13 октября, 2017 8:42
Автомобильдің қуаттық және экономикалық көрсеткіштері оны пайдалануда негізгі фактор болып есептеледі. Зерттеулердің көрсеткіштеріне көңіл аударатын болсак, автопарктегі автомобильдердің 30% қуатты толық пайдаланбайтындығы анықталған, ол жанармайдың шығынына апаратындығы белгілі. Осы көрсетілген шығындардың 50%-ын автопарктің өзінде қарапайым реттеу және жөндеу арқылы жоюға болады.
Күй анықтау жүргізілгеннен және ақауларды жойғаннан кейін тарту күшінің артқаны, жанармай шығынының 13% төмендегені байқалған.
Автомобильдің куатының қалпына келуі оның қозғалыс жылдамдығын арттыруға әсер етеді, соған байланысты автомобильдін жұмыс өнімділігі артады. Есептеудің көрсеткіштеріне сүйенетін болсақ, куаттың қалпына келуінен қалалық қозғалыс жағдайында автомобильдің техникалық жылдамдығы 7-8%, ал өнімділігі 4-5% артатыны анықталған.
Автомобильдің қуатының және тарту-энергетикалық көрсеткішінің төмендеуіне апаратын ақауларды стендтер арқылы құрылғылардың параметрлерін өлшеу жолымен анықтайды.