Май қысымы сезгісіне техникалық қызмет көрсету

25 ноября, 2017 18:43

Май қысымы сезгілері жұмыс істеу принципі бойынша жақсы сұйықталатын түйіспелері бар қосқыш тәріздес болып келеді.

 

Егер козғалтқыш жұмыс істемей жэне оталдыру қосылып тұрса, кернеу акку- мулятор батареясынан аспаптар панелінде орналасқан май қысымының апаттық бақылау шамына беріледі. Қозғалтқышты іске қосқаннан кейін майсорғы жүйеде қысым тудырады, май қысымы сезгі мембранасына

 

әсер етіп, түйіспелерін ажыратады жэне аккумулятор мен бақылау шамы арасындағы тізбек үзіледі.

Май қысымы сезгісін тексеру нүсқаулығы келесі көрсетілген шаралар- мен байланысты. Сезгіден шықпағын ажыратып жэне омметр көмегімен сезгі шықпағы мен «масса» арасындағы түйіспені анықтау қажет. Жұмыс істемей тұрған қозғалтқышта жэне оталдыру қосылып тұрғанда тізбек бір-біріне тұйықталып тұруы қажет. Мысалы: омметр нөлдік кедергі ша- масын көрсетеді. Ал қозғалтқыш іске қосылып, майсорғы жүйеде қысым тудырғанда, тізбек ажырауы қажет.

Жүйеге орнатылмай тұрған май қысымы сезгісінің жұмыс жарам- дылығын келесі жолмен анықтауға болады. Сезгі шықпағы мен тұрқысына омметрді жалғап, сезгінің тесігі арқылы кішкене сым кескіні көмегімен мембранасын итереді. Мембрананы итерген кезде тізбек үзілуі қажет. Қысымды ауаның көмегімен де тудыруға болады, бірақ ауа қысымы жоғары болмауы қажет. Егер қысым шамадан тыс жоғары болса, мембрана бүлінуі мүмкін.

 

0

Автор публикации

не в сети 4 года

Tarazsky

6
Комментарии: 0Публикации: 982Регистрация: 14-11-2017

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля