Астана-ұлтымыздың рухани ордасы

28 мая, 2018 13:22

Загрузка файла:

Тақырыбы: «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы»

Мақсаты:  Білім алушыларды отанын сүюге,ел тарихын білуге, Астана қаласына,еліне, елбасына деген құрмет сезімге,отанымыздың байлығын қорғауға,елімізді өркендетуге білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу. Қоғамдағы өзгерістер мен жаңалықтардан тыс қалмауға, шығармашылыққа баулу. Отанымыздың жеткен жетістіктеріне мақтаныш сезімін ояту.
Көрнекілігі:  Астана қаласы туралы видеоролик, Астана қаласының көріністері /суреттер/, нақыл сөздер

 

Кіріспе сөз: Армысыздар құрметті ұстаздар мен білім алушылар. Бүгінгі болып отырған «Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер! Шыңдары көкті тіреген асқақ Алатау баурайынан Ұлы даланың кіндігіне көшіріліп, ерке Есілдің жағасында бой түзеген әсем Астана-жаңа ғасыр ғажабынан жаралған жас қала. Жер шарының картасынан Астана атауы да өз орнын алды. Қара шаңырақ астында дүниеге келген қазақ көк әлеммен тілдескен үйлерді құтты қонысқа айналдырып, қысылып-қымтырылмай жаһан халықтарымен иық тірестіріп тұратындай дәрежеге жетті. Үшінші мыңжылдық табалдырығын ұлт болып ұйып аттаған қазақ елі болашаққа нық қадам басып, алыс қияндарға жанарын жіті қадайды. Қазақстанды асқар асуларға бет алған керуен десек, Астана оның адастырмас темірқазығы іспетті. Жұлдызы оңынан туған сапардың сәтті болары анық.
Астана сөзінің елдің орталығы мағынысында қолданылуы да тегін емес. Өйткені Астана сөзі ықылым заманнан сақталған ,,Орда,, ,,Ел-жұрт,, дегенді білдіретін ауқымды ұғым. БұлреттеЕлбасының Астана туралыайтқанытағы да ескеоралады.  «Астана — халықты Қазақстанныңөсіп-өркендеуініңжәнеәлемгетанылуыныңжаңабиіктерінебастайтынбіздіңбүкілқазақстандық, жалпыұлттықидеямыз. Біздіңелордамыздыжаңамыңжылдықта айрықша болашақ күтіп тұрғанынаменіңешқандайкүмәнімжоқ», — дегенболатынНұрсұлтан Назарбаев. Ендеше»Астана – ұлтымыздың рухани ордасы» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймыз!

  • жүргізуші : Көне түркі даласын мекен eткен қазақ халқының да сан ғасырлық өмір көшін басынан өткізген мол, құнарлы тарихы бар. Қазақстан мемлекетінің туын көтеріп отырған қазақ халқының жүріп өткен жолы – шежірелі, қазыналы ғұмыр.  Қазақстанның бұрынғы астаналары туралы  ауыз толтырып айтуға болады. Бүгінгі тәрбие сағатымыздың мәнін аша түсу үшін тарихқа бір көз жүгіртсек.Алдарыңызда 22 «б» топ білім алушысы Өміралиева Ақмарал (Қазақстан Республикасының астаналары Prezi арқылы көрсетіледі )

 

Топ білім алушысы Өмірәлиева Ақмарал Қазақстанның бұрынғы елордаларын таныстыруда

 

1-жүргізуші:Әрбір тілде сөйле әлемді таң қылып,

Ана тілін білмей өскенһәңгүдік.
Өсер болсаң, байтақ далаң тұрғанда,
Қазақ тілі жасау керек мәңгілік,- дей отырып, ендігі кезекті мәнерлеп оқу үйірмесінің мүшелеріне  берейік

Айдана:

Авторы: Нұрдәулет Сыздық «Астана»

Сен деген туған елдің жүрегісің,

Өзінен бастау алар өрелі ісім.

Шаһарлартолыпжатыр,бірақ та сен,

Бәрінен бірегейі, бөлегісің.

Астанам – асқарымдай көрінесің,

Өлең боп көкірегімнен өрілесің,

Бойыма рух беріп тұрғаннан соң,

Анық-ау ұтылмасым, жеңілмесім

Домалап қазағымның өрге тасы,

Думанмен дүрілдесін аспан асты.

Биіктеп Бәйтеректей, зәулімденіп,

Асқақтай бер, елімнің Астанасы!

Мадина:Астана-город счастья и радости,

Астана-город нашей мечты.

Выезжал я в долекие страны

С небоскребами в сто этажей.

Посещал я и древние храмы,

И дворцы Елисейских полей.

Даже если мечты эти наши

Будут просто фантазией сна,

Я проснусь и скажу: «Нету краше,

Чем столица моя-Астана»

Астана-город дества и юности,

Город первой любви, красоты.

Астана-город счастья и радости,

Астана-город нашей мечты.

Құндыз:My flag is blue
My flag is bright.
I like it very much
The yellow sun
The blue — blue sky
And the eagle is flying high
Kazakhstan is my country
Kazakhstan is my land.
I live here with my friends.

Әлия:

Авторы: Ерлан Құлбаев «Астана»

Ел ордам менің – Астанам,
Астанам менің бас қалам.
Зәулім-зәулім үйлер көп
Өркендеген – Астанам.

Арайлы таң астанам,
Бір өзіңмен мақтанам
Есіл өзен бойымен,
Көркейген менің жас қалам.

Алтын күннің астында,

Желбірейді туымыз.

Қазақ деген халықтың,

Ұлы менен қызымыз.

Анеля:Астана — это молодость Казахстана

Астана – это сердце степей!

Астана – это сила и слава

Это мощь и надежда людей!

Этот город мы любим и славим,

Все построено здесь на века,

Пусть растет она, становится краше,

Чтоб жизнь здесь была хороша!
Әсел: Thank you,my country

Today is the world here

Who is proud of me?

Im proud of myself

I sing and I dance

You mean Kazakhstan

Heart burns

Do not bark like a flower

A true country is Kazakhstan!

 

22 «Б» топ білім алушыларының жыр шумақтарын оқу сәтінен көрініс

 

1-жүргізуші:Welcome to the stage Shaharbaeva Moldir with the song «Astana»

Ән: Астана орындайтын: 22 «Б» топ білім алушысы Шахарбаева Мөлдір

Топ білім алушысы Жұмашқызы Мейргүлдің «Астана-ұлтымыздың рухани ордасы» атты тақырыпта баяндамаоқу сәті

2- жүргізуші:Today, the young capital of Kazakhstan, Astana is a dynamically developing state, a symbol of eternal friendship. The achievements of the city will not show off the peoples of the world. Astana is the city of the future. So forever In the heart of the storm, let the city!  Баяндамашы:Жұмашқызы Мейргүл.

2- жүргізуші:Астана – таң сәулелі өшпес жарық ,                                                                       Жарқырап күндіз – түні тұрған жанып .

Қазаққа ай мен күндей  нұрын шашқан ,

Сол  нұрдан ләззат алған барша халық .

Орындалып көптен күткен арманы ,

Ел  қыраны биіктерге  самғады.

Елу елдің қатарына  қосылу –

Осы  емес пе  еліміздің ардағы-дей келе бейнебаянға назар аударыңыздар.

1- жүргізуші :О, Астанам , Астанам !

Жарқыра  күндей бас қалам.

Қарыштайбер, қанатқақ ,

Ғасырларға бас қадам – дейкеле Астана күнінеарналған «Астана — ұлтымыздыңруханиордасы» аттыкешкеқош келдіңіздер! Жаселорданыңмерекесіәрбір қазақстандықтардың жүрегінеқуанышұялатып, ертеңгедегенсенімдішындайтүсуде. ҚарыштапдамығанжаңаАстананыңбүгінгікелбетінесүйсінбейтінжанжоқ. Еліміз тәуелсіздікжылдары тұрақты даму мен жаңару, жаңғыружолынатүсті. БүгіндеҚазақстанадамтанымастайөзгерді. Осы жылдарішіндеҚазақстандыбүкіләлемтаныды, халықаралыққауымдастықтанлайықтыорыналды.Астананың көрікті жерлеріне шолу жасайық.Саяхатты жүргізетін 22 «Б» топ білім алушысы Әділжанова Ақерке

1997:Бәйтерек-Астанадағы архитектуралық құрылыс кешені,сәулет өнерінің бірегей туындысы. Елорданың көрікті ғимараттарының бірі. Бәйтерек- Есіл өзеніннің сол жағалауында бой көтерген. Бәйтеректің биіктігі -97метр.Металдан, әйнек пен бетоннан жасалған. Бәйтерек сәулеттік жағынан да, жасалу жағынан да бірегей.

2004:Ақорда-Астана қаласында Есілдің сол жағалауында 2001жылы қыркүйек айында салына бастады. Қ.Р. президенті Ақорданың тұсау кесерін 2004 жылы 24желтоқсан күні өткізді. Ғимарат қазіргі заманғы құрылыстың ең таңдаулы әдістерін қолдана отырып монолит құйматастан салынған.

2006:Бейбітшілік және келісім сарайы архитектуралық кешені,сәулетөнерінің  бірегей туындысы. Ол Астана қаласының қолдан жасалған жота үстінде орналасқан. Биіктігі 62 метр перамида іспетті етіп тұрғызылған сарай 2006жылы 2 қыркүйекте ашылды.

2005: Нұр Астана мешітінің іргетасы 2002 жылы қаланған.Мұсылман мәдениеті орталығының ашылуына мемлекет басшысы Н.Н.Әбішұлы қатысты.Ол рухани орталыққа Қағба мен Құран бейнелегнен, сүрелер түсірілген жапқышты сыйға тартты. Салтанатты ашылуы 2005 жылы ашылды.

2010:Ханшатыр-әлемдегі шатыр түрді құрылыстардың ең орасан зоры. Қазақстанның астанасындағы ірі ойын- сауық және сауда-саттық орталығы. Астананың жаңа символы. 2010 жылы 6 шілде Астана күніне  орай ашылған. Биіктігі 150метр

2013:Астана опера балет театры: Қ.Р. президенті Н.Н.Әбішұлы бастамасымен 2013 жылы ашылды.Әлемдік сәулет өнерінің ең үздік классикалық дәстүрлер ескеріле салынған театр  архитектурасында ұлттық нақыш айқын байқалады. Оның техникалық жабдықталуы әлемдік стандартқа сай келеді.

2014: Қ.Р-ның ұлттық музейі: Астана қаласында Тәуелсіздік алаңында орналасқан. 2014жылы 2 шілдеде ашылған мұражай. «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде табылған көптеген құнды материалдар Қ.Р. ұлттық музейінің баға жетпес қорын құрайды.

Қорытындылау: Міне, 1997 жылдан бері көркейіп келген Астанамыз әсем қалаға айналды. Астананың өркендеуі- Қазақстанның өркендеуі, Астанаға әсем ғимараттар мен мәдени сарайлар салынғалы бері Астанамызға күн сайын жан-жақтан туристер ағылып келіп жытыр. Бұл біз үшін үлкен жетістік деп есептейміз.!

22 «Б» топ білім алушысы Әділжанова Ақерке қонақтарды елордамыздың көрнекті жерлерімен таныстыруда
2- жүргізуші :  Every day Astana develops and prospers more and more. There are a lot of sights in Astana . Built the most modern buildings that are striking in their architecture . There are a lot of mosques , palaces , theaters , museums , various monuments in Astana . For example: Palace of peace and reconciliation, Khan Shatyr , and the most important attraction of Astana is Baiterek . Also there are unusual singing fountain, Park lovers and so on . Astana is the pride of Kazakhstan

2-жүргізуші:  Ендігі кезекте ақын қыздарымыздың өз шығармашылығынан «Астанаға» арналған жыр шумақтарына береміз.

Ақерке: «Астана»

Тілдесіп келем, бірге өсіп келем болашақ.

Елордамыз, Астана жатыр біздерге күре жолдар сап.

Жас қаланы күзетерде, түзетерде сен ғана,

Нұрға толы жырға толы бас қала.

Отанымда төгулі тұр нұр деген.

Көркеюде елордамыз гүлдеген.

Мұның бәрі елбасының арқасы.

Сын болады мұны бізге білмеген.

ЕХРО ға жұрт жиналды алыстан,

Иә, менің ешкімнен қалыспаған.

Таңдай қақты елдер бізбен жарысқан.

Сонау Қытай, РесейгеАстанадан

Мен қазақпын деп айта алдым қаймықпастан.

Сарыарқаның төсінде орналасқан,

Қыраның жүр аспанда қалқып ұшқан.

Көркіменен талайды тамсандырған,

Жыр арнаған, талай ақын қаламынан.

Бәйтерегім елордама сән береген,

Мақтанамыз дара, дана елбасымен.

Ұлылардың аманаты жері болса,

Бас қаласы, Астанасы киелі орда.!

Ләйлә: «Астана»

Неткен байтақ, қазақ жері кең еді,

Жетпес оған еш ақынның теңеуі.

Жас қаланың бірі болған-Астана,

Баурап келеді мені өзіне кешегі.

Туған елдің көркі неткен ғажайып,

Дала күйін шертеміз біз, жырын оның жазайық.

Жерұйығы — Ақмоланың саласы,

Арман қала қусан — Астанаға қарашы.

Сан мыңдаған тарихы бар бас қала,

Әр бір адам білетұғын – Астана.

Күннен күнге көркейген бұл жас қала,

Жүрегімде мәңгі соғар — Астана.

Шыным осы, сырым осы, ағайын,

Жоқ теңеуім қайдан іздеп табайын.

Досқа күліп, жайған құшақ Астана,

Шақырады бәрімізді бас қала.!

Ақнәзік: «Астана»

Тәуелсіздік алған соң,

Өтті міне талай жыл .

Бүгін міне Астанаға ,

Болып қалды жыл.

Шаттыққа толы әр күні,

Назарбаевтың тілегі.

Бүгінгі елдің жүрегі,

Бақытқа толсын әр күні.

Көгінде нұр ойнаған,

Бақыт пен шаттық.

Құр болмаған,

Аңса бүгінгі күнге.

Жетіп бір елі тойлаған,

Астана ел тілегі.

Қазақстанның жүрегі,

Аспанда көк ойнаған.

Жарқыраған күн нұрының шуағы.!

 

Ақын қыздарымыз өз қаламынан туған өлең шумақтарын оқу сәті

 

1-жүргізуші: Өнер қуған жасынан
Өнері судай тасыған
Келесі біздің бишілер
Көрінген көштің басынан-дей келе ортаға мың бұралған тобымыздың биші қыздарын қарсы алайық.

«Қазақстан» патриоттық флешмоб

2-жүргізуші: Бүгінгі күнде елорданың заманауи келбетіне шет елдік қонақтар таңданыспен қарауда.

1-жүргізуші: Иә,Астана ТМД бойынша ең қолайлы (Биші қыздар)—>ғажайып қала,жарқын қала,әсем қала,тәуелсіз қала,нұрлы қала,ару қала,көркем қала,жаңа қала,жас қала,сазды қала,назды қала,танымал қала,бас қала,арман қала,мәдениетті қала.Астана-ұлтымыздың рухани ордасы.

2-жүргізуші:   Құрметті қонақтар көріп тұрғандарыңыздай бұл Астанамыздың макеті. Бірақ әлі толық құралып бітпеген. Мына сұрақтарға дұрыс жауап беру арқылы макетті дұрыс құрастырып шығаруға үлес қоса аласыздар.

  1. Астана қаласындағы ең басты қатынас жолы? (Республика даңғылы)
  2. Бәйтеректің ұзындығы неге 97 метр? (Бұл сан астананың Алматыдан Астанаға 1997 жылы көшірілуіне байланысты)
  3. Қазақстанның схемалық картасы іспетті парк қалай аталады? (Атамекен)
  4. ҚР президенті Н.Ә. Назарбаев жарлығымен елорданы Алматыдан Ақмолаға көшіру туралы шешімді қай жылы қабылдады? (1995 жылы 20-қыркүйекте)
  5. Ақмола қаласының атауы қай жылы Астана қаласы деп өзгертілді? (1998 жылы 6-мамырда)
  6. 1999 жылы ЮНЕСКО-ның шешімі бойынша Астана қаласына қандай атақ берілді?
  7. 1998 жылға дейін әлем бойынша бір-ақ қаланың атауы «астана» дегенді білдірген. Ол қай қала? (Сеул)
  8. Астана қаласының атауы парсы тілінен аударғанда қандай мағынаны білдіреді? («киелі орын», «босаға»)

Іс-шараға қатысушы қонақтармен ойын ойнау сәтінен көрініс

 

2-жүргізуші: Today-the capital of all peoples and nationalities, contribution to the estate, there was a unit. Astana is a symbol of the dynamically developing state, social and economic prosperity as a vivid confirmation. The leaders of the world that is located in the city of Saryarka thumping settlement, but also exchange opinions, make decisions, historical significance.

 

1-жүргізуші: Алдарыңызда 22«Б» топ білім алушыларының орындауларында «Атамекен» хор қабыл алыңыздар.

Хор үйірмесінің мүшелері «Атамекен» әнімен

2-жүргізуші: Тәрбие сағатымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз?

1-жүргізуші: Иә, Астана- үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.

Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.

Бізде тек, Астана дегенде бар қазақ елеңдеп, қазақ дегенде Астананың ашық аспаны жарқырай түссе екен деген тағы бір тілекпен бүгінгі «Астана-ұлтымыздың рухани ордасы» атты тәрбие сағатымыз өз мәресіне жетті! Тәуелсіздігіміздің тірегі, елдігіміздің жүрегі Астанамыз асқақтай берсін! Сау — болыңыздар!

Қортынды сөз кезегін Директордың тәрбие ісі-жөніндегі орынбасары Бәйтекеева Айгүль Аталыққызына береміз!

Каласова Гульнур Бекарыстановна
№1 Алматы қазақ мемлекеттік гуманитарлық педагогтік колледжі

0

Автор публикации

не в сети 6 лет

Назерке Турсынбекова

0
Комментарии: 0Публикации: 2Регистрация: 23-04-2018

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля