14 февраля, 2018 13:28
Тақырыбы: Алтын жүректі анамыз!
Мақсаты: Қазақстандағы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы – Сара Алпысқызы Назарбаева туралы жалпы түсінік беру.
Балалардың анасына деген махаббат, сүйіспеншілік, мейірімділігін, бауырмалдық қасиетін дарыту, жандандыру, күшейту.
Сабақтың барысы:
І. Шаттық шеңбері
Қайырлы күн, құрметті оқушылар. Сендермен тағы қауышқаныма өте қуаныштымын. Барлығымыз шаттық шеңберіне тұрып, жүректен шыққан жылы лебіздерімізді бір-бірімізге жолдайық. (Балалар жылы тілектерін айтады.)
Тілектеріңе көп рахмет. Күніміз сәтті өтсін деген тілекпен,сабағымызды бастайық.
ІІ. Сұрақ-жауап.
-Балалар, аналарың сеендерді қалай еркелетеді?
(Ботам, күнім, жаным, алтыным,
қошақаным, арыстаным, т.б)
— Ал өздерің аналарыңды қалай жақсы көресіңдер?
(Жанымнан артық, бар жүрегіммен, т.б)
Мұғалім:
Ана деген ұғым – үлкен мағына береді. Ол Ұлы есім, Табиғатты жаратушы, әлемді жаратушы, адамды жаратушы – ол АНА! Анамыз өз мейірімін, махаббатын, жан жылуын сендерге сыйлайды. Кез келген ана сияқты Қазақстан Республикасында жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларды өз қамқорлығына алып, оларға өз махаббатын, мейірімділігін сыйлаған жандар да бар екен. Ол Сара Алпысқызы Назарбаева.
Сара Алпысқызы Назарбаева – Қазақстандағы «Бөбек» балалар қайырымдылық қорының президенті, негізін қалаушы . «Бөбек» қоры арқылы мыңдаған жетімдерге, мүмкіндігі шектеулі балаларға, көп балалалы отбасыларға көмек жасап, қолдаған ең алғашқы «Алтын жүректі анамыз!» екен.
Сара апамыз 1941 жылы 12 ақпанда Қарағанды облысы, Қызылжар ауылында дүниеге келген. Еңбек жолын сылақшылықпен, құрылыспен бастаған. Кейін жоғарғы білім алып, инженер-экономист мамандығын тамамдап шықты. Қазіргі ҚР-ның Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа тұрмысқа шығып, 3 қызды тәрбиелеп өсірді .
1994 жылдың маусым айынан бастап «SOS -Киндердорф» балалар ауылының Президенті атанды. 2001 жылдың желтоқсан айынжа жетім, мүмкіндігі шектеулі балаларға қолдау көрсеткені үшін І Дәрежелі «Достық» орденімен марапатталды.
Ортаға Сара Алпысқызының еңбегіне жалпы мәлімет берсек: Бекжан, Жания, Алихан, Алуа, Алишерді шақырамын.
1 оқушы «Бөбек – Cара Алпысқызы қоғамдық қоры» 1992 жылы
құрылған.Қызметінің басты бағыттары : ана мен баланы қорғау,
нәрестелер мен балаларға қолдау көрсету, балалар денсаулығын
сақтау ісіне жәрдемдесу.Осы қор ашылған жылы Қазақстанда
«Қуаныш пен Үміт үйі» аталатын тұңғыш халықаралық телемарафон
өткізді. Одан түскен қаржы Алматы қаласында «Бөбек» балалар
емдеу-сауықтыру орталығын салуға жұмсалды.
2 оқушы «Бөбектің анасы атанған Сара Алпысқызы көптеген игі істерге
ұйтқы болды. Көптеген қайырымдылық шараларды ұйымдастыруда
бір кісідей ат салысып келеді. Ерен еңбегі әлемдік қауымдастық
назарын аударып , 1999 жылы «SOS- Киндердорф» халықаралық
қорының Алтын медалімен , 2002 жылы БҰҰ балалар қорының
ескерткіш медалімен, І дәрежелі Достық орденімен марапатталған.
3 оқушы 2006 жылы мамыр айында Мәскеу қаласында адамзаттың ізгі
мұраттарына қызмет атқарғаны үшін «Алтын жүрек» халықаралық
сыйлығы тапсырылды. Қазылар алқасының шешімімен жетім
балалардың мүдделеріне көп жылдар қалтқысыз қызмет көрсеткені
үшін «Бөбек» балалар қайырымдылық қоры Президенті
С.А.Назарбаева «Алтын жүрек» халықаралық сыйлығының лауреаты
болды.
4 оқушы Сара Алпысқызы жалпы рухани-адамгершілік құндылықтарды
қалыптастырудың, қайта өрлеу «Өзін-өзі тану» бағдарламасының
авторы болып табылады. «Өзін-өзі танудың» философиясына
ұланғайыр үлес қосқаны үшін Шыңғыс Айтматов атындағы «Алтын
медальға ие болды.
5 оқушы 2010 жылы аналар мен балаларды қорғаудағы,Қазақстанның жас
ұрпағына рухани- тағылымдық білім берудегі еңбегі үшін
«Достастық жұлдызы» сыйлығы табыс етілді. Аталмыш марапат
білім және ғылым, әдебиет пен өнер, гуманитарлық салалар
бойынша берілетін болса, гуманитарлық бағыт тұңғыш рет бұл
марапатты Сара Алпысқызы иеленіп отыр.
Мұғалім:
-Мінеки балалар, Сара Алпысқызының өз елінің балаларына деген шексіз махаббаты, мейірімділігі осындай екен.
ІІІ. Сара Алпысқызына АРНАУ.
Шұғыла:
Жетімдердің анасы, жесірлердің панасы,
Алпыс аға бөбегі, Нұрағаның Сарасы.
Жанын салып жүр бүгін қарлығашы бақыттың,
Жақындаса түссін деп адамдардың арасы.
«Жақындықпен күресіп, жақсылықты жетелеп,
Қиындықсыз өмір жоқ, қиындықпен өт ептеп».
Дейді бізге Сарамыз,дегеніне нанамыз,
Өзі бастап барадай бір сәулетті бекетке.
Дарья:
Бөбек сөзі түспейді сенің сөздік қорыңнан,
Баспана боп оларға, келе жатсың болып нан.
Сол балалар үшін бәйек болып күндіз – түн.
Аяп көрген, жоқсың сен келгеніңді қолыңнан.
Айзере:
Алда талай қиналу, алда талай толғаныс,
Жетсем екен дейтұғын арман да асыл, жол да алыс.
Шешек жару , гүл ату – Жер-Ананың төл ісі,
Жылағанды жұбату – Ел –Анадан қалған іс.
Аружан:
Өзі аялап мәпелеп,ғұмыр жайлы жыр еткен,
Үміт күткен Агамыз сол өсірген түлектен.
Ұғындырды өмірдің жақсы,жаман тұстарын,
Ұғындырды аналық және алтын жүрекпен.
Әдемі-ай:
Жанарларды нұр ойнап,сенім орнап көңілге,
Талай сәби гүлденіп,құштарланды өмірге.
Әрбір әзә гүл-дастан, кең құшағы нұр шашқан,
Мың рахмет дүниеге Сізді әкелген тәңірге
Алуа:
Күлкісіне сәбидің толсын деп кең даламыз,
Шапағат пен мейірім дәнін сепкен панамыз.
Алдыңызда мәңгілік қарыздар боп қаламыз,
Құтты болсын туған күн,Алтын жүрек Анамыз!
ІҮ. Шығармашылық жұмыс. «АНА ұғымын қалай түсінемін?»
Ү. Бейнеролик: «Ана туралы» . Ой түйіндеу.
ҮІ. «Ойланайық, пікірлесейік!» ойыны.
Адасып қалған балапандарды тапсырманы орындау арқылы өз анасына жеткізу.
1 тапсырма:
Мақалды жалғастыр. Ана бір қолмен бесікті тербетсе, екінші қолымен нені тербетеді? (Әлемді)
2 тапсырма:
Мақалды жалғастыр. Әке қорген оқ жонар,
…….. көрген тон пішер.(Ана)
3 тапсырма:
Мақалды жалғастыр.
Баланың білегі ауырса,
……….. жүрегі ауырады. (Ананың)
4 тапсырма: Жағдаятты шешу.
Арман күнде мектептен келе сала, үстіндегі
киімдерін лақыра –лақтыра салып, тамақтанып алып,
ойнауға кетеді. Ал анасы оның киімдерін үнемі
үндемей жинап қояды?
Сұрақ: Арманның бұл қылығы дұрыс па?
Сен Арманның орнында болсаң не істер едің?
ҮІІ. Нұрға бөлену:
— Балалар, ыңғайланып отырып алындар. Көздеріңді жұмсаңдар да болады.Өздеріңді көгілдір де ғажайып, мөлдір де таза, салқын бір өзен жағасына келдік деп елестетіңдер. Су біздің жанымызға әсем ән сыйлап, сылдырай ағады. Тап-таза айнадай мөлдірлігімен көздің жауын алып жатқан судың бізге айтары бар сияқты. Біз өзенге жақындап, ек і қолымызбен бір уыс су ішіп алдық. Су бізге қарап, жылт -жылт етеді. Біз алақанымыздағы су тамшыларын төгіп алмайық деп уысымызға аялай ұстап тұрмыз. Ал енді осы сезімімізбен бұрынға қалпымызға келейік. Көзімізді ашайық. Сендер алақандарыңа аялай алған осы суды қалай пайдаланар едіңдер?
( Балалардың өз жауаптары)
ҮІІІ. Жүректен жүрекке. Сабақты қорытындылау
ІХ. Ән айту. «Әрқашан күн сөнбесін!»