Жинастыру және жуу жумыстарына арналған жабдықтар

14 октября, 2017 10:22

Жинастыру-жуу жұмыстары машинаны кірден, шаңнан тазалау үшін, онын сыртқы бетіне тазалық әрберу мақсатында орындалады. Одан басқа, күнделікті техникалық қызмет көрсету кезінде жүргізілген сапалы жуу жұмыстары автомобильдің шаң-тозаңын жуып қана қоймай, оның бетіндегі тұздың, майдың қалдықтарын кетіреді. Соның нәтижесінде автомобильдің бояуының сақталып, металдың тотықтануы азаяды және техникалық қызмет көрсетуге жағдай жасалады. Ол үшін арнаулы кондырғылар, құралдар пайдаланылады. Олар: жинастыру жұмыстары және автомобильдің шанақтарын санитарлық тазалаудан өткізу; автомобильдерді жуу; автомобильді жуғаннан кейін кептіру; одан басқа пайдаланылған суды тазалау үшін қолданылады.

Автомобильдерді жинастырып жууға арналған жабдықтар, қондырғылардың жіктелуі 5.1-суретте көрсетілген.

Көлік құралдарын жуудың бірнеше: қолмен жуатын; жартылай механикаландырылған және механикаландырылған жолмен жуатын тәсілі колданылады. Жуу тәсілі автопарктің қуатына байланысты күнделікті жүргізілетін техникалық қызмет көрсету жоспарына сэйкес қабылданады. Көлемі кіші автопарктерде қолмен жуатын аппараттар пайдаланылады, ал орташа және ірі автопарктерде эртүрлі жуатын құрылғылар, механикаландырылған, автоматтандырылғанға дейінгі жоғарғы өнімді жуу жабдықтары қолданылады.

Жуатын қондырғылардың конструкциялық ерекшеліктері жуу жүмыстарының түрлеріне және қабылданған технологиялық үдерістерге байланысты болады.

Өте ластанған жеңіл автомобильдердің, автобустардың астын, жүк автомобильдерін жууға қысыммен шашыратып жуатын қондырғылар колданылады. Жеңіл автомобильдердің шанақтарын, автобустарды, рефрижератор-автомобильдерді, тентпен жабылған автопойыздарды т.б. жуу үшін щеткалы қондырғы қолданылады. Жеңіл автомобильдер мен автобустардың кабиналары мен салондарындағы шаң-тозаңдарды тазалау үшін, шаңсорғыш пайдаланылады. Оның өнімділігіне байланысты электр қозғалтқышының қуаты 0,3…7,0 кВт қа дейін болады. Олар жылжымалы және жылжымайтын бір орында тұратын стационарлы болады.

Механикаландырылған жуу қондырғысы жуу орнына жылжымайтын етіліп орнатылады, сонымен бірге жылжымалы жуу қондырғылары кеңінен қолданылады.

Қазіргі кезде жуу аппараттарының жетілдірілген бірнеше түрі қолданылады.

 

0

Автор публикации

не в сети 1 год

Орманбекова

11
Комментарии: 1Публикации: 136Регистрация: 20-12-2012

Читайте также:

Добавить комментарий

Войти с помощью: 
Авторизация
*
*
Войти с помощью: 
Регистрация
*
*
*
*
Войти с помощью: 
Генерация пароля