Дизайнерге арналған сөздік анықтама. (М)

13 января, 2018 14:56

Майолика (ит. таіоііка) — күйдірілген түсті балшық- тан жасалған керамика түрі.

Макет (фр. та^иеііе) — салынып біткен немесе жоба күйіндегі ғимараттар мен сәулет ансамбльдерінің кішірейтілген масштабта (гипс, картон, пластмассадан) жасалған кеңістіктегі көркемдік бейнесі. Ол бейнеле- нетін затқа барынша үқсас етіп жасалады. Қызметіне байланысты бірнеше түрге бөлінеді. Іздену макеті жо- баның әрбір аяқталған кезең аралықтарында жасалады, мақсаты — жобаның басқа мүмкіндік жағдайларымен са- лыстыру және тексеру (көлемін, бейне иілімін, өсемдеу қүралдарының қолданылуын).

Пысықтау макеті тек сыртқы пішінін анықтау үшін ғана емес, сонымен қатар байланысын, бөлшектерін, беткі қосылымдарын, қыз- мет талабын шешу (жинау, бұзу, заттар кешенін құрас- тыру, бөлшектерді бейнеде тексеру) үшін қолданылады. Көрсеткіш макет заттың сыртқы пішінін толық анық- тап көрсетеді және жобаның соңғы кезеңінде (кей кезде көрмеге арналып) орындалады. Қызметтік макет жаңа заттарды қолданылып жүрген заттармен салыстыру

 

үшін құрастырылады, оның кейбір бөліктерін сынап
көру үшін нақты қүралдарды қолданады (күрделі және
көп шығын шығуды талап ететін макет масштабын
кішірейту тәсілін пайдаланады). Тәжірибелік сынау ма-
кеті сынаққа түскен заттардың қарапайым түрлері мен
олардың бөлшектерін қүрастыру үшін қолданылады.Маньеризм (ит.
тапіега — әдет, үлгі, на-
қыш) — Батыс Еуропада
XVI ғасырда, ренес-
санстан бароккоға өту
кезінде әр түрлі өнер са-
лаларында тараған көр-
кемдік ағым. Манье-
ризм Қайта өрлеу
дәуірінің құлдырау
жағдайларын көрсетті,
ол кездегі шығарманың
мақсаты ренессанс
өнерінің «идеалды»
үлгілерінің ізін басу
болды, бірақ оларға
терең мазмұн және
ақыл тән емес. Италия-
дағы маньеризм өкіл-
дері: кескіндеме сала-

сында — А. Бронзино, Ф. Пармиджанино, сәулетші әрі
кескіндемеші Дж. Вазари, мүсінші Б. Челлини. Манье-
ризмнің ең басты эстетикалық сыны — суретші
жүрегінде туындаған көркем бейненің субъектілі анық-
талуы. Маньеризм өкілдері суретші қиялы мен оның
бейнеде көрсетілуі арасына шек қойды. XVI ғасырда
Италияда маньеризм басым және басты бағыт болды. Ол
кейбір нидерландтық және француз кескіндемесіне,
сонымен қатар испандық сарай поэзиясына ықпал
тигізді. Көптеген суретшілердің маньеризмге қатысты
шығармалары діни-аңыздық ағымдармен ұштасып жат-
ты.

Метопа — төртбұрышты, кейде шаршы түріндегі ре- льефтелген, көбінесе мүсінмен безендірілген таңталар.

Миксбордер (ағыл. тіх — араластыру, ЬоЫег — жиек, әдіп) — жабайы өсімдіктер отырғызылған көп ңатарлы көшет. Олардың құрамы ерте көктемнен бастап күздің соңына дейін гүлдейтін өсімдіктерден тұрады.

Мимесис (гр. тітезіз — еліктеу, қайталау) — ежелгі замандағы суретшілердің негізгі шығармашылық әдісі. Барлық өнер мимесиске негізделгендіктен, ежелгі ағар- тушылар бұл түсініктің маңызын әр түрлі үғындырған. Пифагоршылдардың пікірі бойынша, музыка «аспан әлемінің үйлесіміне» еліктеген. Демокрит өнер жалпы түрде (адамның өнімді шығармашылық қызметі ретінде) жануарларға еліктеуден (үй салу — ңарлығашқа, өлең айту — құстарға) туындайды деп көрсетеді. Платон «еліктеу — барлық шығармашылықтың негізі» деген. Поэзия, мысалы, шындың пен рахатқа еліктеуі мүмкін. Мимесистің эстетикалық концепциясы Аристотельге тиісті. Ол бойынша, шындықты тура көрсету (заттарды айнытпай табиғи күйінде) шығармашылық ой-өрістің қызметі (олар туралы түсінік, ой, сөз сипаты) және иде- алдау (олар қандай болуы керек туралы). Шығармашы- лық мақсаттарына байланысты суретші өз кейіп- керлерін әдейі көтермелеп және идеалдап немесе

 

күлкілі, көріксіз түрде, не кәдімгі күнделікті өмірде көрсетеді. Аристотельдің түсінігі бойынша, мимесистің өнердегі мақсаты — білім алу және еңбектен алған рахат сезімін арттыру, затты зерттеу және аныңтау. Ежелгі суретшілер Аристотельдің М. жайлы үғымын ерекше- леген. Ғасырдың ортасында мимесис термині жаңа маз- мүнға ие болып, концепция одан арғы дамуын еліктеу теориясында тапты.

Миниатюра (лат. тіпіит — киноварь (сынап алуда қол- данылатын қызыл түсті минерал, осы минералдан шыққан бояу) және сурик (қызыл-сары немесе қызыл- қоңыр минерал) — 1) әсем бейнелерге бай, техникалық әдістері, фактурасы, заттың құндылығы әр түрлі, көлемі шағын көркем шығарма; 2) көлемі шағын әдебиет, цирк, театр өнерінің туындысы (пьеса, интермедия, әңгіме, скетч, хореографиялық, музыкалық немесе эст- радалық қойылым, т.б.); 3) көлемі кішірейтілген кез келген объект.

Бейненің көркемдік, әсемдік ерекшелігі, кескінде- мелі және иілімді мәдениеті — ұлттық көркемдеу стилінің негізінде, құралдың техникалық орындалуын- да (терінің ерекше иленуі, ағаш, сүйек, эмаль, темір, қымбат тас, т.б.). Миниатюра өнері ежелгі кезден белгілі және IV ғасырда кітаптардың көркем әсемделуімен қатар дамыған (Византия, Иран, Үндістан, Батыс Еуропа,

 

Ежелгі Русь, Орта Азия). Кескіндеме миниатюрасының
византиялық дәстүрі осы өнердің Батыс Еуропа және
Ежелгі Русь жерінде дамуының негізін ңалады. Миниа-
тюра көркемөнердің шіркеу қозғалыстарымен бірлестігі
маңызды болып жатқан кезде қүрылған. Жарқын бояу-
лар, алтын жылтыр, өрнекке бай сызықтар бейнесі ерек-
ше көрініс берген. ХУІІ-ХІХ ғасырларда жіңішке жазу
әдісі миниатюралық кескіндемелік портреттің пайда бо-луына әкелді.

Мода немесе сән — бір

мерзімде пайда болып, уақыт
аралығында қайталанып отыра-
тын заттық мәдениеттің сырт-
қы пішінінің өзгеріп отыруы.

Бүл экономикалық, мәдениет-
тік, эстетикалық, т.б. өзгеріс-
терге байланысты. Мода сипа-
ты: бейнелердің тез ауысуы, ба-
сымдылық, ескі бейнелерді тез
жоққа шығарып, оның орнына
жаңа бейнелерді ұсыну. Мода-
ның орнығып, тарауы сана-
сезімнің еліктеу, сену, қызығу
сияқты факторлық механизм-
деріне байланысты. Ол тек киім
киюде ғана емес, өнерде,
ғылымда, идеологияда, саясат-

та, т.б. салаларда да болады. Мода адамдардың өмір
стилімен байланысты және адамдардың ішкі талаптары-
ның сыртқы әсем көрінісі болып табылады. Ол —
киімінде, тұрмыс-тіршілігінде, билеу, сөйлеу мәнерінде
көрінеді.

Модерн (фр. тосіегпе — жаңа) — ХІХ-ХХ ғасырлардағы
Еуропа және Америка өнеріндегі стильдің орысша аты
(Францияда «ар нуво», Германияда «югендстиль», Ав-
стрияда «сецессион»). Модерн эклектикаға (аралас

 

стильге) ңарсы. Модерннің ерекшелігі — үйлесімдеудегі жоғары тәртіп, анық эстетизм, майысңан ағынды сы- зыңтардың әсем ритмі, ұлттың роман ағынына еліктеу, суретшінің жеке басы тапңырлығына басым көңіл бөлу. Модерн бағытының өкілдері (Ч.Р. Макинтош, А. Гау- ди, Ф.О. Шехтель, т.б.) ортаның қызметтік құрылуына, жаңа құралдарға (темір, шыны, керамика) қараған.
Монументті өнер (лат. тпопитепіит — ескерткіш) — көркемөнер түрі. Ғимараттардың ансамбліне кіретін мүсінді, кескіндемелі жөне мозаикалы тұлғалардан тұратын монументті өнер сәулет өнерімен тығыз байла- нысты, өйткені өнердің бұл саласында өзінің көркем бейнесін, стилін, мәнін жақсы анықтайды. Монументті өнер бейнелері ірі болып келеді, сонымен оның маңыз- дылығы, идеялық мағынасы көріне отырып, оған эсте- тикалық сананы — монументтілікті тиісті етеді.

Морфология — заттардың өзінің қызметіне, құралы- на, дайындалу тәсіліне және қорыту барысында дайын- далған жағдайларға байланысты құрастырылған құрамы, бейнесі. Морфологиялық құрылыстың екі жа- ғын анықтауға болады: бейне және техникалық

 

қызметін. Морфология — дизайнерлік жобалаудың негізгі бөлігі, өйткені дәл осы жағдайда дизайнер ойла- ры, идеялары орын алады.

Мулине (фр. тоиіітеі) — кесте тоқуға арналып шира- тылған жібек, шыт, т.б. жіптер.

Муляж (фр. тоиіаде — қалыпқа құю) — заттың бетін, құрылысын, түсін, бейнесін айнытпай көрсететін жаса- лым.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля