны үйғыр әрпімен қайта көшірген болып шығады. Бүл — дастанның ең көне, алғашқы көшірмелерінің бірі болса керек.

Ал, енді „Мүхаббат-наменің» араб әрпімен жазылған нүсқасы 1509 жылы көшірілген. Басқаша айтсақ, дастан жазылғаннан кейін араға 166 жыл салып барып араб әрпімен көшірілген екен.

Бір қызығы — араб жазуындағы қолжазба үйғыр жа- зуындағы нүсқадан 77 жыл кейін көшірілсе де оған қарағанда әлдеқайда кең, әрі толық сақталған болып ке- леді.

„Мүхаббат-намені» түңғыш зерттеген ғалым А. Н. Са- мойлович болды.

Бүл әдеби ескерткіштің ұйғыр әрпімен көшірілген нүсқасын А. М. Щербак тілдік түрғыдан зерттеп шықты.

Ал, „Мүхаббат-наменің» екі нүсқасын да өзара салыс- тыра отырып, зерттеп, араб әрпімен жазылған нүсқасын қазіргі әріптермен транскрипция жасап, оны орыс тіліне аударып, жан-жақты зерттеген ғалым Эмир Нәжіп болды.

Ал, соңғы жылдары Хорезмидің „Мүхаббат-наме» дас- танын зерттеумен өзбек әдебиеттану ғылымы көбірек айналысып жүргенін айта кеткен жөн. Мәселен, өзбек ғалымдары С. Касимов, В. Валиходжаев, Н. Маллаев, т. б. бүл дастан жөнінде бірқатар зерттеулер жариялады.

„Мүхаббат-наме» дастанының араб әрпімен жазылған нүсқасы 473 бәйіттен түрады. Дастанда 11 наме (хат) бар. Жігіттің қызға жазған он бір хаты жырға негіз болған. Со- лардың ішінде төртінші, сегізінші және он бірінші хаттар парсы тілінде жазылған.

Қалғандары Алтын Орда қыпшақтарының тіліндегі жырлар болып келеді. Сонымен, дастандағы 317 бәйіт қыпшақ тілінде, 156 бәйіт парсы-тәжік тілінде жазылған. Әйтсе де „Мүхаббат-наменің» негізгі тілі Алтын Орда қыпшақтарының тілі екенін үмытуға болмайды. Дастанның әрбір жолы бүған айқын дәлел. Мүнда грамматикалық жағынан да, лексикалық түрғыдан да қыпшақ тілі эле- менттері басым екені даусыз.

„Мүхаббат-наме» дастанының кіріспесінде ақын: „Мен де үлы тәңірге жалбарынып, “Мүхаббат-намені» жаздым» дейді. Автор сол кездегі әдеби дәстүрді сақтап, алдымен әлемді жаратқан тәңірге сыйынады, сосын пайғамбарларға мақтау сөз айтады. Содан кейін ғана дас- танның жазылу себептеріне тоқталады.

Ақын „Мүхаббат-намені» Алтын Орда ханы

Жәнібектің әкімдерінің бірі Мұхаммед Қожабектің тапсы- руы бойынша жазғанын дастанда былай деп жырлайды.

Түн ақшам ким көрунди бәйрәм айы Мүхаммәд-Хожа-бек дәвләт хумайы.

Буйурды өрга шадырван урулды,

Кәдәх келтурди лар мәжлис курулды.

Хусәйни пәрдәси узрә түзүб саз Муғәнни бу ғәзәлни қылды ағаз.

…Тәбәссүм қылды, айды: ей фәлани,

Кетүргүл бизга лайық әрмәғаны.

Тиларин ким бизниң тил бирла пәйда.

Китаби әйласаң бу қыш қатым да.

Кәбул қылдым, йир өптим, айдым: ей шах,

Иши киң топрақы дәвләт ли дәргах*.

Мазмұны:

Мейрам кешінде аспанда ай көрінгенде,

Мүхаммед Қожабек — мемлекет әміршісі:

„Төбеге шатыр тігілсін!» деп әмір етті,

Шарап әкелді, мәжіліс қүрылды.

Аспаб пернесін „хүсайын» сазына келтіріп,

Әнші осы ғазалды әуендетіп айтты.

…Ол (Мүхаммед Қожабек) күлімсіреп сөйледі: Ақыным бізге лайықты тарту жаса — деді.

Тілегім — өз тілімізде жыр жазсаң,

Ол кітабың ды осы қыста қасымда жүріп жазсаң.

Тілегін қабылдадым, жер сүйіп айттым:

Ей, шах, сенің босағаңда болу — мен үшін бақыт.

Бүдан кейін „Мүхаббат-наме» авторы оқырманын Мүхаммед Қожабекпен таныстырып өтеді. Әсіресе, ол

‘Хорезми. Мухаббат-наме (Издание текста, транскрипция, перевод и исследование Э. Н. Наджипа). М., 1961, с. 28—30. Біз Хорезми өлеңдерін кітаптаң осы басылымынан алып, оны жолма- жол аударма жасап беріп отармыз.

жөнінде дастанның кіріспесінде, қорытынды бөлімінде көбірек айтылады. Шығарманың негізгі бөлімінде ол тура- лы сөз қозғамайды. Себебі ол шығарманың негізгі кейіпкері емес. Автор оған өз дастанын арнағаны үшін ма- дақтайды.

Ақын өзіне көп қамқорлық көрсеткен Қожабектің ба- тыр, асыл текті, мырза, көреген деп дәріптейді. Сондай-ақ Қожабектің қоңырат руынан екенін, оның Жәнібек ханға жақындығын тілге тиек етеді:

Зехи әрслан йүәек Қоңрат уруғы,

Кичик йашдин улығ ларның улуғы.

Сә’адәт м’дәни иқбал гәнжи,

Мухәммәд-Қожа-бек аләм күвәнжи.

Оза жансыз тән ерди мүлки сенсиз,

Шәхиншәк Жаны-бек хан ға йетан сиз.

Мазмүны:

Қоңырат руынан шыққан айбарлы арыстаным,

Сен сәби шағыңнан-ақ үлылардың үлысысың.

Қуаныш пен ләззаттың қайнар-бүлағы сен, Мүхаммед Қожабек — әлемнің қуанышысың.

Саған дейін мына ел — жансыз ғана тән еді,

Ал, сен, шахтардың шахы — Жәнібекпен туыссың.

Ақын Хорезми осылайша Қожабекті жер-көкке сыйғызбай мақтап, оны жомарттықта — Хатымтайдан, батырлықта — Рүстемнен, сүлулықта — Шолпан жұлды- зынан озасың дейді.

Міне, осындай мадақтау жырлары айтылған соң ғана шығарманың негізгі бөлімі басталады деуге болады:

Мухәммәд Хожа-бек мәдхин түгәттим. Мухәббәт-нәмә ни бунйад еттим.

Мазмүны:

Мүхаммед Қожабекті мадақтауды біттім, „Мүхаббат-намені» айтуды бастадым.

„Мүхаббат-наменің» негізгі бөлімінде жігіттің сүйген қызына деген мөлдір махаббаты жырланады. Жігіт сүйген к,ызына әсемдік әлемінен тең таппай, оны Айға да, Күнге де теңеп, жер бетіндегі сүлулық атаулының ғажайып су- ретін жасайды.

Махаббат тек адамзатқа ғана тән ғажайып, асыл қасиет екенін ақын зор шеберлікпен суреттейді:

Ики йақту гәвхар аләм ға бергән.

Мухәббәт гәнжини адәм гә бергән.

Хәва үзрә берур шункарғә күны,

Толун ай дек қылур бир қәтрә суны.

Аның ким ал иңиндә мең йәратты,

Бойы бирла сачыны тең йәратты.

Мазмүны:

Екі жарық ғәуһарды әлемге берген Махаббат қазынасын адамға берген.

Аспанда берер сүңқарға қуды Толған айдай етер бір тамшы суды.

Бетіне оның (тәңірім) мең жаратты Шашы мен бойын тең жаратты.

„Мүхаббат-наме» дастанында адамның осы өмірдегі адамға деген сүйіспеншілігі зор шабытпен жырланады, ақын нақты өмірдің қадір-қасиетін жоғары бағалайды, шығарманың бас қаһарманы өз сүйіктісі үшін ешқандай қауіп-қатерден тайсалмайды.

Жігіт сүйген қызына жазған хатында „Сүйіктім қасымда болсаң, жүмақтың маған керегі жоқ» деп батыл сөйлейді:

Сачың бир тарынэ миң хур йетмас,

Иүзүң нүң нурынә миң нур йетмас.

Әгәр берсә сйурғаб хәқ тә’ала,

Керәкмас сен сизин Фирдәвси-ә’ла.

Киши ниң сен сизни не жаны болсун,

Аның тек умурниң на саны болсун.

Мазмүны:

Мың хор қызы — сенің бір тал шашыңа жетпес, Жүзіңнің жарқ еткен бір нүрына мың нүр жетпес.

Егер тәңір тілегімді қабыл етсе,

Сенсіз маған жұмақтың қажеті жоқ.

Сен жоқ жерде кісінің жаны бола ма?!

Сен жоқ жерде өмірдің сәні бола ма?!

Жігіт сүйген қызына осындай пікір айта келіп, „маған сенсіз жұмақтың керегі жоқ, сен арғы дүниедегі хор қызынан мың есе артықсың, сол періште қыздар келіп, сенің сұлулығыңа табынсын, сен жоқ жерде — жүмақтың өзі маған дозақ» дейді.

Сөйтіп, ақын нақты түрмыс-тіршіліктегі сүйіспеншілік сезімін о дүниенің барлық қазынасынан мың есе артық деп бағалайды.

Дастанның басты қаһармандары — бір-біріне ғашық болған жігіт пен қыз. Шығарма негізінен жігіттің қызға жазған он бір хатынан түрады. Дастанда қыздың жігітке жазған жауап хаты берілмейді. Алайда жігіттің хатынан қыздың сүйген жігітке деген сүйіспеншілік сезімін, қуаныш-реніштерін айқын аңғаруға болады.

Жігіттің өзінің ғашығына жазған хатында қызды бы- лайша сипаттайды:

Әйа көрк ичрә аләм падишахы,

Жехан тутты сениң хүсүн сипахы.

…Тәбәссүм қылсаңыз шәкәр уйалур,

Тишиң инжүсидин гәвхар уйалур.

Жәмалин йитти ‘аләм ға сипахлар,

Қатында ийр өпарлар жүмлә шәх-лар.

Фәләк ‘ишқың йолындә бисәр-о пай,

Ысырғаң данәси, Зүзрә, йүзүң — Ай.

Мазмүны:

Сүлулық әлемінің патшасы өзің,

Көркіңмен күллі әлемді жеңіп алдың.

Наз күлкіңнен шекер үялар,

Інжудей тісіңнен гәуһар үялар.

Сүлулығың күллі әлемге белгілі.

Басқан ізіңе тәуетуге батыр да, патша да ынтызар.

Саған деген махаббаттан аспан әлемі есінен танды, Ай — жүзің, Шолпан — сенің сырғаңдағы

асыл тас қана.

Қыздың сүлулығынан қысылған Күн не істерін білмей абыржып, түні бойы бетіне перде жауып, үялып жатады екен:

Сондықтан түн үзаққа Күн үялып,

Түн пердесін жамылып жатады екен.

Жігіт сүйген қыздың сүлулығы сондай, тіпті оны көргенде отқа табынушылар өз дінінен безіп кетеді деп суреттейді.

Хорезми өзі жырлаған қызды тек теңдесі жоқ сүлу ғана етіп көрсетумен шектеліп қалмайды. Дастанның бас қаһарманы ғашық болған қыз көрікті ғана емес, сонымен бірге, ақылына Аплотон таңданатын данышпан әрі сүйгеніне барынша адал, адамгершілігі жоғары, инабатты, ізгі жан. Міне, сол арқылы автор махаббат жайын әлеуметтік мәселе дәрежесіне дейін көтере білген. Ақын адамға тән кейбір жаман қасиеттерді — опасыздықты, зүлымдықты, әдепсіздікті, надандықты өлтіре сынайды. Хорезми осындай ой-пікірлері арқылы өзі өмір сүрген ор- таның әділетсіздігіне біршама наразылығын білдіргендей болады. Сондықтан дастанда жырлаған махаббат тақырыбына әлеуметтік-қоғамдық түрғыдан мән беріп қараған жөн деп білеміз.

Дастанда жігіт бар сырын ақтарып, ғашығы үшін ажал- дың өзінен тайсалмайтындығын сездірсе де қыз оның ішкі жан дүниесін түсінбей-ақ қояды. Мүның бәрін жігіттің хаттарынан аңғарамыз. Ғашықтық дертінен ем таппаған ер жігіт сүйген қызына былай дейді.

Менің қадір-қасиетімді өлгенімде білерсің,

Мендей азап шексе, Аплотон да жынданар еді.

Ақыры арманына жете алмасына көзі жеткен жігіт қызбен қоштасады:

Мені саған деген махаббат өлтірді,

Енді сенің есігіңнен аулақ кетемін, хош бол.

Соның өзінде жігіт өмірден түңілмейді. Қыздың бақьггты болуына тілектестік білдіреді. Дастанда жігіт өз махаббатына барынша берік, қызбен біржола қоштасса да сүйіктісінен мәңгі-бақи айнымайтынын айтады:

Көңілге өзгенің махаббатын жуытпан,

Жырақта жүрсем де өзіңді үмытпан.

Жігіт сүйгеніне: өмірде алтын мен мыстың айырмасын білмейтін көңілі соқыр наданның қолына түсіп қалма де- гендей алыстан меңзеп ақыл айтады:

Қадіріңді көр надан қайдан білсін,

Гәуһардың қадірін әркім біле бермес.

Рас, кейде дастанның лирик қаһарманы ертегі- аңыздарда айтылатын дәстүрлі кейіпкерлерге ұқсап ке- теді. Әйтсе де дастанда өмір нақты көріністерімен, шынайы суреттермен бейнеленген. Ал ондағы кейіпкерлер күнделікті тіршілік тынысын сезінетін нақты жандар. Автор лирик қаһарман арқылы қоғамның кейбір көкейтесті проблемаларын ауызға алады.

Мысалы:

Қәчан қим шад есаң ғамгинә рәхмет,

Әгәр султан есаң, мискинә рәхмет.

Мазмүны:

Егер өзің көңілді болсаң, қайғылы жанға қарайлас,

Егер сен бек-сұлтан болсаң, кедей жанға қарайлас.

Сөйтіп ақын ғашықтардың аузына сөз салу жолымен өзінің нақты философиялық-қоғамдық көзқарасын оқырман қауымға жеткізеді.

Хорезми гуманистік ой-пікірлерді кезінде ту етіп көтерген дарынды ақын, өз заманының ойшыл азаматы ретінде танылған. Автор дастанда махаббатты жырлау арқылы өзі . өмір сүріп отырған қоғамның кейбір кемшіліктеріне сын көзімен қарайтынын айттық.

„Мүхаббат-наме»— сюжеті қызықты, тілі көркем, көріктеу қүралдары алуан түрлі, өлең қүрылысы шебер жасалған дастан. Ақын Хорезми дастанда жыр жолдары- на үстеме мағына беріп, оны ажарландырып жіберу үшін теңеу әдісін көбірек қолданады. Сөйтіп, ол өзі суреттеп отырған белгілі бір заттың яки қүбылыстың ерекше белгілерін айқындай, әрі ажарлай түседі, сол арқылы жырдың эстетикалық әсерін еселеп арттырып жібереді.

Хорезми теңеу сөздерді мейлінше орынды қолданады. Дастанда: нәркес көз, ай жүз, қылдай бел, шекер сөз, лағыл ерін деген секілді әдемі теңеулер көп.

Ақын қалың қолдың қан майданға кіргенін — аш қасқырдың қойға түскеніне, қыздың бір тал шашын — мың хор қызына теңеуі, т. б. аса үтымды шыққан.

Дастаннан тағы бір мысал келтірейік:

Әйә хуршид тек аләм чирағы,

Мүнәввар чехрәңиз фирдавс бағы.

Ачылсә лә ‘лиңиз шәкәр сачылур.

Көрүб гүл ғүнчәниң ағзы ачылур.

Бойуң тек сәрв йоқ бустан ичинда,

Иүзүң нуры дин ай нуқсан ичинда.

…Шәкәрдин татлы сөзли дилрубасын,

Дариға ким чечәк тек би вәфасын.

Мазмүны:

Күн секілді күллі әлемнің шырағы,

Нүрлы жүзің — жүмақтың бір гүл бағы.

Оймақ аузың ашылса — шекер шашылар.

Соны көріп жайқалып — гүлдер ашылар.

Бойың сенің — бақта жоқ кипарис қой,

Сен күлсең — ай да сөніп қалады ғой.

Әдемім, шекерден де тәтті сөзің,

Дариға, гүл секілді қүбылысың.

Сонымен бірге, ақын дастанда айшықтаудың бір түрі болып табылатын шендестіру немесе антитеза әдісін де кеңінен қолданып отырады. Сол арқылы Хорезми бір- біріне қарама-қарсы үғымдарды, қүбылыстарды, түр-түсі әртүрлі заттарды бетпе-бет қою әдісімен бүлардан мүлдем басқа бір қүбылыстың, үғымның, заттың сыр-сипатын оқырман көзіне елестетеді. Мәселен, ақын бірде: „Қара меңің ақ жүзіңе жарасар» десе, екіншісінде — «Сен сүлтансың, ал мен — бақытсыз түтқынмын» деп антитеза жасайды.

„Мүхаббат-наме» дастанында айтылуы бір болғанмен, мән-мағынасы әртүрлі сөздерді ойнатып, қүбылтып шебер қолдана біледі.

Ашар йилдин сениң йилгандә атың.

Күйаш йаңлық жеханны тутты атың

Әгәр десәм сени Рүстәм йәрарсың,

Қылычың бирла сәф ларны йәрарсың.

Мазмүны:

Сенің атың желгенде — желден озады,

Сенің атың (есімің)— күн секілді әлемге тарады.

Егер сені Рүстем десем — жарарсың.

Қылышыңмен жау қатарын — қақ жарарсың.

Хорезми түркі халықтары әдебиетінде „наме» жанры- на өзінің „Мүхаббат-наме» дастаны арқылы тұңғыш рет жол ашты. Наме сөзінің бірнеше мән-мағынасы бар. Сон- дай-ақ, наме — жанрлық форма ретінде де мәлім. „Наме» сөзінің ең жиі үшырайтын мағынасының бірі — арнау өлең түрінде жазылған дастан, поэма деуге болады.

Хорезмидің „Мүхаббат-намесі» дәл осындай арнау ретінде жазылған дастан. Мүнда екі ғашық жанның ой- сезімдері, айтар сөздері жігіттің жазған арнау хаттары арқылы берілген. Кезінде мүндай әдіс әдебиет жанрын- дағы айтарлықтай жаңалық болған. Бертін келе мүндай „намелер» лиро-эпикалық поэмаларға айналып кеткені әдебиет тарихынан мәлім.

„Мүхаббат-наме» дастанында жігітттің қызға жазған әрбір хатынан кейін месневи (аралас үйқаспен келетін екі жол өлең), кейде ғәзәл түріндегі жыр жолдары беріледі. Бүл ақынның өзіндік поэтикалық тәсілі. Сондай-ақ бүл дастан поэзияның фард (өз алдына үйқасып, біртүтас түйінделген ойды білдіретін екі жолды өлең) деп аталатын түрлеріне де негізделіп жазылған.

Хорезми өз қаһармандарының бейнесін айқындай түсу үшін өзінен бүрынғы сөз зергерлерінің қолынан шыққан Ләйлі мен Мәжнүн, Хүсрау мен Шырын, Жүсіп пен Зылиха сияқты ғажайып образдарды зор білгірлікпен, аса шеберлікпен, шығармашылықпен пайдаланып отыра- ды. Мүның өзі Хорезми кейіпкерлерінің бейнесін сан қырынан келіп көрсетуге көмектеседі.

„Мүхаббат-наме» дастанының өлең үлгісі негізінен екі тармақты, он бір буынды болып келеді. Дастанның екі, үш, төрт буынды ұйқаспен келетін түстары да бар.

Бүл дастан ертеректе жазылса да қазақтың лиро-эпи- калық жырларымен сарындас, үндес, идеялас, тіпті түр жағынан да үқсас болып келеді.

Қорыта айтқанда, Хорезми сәтсіз махаббаттың қасіретін жырлай отырып, өзі өмір сүрген дәуірдің қоғамдық-әлеуметтік мәселелерін сөз етеді, сол заманның кейбір мәселелеріне наразылық білдіреді.

Алтын Орда дәуірінің ең таңдаулы туындыларының бірі саналатын „Мүхаббат-наме» дастанының әдеби, тілдік, тарихи түрғьідан маңызы зор. Хорезмидің бүл ғажап шығармасын танып-білу арқылы біз бүгінгі қазақ әдебиетіндегі поэма жанрының өмірге келу жолдарын, қазіргі қазақ тілінің даму сатыларын, халқымыздың өткендегі әдет-ғұрпын, салт-санасын, т. б. тереңірек ұғынатын боламыз

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля